Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып физика ҚМЖ тақырыбы "Еркін түсу. Еркін түсу үдеуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып физика бойынша ашық сабақ ҚМЖ-ысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.1 Кинематика негіздері

Мектеп:

Шалдай жалпы білім беретін орта мектеп коммуналдық мекеме

Күні:

Мұғалім: Телегенова Кайржамал Субековна

Сынып: 9 сынып

Қатысқандары: Қатыспағандары:

Сабақтың тақырыбы:

Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану

Це сабақтың мақсаты:

дененің еркін түсу үдеуінің формуласын біледі; дененің еркін түсу үдеуінің формуласын біледі және ол формуланы күрделі есептер шығаруға қолдана алады; өз беттерімен еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарады.

Бағалау критерийлері:

1. дененің еркін түсу үдеуінің формуласын біледі.

2. дененің еркін түсу үдеуінің формуласын біледі және ол формуланы күрделі есептер шығаруға қолдана алады.

3. Өз беттерімен еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар осы тақырып бойынша, түйін терминдер мен ұғымдар қолдану арқылы сөйлейді, талқылайды. Дененің еркін түсу үдеуі қандай физикалық шамаларға тәуелділігін, өз пікірлерін диаграмманы немесе постер безендіру арқылы, ұсынады. Іс- әрекеті: оқу,сөйлеу, есеп шығару жолдарын айту.

Құндылықтарға баулу:

Коммуникативтік дағдылар және өзі істеген жұмысқа жауаптылығын арттыру. Тапсырмаларды орындау кезінде эстетикалық және көркем құндылықтарын арттыру, шығармашылық тапсырмаларды дәптерлеріне жазуды рәсімдеу. Ынтымақтастыққа баулу. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың өздерін ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау. топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру және ұштай білу, топтарда, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Пән аралық байланыс

  • Математика (есептерді шығару кезінде есептеу.) Оқушылар

«Жаратылыстану» және «Математика» ұзындық пен уақыт өлшемдерімен таныс

Оқушылар «Жаратылыстану» сабағы бойынша дененің қозғалуы туралы өткен.

Алдыңғы білім

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу.


Сабақ барысы:



Сабақтың кезеңдері:

Сабақта жоспарланған жаттығулар түрлері:

Жаттығулар жазылуы

Ресурстары

Сабақтың басы,ұйымдастыру кезеңі

(10 мин)

Психологиялық ахуал:

Бізді қоршаған әлем- үлкен сиқырлы айна. Қазір біз сендермен қоршаған ортаның көркемдігін көріп, табиғаттың барлық әсемдігін сезінеміз. Барлығымыз көздерімізді жұмып,бір сәт ойша өзімізді күзгі орманға келгендей сезініп, күзгі орманның қызғылт, сары, жасыл әдемі түстерін көз алдымызға елестете отыра ,орман иелерімен амандасып, оларға шуақ және жылу тілейік. Күзде еркін жерге түсетін жапырақтар сусылын, желден болған бұтақтар сыбдырын, құстың сайраған дауысын тыңдаңыздар да, өзімізді сабырлы, мамыржай көңіл күйде екендеріңізді сезінесіздер. Күзгі таңның аңқыған ауасынын жұпар иісін кеудемізге толтыра дем алып,кешегі бір- біріне деген реніш, ашу, мазасыздану болса оны ұмытып оларды демдерінмен бірге шығарыңдар, осындай күздің таза таңғы ауасын жұтып, күннің көзінің нұрымен және таза өзеннің ауасымен дем алыңыздар. Мен сендерге мықты денсаулық, көңілді күй, табысты оқу, өзіне және басқаларға мейрімді болуыларыңа тілектеспін. Ал енді сіздер ақырын ғана көздеріңді ашып, өткен сабақтардағы шамаларды есімізге түсіру үшін және топқа бөліну үшін шамалардың аттары жазылған стикерлер таратамын.

Мен таратқан сөздер бойынша,әркім өз үстелдерін табады. Кімде қандай шамалар, қолдарында векторлық шамалар «Векторлар»- үстеліне, «Скаляр»- үстеліне, «Проекциялар»-үстеліне, «Координаторлар» немесе координаталармен байланысты сөздер бір топқа отырады. Сонымен топқа бөлінеміз: Векторлық шамалар: орын ауыстыру, жылдамдық, күш, үдеу, қысым, еркін түсу үдеуі.

Скаляр шамалар: уақыт, жол, көлем, температура, ұзындық, жұмыс.

Проекциалар: Sх; Sу;Vу ; aх; aу; Vх.

Координаталар тобы: х,у,z.

X=Х0+V хt. Y=Y0+V уt, оy осі.

(2мин)

Көздерің жұмып, психологиялық ахуалды тыңдайды; шамалардың аттары бойынша өз орындарына топ – топқа бөлініп отырады;

.

Сабаққа керек құрал-жабдықтарды дайындайды. Стикерлері бар балалар топ көшбасшысы болады;

Мына слайд бойынша не деуге болады.

Екі дененің құлау жылдамдықтары неге байланысты деп ойлайсындар?

Жаттығулар орындауға бағыттайды: 1. Тас құдықтың түбіне 2 сек-та жетсе, онда оның тереңдігі неге тең?

2. 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі қандай?

3. 25 м биіктіктен дене еркін құлап түсті. Дененің жерге түсу уақыты қандай? (үй жұмысын тексеру) (8мин)


Жауап береді; Еске түсіреді, қайталайды, мысал келтіреді, топтастырады, сұрақтарға жауап береді, кесте толтырады.


Сабақтың ортасы: мотивациалық кезең

(20мин)


































Сергіту сәті


Рефлекция

ІІ. 2- слайд:Тамшы , ағаштың жапырағы тіреу болмаған жағдайда қайда құлайды? Жерге құлайды.

Бұл құлау балалар еркін құлау деп аталады.

3- слайд: Сіздер байқағандай әртүрлі дене, жерге әртүрлі уақытта жетеді, жылдамдықтың өзгеру жылдамдығын көрсететін шаманы біз....

-Үдеу дейміз

Ендеше біздің тақырып қалай екен?

Дұрыс: Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

Қандай күштің әсерінен жерге құлайды?

Ауырлық күшінің әсерінен болатын қозғалысты еркін түсу дейміз.

4- слайд Еркін түсуге анықтама

5- слайд Неліктен әртүрлі дене бірдей уақытта құлайды, бірақ жерге әртүрлі уақытта жетеді?

6- слайд: Еркін түсу жылдамдықтары неге тәуелді (Гиперссылкаденелер әртүрлі түсуін көрсету бейне жазба )

7- слайд: массасына деп балалар жауап берсе, тәжірибе арқылы: умаждалған және жай бір бет қағаз алып, олардың массалары бірдей, бірақ жерге түсу уақыты әртүрлі екенің көрсету керек.

8-слайд: Гиперссылка, ауасыз түтікте барлық дене жерге бір уақытта құлайтының көрсету керек

9 слайд- идеялар себетін толтыру еркін түсу жылдамдығы қандай шамаларға байланысты( оқушылар алдындағы стикерлерді толтырады да маған тақтаға жапсырады)

10 слайд- оны эксперимент жүзінде тексереміз

11 слайд- негізгі қорытында келу

12- еркін түсу

13- тақырыпты бекіту

14- еркін түсуге бағынатын теңдеулерді дәптерге көшіру

15- еркін түсу- үдемелі қозғалыс

16- естеріңе негізгі формулаларды сақтау

Қалыптастырушы бағалау

Үй жұмысын беру

Оқушыларды бағалау: 10 балл бойынша

Сабақты: алма ағашын алмамен безендіру арқылы бағалау

Қызыл- өте жақсы түсіндім, жасыл- орташа түсіндім, әлі түсінбеген сұрақтарым бар, сары – мүлде түсінген жоқпын

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары қол жетімді болды ма? Оқушылар бүгін не білді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарланған саралауым дұрыс орындалды ма?

Мен ережені ұстандым ба?

Мен жоспардағы қандай өзгерістерді орындадым және неге? Сабақты талдау үшін төмендегі кеңістікті пайдаланыңыз.

Сабаққа қатысты сол жақтағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.







Оқулықпен жұмыс істеу. ЖИГСО әдісі.

Өздігінен жаңа сабақты меңгереді, түсіндіреді, талдайды, ақпарат іздейді, жұбымен бөліседі, топта жұмыс жасайды, мысал келтіреді, бағалайды.
























Сергіту сәтін орындайды




Енді мен білемін… 1. Еркін түсудің анықтамасын біледі

2. Есеп шығара алады

3 формуласын қолдана алады

Енді мен істей аламын…

  1. Формулаларды түрлендіріп керекті шаманы қолдана алады

  2. Есептер шығара алады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
3227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12