Материалдар / 9 сынып оқушыларына (қыз балаларға) арналған «ШЕБЕР ҚОЛДАР» үйірмесінің авторлық бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сынып оқушыларына (қыз балаларға) арналған «ШЕБЕР ҚОЛДАР» үйірмесінің авторлық бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл бағдарлама оқушының жас ерекшелігін ескере отырып 9-сынып оқушыларына аптасына 1 рет сабақ негізінде жүргізіледі, және жылдық уақыт мөлшері-34 сағатқа бөлінген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2020
3254
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








9 сынып оқушыларына (қыз балаларға) арналған


«ШЕБЕР ҚОЛДАР» үйірмесінің авторлық бағдарламасы


Құрастырушы технология пәнінің мұғалімі:

Жылкибаева Маржан Ешимханқызы














Қарабұлақ кенті



МАЗМҰНЫ





  1. Кіріспе .............................................................................................3 бет

  2. Мақсат, міндет, нәтижесі ..............................................................4 бет

  3. Пәнаралық байланыс, практикалық жұмысты талдау, бағдарламаның негізгі құрылымы ...............................................5 бет


  1. Түсінік хат ......................................................................................6 бет

  2. «Шебер қолдар» үйірмесі тақырыбы, жоспары ......................7-8 бет


  1. Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар, еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі, үтікпен жұмыс істеу тәртібі, қайшымен жұмыс істеу тәртібі, желіммен жұмыс істеу тәртібі.............................................................................................9 бет


  1. Әдебиеттер тізімі ........................................................................10 бет.




























Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 ж жолдауында білім мен кәсіби машық- заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларында білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту, білім беру әдістерін жаңарту туралы айтылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.

Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Шебер қолдар үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйретеді. Бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Шебер қолдар» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.





Бағдарлама түрлі жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады:

Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер  арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура  келеді.

Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен көрсетуде.

Мақсаты:

Оқушыларға халық тәрбиесінің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшелігі мен салт-дәстүрді ұлттық қолданбалы қолөнерге үйрету және оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы оның шығармашылық ой-қиялын дамытып, эстетикалық тәрбие беру, табиғи қабілетіне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау. Салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру;

2. Тәрбиелік дағдысын қалыптастырып, еңбекке баулу;.

3. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушының шығармашылығын қалыптастыру;;

4.Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру;

5.Алған білімдерін практикамен ұштастыру, шеберлігін шыңдау;

6.Шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету;

7.Мемлекеттік жаңа білім стандарты бойынша технология пәніне қойылатын талаптарды орындау;

8.Тазалық-гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру;

9.Техника қауіпсіздік ережесін жетік білуге қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі:

- Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдарын жасауда іскерлік, икемдік қабілеттері артады;.

- Оқушы салт –дәстүріміздегі қолөнеріміздің тәрбиелік дағдысын жете түсінеді;

-Шебер қолдар үйірмесінде халық қолөнерін дамытуда,шығармашылық жасап үйренеді;

- Оқушылардың алған білімдерін практикамен ұштастырып, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді;
-Оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды баламен жеке жұмыстар жүргізіледі;.
- Танымдық-ізденуші, зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі;
- Зерттеу бағытында жоба тақырыптарымен айналыса алады.


Пәнаралық байланыс.


Өздерінің жасаған бұйымдарын көрмеге шығару және жәрменкелер ұйымдастыру арқылы қазақ әдебиеті пәнімен байланыстырып, өзіндік ой-пікірлерін айта білуге баулу. Әр түрлі схемаларды, үлгілерді сызу арқылы бейнелеу өнері, сызу пәндерімен байланыстыру, құрақтың шығу тарихын іздену, оқу бойынша тарих пәнімен, қиықтарды өлшеп үлгі жасау, өлшемдерін симметриялы орналастыру арқылы геометрия, математика пәндерімен байланыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Практикалық жұмысты талдау:
- Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету;
- Топ болып немесе жеке жұмыс жасағанда жіберілген қателерге талдау жасау;
- Жұмыстарын бағалау.

Бағдарламаның негізгі құрылымы:

  • Қазақ қолданбалы қолөнерінің оқушыларға берер тәрбиелік мәні туралы айтылған;

  • Қазақ халқының қолөнерінің түрлері;

  • Оқыту және тәрбие беру жүйесі;

  • Тақырыптары шығармашылықты арттыруға арналған жұмыстар;

  • Пәнаралық байланыс.

Түсінік хат

Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін, ең алыдмен,

өзіміздің ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, дінімізді, шұрайлы тіліміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазыналарымыз арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу-кезек күттірмес міндеттердің бірі. Бұл, сөз жоқ, тәрбие ошақтары- мектептің, мұғалімнің, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы абройлы борышы әрі парызы.

Халық өнерін игеру оқушыны еңбек сүйгіштікке, әсемдікке

талпындырып, халқының тарихын біліп мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлігінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойына өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырамыз.

Бұл бағдарлама бүгінгі талаптарға сай қажетті көрнекіліктер мен жабдықталып іске қосылған кабинетте жүзеге асырылады. Сонымен қатар дидактиқалық материалдар,суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа қолданылады. Шебер қолдар үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады. Сонымен қатар, бұл бағдарлама оқушының жас ерекшелігін ескере отырып 9-сынып оқушыларына аптасына 1 рет сабақ негізінде жүргізіледі, және жылдық уақыт мөлшері-34 сағатқа бөлінген. Сабақтың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылып, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылары сабақта пайдаланылады. Бағдарлама қосымша білім беру сабағына арналған. Өскелең ұрпақты рухани бай халық мұрасы қолөнерімізбен басқа да ұлттар өнерімен және әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстырады. Қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңірген, ұлттық тәрбиеден нәр алған оқушының өмірге икемділігін, шеберлігін арттыру мақсатында бағдарламаның берері мол. Бағдарлама оқушының бос уақытын қызықты өткізуімен ғана шектелмейді. Қазіргі қойылып отырған өмір талабына сай әр ісін жобалай білуге, шешім қабылдауға, шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйретіп, оқушының өз күші мен қабілетіне сенім ұялатады

Халқымыздың қолөнерінен туған асыл мұраларын әр оқушыға саналы түрде жеткізуге, оның сырын ұқтыруға, түсіндіруге, терең зерттеуге, одан әсер алуға, қазіргі заман талабына сай шығармашлықпен дамытуға тиістіміз. Сонымен бірге оқушы өзін қоршаған ортаның, дүниенің, салт-дәстүріміздің, қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған а с ы л м ұ р а екенін жете түсіну керек. Бағдарлама- бүгінгі күнде халық қолөнерін сақтап, жастарды жоғары моральды тәрбиелеу, эстетикалық танымдылығын арттыру, өмірдің талабына сай оқуды өмірмен байланыстыру, өмірге деген көзқарастарын дұрыстау, азаматтылыққа тәрбиелеу және сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, әр түрлі сәндік бұйымдар жасау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, есте сақтау қабілеттері дамиды.

Тақырыптық мазмұны

І. Сәндік - қолданбалы өнері. 8 сағат.

  1. Қолөнер саласында киіз басу өнері туралы түсінік. 1 сағат.

Текемет, сырмақ, киіз түрлерімен танысады. Текемет басу, сырмақ сыру, киіз басу өнері туралы толық мағлұмат алады және киіз бұйымдарына түсетін ою-өрнек түрлерімен танысып, оны қиып жапсыру үйретіледі.

  1. Жүннен жасалатын бұйымдар. 1 сағат.

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасағандығы туралы біледі.

  1. Текеметтің жасалу жолдары 2 сағат.

Киіз басу өнерінде халық арасында кең тарағаны – текемет басу, сырмақ сыру түрлері. Текемет тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз үйдің ішкі интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем кілем, тұс киіз, бау басқұрмен үндесіп, толықтырып тұрған.

  1. Текеметке салынатын ою түрлері. 2 сағат.

Оюды көрнектілігі халық шеберінің ой –қиялына,суреткерлік қабілетіне, талғамына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Сонымен бірге тоқыма бұйымдарын текеметті әшекейлеу үшін де қолданады. Әдетте, текеметтің көлеміне қарай, оған ірілі –уақты әр түрлі сәндік әшекей өрнектер салынады. Ондай өрнекті киіздің түрін ашатын басқа бір айшықты түстен құрайды.

  1. Ою-өрнек түрлері және элементтері. 2 сағат.

Текемет басуда ісмерлердің шеберлігіне орай өзге де түрлі ою-өрнектер елімізде дәстүрлі әрі жиі қолданылады. Текеметті өрнектеудің бірнеше тәсілдері бар.

  1. Түрлі – түсті жүнді ою-өрнек бойымен жаймалау.

  2. Шала басылған киізден қиылған оюларды жүргізу.

  3. Әр түрлі маталардан ою түсіру. (оюлы текемет)

ІІ. Кесте тігу технологиясы. 13 сағат.

  1. Кесте өнері туралы түсінік беру. 1 сағат.

Кесте өнерінің шығу тарихы.

  1. Кесте түрлерін таныстыру. 2 сағат.

Кесте түрлерімен танысады. «Жіппен бейнелеу», «Қол кесте», «Айқаспа кесте» т.б. кесте түрімен танысады.

  1. Жіппен бейнелеу. 2 сағат.

Әр түрлі бұйымдарды жіппен бейнелеп үйренеді.

  1. Айқаспа кесте тігу технологиясы. 2 сағат.

Айқаспа кесте тігу технологиясын үйренеді.

  1. Торлап кестелеу технологиясы. 2 сағат.

Торлап тігу технологиясымен танысады.

  1. Моншақпен кестелеу технологиясы. 2 сағат.

Моншақтың шығу тарихымен танысады және мата бетіне моншақпен кестелейді.

  1. «Шым» кестесін тігу. 2 сағат.

Кесте тігу жолдарымен танысады, кесте тігеді.

ІІІ. Құрақ құрау технологиясы 6 сағат.

  1. Құрақ туралы жалпы түсінік. 1 сағат.

Құрақтың шығу тарихы, құрақ туралы түсінік беру.

  1. «Ши» құрақ құрау технологиясы. 2 сағат.

«Ши» құрақ құрап үйрету.

  1. «Шахмат» құрағын құрау. 3 сағат.

«Шахмат» құрағын құрап үйрету.

ІҮ.Сумоншақ тоқып үйрену технологиясы. 7 сағат.

  1. Сумоншақ өнерін меңгерту. 1 сағат.

Сумоншақтың шығу тарихымен таныстыру.

  1. Сумоншақпен кестелеу. 2 сағат.

Мата бетіне сурет салу арқылы сумоншақпен кестелеу.

  1. Сумоншақпен «Астра гүлін» тоқу. 2 сағат.

«Астра гүлін» тоқу техникасын үйрету.

  1. Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау. 2 сағат.

Сумоншақпен әр түрлі бұйымдар жасап көрсету.



«Шебер қолдар» үйірмесінің тақырыптық жоспары

Р/с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Теор. сабақ

Прак. сабақ

Сабақ түрі

Мақсаты мен міндеттері


І жарты жылдық Сәндік қолданбалы өнер 8 сағат

1

Қолөнер саласында киіз басу өнері туралы түсінік

1

1


Әңгімелеу

Киіздің жасалу жолдары, жүнді бояу техникасы, бояу түрлеріне сипаттама беру.

2

Жүннен жасалатын бұйымдар

1

1


3

Текеметтің жасалу жолдары

2


2

Практик

лық және аралас сабақ

Барлық оюларды пайдалана отырып сырмақ немесе текемет үлгісіне аппликация жасау

4

Текеметке салынатын ою түрлері

2


2

5

Ою-өрнек түрлері және элементтері

2


2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!