Материалдар / " Біздің айналамыздағы дыбыстар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Біздің айналамыздағы дыбыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дыбыс жайлы түсініктерін кеңейту.Дыбыс пен әріпті ажырата білуге баулу Отан сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
751
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Біздің айналамыздағы дыбыстар.

Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айта білуін, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, ойын, сөздік қорын кеңейту, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Дыбыс-звук, әріп-буква, әліпби-алфавит.

Көрнекіліктер: Жануарлар суреті, үлкен алма ағашы жемісімен, ертегі кейіпкерлері (қуыршақтар) «табиғат дыбысы» жазылған үнтаспа, қызыл, көк текшелер, кеспе әріптер, әліпби.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Бақыт деген –

Осы шаттық шеңбері,

Қол ұстасып

Тұрайықшы,кел бері

Бақыт деген –

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.

Балалар, теледидардан «табиғаттың дыбысын» тыңдайық. Ненің дыбысы екенін табыңдар.

Балалар шаттық шеңберінде тұрып өлеңін айтады, бір-білеріне жылы лебіздерін білдіреді.






- желдің, судың, аң-құстың дыбыстарын табады.

Ұйымдастырушылық-ізденуші

Балалар біз не естідік? Бүгінгі тақырыбымызда

«Біздің айналамыздағы дыбыстар» деп аталады.

Дыбыс дегеніміз не?

Енді өзіміз білетін «Ала бұзау» атты әңгімені қуыршақ театры арқылы көрсетейік.

Балалар көріністен көптеген дыбыстарды естідік енді осы дыбыстардың таңбасын әліпбиден көрсетйік.

Дыбыстың таңбасын не деп атаймыз?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Билингвальды ком. Дыбыс-звук әріп-буква әліпби-альфавит енді «Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойын:

Шарты: тақтада үй жануарларының суреті ілулі тұрады балалар төлді атап қалай дыбыстайтынын айтады.

Сергіту сәті:

Боран соқты зу-зу-зу.

Қатты-қытты жел соқты гу-гу-гу.

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Шыдай алмай жапырақтар ах-ах-ах.

Билеп кетті қалтырап пах-пах-пах.

Дидактикалық ойын:

«Алма жинау» (үлкен алма ағашы жемісімен)

Шарты: әр алмаға дыбыс таңбасы (әріп) жазылған дыбысты атап сөз айтып себетке салады.

«Кім зерек?» дидактикалық

ойыны.

Шарты:

Тәрбиеші дыбыстарды атайды, балалар қызыл, көк текшелерді көрсетіп, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.


-Дыбыстарды




-дыбысты естиміз, айтамыз.

-Балалар рөлдерде бөлініп қуыршақ театры арқылы көрініс көрсетеді.

Кейіпкерлер: бала, бұзау, жел, маса, ара, жылан, ит.

-Балалар У Ш З Р С Ж М Ө көрсетеді.

-Әріп.

-2ге. дауысты, дауыссыз дыбыстар.



Балалар қалай дыбыстайтынын айтып, кеспе әріптермен жазып береміз.

«МӨ» «БӨ» «МӘ» «ИО»



Өлең сөздеріне байланысты қимылдар жасайды.






Дыбысты алып дауысты дауыссыз екенін айтады.

-«Н»дауыссыз дыбыс.

Нан «Ә»-дауысты дыбыс Әже.





Бақша Ағаш сөздерін талдайды.




Рефлексті-түзетуші

Балалар, бүгінгі дыбыстарға байланысты ойындар ұнады ма?

Қандай ойындар ұнады?

Енді «Әліпби сыры» өлеңімен бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметімізді аяқтайық.

Бәрің жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!!!




-Иә.

-Балалар жауаптары.



-Балалар өлеңді айтады.



Күтілген нәтиже:

Жасайды: Дыбыс, әріп не екенін ажыратады, дыбыстарға сөз құрайды, дыбыстық талдау жасайды.

Түсінеді: Дыбыстың таңбасын әріп екенін, дыбыстардың дауысты және дауыссыз болатынын.

Қолданылады: Дыбыстарды қызыл, көк текшелермен белгілеуді, кеспе әріптерден сөз, буын құрауды.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!