Материалдар / " Ауаның қасиеттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Ауаның қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ауаның қасиеттері туралы таныстыру.Тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызда қоршап ұрғанына көздерін жеткізу Отан сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта .Денсаулық.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы: Ауаның қасиеттері.

Мақсаты:

1.Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру:тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанына көздерін жеткізу.

2.Ойлау белсендіктерін, байқағыштықтарын арттыру.

3.Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс, бақылау.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:балалар санына қарай су құйылған ыдыс пен түтіктер: шар, желпуіш, полиэтилен пакеттер, апельсин, жылтырақтары бар бөтелке, таразы.

Билингвальды компонент:ауа-воздух , жел-ветер.

Оқу қызметінің кезеңдері



Педагогтің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивация-лық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз ақылды баламыз,

Бәрін біліп аламыз.

Қайырлы таң,апайлар! Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті, Сәттілікке толсын! Біздің балабақшамыз Қуанышқа толсын!

Жұмбақ жасырады: Бар ма,жоқ па Оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде Өмір сүріп жүрмейсің. Ол не?

Балалар қонақтармен сәлемдесіп, жылы лебіздерін айт













-Ауа

Ұйымдасты- рушылық - ізденістік

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Ауа қасиеттері» деп аталады. Ауа – табиғаттың ең негізгі байлықтарының бірі.Ауа кімдерге қажет?

Дұрыс ,ауа барлық тіршілік иелеріне қажет. –Ал,ауа адам ағзасына қалай кіретінін білесіңдер ме?

- Адамдарға,жануар- ларға,өсімдіктерге керек.



-мұрын арқылы кіреді.







-тыныс алу жаттығуын орындайды.

Балалар халат,бас киімдерін киеді



-іші бос,тегіс,мөлдір. –ауа бар. -жоқ,көрінбейді.

-Ол шарға,жастыққа ұқсады. - Пакет ауаға толды. –түсі жоқ,мөлдір. –иісі жоқ.

-Сызбаны іледі.

-Апелсинь иісі шықты. -Сызбасын іледі.



-Көпіршіктер пайда болды. –Ауа үрледік. –Үстіне шықты. -Сызбасын іледі.


Балалар өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.





Балалар шарларды үрлейді.

-Ауа толды.


-Дөңгелек,сопақ, жүрек,т.б. пішінде. Шардан ауаны шығарады.

-Ия,тең.

-Үрленген шар төменге түсті.


-Таразы теңесті.

-Сызбаны іледі.



-Жылтырақтар бар.

-Бөтелке түбінде жатыр

-Ауа үрледік.

Жылтырақтар ұшты.















.








































































































- Біз ауаны мұрын арқылы ішке аламыз, мұрын ішіндегі майда қылшықтар оны жылытады,тазартады, одан ауа мұрын жолы арқылы өкпеге барады, тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа сыртқа шығады.

Кәне,бәріміз тыныс алып көрейік. Балалар ауаның қандай қасиеттері бар?Оны білу үшін біз,тәжірибелер жүргізіп көрейік.

Ол үшін орындарымызға барып,арнайы киімдерімізді киеміз. Мынау полиэтилен пакеті. –Ол қандай? - Балалар біздің айналамызда ауа бар ма? - Ауа көріне ме ? Пакетті ашып ауаны ұстап алайық. Пакет қандай болды,неге ұқсайды? Пакетке не толды ? Оның түсі бар ма? Иісі бар ма ? Бұл тәжірибеден қандай нәтиже шығарамыз.Ауа көзге көрінбейді,оның түсі жоқ,мөлдір,иісі жоқ.Сызбасын тақтаға ілеміз. Енді апельсинді кесіп,желпуішпен желпіп көрейік.Не сездіңдер? Ауаның иісі жоқ,бірақ ол иісті таратады.Сызбасын ілеміз. Алдымыздағы түтікшелерді алып,стақандағы суды үрлейміз. –Не пайда болды? -Түтікшелерге не үрледік? -Көпіршіктер судың астына түсті ме,судың үстіне шықты ма? Нәтиже ауа судан жеңіл екен.Сызбасын тақтаға іледі.


Сергіту жаттығу.

Жел соғады,соғады,

Құстар жерге қонады.

Көбелектер тығылып,

Дір-дір етіп тоңады.

Жел кенеттентынады,

Күн де бұлттан шығады.

Шегірткелер секіріп,

Аралар да ұшады.

Келесі тәжірибе ауаның пішіні бар ма?

Оны білу үшін шарларды үрлеп көрейік.

Шарға не толды?

Шарларымыз қандай пішінде?

Енді шардан ауаны шығарайық.

Нәтиже,ауаның пішіні жоқ,оны қайда жіберсек,сол заттың пішінін береді.Сызбасын іледі.

Мына таразыға екі шар ілінген.Таразының екі жағы тең бе?

Енді бір шарды жарып көрейік.

Не өзгерді?

Енді екіншісінде жарамыз.Не өзгерді?

Бұдан шығатын нәтиже ауаның өз салмағы бар.

Сызбасын ілеміз.


Енді алдарыңдағы бөтелкелерде не бар?

Олар қандай жағдайда?

Оны түтікпен үрлеп көрейік.

Не үрледік?Не өзгерді?

Демек, ауа кішкентай заттарды, қатты үрлесе үлкен заттарды қозғайды екен.

Жел –бұл ауаның қозғалысы.Сызбасын ілейік.

Сендерге тәжірибелер ұнады ма?

Енді сызба арқылы ауаның қасиеттерін қорытындылайық.



1.Ауа көзге көрінбейді.Ол түссіз ,иіссіз.

2.Ауа судан жеңіл.

3.Ауаның пішіні жоқ.Ол қайда болса,сол пішінде болады.

4.Ауаның өз салмағы бар.

5.Ауа заттарды қозғайды.




Рефлекция лық -түзетушілік


«Ауа таза болу үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде өз ойларын айту.


Балалар жауаптары:

-жерге түскен жапырақтарды өртемеу керек,бөлме өсімдіктерінің жапырақ- тарының шаңын сүрту,зауыт,фабрикалар- дан шығатын түтінді азайту үшін,трубалары- на сүзгіш орнату керек.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:ауаның қасиеттерін анықтау үшін тәжірибе жасайды.

Түсінеді:тіршілік үшін таза ауаның қажет екенін.

Қолданады:Сурет бойынша қорытынды ой айтуды:өз пікірлерін білдіреді.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!