Материалдар / " Иық бұйымдар негізінің сызбасын тұрғызу (алдынғы бой)" ашық сабақ

" Иық бұйымдар негізінің сызбасын тұрғызу (алдынғы бой)" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Технолгия сабағына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
824
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М аңғыстау облысы,Қарақия ауданы

Құрық ауылы

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» кмм

технология пәні мұғалімі
Серекбаева Күмісай Әлімбаевна



Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдар негізінің сызбасын тұрғызу (алдынғы бой).

Күні: 12.12.2017


Мұғалімнің аты-жөні: Серекбаева К


Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға бұйымдарды конструкциялау туралы, өлшем алу, қосымша өлшемдер, сызба тұрғызу туралы теориялық білім беру; эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Еңбек пәніне қызығушылықтарын арттыру,оқушыларды әдемілікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу, жүйелі еңбекке баулып, эстетикалық тәрбие беру.


Сабақтың құрылымы

1. Ұйымдастыру 1 мин.
2. Ақпараттық блог 8 мин

3. Логикалық талдау бөлімі 10 мин

4. Деңгейлік тапсырма 10 мин

5. Топтық жұмыс 12 мин

6. Күтілетін нәтиже 5 мин.

8 мин

Ақпараттық блог (Жаңа сабақ)
Слайд

Жартылай қынамалы көйлектің негізгі бөліктері: алдыңғы бой, артқы бой. Алдыңғы бой бөлігінде:иық қиығы,қолтық ойындысы,мойын ойындысы жан қиығы,етек қиығы болады. Артқы бой бөлігінде :иық қиындысы, жан қиығы ,қолтық ойындысы,мойын ойындысы және ортаңғы қиығы (жота қиығы). Алдыңғы бой және артқы бой бөліктерінде: бүкпе сызықтары болады. Қынамалы көйлектің алдыңғы бой және артқы бой бөліктерінде бүкпе сызығы болады. Бүкпе негізінде екі түрге бөлінеді. Қималы бүкпе,қимасыз бүкпе болады.Қималы бүкпе қалың матадан тігілген бұйымдарда болады. Қимасыз бүкпе жұқа матадан тігілген бұйымдарда кездеседі. Ал бүкпе сызығын түсіру әдістері: көшірме көктеу және бор сызығымен бұйым бөліктерін беттестіріп ұрып түсіру. Көйлектің бүкпелерін тігу бірізділігі: Бүкпені ортаңғы сызық бойымен 1см қашықтықтағы инешаншымдармен көктейміз. Бүкпені тігін машинасында, бүкпенің басталуын тігісінен және аяқталу тігісінен бекітпелер жасап сырып тігеміз.Көктеу тігістерін аламыз.Бүкпелерді бір-біріне қарама қарсы қаратып үтіктейміз. Көйлектің бөліктерін тігуге дайындау Бөлік қиықтарын арнайы машинада 0,3-0,4см торлайды.Жан қиығынан 1-1,5см дей сызық түсіріп,сызық бойымен 1см қашықтыққта түзу инешаншымдармен көктейміз.Тігін машинасында сырып тігеміз,тігіс ені:1-1,5см.Жан тігістерін 1-1,5см қалдыратын себебіміз:жеке тапсырушыға тар болып қалған жағдайда, тігістен жіберіп жөндеуге қолайлы болу үшін. Жартылай қынамалы көйлектің бөліктерін тігуге дайындау Бөліктерді тігуге дайындау,бөлік қиықтарын дайындау барысындағы техника қауіпсіздігі ережелеріне нұсқау беру.


5 мин

Бекіту (Логикалық талдау бөлімі) (оқушыға берілетін тапсырма бетшесі)

1. Киімді конструкциялау дегеніміз не?

2. Көйлек сызбасын сызу үшін дене бітімінен қандай өлшемдер аламыз?

3. Кеуде биіктігін қандай өлшем анықтайды?

4. Еркін қонымдылық қосымшаның қандай түрлері бар?

5. Жартылай бел айналымы қалай өлшенеді?

6. Киімді конструкциялауда негізгі өлшемнің бірі?

Қорытынды:

Оқулықтағы материалға сүйене отырып, оқушылар базалық пішім негізінде қазақтың ұлттық көйлегі мен камзолды модельдеуді орындайды.

Талғамдары бойынша киім эскиздерін жасайды.


10 мин

Өзіндік жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар)

I деңгей


II деңгей


III деңгей

12 мин

Топтық жұмыс

Иық бұйымының сызбасын сызу.


7 мин

Күтілетін жұмыс

Қайшымен жұмыс істеу:

1) Қайшыны жұмыс істеп жатқанда жүзі қосылып тұруы керек.

2) Қайшыны бергенде жабық жүзін өзіңе қаратып беру керек.

3) Қайшы белгілі бір орында немесе жұмыс қорабында сақталуы керек.

б) Бұйымды конструкциялау дегеніміз – киімнің сырт пішіні мен құрылысын анықтайтын процесс. Киімнің конструктивтік сызба нұсқасы өлшем алу және киімнің денеде емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін қосымшадан тұрады. Өлшемдікті іздеу өнердің де, талғамның да міндеті.


Үйге тапсырма
Иық бұйымдар негізінің сызбасын тұрғызу (алдынғы бой).







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ