Материалдар / " Ана- өмірдің шырағы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Ана- өмірдің шырағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға "Ана " деген ұлы тұлға екенін ұғындыру. Анаға деген жылы махаббатын сезіндіру. Ана туралы мақал-мәтелдер жаттату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


17 Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Тәрбие сағаты

Тақырыбы:



















Сынып жетекшісі: Кулмурзаева А


8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Тақырыбы: Ана- өмір шуағы

Мақсаты: Аналарды,ұстаздарды мерекелерімен құттықтау.Аналарға деген ізгі ниеттерін көрсету.Мейірімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы

Мұғалім : -Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар!Ақ жаулықты әжелер,асыл да ,аяулы аналар! Көктемді қанатына қондырып,жан жылуын көкірегіне жинап, аналар мен қыздардың дәстүрлі мерекесіде келді.Қызғалдақтай құлпырған ,сұлу да әдемі аналарымызды 8-наурыз мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.Ендеше балаларымызды қарсы алайық.

\Әдемі безендірілген залға оқушылар билеп кіреді.\

1-оқушы: \Ж.Әмір\ -Қайырлы күн асыл аналар! Ұлағатты ұстаздар! Қызғалдақтай қыздар!

2-оқушы :\Шамиль\-Жер ананы бусантып,тіршілікке нәр беріп,бар әлемді жақсылыққа бөлеп шуақты көктеммен бірге 8-наурыз аналар мерекесіде келіп жетті.Мерекелеріңіз құтты болсын!

3-оқушы .\Мирас\ -Осынау көркем мерекенің қай кездеде орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

4-оқушы :\А.Әмір\ -Олар өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі де тек аналар мен ажарлы.

5-оқушы :\Жансейіт\ - Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі ана деп соқса,бүгінгі мерекелік кешімізде сіздерге арналады.

6-оқушы :\Ерасыл\ - Маған арнап бар асылды жинадың

Мейіріміңді, жүрегіңді арнадың

Әлем сенің табаныңда бас иер

Жан анашым құтты болсын мейрамың!





7-оқушы :\Алихан\ - Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі "жаным" деген сая маған

Хормен : Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті жан, аналар!







Ән :\ Алтын анам\

Хормен : Еркелеймін,шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші,келші ақ мамам!

\Балалардың аналарын сүюі\

Мұғалім : -Ананың жүрегі,ананың махаббаты,ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ.Бала үшін ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейріміне жетпейді.Едеше балаларыңыздың сіздерге деген ыстық лебізін тыңдаңыздар.

Нұрай : Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам

Мерей : Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

А.Ділназ : Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы, анашым

Ә.Дільназ : Ана -деймізбәрімізде аңқылдап

Ана-дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана-деген бәйтерегі өмірдің

Ана-деген алтын қазық, алтын бақ

Ерасыл :

-Ана! Ана!Ана! осы сөздің өзі адамға қандай күш береді!Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.Ана парызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.

Алихан :

-Олай болса,қыздарымыздың орындауында" қолшатыр" биін қабыл алыңыздар.

Би : Қолшатыр

Ойын. "Жылы сөздер" Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталаты жылы сөздер айтады.

Мәнерлеп оқу.\ М.Мақатаев . Ана.\

Ботакөз : Ана
Сен бақыттысың! Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!




Дильназ :

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын. 
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!


Аида : Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Әмина : Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді... 


Диана : Жылылықтан жаралған

Құшағы оның -таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу барма екен?


Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам барма екен?


Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды

Би :\ұлдар тобы\




Мұғалім :

- Балалар бүгінгі бір ақ күн ғана аналарымызды құттықтап қоймайық.Әр күніміз аналар мерекесі болып есептелсін.Үнемі оларды сыйлап,айтқанын тыңдап,қуантып жүре беріңдер.Олай болса аналарымызға мерекелік сыйлықтарымызды табыс етейік.

\Сыйлықтар тапсыру\

Ән : Әмина " Ай дидарлы анашым"









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!