" Дос қадірін білесің бе?" тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Дос қадірін білесің бе?" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың достық қарым қатынасын түзеу және эмоцияны басқара алу қабілетін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырып: «Ашумен не істеу керек»

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Орта білім беру ұйымдарында кәмелетке

толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»

бағдарламасын жүзеге асыру аясында.

Мақсаты: Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін дамыту және түзету. Оқушылардың агрессивті сезімдерінің алдын-алу жолдарын көрсете отырып достық дұрыс қарым-қатынас жасауға бағыттау. Ашуларын ұстай білуге,тежеуге үйрету.

Міндеті:

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

1.Ширату жаттығуы.

-Ашу дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ашу қандай кезде келеді?

-Адам ашумен не істеуі мүмкін?

-Қатты ашуланған кездер ашудыңды тежей аламын деп ойлайсың ба?

Балалар сабағымызды ары қарай жалғастырайық. Ашы-ыза әркімнің бойында бар қасиет. Бір нәрсе ойыңдағыдай болмаса немесе басқа бір адам ашуыңды келтіретіндей жағдай болса, ашуыңды кез келген жерде шығарып көрсетуге болмайды. Адам баласы ашумен кейін қатты өкінетін іс әрекетке баруы мүмкін. Кейін өкінгенмен ол ісінен ұялып, ол жағдайды орнына келтіру қиынға соғады. Сондықтан бүгін біз ашуымызды ұстап, сабырлы болуға дағдыланатын жаттығулар жасап өзіңізге және айналадағыларымызға зиянкестік жасамай ғана ашу- ызаны қалай игеруге болатындығын үйренеміз.

2. Сыр сандық ойыны
Ұжымдық жұмыс: Ойлануға арналған Сыр сандық ойынының шартын таныстырам. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа 2 - 3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 10 сұрақ.
Топтың әр қатысушысы сыр сандықтағы аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш – бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7.
Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Маған ұнады, себебі...
10. Егер, мен шаршасам...
3.Жаттығу

Менің ашуымды келтіреді, егер..........

Мен ренжіп қаламын, егер........

Мен өз-өзімді ұстай алмай қаламын, егер........

Мен біреуге балағат сөз айта аламын, егер.....

Мен өзімнің ашуымды баса алмаймын, егер....

Мен біреуге қол жұмсай аламын, егер.........

Бұл жаттығу арқылы оқушы өз өмірінің өткен күндеріне көз жүгірту арқылы, бұрын болған және қатты ашуланған, ренжіген кездерін еске түсіру арқылы бұл

жағдайлардың не себепті және не үшін болғаның талқылайды.
4. «Магнит» жаттығуы. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында жүргізіледі. Балалар бір қатар бойымен тұрады. Бір оқушы алдыға шығып артқа қарап отырыды.

Сұрақ:-Осы оқушыға қаншалықты жақынсыз,соншалықты қадам алға қадам жасаңыз.

-Енді осы оқушыға қаншалықты жақындағыңыз келеді?Соншалықты алға қадам жасаңыз.Алдыда тұрған оқушы оқушыларға қарап қандай сезімде екенін жеткізеді.Осылай барлық оқушы қамтылады.

5.«Сағат» тренинг. Оқушылардың қарым қатынасын жақсарту. Оқушыларға алдын ала қиылған сағаттың суреті беріледі. Сол сағаттары сандарға сыныбындағы оқушылардың аттарын тізіп жазады. Жүргізуші-1 санға кімді жаздыңыз сол оқушының қолынан ұстаңыз. 2 ге кімді жаздыңыз. Сол оқушының мұрның қысыңыз. Т.б. жалғастырады.


6.Жаттығу. «Досыңды ренжітпе». Оқушыларға суретте көрсетілген балаға әр түрлі жаман мінездеме бере отырып, әр айтылған мінездемеде қағазды майыстырып, соңында умаждап тастаймын. Енді кешірім сұрауларын өтінемін. Әр кешірімнен умаждалған парақты қайта ашып,түзейміз.Қортындылай келе ол парақты қайта орнына келмейтінін. Орнына келсе де іздері қалатынын түсіндіремін.

Досыңды ренжітіп, көңіліне келетін сөздер, қанша кешірім сұрасаңда ,ол сені кешіргенмен де барлығы бұрынғыдай болмайтынын түсіндіріп өтемін. Ол үлкен болса да досының ренжіткенін ұмытпай көңілінде сақтап қалатыны туралы әңгімелеу..

Тренинг соңында оқушылармен кері байланыс жасау арқылы қортындылау.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі