Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
« Электрқозғалтқышын бір бағытқа қосу »
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
СМЖ.08.ПТ.01
4 қосымша
«Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК
ҚАРАЛДЫ: «Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар» ЦӘК отырысында қаралды. ________ А.С. Жумагереева. Хаттама № __ «__»__ 2022 ж |
КЕЛІСІЛДІ: Колледж әдіскері _____Е. Мергенбаева |
БЕКІТЕМІН: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ______ М.У.Амиргалиев. |
«КМ 1. Электр жабдығын монтаждауға дайындау »
модулі бойынша ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы
ТАҚЫРЫБЫ:
« Электрқозғалтқышын бір бағытқа қосу »
Дайындаған: Өндірістік оқыту шебері: Умаров М А.
Орал қаласы. 2023 -2024 оқу жылы.
Оқу сабақ жоспары
Модуль /пән атауы_ КМ 01. Электр жабдығын монтаждауға дайындау.
Сабақ тақырыбы: «Электрқозғалтқышын бір бағытқа қосу»
Өндірістік оқыту шебері: Умаров М А.
1.Жалпы мәліметтер: Курс 2, топ 223 К
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
2.1.Электрқозғалтқышты бір бағытқа қосу үшін, магнит қосқыштарды студенттерге таныстыра отырып, жұмыс істеу шарты мен құрылысын таныстыру.
2.2. Электрқозғалтқышты бір бағытқа қосу үшін,магнит қосқыштардың құрылысы мен жұмысын таныстыра отырып, білім алушылардың, магнит қосқыш туралы білім деңгейлерін дамыту, сол арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
2.3. Білім алушыларға электрқозғалтқышты бір бағытқа қосу үшін магнит қосқыш жайлы алған білімдерін өндірісте, тұрмыста, жалпы өмірде дұрыс қолдана білуіне үйрете отырып, олардың сабаққа және өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Сабақты жабдықтау:, Бейне фильм, Power point презентациясы.
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар: анықтамалық әдебиеттер: Оқулық, Ж. Жәнібек ж/е т.б. Электромонтер. Оқулық.– Астана: Фолиант., 2010ж.114-116.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: интерактивті тақта, ноутбук, бейне ролик, схема, презентация.
4.Сабақтың әдістері: Баяндау, түсіндіру, миға шабуыл, сұрақ-жауап, студенттердің өзіндік жұмысына басшылық ету, практика жүзінде құрылғының жұмысын түсіндіру.
5. Оқу – жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін, күтілетін нәтиже және(немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: Магнит қосқыштар туралы білуі. Магнит қосқыш құрылысы мен жұмыс принципін меңгеруі. Магнит қосқыштардың пайдалану жолдарын талдауы.
6. Бағалау критерийі:
6.1. Электрқозғалтқышты бір бағытқа қосу үшін, магнит қосқышпен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігін біледі 20 балл
6.2. Электрқозғалтқышты бір бағытқа қосу үшін, магнит қосқыш құрылысы мен жұмыс принципін меңгереді 60 балл
6.3. Электрқозғалтқышты бір бағытқа қосу үшін, магнит қосқыштардың пайдалану жолдарын талдайды 20 балл
BOPPPS әдісі негізінде құралған сабақ жоспары
Сабақ кезеңі |
Кезең мазмұны |
Мин |
Bridging-in (Көпір салу/байланыс орнату) |
Білім алушылармен амандасу. Оларды жаңа тақырып бойынша бейнематериалдарды көрсету арқылы сабақ тақырыбына бейімдеу. Бейнеролик 5-12 минут аралығында болуы тиіс, өйткені осы уақыт аралығында білім алушыларда бейнематериалды барынша қабылдау болады. |
5-8 |
Outcome (Міндеттер және күтілетін нәтижелер). |
Мақсаты: электрқозғалтқышын бір бағытқа қосу кезінде желінің жүктемесін анықтап, қозғалтқышты магнитті қосқыш арқылы бір бағытта жүргізу. Міндеттері: 1. Магнит қосқыштарды студенттерге таныстыра отырып, жұмыс істеу шарты мен құрылысын таныстыру. 2. Магнит қосқыштардың құрылысы мен жұмысын таныстыра отырып, білім алушылардың, магнит қосқыш туралы білім деңгейлерін дамыту, сол арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. 3 Магнит қосқыштар туралы білуі. Магнит қосқыш құрылысы мен жұмыс принципін меңгеруі. Магнит қосқыштардың пайдалану жолдарын талдауы. |
3-5 |
Pre-assessment (Алдын ала бағалау) |
1. me qr code бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауаптар алынып алдын ала бағаланады . |
5 |
Participatory Learning (Белсенді оқыту) |
Топ екі командаға бөлінеді. Электрқозғалтқышты қосудың екі схемасы бар. Осы екі схеманы зерттеген кіші топтар схемада келтірілген магнитті қосқыш арқылы орнату түрін атайды және электрқозғалтқышты орнатуға қажетті элементтерді де атайды. |
10 |
Post-assessment (Пост-бағалау) |
Әр топтан екі білім алушы таңдалады. Монтажшылардың рөлдік ойыны ойналады. Студенттердің бірі- электромонтер, яғни оның негізгі міндеті-монтаждау, екінші оқушы шебер оның міндеті-электромонтердің осы кезеңде не істейтінін түсіндіру. |
15 |
Summary (Қорытынды) |
Сабақтың соңғы кезеңінде білім алушылар me qr code арқылы сұрақтарға жауаптарын толықтырады.Осылайша, алдарындағы парақтарға толтырылған жауаптар арқылы сабақ соңында прогресс көрінеді. |
5-8 |
I.Bridging-in (Көпір салу/байланыс орнату). Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен білім алушылар! Бүгінгі біздің «Электр қозғалтқышын бір бағытқа қосу» тақырыбындағы ашық сабағына қош келдіңіздер!
1. Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабағымыз бойынша үй тапсырмасына тоқталайық. Үй тапсырмасы бойынша мына тақырыптарды қайталап келу керек болатын:
-
Электр машиналары;
-
Электр машиналарының түрлері;
-
Электр машиналарын пайдалану;
Сұрақтар:
-
1. Электр машиналары дегенді қалай түсінеміз?
-
Электр машинасы – механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше немесе параметрлері белгілі электр энергиясын басқа параметрлі электр энергиясына түрлендіретін машина.Электр машиналары электротехникада және электроэнергетикада қолданылатын электр машиналар түрлерін конструкциясын жалғау схемаларын және қолданыстағы физика заңдарын қарастырады. Электрлік машина жасау XIX ғ. ортасында дами бастады.
-
2. Электр машиналарының түрлерін атаңыз және тоқталыңыз?
-
Электр машиналарын үш сыныпқа бөлуге болады: - индуктивті электр машиналары – олардағы энергияны электромеханикалық түрлендіру магнит өрісі арқылы жүзеге асырылады;
-
- сыйымды электр машиналары – олардағы энергияны электромеханикалық түрлендіру электр өрісі арқылы жүзеге асырылады;
-
- индуктивті-сыйымдылықты электр машиналары.
-
3. - Электр машиналарын пайдалануды ата.
Асинхронды машиналар негізінен қозғалтқыштар ретінде қолданылады.
Өзінің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар кең тараған
II. Негізгі бөлімі.
Жаңа тақырыппен таныстыру: «Электрқозғалтқышын бір бағытқа қосу». 3мин
Жаңа сабақты түсіндіру. 25мин.
1. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Электр машиналарын пайдалану және жөндеу жұмыстарына біліктілігі ІІІ – тен төмен емес және жұмыс орнында нұсқамадан өткен электромонтер жіберіледі. Жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік электроэнергетикалық қызмет шаруашылығының басшысына жүктеледі.
Қорғаныс құралдарын қолданар алдында, тексерілген мерзіміне көңіл аудара отырып, олардың жарамдылығына көз жеткізу керек.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында электр машиналарын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау керек.
Электромонтерларда кернеуі 1 000 В- қа дейінгі қондырғылар үшін арналған негізгі қорғаныс құралдары болуы керек, яғни : диэлектрлік қолғаптар, сабы оқшауланған құ-ралдар, тұйықтаушы (немесе тасымалданатын жерсіндіргіш) және кернеу көрсеткіш. Қосымша құралдар: диэлектрлік галоштар, резеңке кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер мен ескерту плакаттары.
Электроқозғалтқыштар мен олар қозғалысқа келтіретін механизмдерге олардың айналу бағытын көрсететін белгі – стрелка қойылуы тиіс. Жүргізгіш құрылғыда агрегаттың қай топқа жататындығы белгіленуі керек.
Жүргізгіш аппаратуралардың электроқозғалтқыштарының корпустары сенімді түрде жерсіндірілуі тиіс.
Статордың, якорьдың және полюстердің шықпалары арнайы белгілермен белгілену-лері керек. Жүргізуді реттегіш құрылғыларда «қосу» және «жұмыс» жағдайлары белгіленулері тиіс.
Электр жетек тізбектен шұғыл түрде келесі жағдайларда ажыратылады:
- электроқозғалтқыштан намесе жүргізуді реттегіш аппаратурадан түтін мен от шықса;
- адамдармен қауіпті жағдай туындап, электроқозғалтқышты лезде тоқтату қажет болса;
- электроқозғалтқыштың бүтіндігіне қауіп тудыратындай, рұқсат етілген шамадан артық діріл пайда болса;
- подшипниктердің шамадан тыс қызуы байқалса;
- электроқозғалтқыштың
шамадан тыс қызып кетуі салдарынан, оның айналым санының күрт
төмендеп кетуі сезілсе.
2. Магнитті іске қосқыштар немесе контакторлер электрқозғалтқышты дистанционды басқару үшін қызмет етеді. Олар жиі іске қосу мен сөндіруге арналған. Олар токтан қорғамайды бірақ кернеудің төмендеуі тең (нөлдік қорғаныс) жылулық реле болғанда жылулық және өзіндік қосылудан қорғанысты атқарады.Контакторлер де магнитті іске қосқыштар атқаратын функцияларды атқарады, бірақ олар үлкен токтарға, 250-400 А, есептеліп, әрбір полюсі доға сөндіргіш камераларға ие, контакторлер, ашық түрде жасалады, өйткені олар әдетте электр техникалық шкафтарда орналасады.
Кернеу ток бойынша, полюс санына жасалу ортасына байланысты, жылулық қорғаныстың бар, жоғына, реверсивтің қажетілігіне байланысты таңдалады.
Қазіргі заманғы магниттік іске қосылғыштардың сериялары ПМ-12-000, 660В дейінгі номиналды кернеуге, ПМА – 300, 380В дейінгі кернеуге жасалынған. Іске қосқыштардың маркировка мысалдары:
іске қосылғыштардың
номиналды тогы ПМ12:
ПМ12-010, IН=10А;
ПМ12-025, IН=25А;
ПМ12-040, IН=40А;
ПМ12-063, IН=63А.
ПМЕ сериялы іске қосқыш
маркировкасы жылулық релесіз – 1,
жылулық релемен – 2,
реверсивті емес – 1, реверсивті – 2.
Іске қосқыш шамасы басқару қозғалтқышының ең үлкен қуатын табады. Сонда ПМЕ серииялы іске қосқыштарға нөлдік шама (0) мен номиналды кернеуі 380В - қа тең. 4 кВт дейінгі қуаты бар электр қозғалтқыштары екініш шамасына байланысты 10 кВт дейінгі электр қоздырғыштар қолданылады. Жылулық реле құру автоматты ажыратқыштық жылулық ағытқышының іске қосылу тоғына ұқсас таңдалады.
2. Тәжірибиелік тұрғыда тапсырмалар орындау. 25мин
.
Сабақ бойынша рефлексия:
-
me qr code арқылы берілген сұрақтарға толық жауап алу және бағалау. Бүгінгі сабақта нені үйрендік деген сұрақтарға жауаптарды алдарындағы парақтарға жазып тапсырады.
Сонымен біз бүгінгі сабақта нені үйрендік:
-
Магнит қосқышпен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігін .
-
Контакторлардың құрылысымен жұмыс істеу шарттарын.
-
Электр қозғалтқышты басқару батырмаларымен контактор арқылы қосуды.
Өндірістік оқыту шебері: М А Умаров.