Материалдар / № 8 Қазақтың опера жанры.docx

№ 8 Қазақтың опера жанры.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау; 7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: № 8

Мектеп: Пәні: қазақ тілі

Күні:

Пән мұғалімі:


Қатысқаны: Қатыспағаны:

Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың опера жанры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме

жасау;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің негізгі ойын түсіну, фразеологизм, мақал-мәтелдердің мағынасын ашу;

Көптеген оқушылар: мәтіндегі ақпаратты анықтап, кластер құру, фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Кейбір оқушылар: Мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялау, фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа аудару.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту.

  1. Опера жанрының ерекшілігі неде деп ойлайсыңдар?

  2. Опера әншілерінен кімдерді атай аласыңдар?

  3. Қазақстан қай қалаларында опера және балет театрлары бар?

Опера

Опера Еуропаның классикалық  музыка мәдениетінің ең жоғары  жетістігі болып есептеледі. Ең алдымен жазушы операның либреттасын жазады – мазмұны мен мәтінін құрайды –сосын  композитор – музыкасын жазады.

Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Басты рөлде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Қойылымды басқаратын – режиссер, әншілерді, оркестр басқаратын – дирижер, қойылымды суреттейтін – суретшілер, себебі сахнаны қойылымға қарай безендіреді, әртістердің киім үлгілерін жасап шығ.ды, тігіншілер – суретшінің дайындаған үлгілері бойынша киім тігіп даярлайды, гримдеушілер, шаштараздар – әртістерді сахнаға шығуға дайындап, бет әлпеті мен шаштарын сәндейді. Дыбыс шеберлері – сахнаға жарық беріп тұрады.

Операны қоюшылар, орындаушылар тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуге күш – жігерін аямайды.

Театр – гректерден енген, түрлі таңғажайып құбылыстар,қызықтар көрінісімен қаншама халыққа көрсете алған. Көне театр Грекияның Афины қаласында ашық аспанның астында, таудың етегінде орналасқан, таудың етегін арнайы ойып, орындықтар жасап, 17мың көрермен отыратын болған, театрдың ортасы дөңгелек, шеңбер болған оны «орхестра» деп атаған. Грекияда ерлер ғана орындаған, маска киген. Алыстан көру үшін көрермендерді әртістер аяқтарына арнайы биік өкше қағылған етіктер киген.

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев - опера әншісі (баритон), актер, педагог. Ол 1926 жылы шіледнің 4 жұлдызында Петропавл қаласында дүниеге келген. Әнші үйренген бірінші музыкалық аспап балалайка болған. Ол 1941-1943 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка сыныбында білім алған. 1951 жылы Қазақ консерваториясының ән сыныбын тәмамдаған. Ондағы ұстасы А.М.Қорғанов болған еді.

Қазақ радиосында жүргізуші қызметін атқарған. 1947 жылдан бастап Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет еткен. 1973 жылы Қазақ консерваториясында вокал сыныбында ұстаз болған. 1982 жылы профессор атағын алған.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар тақырыпты анықтау мақсатында сұрақтарға жауап береді, өз көзқарасын танытады.


Галамтор беттерінен алған деректермен танысады, сілтеме жасайды.











Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.




ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!







https://kk.wikipedia.org/wiki/Классикалық_музыка








Сабақтың ортасы























ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

«Тірек мәтін» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді. 1-ОҚЫЛЫМ мәтінін мұқият оқып, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттарды табыңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Дескриптор:

  • мәтінді мұқият оқиды;

  • тірек сөздерді жазады.

  • негізгі ақпараттарды анықтайды;

  • қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • сұрақтарға жауап береді.

ҚБ

2-тапсырма. Сұхбатты интонация, кідіріс, логикалық екпінді дұрыс қойып, оқыңдар. Жіктік жалғаулы сөздерді анықтаңдар. Әдеби тіл нормалары.

Дескриптор:

  • Сұхбатты интонация, кідіріс, логикалық екпінді дұрыс қойып, оқиды;

  • Жіктік жалғаулы сөздерді анықтайды.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. Мәтінді оқып, «Еркін жазу» әдісімен ойларыңды жазыңдар.

Артық болмас білгенің

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі, КСРО халық әртісі (1967). 1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н. Самышинаның ән класы бойынша) бітірді.

Б. Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жүмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді. 1965–1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді. Күміскөмей әнші

Бибігүл Төлегенова- аты аңызға айналған әлемдік деңгейдегі әнші, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, опера жұлдызы. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, педагог, опера әншісі.

Б. Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ең үздік партиялары: Жібек (Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»), Гүлбаршын (Е. Рахмадиевтің «Алпамысы»), Еңлік (Ғ. Жұбанованың «Еңлік -Кебегі») және т. б. Б. Төлегенова сондай-ақ, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған», «Тақиялы періште» кинофильмдерінде ойнады.

«Автор орындығы»

Бағалау дескрипторы:

  • Мәтін мазмұнын интонацияға сай оқиды;

  • Мәтіндегі кейіпкер туралы мәлімет алады;.

  • Опера жанры туралы өз пікірін білдіреді.

ҚБ

«Тірек мәтін» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді. 1-ОҚЫЛЫМ мәтінін мұқият оқып, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттарды табыңыз.










Сұхбатты интонация, кідіріс, логикалық екпінді дұрыс қойып, оқиды;

Жіктік жалғаулы сөздерді анықтайды.






«Артық болмас білгенің» айдарындағы ақпаратпен танысады;

«Еркін жазу» әдісімен ойларыңды жазады;

Ой түйіндейді.












Мәтінді оқып, «Еркін жазу» әдісімен ойларыңды жазыңдар.







ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!



ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!









ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!


7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы






https://music.yandex.kz/album/370529






Сабақтың соңы Рефлексия


Үй тапсырмасы: 4-тапсырма







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ