Материалдар / « Дұрыс тамақтану және фаст- фуд өнімдерінің зияны »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Дұрыс тамақтану және фаст- фуд өнімдерінің зияны »

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдарға фаст-фуд өнімдерінің зияны туралы түсіндіру және дұрыс тамақтану жолдарын айту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
1139
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

86 жалпы орта білім беретін мектебі







Ғылыми жоба







Ғылыми жобаның тақырыбы: « Дұрыс тамақтану және фаст- фуд өнімдерінің зияны »


Ізденуші: Егизбаева Ұлпан 8 сынып оқушы


Ғылыми жоба жетекшісі: Асанова Динара










Мазмұны:

  1. Кіріспе..........................................................................................................5

II. Негізгі бөлім

    1. Тамақтанудың адам өміріндегі маңызы ...............................................6

ІІ. Дұрыс тамақтану жолдары

2.1. Фаст-фуд тағамдарының зияндылығы ................................................7

III. Қорытынды ................................................................................................11

IV. Ұсыныс.........................................................................................................12

V. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................13




























Аннотация


Зерттеудің мақсаты: Адам баласының өзін қоршаған табиғи орта мен қарым – қатынасының үйлесімділігін тұрақтандыру, Адам ағзасына қажетті тағамдану тәсілдеріне шолу жасау. Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына пайдасы мен фастфуд өнімінің зияны.

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі уақытта фаст фуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болып, әлі қатаймаған балалардың организмі фаст–фуд өнімдерінің құрамындағы зиянды элементтерін тез қабылдап алып, қантты диабет, эндокринді жүйе, жүрек аурулары көптеп кездеседі. Осы ауруларды тудырмас үшін балалар арасында үгіт насихат жүргізу

Зерттеудің болжамы: Егер адамдар фаст–фуд тағамдарының зиянын және әр түрлі аурулар туғызатынын ертерек білсе, онда салауатты өмір сүру деңгейі жоғары болар еді; Дұрыс тамақтану жолын зерттеу арқылы адам ағзасына қажетті тағамдарды және олардың қолданылу тәсілін үйрету. Салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылықты ояту.

Қорытынды: Мемлекеттің дамуы, өркендеуі үшін халық денсаулығының мықты болуы маңызды. Барша әлемнің назарындағы бұл мәселе оқығанда теріс айналып, мән бермей кететін дүние емес. Сол үшін әр адам өз денсаулығына мән беріп, салауатты өмір салтына көшуі керек.

.





Аннотация

Цель исследования – табилизировать гармонию окружающей среды человека и окружающей среды, дать представление о правильном питании человеческого организма. Преимущества здорового питания и вредное воздействие продуктов быстрого приготовления.

Актуальность исследования – в настоящее время из-за высокого уровня холестерина в продуктах быстрого питания в сосудах образуются палочки, а тело незамужнего ребенка быстро поглощает вредные элементы в продуктах быстрого питания, такие как сахарный диабет, эндокринная система и болезни сердца. Кампания среди детей по профилактике этих заболеваний

Прогноз исследования: если бы люди раньше знали о влиянии фаст – фуда на различные заболевания и заболевания, у них был бы более высокий уровень жизни; Научить организм человека необходимым питательным веществам и тому, как их потреблять, путем изучения правильного питания. Пробуждение интереса к здоровому образу жизни.

Вывод: здоровье людей важно для развития и процветания государства. Этот вопрос, который сейчас рассматривается повсеместно, далеко не игнорируется. Для этого каждый должен заботиться о своем здоровье и вести здоровый образ жизни.






Аннотация


Celled Research: To stabilize the harmony of human environment with the environment, to review the necessary nutrition for the human body. The benefits of healthy eating and the harmful effects of fast food products.

Actuality of education - in the age of time from high cholesterol levels in the products of high-quality foodstuffs, in the formation of shuffles, as a simple foodstuff, a simple foodstuff, a good foodstuff for children The company is working on preventative measures to prevent this

Prediction of research – to get an organism that is unlikely to have a wonderful nightmare and a little bit, how much to sweat, to get the right power. Creating an interest in a healthy image of life.

Conclusion: Healthy way of life for the purpose and development of the state hospital. This guy, the short-lived one, is reassembled, far-fetched, or neglected. For a long time, you need to be happy about your health and your good health
































І. Кіріспе.

Мен демалыста Шымкенттегі плазаға анаммен бірге бардым. Фас-фут өнімдерін сататын дүңгішіктен бір кішкентай баланың донер сатып алғанын көрдім. Мен анама донер алып беруін өтіндім. Анам маған донер жеуге болмайды. Ол адамға зиян, адамдарды семіздік ауруына ұшырататынын айтты. Шынымен де донер сатып алған бала кішкентай болғанмен өте семіз көрінді. Мен сол сәттен бастап, фаст фуд өнімдерін зерттегім келді, жан-жақты іздендім. Алғашында жетекшім Динара Асанқызы жобаға қатысуға өтініш жасағанда, мен ойланбастан «Фаст фуд өнімдерінің зияны» тақырыбында жобаға дайындала бастадым. Алдымен фаст фуд өнімдері туралы ғаламтор арқылы ізденуге кірістім. Себебі қазіргі кезде көп адамдар фаст фуд өнімдерінің зиянын біле бермейді. Фаст фуд өнімдері туралы көп іздену қажеттігін түсіндім. Сол мақсатта кітапханаға бардым. Өзіме фаст фуд өнімдері туралы «Қоғамдық тамақтандыру» кітабын алдым. Осы кітаптан фаст фуд өнімдері туралы көп мәліметтерді жаздым. Материалдар көлемі жеткілікті болғандықтан 2-3 күн осы кітапханадан қажетті материалдарды алуға бекіндім.

Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Олардың денсаулыққа әсері қандай? Олардың дайындалу әдісі қандай?деген сұрақтарға ешкім басын ауыртқысы келмейді.Уақытын үнемдегісі келетін адамдар үйде ас әзірлегенше осындай тағамдармен тамақтанғанды тиімді көреді. Көбіне адамдар фаст – фудты тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігімен байланыстырса, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Алайда екінің–бірі бұл тамақтың зиянды екенін ойлай бермейді. Ол қымбат емес, бірақ өте қауіпті.



















II. Негізгі бөлім

1.1 Тамақтану туралы жалпы мәлімет

Тамақтану - өмір сүрудің бір салты. Яғни, адам тамақтану арқылы ойлайды, жұмыс істейді, сөйлейді, оқиды, жазады, тыңдайды, қуанады, ұйықтайды, күш жинайды, өседі әрі дамиды. Алайда осы тамақтануды адамдар орынды қолданбаса өз өмірлеріне жалпы қоғамға зияны тиеді. Мысалы, шектен тыс тамақтану немесе пайдасынан зияны көп тамақтану түрлі ауруларға себеп болады.

Бұл туралы Ислам діні 14 ғасыр бұрын өз дәлелдерін қалдырған. Пайғамбардың (с.ғ.с.): "Асқазан - әрбір аурудың басталар жері" деген. Бір христиан дәрігері Пайғамбардың (с.ғ.с.)  осы сөзін естіп, "Медицинаның барлық ғылымы Пайғамбардың осы сөзінде жатыр", -деген екен. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Оның ең басты құралы – дұрыс тамақтану. Қазіргі кезде тез, жартылай дайын тамақтың түрлері өте көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 пайызы – сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды.

Тамақтану туралы Алла тағала Құран Кәрімде:  «Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер» «Бақара» сүресі, 172- аят делінген.

Ал медицинада тамақтану туралы академик Төрегелді Шармановтың айтуынша ‘ауру-сырқаудың — 70, өлім көрсеткішінің 60 пайызы тамақтануға байланысты екен. Асқорыту жүйесінің бұзылуы түрлі ауруға шалдықтыратыны анық'. Дәрігерлердің айтуынша асқазан ауруына әртүрлі жағдайлардың себеп болатынын айтады. Яғни ауру, біріншіден, жүйелі әрі құнарлы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болса, екіншіден, күйзеліс пен жүйкеге шектен тыс салмақ түсіру де ауруға шалдықтырады екен.. Оған қоса дана қазақ халқында “ауру – астан” деген сөз бар. Сондықтан дұрыс тамақтанудың жолдарын терең түсініп оны басқаларға жеткізу үлкен жауапкершілікті алатын жұмыс болып саналады.











ІІ. Фаст-фуд өнімдерінің зияны

2.1. Фаст – фуд тағамдарының зияндылығы.

Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты маргаринді қолданады.Ұзақ уақыт бойына қуырылған фаст фуд транзгенді майларға толады.Ол майлар адам ағзасына түскенде ерімейтінімен қоймай семіздікке,жүрек қантамыр ауруларына,қант диабетіне және ең қорқыныштысы рак ауруына шалдықтырады екен.Бұл тағамдардың құрамында дәрумендер болмайды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Адам организіміне өте зиянды фастфуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен  қатар қуырылған түрде фастфуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фастфуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты  жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағы да тамақтанғысы келеді. Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін. [1]

Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған, бірақ ақырғы уақытта ғалымдар дабыл соқты, ал қоғамдық ұйымдар зиянды тағамға белсенді қарсы шықты. Мамандардың

айтуы бойынша–фаст-фуд әдеттенуді туғызады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсилер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болды. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдады. Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар,түрлі дәмдеуіштер,бояғыш заттар, консерванттар ,арамизаторлар, антиоксиданттар көп болғандықтан дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. [2]

Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қант диабетімен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Тек диабетпен ауыратын адамдар үшін емес тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусынның орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн.

Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртекке өте бай. Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.

Фаст-фудыңыз да, энергетикалық, өзге де "Кока-кола", "Пепси-кола" сынды газдалған сусындарыңыз да зиян. Зиян болғанда, зияны шаш-етектен. Қарынның бос кеңістігін толтырғаннан өзге пайдасы бар деп айта алмаймын. Құрамы толып тұрған көмірсу ғой, қайдан пайдасы болсын? Олар семіздікке әкеледі, өзге де түрлі сырқаттарға душар етеді. Ал жастар болса, тәттілігіне қызығып, дәміне сүйсініп

ішіп жатыр. Ішіп жатыр - денсаулықтарын құртып жатыр. Бұл сусындар тік ішектегі, жатырдағы қатерлі ісікті тудырады. Ми жүйесінің қабылдағыштық қасиетін төмендетеді. Кальцийдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, сүйектердің бітуіне, жетілуіне кері әсер етеді. Кальций жетіспегендіктен остеопотроз сырқаты бел алып, сүйек сынғыш келеді. Балалар көп нәрсеге байыптап қарамайтыны белгілі, сондықтан бірінші кезекте, үлкендер оларға ұғындырып, зардаптарын түсіндіргені абзал. Ал әлем елдерінің тұтынып жатқанына келсек, мен олардың бұл сусындарды шақтап ішетінін айтар едім. Қорытындылап кетсек бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.[3]

Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.


Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығыңы өз қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмендеп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарылап бара жатыр. Жоғарыда айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар! Өте қауіпті – Е123, Е510, Е513, Е527. Концерогендер – Е131, Е142, Е153, Е210, Е212, Е213, Е214, Е215, Е216, Е219, Е230, Е240, Е249, Е280, Е281, Е282, Е283, Е310, Е954. ++ – Е388, Е339, Е341, Е343, Е450, Е461, Е462, Е463, Е465, Е466, Е154, Е626, Е627, Е628, Е629, Е630, Е631, Е632, Е633, Е634, Е655. Тыйым салынғандар – Е103, Е105, Е111, Е121, Е123, Е125, Е130, Е152, Е211, Е952. Сезіктілері (подозрительные) – Е104, Е122, Е141, Е171, Е173, Е241. Қауіпті – Е102, Е110, Е120, Е124, Е127, Е129, Е155, Е180, Е201, Е220, Е222, Е223, Е224, Е228, Е233, Е242, Е400, Е401, Е403, Е404, Е405, Е501, Е502, Е630, Е636, Е637 [4]














Сурет 1. Зерттеу барысыда тағамның құнарлылығы аз, есесіне майлар көп екенін зеттедік.


Есеп бойынша қазақстандықтар жылына фаст фуд жеуге 260млн$ жұмсайды екен.Ал әлемде 170 млн бала салмағы 100 кг артық.соның салдарынан адам өмірі 10-15% жасқа қысқарады.


Жылына әлемде дұрыс тамақтанбаудан 11млн адам,ал 8млн адам темекіден көз жұмады екен.Қазақстандықтардың 20% семіздікке ұшыраған...






Қорытынды



Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылған шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ  күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты! Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынған аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру – астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Мұның себебі адамды ішінен улайтын фаст фуд өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. Әрине, бұл өте тиімді бизнес жол. Өнімдерін тегін таратып, халықты өзіне тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді табыс көзі. Өзгені ойламақ түгілі өз қарабасының қамы мен қалтасының қалыңдығын ойлаған  бизнесмендер  әлемнің айықпас дертке шалдыққанын байқайтын қауқары да жоқ. Бұ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!