400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-сынып қазақ тілі БЖБ тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
9- сынып қазақ тілі оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін.1,2,3,4 тоқсан БЖБ тапсырмалары қамтылған. Ворд түрінде жасақталған. .
Материалдың қысқаша нұсқасы


















«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)


бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


9-сынып


















Нұр-Сұлтан қ., 2019

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау12

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 19

«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 23

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 27

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 27

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 30

Shape1 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (жолдау) мақсатты аудитория

мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің (жолдау) мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Қымбатты отандастар!

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан- 2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!


  1. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер?


Shape2


Shape3


  1. Мәтіннен 3 көркемдегіш құралды теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?


Көркемдегіш құрал Мәтіннен мысал Автор не үшін

қолданды?

Эпитет Метафора Метонимия

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің

(жолдау) мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді

1

мәтіннің жазылу мақсатын

анықтайды;

1

аудиториясын көрсетеді;

1

2

көркемдегіш құралдарды табады; эпитет

метафора метонимия


1

1

1

көркемдегіш құралдардың қолданысына түсінік береді. эпитет

метафора метонимия



1

1

1

Барлығы

8


Shape4 Shape5 Shape6 «Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің (жолдау) мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді

Мәтіннің жазылу мақсатын, аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимия)

тауып, қолданысына түсінік беруде (эпитет, метафора, метонимия) қиналады.

Мәтіннің жазылу мақсатын, аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимия)

тауып, қолданысына түсінік беруде (эпитет, метафора, метонимия) қателіктер жібереді.

Мәтіннің жазылу мақсатын, аудиториясын анықтайды.

Көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимия) тауып, қолданысына түсінік береді (эпитет, метафора, метонимия).

Shape8 «Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу

9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу

9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді

  • Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды

  • Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз.


Асанқайғының жерұйықты іздегені

Асанқайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», –депті.

Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», – деп, тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.

Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», – депті.

Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», – депті.

Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», – депті.


1. Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылған?


Тілдік құралдар Қолдану мақсаты Жер екен, жер екен...


Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер...

Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен...

А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен...

2. Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындаңыз. Берілген графиктік мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтаңыз.

Көтерілген мәселелер бойынша қандай айырмашылықтар бар?

Екі мәтінде көтерілген мәселелердің қайсысы маңызды деп ойлайсыз? Пікіріңізге мәтіннен дәлел келтіріңіз.

Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады?


Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тілдік бірліктерді қолданады

стильге

сай

1

тілдік құралдардың қолданысына түсінік береді;

қайталау

бағалаушы сөздер қаратпа сөз



1

1

1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
63 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
2055
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі