Материалдар / 9 сынып зертханалық жұмыс жауаптарымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сынып зертханалық жұмыс жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып зертханалық жұмыс жауаптарымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2023
13450
53 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 модельдеу

«Микрофотографияларды қолданып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу»

Құрал-жабдықтар: сызғыш,қарындаш,микрофотографиялар

Микрофотографияларда берілген жасушалар мен басқа нысандардың бейнелерін талдаңдар.Олардың ұзындығын сызғышпен өлшеңдер.Бейнелердің масштабтары туралы мәліметтерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. А микрофотографияда бейнеленген нысандар жасушаларының пішіндері бойынша бактериялардың қандай типтеріне жатады?

  2. А және F микрофотографияларында неше бацилла бейнеленген?

  3. Бациллалардың орташа ұзындығы мен ені мм-мен алғанда қанша(А микрофотографиясы)?

  4. Басқа нысандардың бейнелерін сызғышпен өлшеп,қажетті есептеулер жүргізіп,олардың шынайы өлшемдері және микроскоп арқылы қарағанда өлшемдері неше есе ұлғайғанын есептеңдер.

  5. Мәліметтерді кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.

Жұмыстың орындалуы:

  1. Бациллалар

  2. А микрофотографияда - 1, F микрофотографияда - 8.

  3. Орташа ұзындығы – 30 мм, ені – 5 мм.



Сызықтық ұлғаю = cурет көлемі / нақты өлшем



фото

Фотодағы

1см =

Өлшенетін

нысан

Фотодағы өлшемі,мм

Шынайы өлшемі,мкм

Сызықтық ұлғайту

А

0,5 мкм=500 нм

Жасуша ұзындығы

30 мм

1-2 мкм

150000

С


5 мкм=5000 нм

Жасуша ұзындығы

20 мм

10-50 мкм

8000

Жасуша ені

20 мм

Ядро диаметрі

1мм

6 мкм

1700

D


0,5 мкм=500 нм

Митохондрия ұзындығы

30 мм

6-7 мкм

50000

Митохондрия ені

10 мм

0,5 мкм

200000

E

1 мкм

Хлоропласт ұзындығы

24 мм

Шамамен

8 мкм – 8000 нм

30000

























1 зертханалық жұмыс

«Анықтауыш арқылы өсімдіктер мен жануарлардың (жергілікті өңірдегі) түрлерін анықтау»

Құрал жабдықтар: кеппеөсімдік материалдары,жергілікті жерге тән өсімдіктер мен жануарлардың фото немесе бейнематериалдары.Өсімдіктер мен жануарларды мектептік анықтауыш.

Мақсаты: ерекше белгілері бойынша өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау (анықтауыш арқылы)

Жұмыстың барысы:

  1. Берілген тірі ағзалардың түрлерін қараңдар

  2. Құрылысының ерекшеліктері арқылы патшалықтан класқа дейінгі ірі жүйелік санаттарды анықтаңдар

  3. Анықтауышты пайдаланып, сол класқа жататын түрлерді қараңдар.Әрбір қатар мен тұқымдас (өсімдіктер үшін) және отрядтың (жануарлар үшін) көзге көрінетін,өзіне тән ертекшеліктерін анықтауға тырысып көріңдер.

Жұмыстың орындалуы:

  1. Қызанақ пен қасқыр

  2. Қызанақтың өсімдіктер дүниесіндегі жүйелік орны

Патшалық - өсімдіктер

Бөлім жабық тұқымдылар

Класс - қосжарнақтылар

Тұқымдас – алқа

Туыс – қызанақ туысы

Түр етті қызанақ



Қасқырдың жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны

Патшалық - жануарлар

Тип - желілілер

Класс – сүтқоректілер

Отряд - жыртқыштар

Тұқымдас – қасқыр

Туыс – қасқыр туысы

Түр – түз қасқыры



  1. Қызанақпен бір тұқымдасқа жататын картоптың бір бірінен айқын ажыратылатын ерекшеліктері екеуінің де жемісі жидек болғанымен, күнделікті тұрмыста азық ретінде қызанақтың жемісі, картоптың түрін өзгертен жер асты өркені – түйнегі пайдаланылады.

Қасқырмен бір отрядқа жатқызылатын барыс, екеуі де жыртқыштар отрядына жатқызылғанымен, қасқыр қасқырлар тұқымдасына, барыс мысықтар тұқымдасына жатқызылады.









2 зертханалық жұмыс

«Ферменттердің белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың (температура,рН) әсерін зерттеу»

Мақсаты: сілекейдегі амилаза мысалында асқорытатын ферменттердің болуына көз жеткізу

Құрал жабдықтар: үй жағдайында шикі картоп, сутегі асқын тотығы (Н2O2),бірдей мөлшердегі шыны ыдыстар

Жұмыстың барысы:

  1. Шикі картопты үккіштен өткізіп, сөлін марлядан өткізіп сығып алыңдар

  2. Қолда бар үш ыдысқа картоп сөлінен бірдей мөлшерде құйып,біреуін бөлме температурасында,біреуін мұздатқышқа, біреуін қайнап тұрған су буына ұстаңдар

  3. Үш ыдысқа да бірдей мөлшерде сутегі асқын тотығын тамызыңдар.

  4. Ыдыстарды шайқап, өзгерістерді бақылаңдар, нәтижесін кестеге жазыңдар

Жұмыстың орындалуы:

Температураның әсері

суық

ысытылған

жылы

Мұздатқышқа қойылған картоп сөліне сутегі асқын тотығын тамызғанда аздаған көпіршік түзілді

Су буына ұсталған ыдыстағы көпіршік көлемі ұлғайды


Бөлме температурасындағы ыдыста көпіршік көлемі ұлғайды


Сызғышпен көпіршу деңгейін өлшегенде анықталған өлшем

2 мм

7 мм

5 мм



Қорыта келгенде, ферменттер химиялық реакцияларды жылдамдататын катализатор қызметін атқарады және катализдік реакция жылдамдығы әртүрлі жағдайлар,а тәуелді,мысалы тәжірибе барысында анықталғандай температураның әсеріне тәуелді.

























3 зертханалық жұмыс

«Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу»

Мақсаты: майларды эмульгациялау үдерісімен эксперименттік жолмен танысу

Құрал жабдықтар: үй жағдайында сусабын, өсімдік майы, су және шыны ыдыстар

Жұмыстың барысы:

  1. Эмульгация деген не? Адам ағзасындағы эмульгатор қызметін атқаратын қандай секрет? Сұрақтарға жазбаша жауап жазып, тәжірибені талдаңдар.

  2. Шыны ыдысқа аз мөлшерде өсімдік майын тамызып, үстінен су құйыңдар.

  3. Ыдысты шайқаңдар, қандай өзгеріс болғанын сипаттаңдар

  4. Осы қоспаға аз мөлшерде сусабын құйып ыдысты әбден шайқаңдар,өзгерістерді бақылап қорытынды жасаңдар.

Жұмыстың орындалуы:

  1. Эмульгация - майлардың ірі тамшыларының ұсақ тамшыларға ыдырау үдерісі. Адам ағзасында табиғи эмульгатор қызметін бауыр бөлетін секрет – өт атқарады.

  2. Шыны ыдысқа құйылған су мен өсімдік майын шайқағанда майдың гидрофобты әсеріне байланысты өсімдік майы судың бетіне көтерілді.

  3. Осы қоспаға ары қарай сусабын қосып шайқағанда, су бетіндегі өсімдік майы ұсақ тамшыларға бөлініп су бетінде жұқа қабық – эмульсия түзілді.



Қорыта келгенде, бауыр бөліп шығаратын өт ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігін арттырадыю Ол болмаса асқазаннан ұлтабарға түсетін қышқыл тамақ ботқасы бірден сілтілік болмайтын еді. Яғни, өт ұлтабар ферменттері сілтілеу үдерісіне қатысады,өт қышқылдары бейтарап майларды орасан көп мөлшерде ұсақ тамшыларға бөледі.



4 зертханалық жұмыс

«Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су бының қысымы,ауа қозғалысын) зерттеу»

Мақсаты: ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу

Құрал жабдықтар: 7,9- сыныптардың оқулықтары

Жұмыстың барысы:

7,9- сыныптардың оқулықтарындағы теориялық білмді қолдана отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Қорытынды жасаңдар.

  1. Транспирация қандай үдеріс?

  2. Транспирацияға әсер ететін сыртқы факторларды сипаттаңдар.

Жұмыстың орындалуы:

  1. Эволюция барысында құрлыққа шыққан өсімдіктерде транспирация қажеттілігі пайда болды. Транспирация барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде жүреді. Транспирация - жапырақтың суды буландыруы үдерісі.

  2. Транспирацияға әсер ететін сыртқы факторлар:

  • Ауа температурасы

  • Ауа ылғалдылығы

  • Ауа қозғалысы

  • Жарық

Қорыта келгенде, транспирация үдерісі болмаса,өсімдіктер тіршілік ете алмайды,себебі су мен онда еріген минералды заттар жапыраққа түспейді. Су болмаса фотосинтез жүрмейді. Транспирация үдерісі аптап ыстықта жапырақты қызып кетуден сақтайды.

5 зертханалық жұмыс

«Ішкі факторларды зерттеу: буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының(сәрқабық пен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері»

Мақсаты: ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу

Құрал жабдықтар: 7,9- сыныптардың оқулықтары

Жұмыстың барысы:

7,9- сыныптардың оқулықтарындағы теориялық білмді қолдана отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Қорытынды жасаңдар.

  1. Транспирацияға әсер ететін ішкі факторларды атаңдар және оларға мысалдар келтіріңдер.

  2. Қорытынды жасаңдар

Жұмыстың орындалуы:

  1. Транспирацияға әсер ететін ішкі факторлар:

  • Жапырақтық беткі ауданы

  • Лептесіктердің мөлшері

  • Жапырақ пішіні,мөлшері

  • Жабын ұлпасы

  1. Жапырақ беті өзі алатын ауданнан ондаған есе үлкен болады. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктер бүкіл Жер шарын бірнеше қабатпен жбуға болатын жапырақтар түзеді. Жапырақ неғұрлым аз болса,олардың жалпы ауданы соғұрлым үлкен болады. Жапырақтағы лептесік мөлшері де маңызды көрсеткіш. Бидайдағы лептесік мөлшері 1 см2 – де 1500, ал күнбағыста - 150-250, үрмебұршақта - 300, ал үйеңкіде - 550. Лептесік жапырақ ауданының бар-жоғы 1%-ын ғана алса да,олар өте көп су буландырады.



Қорыта келгенде, құрғақ жерде өсетін көптеген өсімдіктерге транспирацияны барынша шектеуге тура келеді. Суды үнемдеп,булануды азайту үшін көптеген өсімдіктердің жапырақтары жабын ұлпасын – қабықшасын немесе сірқабығын өзгертеді.































2 модельдеу

«Жүйке ұлпасын зерттеу»

  1. Төменде берілген суретте жүйке ұлпасының құрамында болатын құрамбөліктер көрсетілген

Жүйке ұлпасы



  1. Жүйке ұлпасының әрбір құрамбөлігінің рөлін талдап(оның суретте көрсетілгеннен басқа атауы), жеке құрам бөліктерінің, жалпы ұлпаның қызметін кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.



Құрамбөлік

Оның басқаша атауы

Қызметі

Нейрон

Жүйке жасушасы

Жүйке импульсін (әлсіз электр тогы немесе биологиялық потенциал) өндіріп,әрекетке әсер етуге қабілетті және жүйке импульсін бере алады(өткізгіштік)

Серік жасушалар

Нейроглия немесе глия

Нейрондарды қоршап, қоректік және қорғаныштық қызмет атқарады.

Қан тамырлары(ұсақ)

Капиллярлар

Жүйке жасушаларын оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді



  1. Жүйке жасушасы – нейронның құрылысын талдаңдар.

Нейронның құрылысы:

  • Нейрон денесі

  • Ұзын өсіндісі аксон

  • Қысқа өсінділер

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!