Материалдар / № 5 Қазақ музыкасы.docx

№ 5 Қазақ музыкасы.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау; 7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
50
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Мектеп: Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ музыкасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тақырыпқа байланысты мәліметтердің негізгі ойын анықтайды;

Көптеген оқушылар: шығарманың негізгі ойын ашатын мысалдарды келтіреді, ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдана алады, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;

Кейбір оқушылар: сабақ барысында талданған ақпараттарға байланысты ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдана алады, авторына сілтеме жасайды, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы






Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ.

Оқушылар берілген суреттерге байланысты өз ойларын білдіреді, сабақтың тақырыбын болжайды.

Picture 20 Picture 21

«Венн диаграммасы» әдісімен ХІХ және ХХ ғасырларда өмір сүрген қазақ музыкасының ұлы тұлғаларының шығармашылығын салыстырыңдар.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.


Оқушылар берілген суреттерге байланысты өз ойларын білдіреді, сабақтың тақырыбын болжайды.


«Венн диаграммасы» әдісімен ХІХ және ХХ ғасырларда өмір сүрген қазақ музыкасының ұлы тұлғаларының шығармашылығын салыстырыңдар.



ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!





7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы













Сабақтың ортасы


























ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Мәтінді оқып, қазақ музыкасы туралы ақпараттарды сызбаға түсіріңдер. Қазақ музыка өнерінің дүлдүлдері тізімін әрі қарай жалғастырыңдар қарай жалғастырыңдар.

2-тапсырма. А) Оқылым мәтініндегі әр азат жолдағы негізгі ойды анықтап, мазмұнына сәйкес мақал-мәтелмен ат қойыңдар.

Ә) «Қазақ өнерін еуропалықтармен салыстыру дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырыңдар.

Дескриптор:

  • қазақ музыкасы туралы ақпаратты сызбаға түсіріеді және қазақ музыка өнерінің дүлдүлдері тізімін әрі қарай жалғастырады;

  • мәтіндегі әр азат жолдағы негізгі ойды анықтап, мазмұнына сәйкес мақал-мәтелмен ат қояды;

  • «Қазақ өнерін еуропалықтармен салыстыру дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырады.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН

Ізденімдік тапсырма. Сал-серілер не сазгерлердің бірі туралы мәлімет жинап, таныстырылым жасаңдар.

1-топ. Біржан сал

2-топ. Абай

3-топ. Ескендір Хасанғалиев.

Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасайды.

Дескриптор:

  • Сал-серілер не сазгерлердің бірі туралы мәлімет жинайды;

  • таныстырылым жасайды;

  • Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасайды.

ҚБ

Мәтінді оқып, қазақ музыкасы туралы ақпаратты сызбаға түсіріңдер. Қазақ музыка өнерінің дүлдүлдері тізімін әрі қарай жалғастырыңдар.



Оқылым мәтініндегі әр азат жолдағы негізгі ойды анықтап, мазмұнына сәйкес мақал-мәтелмен ат қойыңдар.

«Қазақ өнерін еуропалықтармен салыстыру дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырыңдар.



Сал-серілер не сазгерлердің бірі туралы мәлімет жинап, таныстырылым жасаңдар.











ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!





ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!




«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» жинағы




http://cdn.e.edu.kz/sui/lcms-scorm-player.html?resource=2020704438#
























Сабақтың соңы Рефлексия


Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін нота белгісі арқылы кері байланыс алу(бағдаршам түсімен)

- Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, онда жасыл түсті нотаны таңда.

- Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,онда сары түсті нотаны таңда.

- Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, жаңа сабақтан жақсы мәлімет ала-алмасаң,онда қызыл түсті нотаны таңда.



Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.

Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.

Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.

Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-ФарабиИбн-СинаӘбдірахман ЖәмиДәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.

Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – ЫқыласСарымалайҚұрманғазыДәулеткерейҚазанғапСейтекСүгірТәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – БіржанАқанМұхитМәдиЖаяу МұсаЕстайҮкілі ЫбырайАбайНартайМайра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.

19 ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды.

XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.[1]

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.

Қазақтың халық музыкалық аспаптары[өңдеу]

Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобызсыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетігенадырнаүскірікшаңқобызасатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.

Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан,15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді:

  1. шертпелі,

  2. үрлемелі,

  3. ұрмалы,

  4. сілкімелі.

Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз.

Үрлемелі: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.

Ұрмалы: дауылпаз және даңғара.

Сілкімелі: асатаяқ және сылдырмақ жатады









Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.[1]

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс биМахамбет ақынИсатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.[2] Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, ШеркешБайжұмаБаламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.

Шығармалары

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.[3]






Музыкалық мұра. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында.

Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының көрінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен»«Жиырма бес»«Аққұм»сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.

Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның шығармашылық заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі - Абай ерекше бір музыкалық ортада болды: бір жағынан, өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап-көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса, екінші жағынан айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абай шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос пейілді кеңесшілер еді. Абайда Мұхит, Біржан сияқты күшті дауыс болмаса керек. Ол тек өз даусының жеткенінше ғана айтып шығарды. Абайдың Музыкалық мұрасы тек совет өкіметі тұсында ғана жиналып, нотаға түсіріле бастады. Қазақтың халық музыкасын жинаушы А.Затаевич 1925 ж. Абайдың бірнеше әнін нотаға түсіріп, жариялады. 30 жылдарда композитор Б. Ерзакович пен Л. Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға тұсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың екі томдық өлеңдер жинағында да басылды. 1939 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы Мәкен Мүхаметжанованың орындауымен Абайдың Ібәнін нотаға жаздырды. Абай әндері «Абай» операсына молынан кірді. Операдағы бір өзгешелік - бірқатар кейіпкерлер үшін Абай стилінде ән, ариялар жазылды. Мысалы, бірінші актідегі Айдар-Ажардуэті, төртінші актідегі «Ей, халайық, барым ең сен» деп басталатын Абайдың ариясы.

Қазақстан композиторлары Абайдың сөздеріне өздері көптеген ән жазып, Абай поэзиясының жан түкпіріне жететін асыл қасиеттерін музыка тілімен жапғастыру ісіне қызу атсалысты. Абай - тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер койнына кірер денең...» Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады. Абай музыканы таддауға материапистік тұрғыдан келіп, оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды. «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай түнық...» - деп, Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті.

Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драмасатиратрагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т. б. сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.[1]


Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Әнші (лирикалық баритон), композитор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хор факультетін Е.Виноградов пен Н.Шарипованың класы бойынша курсты және Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы мен материалды берудің көп салалығы тән. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. 

1970 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері. 1984 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі. 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ