400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

: Булану және конденсация.Қаныққан және қанықпаған бу

Материал туралы қысқаша түсінік
• Булану және конденсация жайлы мағлұмат алады • Табиғаттағы болып жатқан булану және конденсация процесін физикалық тұрғыдан түсіндіре алады • Қаныққан және қанықпаған будың адам өміріндегі маңызын біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы




САБАҚ: Булану және конденсация.Қаныққан және қанықпаған бу













Мектеп: Қапшағай қалалық білім бөлімінің «№12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Күні:18.10.2017

Мұғалімнің есімі:Садыкова Н

СЫНЫП:

8 «А»сынып

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:

2

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға булану және конденсация құбылысын түсіндіру және қаныққан ,қанықпаған бу туралы ұғымдарды енгізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Булану және конденсация жайлы мағлұмат алады

  • Табиғаттағы болып жатқан булану және конденсация процесін физикалық тұрғыдан түсіндіре алады

  • Қаныққан және қанықпаған будың адам өміріндегі маңызын біледі


Оқушылардың басым бөлігі:

  • Конденсация мен булану процесін және бір-біріне кері процесс екенін түсінеді

  • Қаныққан және қанықпаған буларды ажырата алады.


Кейбір оқушылар:

Булану және конденсация процесін заттың молекулалық құрылымы тұрғысынан түсіндіреді. Табиғаттағы маңызы мен рөлін тереңірек ұғынып, теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра біледі



  • Қаныққан және қанықпаған буға табиғатпен байланыстыра отырып дәлелдемелер келтіреді

Тілдік мақсат


Оқушылар:

  • Жаңа термин сөздердің мағынасын түсінеді және ажырата біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:конденсация,динамикалық тепе-теңдік


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Джоуль(Дж),кДж,МДж ХБЖ-ға аудару


Талқылауға арналған тармақтар:

Эфирдің суға қарағанда тез булануы

Қайнаған судың булануы

Ашық ыдыстағы булану

Ауадағы су буы қаныққан ба? қанықпаған ба?

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Булану жылуды жұтумен қатар жүретіндігін білесіз бе?Олай болса табиғатпен байланыстырып дәлелдемелер келтіріңдер

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Физкиалық диктант

Алдыңғы оқу

«География» 7 сынып,Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

14.20-14.25



























14.25-14.35

а)Оқушылармен сәлемдесу.

б)Сыныптың психологиялық атмосферасын қалыптастыру

(австралиялық жаңбыр)

-Балалар Австралия жаңбырын қандай екенін білесіңдер ме?

-Ендеше тыңдайық

-ол үшін менің іс-қимылымды қайталаңдар

-Австралияда жел тұрды(алақанды үйкелеу)

-жаңбыр тамшылай бастады(саусақты соғу)

-нөсер қатты төкті(алақанды санға соғу)

-Бұршақ жауды(аяқпен еденді соғу)

-дауыл басыла бастады(алақанды санға соқты)

-Жаңбыр сейілді(алақанды кеудеге соғу)

-жаңбыр сіркіреді(саусақты соғу)

-жел басыла бастады((алақанды үйкелеу)

-алақай күн шықты(қолды жоғары көтеру)

-жердегі жаңбыр суы буланды(қолымызды аспанға қарай бұлғаймыз)

«Сыр сандық»әдісі арқылы үй тапсырмасын "Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергия,меншікті балқу жылуы,балқу және қатаю температурасы"тақырыбы бойынша оқушыларға сыр сандықты ұсына отырып, тапсырмалар беру

Мысалы:1. Қандай физикалық шаманың формуласы? λ ~m арасындағы тәуелділік

2. Балқу температурасында сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан артық?

3)Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуын МКТ теория негізінде түсіндір

4)Заттың агрегаттық күйлері,айырмашылығы неде?


Физикалық диктант

Жаңбыр -...бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық

Жарқ-жұрқ ойнаған...адамды соғып кетуі мүмкін

Балқу және қатаю кезінде температура...

Су,мұз немесе су буының массалары бірдей болса,қайсысының ішкі энергиясы көп...























Сыр сандығы

Аяқталуы

15.02-.15.05

Кері байланыс. «Үміт ағашы»әдісі бойынша

Үміт ағашы



Қосымша ақпарат интернет желісінен мұхит пен теңіздер бетінен қанша (м3 )көлем су буланатындығы жөнінде деректер жинау,адам өміріндегі маңызы

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Басқаларға қарағанда шапшаң оқушыларға деңгейлік есептер ішінде

«Алдын-ала ойлаған қателік»әдісі бойынша бір есеп мәтінін беру


  • «Үміт ағашы»/сұраққа өз дайындығы бойынша қызыл,сары,көк алмаларды ілу арқылы белгілейді

https://surak.szh.kz/go.php

7сынып географиямен пәнаралық байланыс.Технологиялық білім-бейнежазба

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Оқу мақсаттары әр оқушының қажеттіліктеріне сай қойылды.Булану және конденсация.Қаныққан және қанықпаған бу туралы толық мағлұмат алды және тәжірибе жасау арқылы МКТ(молекулалық тұрғыдан)түсіндірді,табиғаттағы булану,конденсаця процестерімен байланыстырды. Оқушылардың көңіл-күйін жаңа тақырыпқа сәйкес «Австралиялық жаңбыр»арқылы ахуалын реттеп алдым.

Топтағы барлық жұмыстардың сәтті болуының негізіне саралау,тәжірибе жасау,талдау шаралары тиімді болды.Берілген уақытта үлгердім,оқушылардың белсенділігі арқасында қосымша ақпаратқа да шолу жасадым.Мен өз жоспарымда дарынды оқушылардың қадағалау,зейінділігін арттыру мақсатында басқаларға қарағанда шапшаң болғандықтан, «Алдын-ала ойлаған қателік»әдісі бойынша бір есептің мәтінін енгіздім.


Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:Жаңа тақырыпқа байланысты интерактивті тақтадан бейнежазба көрсету


2:Пайымдау,талдау,ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында оқушылар өздері жүргізген тәжірибе


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: «Джигсо»әдісі бойынша бағалау парағын топ басшысы жүргізе отырып, постер қорғау


2:Жұптық жұмыста «Пилот-Штурман» әдісі бойынша деңгейлік есептер шығару


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралыменің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

«Мен үшін табиғаттағы процестерді физикалық тұрғыдан түсіндіру маңыздылығы»сауалнамасы

Оқушылардың өз жұмысын дамытудың ең негізгі көзі ретінде эксперимент,өзін оқудың жаңа сатысы топпен,жұппен жұмыс үлкен септігін тигізетіндігі айқындалды.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі