Материалдар / 9сынып Биология Жасанды интелект ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9сынып Биология Жасанды интелект ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөліп шығару жүйесініңі гигиенасы тақырыбына ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2024
101
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

9.2B Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.5.4 - бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіреді;

Құндылықтар

әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

0-5мин



5-10мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Көңіл күй» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- бірінен көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал туғызады.

Алдыңғы білім

Барабанды айналдыра отырып берілген сұрақтарға жауап беруді ұсынады


Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;

Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!


Бүгінгі сабақта тек 10балл




https://wordwall.net/ru/resource/63168353

Сабақтың ортасы

10-15мин

«Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсат



ында ой талқылау.


«Түсіну» сұрақтарына жауап береді:

1.Бүйрек ауруларының қандай түрлерін білесіңдер

2.Адамда зәр шығару жүйесі неден тұрады?

3.Бүйрек тастары қалай пайда болады?


Бейнекөрсетілім ұсынады

Мұғалім түсіндірме жүргізеді

Теорияны бекіту тапсырмасын ұсынады

Оқушылар ұжымда берілген суреттерді талдайды. Болжамды жауаптарын айтады

Бейнеден көргендерін жауаптарынмен негіздейді

Теорияны бекіту тапсырмасын орындайды






Бағалау критерийі:

-суретті сөйлетеді

-сұрақтарға болжамды --жауаптарын ұсынады

- бейнеден жауаптарын негіздейді



Дескриптор:

-сәйкестігін табады-1балл

презентация











https://youtu.be/8NpVa5Ihczk?si=XPBAYK2V9YwYyI3f





https://learningapps.org/watch?v=p9iifwj6t24


Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар


Құндылықтар қоғамға қызмет




«Ойлан, топтас, талқыла» әдісі Топтық жұмыс

Зерттеудің мәнін бағалау тапсырмасы

Мәтін

«АҚШ-тағы муниципалды ауруханаларда 11 мың медбикенің денсаулығын 4 жыл бойы бақылау арқылы бүйрек жұмысының бұзылуы ұйықтау уақытына тікелей тәуелді екені анықталды. Мысалы, 3 айдан көп уақыт тәулігіне 7 сағаттан аз ұйықтаған адамдарда бүйрек аурулары анықталған. Ал дұрыс ұйқы режимін сақтаған адамдарда бүйрек жұмысының бұзылуы болмаған».


Оқушылар топта берілген тапсырманы бірігіп орындайды

ЖИ бейнесін топтар көреді

Мәтінмен танысады

Әр топ өз тұжырымдарын ұсынады

1-топ сұраққа жауап береді

2-топ Ия/жоқ тұжырымдарын ұсынады

3-топ сәйкестігін табады

Бағалау критерийі:

- Зерттеу нәтижелерінен негізгі идеяны анықтайды.

- Ұйқының бүйрекке әсерін сипаттайды.

-Өзіндік ой-пікірін логикалық негізде жеткізеді.

-ия/ жоқ жауаптарын ұсынады

-сәйкестігін табады

Мұғалім бонусы

ЖИ тапсырмасы

https://youtu.be/nUil-FC7cas

Қосымша 1

Сабақтың ортасы


Жұптық жұмыс

25-35мин

«Кел жұптасайық» тәсілі

1-жұп тапсырмалары : Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын ұсыныңыз.



Аурудың атауы

Себебі

Алдын алу жолдары

Бүйрек




несепағар




Қуық





2-жұп тапсырмалары «Биологиялық диктант»


1. Бүйректің ең қауіпті ауруы... 2. Зәрдің сарғыш түсті болуы құрамындағы... пигментіне байланысты. 3. Нефрит ауруын... тудырады. 4. Уролитиаз дегеніміз... 5. Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы... 6. Энурез.... және.... бұзылуынан болады.. 7. Гемоглобиннің құрамына... кіреді. 8. Кобальт... дәруменінің құрамына кіреді..... 9. Су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталық... орналасқан. 10. Зәрде... тұзы көбірек кездеседі.

Жауаптары:

нефрит. 2. урохром 3. бактериялар 4. бүйрек тасы 5. Зәр тоқтамау (энурез) 6. бадамша бездердің, жұлын қызметінің 7. темір ионы 8. В12 9. аралық ми - гипоталамус. 10. натрий хлориді.

Оқушылар топта жұптаса отырып берілген тапсырмаларды бірігіп орындайды

- Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіреді;







-бүйректің ауруларын зерделейді;





Дескриптор:


- зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларын атайды

-себебін анықтайды

-алдын алу жолын ұсынады -Барлығы 2 балл;








Дескриптор:


-бос орындарға тиісті қажетті сөздерді қойып жазады-

Барлығы 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері





Жеке жұмыс «Суретті сөйлет» тәсілі



Бағалау критерийі:


-бүйректе тастың жиналуын сипаттайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-бүйректе тастың себебін анықтайды-1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

35-40мин

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бекіту тапсырмаларын беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


Қызықты тапсырманы платформада жасақтап ұсынады

Бағалау критерийі:


-бүйректің ауруларын сипаттайды;



Дескриптор:


-термин сөздердің жалғасын толықтырып жазады-1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

https://wordwall.net/resource/64202940

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс

40-45мин


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!






Қосымша 1

1-топ тапсырмасы Ашық тапсырмалар

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ұйқының бүйрек денсаулығына әсері туралы өз ойыңызды жазыңыз.

Сіздің ойыңызша, неге жеткіліксіз ұйқы бүйрек жұмысына кері әсер етеді?

Ұйқының жеткілікті мөлшерін сақтау үшін қандай шаралар қабылдауға болады?

Жабық тапсырмалар

Иә/Жоқ тапсырмасы
Төмендегі мәлімдемелердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз:

Мәлімдеме

Иә

Жоқ

1

АҚШ-та жүргізілген зерттеу ұйқының бүйрек жұмысына әсер етпейтінін көрсетті.



2

Тәулігіне 7 сағаттан аз ұйықтаған адамдардың арасында бүйрек аурулары жиі кездескен.



3

Дұрыс ұйқы режимін сақтау бүйрек денсаулығын қорғауға көмектеседі.



4

4 жыл бойы 11 мың медбикенің денсаулығы ұйқы мен бүйрек жұмысының байланысын зерттеу үшін бақыланды.



Балама тапсырма

Сәйкестендіру тапсырмасы
Төменде келтірілген ұйқының әсеріне қатысты жағдайларды дұрыс сипаттамалармен сәйкестендіріңіз:

Жағдай

Сипаттама

1

Ұйқының жеткіліксіздігі

Бүйрек жұмысының бұзылуына алып келеді

2

Ұйқының жеткілікті болуы

Денсаулықтың жақсаруына ықпал етеді

3

7 сағаттан аз ұйықтау

Қалпына келу процесін баяулатады

4

Зерттеуге қатысушылар саны

  1. ың медбике



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!