№ 10 Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.docx

Тақырып бойынша 31 материал табылды

№ 10 Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу; 7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Фразеологизмдердің мәнін түсініп қолданады; мәтіннің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданады.

Көпшілігі: Фразеологизм, мақал-мәтелдерді өз шығармашылығында қолданады;

Кейбір оқушылар: Фразеологизмдерге мысал келтіреді; көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы

























































Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға аспаптардың суреті таратылады. Берілген суреттің қандай аспаптар тобына жататынын анықтау арқылы өз тобын тауып отырады.

І топ. «Үрмелі аспаптар» тобы

ІІ топ. «Шертпелі-ішекті аспаптар» тобы

ІІІ топ. «Ұрмалы аспаптар» тобы

ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ.

1-тапсырма. Қолдарына берілген аспаптар туралы не білетіндігін анықтау мақсатында топтар бір-бірімен сұхбат құрады.

І топ. «Үрмелі аспаптар» тобы оқылым тапсырмасындағы мәтінді оқып-танысып, кластер құрады.

ІІ топ. «Шертпелі-ішекті аспаптар» тобы жетіген немесе басқа ұлттық аспап туралы постер қорғайды.

ІІІ топ. «Ұрмалы аспаптар» тобы ізденімдік тапсырмасы бойынша өздері ғаламтордан ізденіп, мәтінді жалғастырады.

Классик — композитор Ықылас Дүкенұлы (1843-1916).

Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман-саулығын, өсіп-өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші — қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған.

Ықылас екі жасынан-ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың-тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық — Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. Өсе келе дарынды күйші әкесінен көрген, естіген күйлерін қайталамақ болып аспапты қолына алып, үн шығара бастайды. Баласының қобызға деген сүйіспеншілігін байқаған әкесі, Ықыласты ата дәстүрінен келе жатқан өнерге үйретеді. Қобыз бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, жылдам үйреніп меңгеруге көнбейтін аспап, одан үн шығарып, меңгеру орындаушыдан жоғары музыкалық қабілет пен қоса жауапкершілікті талап етеді. Ықылас ерекше дарынының арқасында көне аспаптың табиғи сырын орындаушылықта кездесетін құпияларын, бейнелеу мүмкіндіктерін толығыменен пайдаланып, қобызды аса шеберлікпен игерді. Асқан аспапшы бақсылық дәстүрді қумай, күйшілік өнердің жолына түсіп, қобызды халықтың қуанышы мен сүйінішін, қайғысы мен күйінішін жырлайтын аспапқа айналдырды.
Отыз жасында Ықылас атақты қобызшы атанып, аспапты толық меңгеріп шығады. Бұрын әкесінен үйренген күйлерінің көлемін, техникалық негізін шенеулі екенін сезген ол, өз бетімен күй шығаруға кіріседі де, алдыңғы үйренген күйлерді бірнеше тарауға бөліп дамытады.
Ықыластың «Кертолғау», «Ерден», «Жалғыз аяқ», «Жарым патша», «Жез киік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген заманындағы қоғамдық-әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қамбар-Назым», «Айрауық», «Қазан», «Аққу», «Шыңырау» сияқты күйлер ел арасында кеңінен тараған аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып оқиғалар арқау болған. Бұл күйлердің ішінде батырдың далада жеке жортып бара жатқан тұлпарының дүбірі, жүрегіндегі елім деген арманы бейнеленеді, кейде қобыздың тәтті үнімен, кейде шырқаған ән тәрізді дыбыстарымен беріліп, суреттеп отырады. Осы күйлердің қай-қайсысынан да Ықыластың адамға деген, қоғамға деген, табиғатқа деген азаматтық тұлғасы, адамгершілік үні айқындалады.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп, топта талдайды;

  • Алынған ақпаратты талдап, кластер құрады, постер жасайды, көркемдегіш

  • құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мәтін құрастырып жазады.

  • Топ болып жұмыстарын қорытындылайды, қорғайды.

ҚБ

ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

«Қазақтың ұлттық аспаптары» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Сөз саны 90-100.

Мақаланың жанрын, стилін сақтаңыз.

Көркемдегіш құралдарды қолданыңыз.

Дескриптор

Білім алушы

-мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданады;

- мақаланы тақырыпқа сай жазады.


ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН

ӘТН 4-тапсырма. Фразеологизмдердің мағынасын түсініп, олармен тақырыпқа қатысты сөйлемдер құрастыру.

Бағалау Дескриптор

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

- тұрақты тіркестердің мағынасын анықтайды;

- тақырыпқа сай сөйлемдер құрастырады;

-сөйлемі арқылы тақырыпты қорытындылайды.



Оқушыларға аспаптардың суреті таратылады. Берілген суреттің қандай аспаптар тобына жататынын анықтау арқылы өз тобын тауып отырады.


Қолдарына берілген аспаптар туралы не білетіндігін анықтау мақсатында топтар бір-бірімен сұхбат құрады.


Оқылым тапсырмасындағы мәтінді оқып-танысып, кластер құрады;

ұлттық аспап туралы постер қорғайды;

өздері ғаламтордан ізденіп, мәтінді жалғастырады.
































«Қазақтың ұлттық аспаптары» тақырыбында шағын мақала жазады.








Фразеологизмдердің мағынасын түсініп, олармен тақырыпқа қатысты сөйлемдер құрастырады.





ҚБ














ҚБ























ҚБ








ҚБ





ҚБ







https://www.google.kz/search?q


























https://www.google.kz/search?q



Үйге 6-тапсырма. Ғаламтор арқылы Қазақ халық музыкалық аспаптарының мұражайына саяхат жасаңдар. Өздеріңе ұнаған аспапқа сипаттама жазыңдар.


Сабақтың соңы Рефлексия


кері байланыс парағы


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі