Материалдар / 9 сынып Биологиядан зертханалық жұмыс жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сынып Биологиядан зертханалық жұмыс жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып Биологиядан зертханалық жұмыс жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2024
271
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 сынып Биологиядан зертханалық жұмыс жинағы

1 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Анықтауыш арқылы өсімдіктер мен жануарлардың (жергілікті өңірдегі) түрлерін анықтау»

Мақсаты: Ерекше белгілері бойынша өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау (анықтауыш арқылы).

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдік материалдары, жергілікті жерге тән өсімдіктер мен жануарлардың фото немесе бейнематериалдары. Өсімдіктер мен жануарларды мектептік анықтауыш.

Жұмыс барысы

1.Берілген тірі ағзалардың түрлерін қараңдар.

2.Құрылысының ерекшеліктері арқылы патшалықтан класқа дейінгі ірі жүйелік санаттарды анықтаңдар.

3.Анықтауышты пайдаланып, сол класқа жататын түрлерді қараңдар. Әрбір қатар немесе тұқымдас (өсімдіктер үшін) және отрядтың (жануарлар үшін) көзге көрінетін, өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға тырысып көріңдер.

4.Берілген ағзалардың едәуір ұсақ ерекшеліктерін қараңдар. Өсімдіктер үшін-жапырақ типтері, олардың орналасуы, сабақ типі, гүлінің құрылысы, оның бөліктерінің саны, болса гүлшоғыры мен жемісінің типі. Жануарлар үшін-бас сүйегінің, аяқ-қолдарының, соларға тән қозғалу мүшелерінің және қоректену ерекшеліктері және т.б

5.3-және 4-пункт нәтижелерін сәйкестендіріп, берілген түрдің қандай жүйелік топқа (қатар,отряд,тұқымдас)жататынын анықтап көріңдер.

6.Қарастырылып отырған түрдің анықтауышында болса дихотомиялық кілтті пайдаланып, қандай туысқа және түрге жататынын анықтаңдар. Егер дихотомиялық кілт болмаса, зерттеліп отырған түрлерді мектептік анықтауыштағы осындай түр сипатымен салыстырып, түрі мен туысын анықтауға тырысып көріңдер

























2 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Ферменттердің белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу».

Мақсаты: сілекейдегі амилаза мысалында асқорытатын ферменттердің болуына көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: крахмал, йод, термостат(тар) немесе ыстық (55-60 С), жылы (36-37,5 С), суық (мұз салынған) суы бар термос, лимон қышқылы, ас содасы, сағат, су термометрі, сынауықтар және химиялық стақандар жиыны.

Жұмыс барысы

1.Сынауықтарға (6дана) 2-3 миллиметрден бөлме температурасындағы таза су құяды.

2.Сынауықтарды екі (№1 және №2) тұғырға (штатив) бөледі, себебі оның үшеуі сутектік көрсеткіштің pH фермент белсенділігіне әсерін, ал үшеуі температура әсерін анықтау үшін қолданылады. Әрбір тұғырдағы сынауықтарды нөмірлеу керек.

3.Жұмысты кез-келген тұғырдан бастауға болады. pH әсерін анықтау үшін №1 сынауыққа аздаған лимон қышқылын (5-6 тамшы немесе аздаған ұнтағын,) №2 сынауыққа шамалы ас содасын (5-6 тамшы немесе аздаған ұнтағын) қосады, №3 сынауықты өзгеріссіз қалдырады (бақылау үшін).

4.Үш сынауыққа да 2мл крахмал ерітіндісін және шамамен 2-3 мл сілекей (бір адамның) құяды.

5.Барлық сынауықты 37 С- тағы термостатқа қояды немесе жылы суға салады да, 36-38 С температураны 5минут бойы сақтайды.

6.Сынауықтарға йод құйып, шыны таяқшамен араластырады.

7.Өзгерістерді бақылап, деректерді кестеге жазады.

8.Осындай жұмысты екінші тұғырдағы сынауықтармен де жасау керек. Әрбір сынауыққа бір уақытта бірдей мөлшерде крахмал мен сілекей құяды.

9.Сынауықтарды 3-5 минут әртүрлі температуралық жағдайға қояды:№ 1 сынауықты мұз салынған суық су,№ 2 сынауықты ыстық суы (55-60 С),№ 3 сынауықты 37С (36-38 С) жылы суы бар термостатқа қояды немесе жылы суға салады.

10.Сынауықтарға йод құйып, шыны таяқшамен араластырады.

11.Өзгерістерді бақылап, деректерді кестеге жазады.







3 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу»

Мақсаты: майларды, эмульгациялау үдерісімен эксперименттік жолмен танысу.

Құрал-жабдықтар: өсімдік майы, өт, 1% -дық тауық ақуызының ерітіндісі, 1%-дық сабын ерітіндісі, 1%-дық сілті ерітіндісі, дистилденген су, сынауықтары бар тұрғы, дозатор.

Жұмыс барысы

1.Тұғырға 5 сынауық орнатып, нөмірлейді.

2.Әрбір сынауыққа 2 тамшыдан өсімдік майын тамызып, 1мл-ден дистилденген су құяды.

3.Кейін 1-сынауыққа 5-тамшы өт, екіншісіне 5 тамшы сілті ерітіндісін, үшіншісіне 5 тамшы сабын ерітіндісін, төртіншісіне 5 тамшы нәруыз ерітіндісін, бесіншісіне 5 тамшы дистелденген су қосады.

4.Сынауықты бірдей жиілікпен және қарқындылықпен шамамен 1минут бойы шайқайды.

5.1-10минут бойы эмульсияның тұрақтылығын анықтайды.

6.Егер май бөлініп және судың бетіне жұқа қабық пайда болса, эмульсия қабатқа бөлінеді деп есептейді.

7.Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.

8.Қандай эмульгатормен едәуір тұрақты эмульсия түзілгенін кестеге жазыңдар.

9.Қолданылатын реагенттердің эмульгациялау қасиетінің тиімділігі мен асқорытудағы рөлі туралы қорытынды жазыңдар.

р/н

Қолданылатын эмульгатор

Байқалатын әсер

Шайқағаннан соң

1 минутта

3

минутта

5

минутта

7

минутта

10

минутта

1

Өт







2

Сілті







3

Сабын







4

Нәруыз







5

Су











4 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды зерттеу»

Мақсаты: Ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу

Құрал-жабдықтар: №1 нұсқа үшін өсімдікті салқын камераға алдын ала орналастырады. Аузы тар тұрғылар мен құтылар – 5дана немесе екі валентті сусыз мыс сульфаты- ақ түсті кристалдар ( су молекуласымен әрекеттескен кезде көгілдір түс береді- көзбен шолып оңай анықтауға болады), жапырақтары шамамен бірдей 6 жебежапырақ өсімдігі, қыздырғыш аспап, желдеткіш, аквариум, салқындатылған ауасы бар жылуоқшаулағыш, мақта, ермексаз.

Жұмыс барысы(1нұсқа)

Оқушының жұмыс нәтижесі (қорытындысы)

1

Тұрғыға құтыны жапырақты ішіне алдын ала түтікше тәрізді орап, салуға болатындай етіп орналастырамыз. Құтының ішіне әрбір өсімдіктің 1 жапырағын зақымдамай саламыз.Құтының аузы мен қалемше арасындағы кеңістікті мақта тығынмен жауып, ермексазбен желімдейміз. Немесе әрбір өсімдіктің жапырақ тақтасының астыңғы қабатына мыс сульфатын себеміз. Өсімдікті әртүрлі жағдайға: қыздырғыш пен желдеткіш астына, су толтырылған аквариумге саламыз. Бірақ зерттелетін жапырақты су бетіне; салқындатылған ауасы бар камераға және бір бақылау өсімдігін кәдімгі жағдайда қалдырамыз.


2

Бақылаймыз, нәтижесін дәптерге кестені сызып алып жазамыз.




Құрал-жабдықтар: №2 нұсқа үшін 6 дана, өлшеуіш шыны, цилиндрлер, өсімдік майы, бір түрдің 6 қалемшесі (жапырақтарының мөлшері шамамен бірдей); қыздырғыш аспап, желдеткіш, беті жақсы жабылатын аквариум, пульверизатор, салқындатылған ауасы бар жылуоқшаулағыш камера.

Бақылаймыз, нәтижесін дәптерге кестені сызып алып жазамыз.

Жұмыс барысы(2-нұсқа)

Оқушының жұмыс нәтижесі(қорытындысы)

1

Шыны цилиндірге су құямыз. Оған қалемшені құмыраға гүл салғандай орналастырамыз.


2

Барлық силиндрде су бір деңгейде болуы тиіс. Сосын абайлап су бетіне май құямыз.


3

Қалемшелері бар цилиндрлерді әртүрлі жағдайда: қыздырғыш; желдеткіш астына; пульверизатор арқылы ылғалдылығын арттырып, буланбау үшін қақпақпен жауып, аквариумға салқындатылған ауасы бар камераға; бір бақылау өсімдігің қалыпты жағдайда қалдырамыз.


4

Бақылау нәтижесін дәптерге кесте сызып алып толтырыңдар.




3 Нұсқа. Осыған ұқсас жұмысты қарапайым потометр және индикатор ретінде кристалл түріндегі екі валентті сусыз мыс сульфатымен жүргізуге болады.

Өсімдік (жапырағы немесе қалемше)

Жағдайлар

Бақылау

Қыздырғыш астында

Желдеткіш астында

Суық камерада

Аквариумда

Не бақылаймыз ?








Қорытынды.

5 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Ішкі факторларды зерттеу: буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (сірқабық пен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»

Мақсаты: Ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу. Бұл зертханалық жұмысты осының алдындағы жұмыс сияқты жүргізеді. Айырмашылығы- зерттелетін өсімдіктер немесе олардың қалемшелері әртүрлі түрлерге ғана емес, сондай-ақ түрлі экологиялық топтарға жатуы тиіс. Ал жағдай-сыртқы факторлар айырмашылық жасамауы тиіс.

Құрал-жабдықтар: әртүрлі өсімдіктер: традесканция, фикус, каленхое, жебежапырақ,(немесе кез-келген басқа өсімдіктер). №1 тұрғы мен аузы тар құты; №2 өлшеуіш шыны цилиндрлер- 6дана, өсімдік майы; №3 потометр; екі валентті сусыз мыс сулььфатының кристалдары.

Жұмыстың барысы

Транспирация кезінде өсімдітің қайсысы ең бірінші су бөлетінін бақылау. Бақылаған өсімдіктерді транспирация қарқындылығы ретімен орналастыру. Соның негізінде ішкі факторлардың транспирация үдерісінің жылдам жүруіне әсері туралы қорытынды жасау.

































6 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу»

Мақсаты: өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау

Құрал-жабдықтар: жас бөлме өсімдітері (пеларгония, циперус немесе кез келген басқа тез өсетін жас өсімдіктер; мүмкіндігінше аналық өсімдіктен вегативті жолмен көбейтілген; қалемшесін алу үшін шегір гүл немесе циперус жапырағы) ауксин негізінде дайын өсу стимуляторы, дистелденген су, таразы, сынауықтар қоятын тұрғы (штатив) , сынауықтар, дозаторлар.

Ескерту: №6 зертханалық жұмыс мақсатын орындау үшін таңдалған нысанға байланысты тәжірибелер зертханалық жұмыстан 6-14 күн бұрын жасалуы тиіс.

Жұмыс барысы

Оқушының жұмыс нәтижесі (қорытындысы)

1

Ауксин (немесе гормондар қоспасы) әсеріне ұшыраған және бақылау өсімдігінің вегативті мүшелерінің жағдайын бағалаңдар.


2

Ұзындығын өлшеп, тәжірибе кезінде түзілген өлкендер мен (немесе) тамырларды санаңдар


3

Мәліметтерді дәптерге кестені сызып алып толтырыңдар.


4

Қандай стимуляторлар немесе олардың қандай концентрациясында едәуір дамыған вегативті мүшелер түзілгенін көрсетіңдер.




Тәжірибиелік (стимулятор типі немесе оның концентрациясы) немесе бақылау данасы

Сынауық (өсімдік)

Өркендер

Тамырлар



Ұзындығы

Саны

Ұзындығы

Саны

































Фитогормондар әсерінің тиімділігі туралы қорытынды жазыңдар.







7 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үдерісін зерттеу»

Мақсаты: бұлшық еттің жиырылуы жиілігіне бұлшық ет жұмысының тәуелділігін зерттеу

Құрал-жабдықтар: секундомер, массасы, 1,5 және 3кг жүк, білезіктің күшін өлшеуіш.

Жұмыс барысы

Статикалық және динамикалық жұмыс арасындағы айырмашылықты зерттеу үшін статикалық және динамикалық жүктемеге байланысты екі тәжірибе жасау керек.Тәжірибеге бір немесе көптеген сыналушы қатысуға болады. Бастапқы физикалық мәліметтердің әсерін ескермеу үшін егер сыналушы бірнешеу болса, олардың әрқайсысының білезігінің күші күшөлшеуіш арқылы өлшенеді. Егер сыналушы біреу болса, өлшемеуге болады.





8 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митоздарды зерттеу»

Мақсаты: пияз тамырұшындағы жасушалардан митоз мысалында митоз фазаларын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық және «митоз фазалары» деген қабырға кестелері, микроскоп, «пияз тамыршаларындағы митоз» деген дайын микропрепараттар немесе пияздың өсіп жатқан қосалқы тамыршалары (немесе ұшы) және микропрепараттар жасауға арналған жиын.



Жұмыс барысы

Оқушының жұмыс нәтижесі (қорытындысы)

1

Пияз тамыршаларының ұынан микропрепараттар дайындау немесе дайын микропрепарат қарау.


2

Микропрепараттан митоз фазаларын анықтау


3

Оқулықтағы (қабырға кестесіндегі) мына суретті нағыз микропрепараттармен салыстыру


4

Сандарды дұрыс ретпен қойып, митоз фазаларын берілген микрофотографиялардан көрсетіңдер


5

Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар




Оқиғалар

Профаза

Метафаза

Анафаза

Телофаза

Не болады





Хромосомадағы хроматида саны







6. Берілген сұрақтарға жауап бер.

-Қандай фазада центромера үзіледі?

-Қандай фазада жеке хромосомалар болады?

-Қандай фазада хромосомалар экватор бойынша орналасады, ол қалай аталады?

-Митоздың бірінші фазасы қандай санмен белгіленеді?

-Полюстерге таралған хромосомалар айналасында ядро қабықшасы түзілетін, ал жасушаның өзі, оның цитоплазмасы оргоноиттерімен бірге таралып ортасынан бөлінетін фаза қалай аталады?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!