Материалдар / " Ілім ізденушінің әдебі " сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Ілім ізденушінің әдебі " сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Исламтану мамандығы бойынша керекті тақырыптар ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
612
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары№4

Оқытушы: Мұзаффар Адина

Пән: Ислам әдебі және ахлағы

Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» (Ислам негізінің мұғалімі) 1-курс 23-11-83

Сабақтың тақырыбы:Ғылым мен ілім ізденушінің әдебі

Күні:

Сабақтың мақсаты: Білім арқылы адам Алланы таниды, құлшылығын бір Құдайға арнайды, Оны мадақтайды, білімнің себебімен тура жол табылады, білімнің көмегімен тыйым салынған мен рұқсат етілгенді анықтауға болады. Алла разы болатын немесе Алланы қаһарландыратын істер танылады, діттеген мақсатқа оңай әрі дұрыс жетудің жолы көрсетіледі.

Күтілетін нәтиже:

1.Жастық шақтағы уақтын барынша тиімді пайдалана алады

2.Білім ізденуші адам алдындағы асының халалдан болуына мұқият болады

Сабақтың түрі: Білімді жалпылау және қорытындылау сабағы

Сабақтың әдіс тәсілдері: Баяндау,жұптық жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнектілігі: Оқулық,үйлестірмелі материялдар

Пәнаралық байланыс: Фиқһ, ақида, хадис

Әдебиет:

Негізгі: Сайфуллин Думан Нәдірұлы. Ислам әдептері.- Алматы, 2017. – 320- бет.

Қосымша: Дін мен дәстүр. І кітап. ҚМДБ. – Алматы, 2014. - 192 бет. Бағашар Қ. Ислам және өнеге. - Алматы, 2014.















Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру; шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілек айту

5 минут

2

Білімдерін тексеру

Білім бағалау өлшемі

Сұрақтар және жауаптар жазылған тапсырмалар арқылы сұрау

сұрақ-жауап сайысы

Мақал-мәтелге айналған хадистер?

Хадистердің ойынан туындаған мақал-мәтелдер?

Наным –сенім,әдет-ғұрып ізгілік?

25

минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі


Ауызша баяндама арқылы; Дінді дұрыс түсіну – Алланың құлының жүрегіне салған нұры. Осы арқылы дұрыс пен бұрысты, өтірік пен ақиқатты ажырата аласың. Сауапқа кенелесің. Адамдардың пікірі, достарыңның келекесі сені тоқтатпасын. Себебі, сен мұны олар үшін жасамайсың. 2. Өзгеге пайда келтіру. Өзіңнің бойыңдағы және өзгенің бойындағы надандық пен білімсіздікті жеңу мақсатында білім алу – бұл да Алла үшін.

25 минут

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Әдеп-ахләқтың сүннеттегі көріністері жайлы әңгімелеу,жазбаша шығармашылық

20 минут

5


Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар

Жастық шақта білім алу

Алладан пайдалы білім сұрау

Күнәлі істен аулақ болу

Алған білімімен амал ету

10

минут

6

Сабақ қорытындысы

Сандық жүйе арқылы баяндау

3 минут

7

Үй тапсырмасы

Сайфулин Д.Н. С 16 Ислам әдептері-Алматы,2017, Өтілген сабақты оқып келу және жазбаша түрде дайындау

2 минут



Оқытушының қолы:_______________

Әдіскер: ___________________



Ғалым мен ілім ізденушінің әдебі

Білім – пайғамбарлардың мұрасы әрі баға жетпес игілік. Білім – жүректің өмірі, көздің нұры, рухтың шипасы, жанның рақаты. Білім – сөздерді, істерді, оқиғаларды өлшеуге болатын таразы. Білім арқылы адам Алланы таниды, құлшылығын бір Құдайға арнайды, Оны мадақтайды. Білімнің себебімен тура жол табылады. Білімнің көмегімен тыйым салынған мен рұқсат етілгенді анықтауға болады. Алла разы болатын немесе Алланы қаһарландыратын істер танылады. Діттеген мақсатқа оңай әрі дұрыс жетудің жолы көрсетіледі. Білім іздену – парыз әрі құлшылық. Білу – Алладан қорқу. Білгеніңді үйрету – садақа, қайталау – тәсбих. Білімді болғаныңыз – Алладан қорыққаныңыз, махаббаттың артқаны. Білім су мен тамақтан да артық. Имам Ахмад бір сөзінде: «Адам тамақты күніне 1-2 мезгіл ғана қажет етеді, ал білім әрбір алған тынысыңда қажет», - деген екен. Жер жаңбырға қандай мұқтаж болса, адам да дәл солай білімге мұқтаж. Білім – адамның құлағы естіген, аузы айтқан ең жақсы сөз. Білім – ең жақсы мақсат, ал сол мақсатқа ұмтылушы жер бетін басқан адамдардың ардақтысы. Тіпті, ғұламалар пайғамбарлықтан кейін ең құрметті амал – білім талап ету деген екен. Білім арқылы Алла адамның дәрежесін көтереді. Тарихта білімді құлдың ауқатты патшадан да артық биік дәрежеге көтерілгені туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Жаратушы Құранда білім иелерін мақтайды. Білім – Жәннатқа жолды жеңілдетуші. Алла игілік қалаған адамына Ислам туралы түсінікті береді. Білімін Алла жолында сарп ететін адамға қызғанышпен қарауға болады. Періштелер білім жолына түскен адамға қанатын жаяды, көктер мен жердегілер ол үшін дұға жасайды. Білім – қараңғыдағы нұр. Білім иесі – түнгі уақыттағы айдың барлық жарықтан артық тұратыны секілді, басқа адамдардан соншалықты ерекшеленеді. «Білім талап ету – әрбір мұсылманға парыз» (Ибн Мәжәһ). Бұл хадис қоғам талабына сай зайырлы білімді де қамтиды. Және шариғи ғылым – зайырлы ғылымдардан қиын емес әрі жоғары тұрады, әрбір адамнан талап етіледі. Себебі, Ислам – жаратылысын бәрінен артық білетін Жаратушының діні, адамға дұрыс өмір сүруді үйрететін тұтас жүйе. Білім екіге бөлінеді: Біріншісі – зәру болған білім; Екіншісі – қосымша білім. Яғни, зәру болған білім – ол әркімге міндет. Намаздың қалай оқылуы, дәреттің алынуы, ораза ұстау, садақа беру, отбасын құру әдептерін білу әркімге керек. Ал қосымша білім нәпіл ғибадаттар секілді әркімнен талап етілмейтін ғылым саналады, Білім! Білім! Тағы да білім! Әрбіріміз ұмтылатын үлкен мұрат! Ендігі мәселе – қалай ұмтыламыз, қандай әдістерді пайдаланамыз, кім арқылы іздейміз деген сауалдарға жауап таба білу. Ендеше, бүгін өз парқымызша кеңестер ұсынып көрейік. 1. Ықылас. Білімді бір Алланың разылығы үшін алу. Ісің, сөзің таза болу керек. Сыйыңды Алладан ғана алуға ниеттен. Себебі, сен Ол түсірген дінді түсінуге талпынасың. Білімге ұмтылу – бізді бақытты ететін шариғи жолды түсіну, Құдай сүйетін құлға айналуға тырысу. Алла разылығы – сенің ұмтыластарың мен ізденістеріңнің мақсаты. Амалың ықыласты болған сайын құлшылығың да кемелдене түседі. Дінді дұрыс түсіну – Алланың құлының жүрегіне салған нұры. Осы арқылы дұрыс пен бұрысты, өтірік пен ақиқатты ажырата аласың. Сауапқа кенелесің. Адамдардың пікірі, достарыңның келекесі сені тоқтатпасын. Себебі, сен мұны олар үшін жасамайсың. 2. Өзгеге пайда келтіру. Өзіңнің бойыңдағы және өзгенің бойындағы надандық пен білімсіздікті жеңу мақсатында білім алу – бұл да Алла үшін. Хадисте: «Алла Тағалаға ең сүйікті адамдар – өзгеге пайдалы болғандар» делінген. Әрі бір адамның жақсылық жасауына себепкер болған адам, тура сол жасаған адам секілді сауап алады. Екінші жағынан, барлық игілік өзіңді түзеуден басталады емес пе? Алған біліміңді өзіңе және өзгенің қамына жұмсауға тырыс. 3. Сабыр. Сабыр – білім іздену жолындағы ең маңызды, ең қажетті қасиет. Сабыр – Исламның басы, ал басы жоқ тәнді елестету мүмкін емес. Және бұл мақсат бізден жігерлілікті, табандылықты талап етеді. Әбу Юсуф бір сөзінде: «Сен өзіңді оған арнамайынша, білім өзінің бір бөлігін де бермейді» деген. Ізденіс жолындағы қиындықтар мен кедергілерге төзімділік танытумен ғана шыңға шыға аласың. Сондай-ақ, ғұламалар білім алу үшін керек мына алты нәрсені көрсетеді: зеректік (қырағылық), талпыныс (ынта), тырысу(ыждағат), жеткіліктілік, ұстазбен қарым-қатынас және ұзақ уақыт. Осы қажеттіліктерді түгендеумен болыңыз. 4. Тәртіп. Білім – теңіз, ал оны бірден жүзіп өтемін деген адам батады. Асылында, көп тамшы бір теңізді құрайды. Сондықтан да негізгі ұран – «аз, бірақ үнемі» болуы керек. Бүгін – мынадай мөлшер, ертең де дәл осындай мөлшер. Білім – кезең, деңгей, асу, өткелден тұрады. Абдулла ибн Мубарак: «Білім мынадай артықшылықтарды қамтиды деген: ниет, тыңдай білу, түсіну, жаттау, амал жасау, тарату». Осы кезеңдердің де бұзылмауын қадағалаңыз. 5. Алланы тану. Сонымен неден бастаймыз? Кез келген ақыл иесіне ең бірінші парыз болған құлшылық – Алланы тану. Бұл үрдіс еңбектеген сәттен еңкейген шаққа дейін жалғасады. Ғұмыр бойы... Ғалымдар жер бетінде Алланы танудан артық ләззат жоқ деген екен. Неліктен? Себебі, Құдайын танымаған адам дұрыс әрі ықыласпен құлшылық жасай алмайды. Адам өзі танымайтын нәрседен қорқуы, қажетін сұрауы мүмкін бе? Сіз анаңыз бен әкеңізді, жарыңызды жақсы көресіз, өйткені, жақсы танисыз









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!