Материалдар / « Жаңа ғасырдағы толеранттылық-үйлесімді қарым-қатынас шарты»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Жаңа ғасырдағы толеранттылық-үйлесімді қарым-қатынас шарты»

Материал туралы қысқаша түсінік
« Жаңа ғасырдағы толеранттылық-үйлесімді қарым-қатынас шарты»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі

07.12.2016 ж



Сынып

9 «В»

Пәні

Сынып сағаты

Сабақтың тақырыбы

« Жаңа ғасырдағы толеранттылық-үйлесімді қарым-қатынас шарты»


Негізгі түйінді идея

Толеранттылық туралы түсінік қалыптастыру сонымен қатар «16 қараша – толеранттылық күн» екені туралы тұүсініктерін дамыту


Мақсаты

Оқушылар бойында мейірім мен шыдамдылық қасиеттер қалыфптасады, толеранттылықтың маңызын айтады. Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық және діни татулықтың қажеттілігін ұғынады, төзімділік, ынтымақтастық тәрбиесін алады

Ситуациялық тапсырмалар орындай отырып, ой-өрісін дамиды,белсенділігі артады,дүниетанымы кеңейеді.


Күтілетін нәтиже

а) Толеранттылық мәдениеті туралы айта алады

б) Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт-дәстүр ерекшеліктерін тани алады

в) Діни,мәдени дәстүрлерге баға бере алады


Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Көпшілік оқушылар:

Жекеленген оқушылар:

а)Толеранттылық туралы сипаттап бере алады

а) Толеранттылық ерекшеліктерін, айырмашылықтарын біледі

а) Жалпылама Толеранттылық шарттары туралы сипаттама бере алады

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Мақсаты

Мұғалім не істейді

Оқушылар

не істейді

5 мин




Ұйымдас тыру

«Әнұран» орындау



Психологиялық ахуал


Топқа бірігу. Әр ұлттың салт-дәстүрлері бейнелеген суреттер бойынша бірігеді. ( қазақ, чечен, өзбек ұлты )

Патриоттық сезім қалыптастыру

Жұппен тұрамызда бір-бірімізге ерекше қасиеттерімізді, жақсы лебізімізді айтамызда құшақтасып сәттілік тілейміз.


Бір- бірлеріне жақсы сөздер айту арқылы ынтымақтастық амтосферасын қалыптастырады, содан кейін ( қазақ, чечен, өзбек ұлты ) суреттері арқылы топқа бірігеді

10 мин

Білу

Слайд , видео « Біз бәріміз бірміз»

Визуалды есте сақтауын жақсарту

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.

Слайд және видерны тамашалайды, жаңа сабақтың тақырыбын мақсатымен танысады.

5 мин

Түсіну

Ситуациялық тапсырмалар

1- тапсырма:

Мен қалада тұрамын. Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды. Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс) Пасха мейрамымен құттытай келгендіктерін айтты. Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді. Мысалы: әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.

Бұдан кейінгі менің әрекетім:

  • Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім;

  • Ашуланып ,үйден қуып шығар едім;

  • Тәтті тағамдар ұсынып ,мейрамдарымен құттықтар едім;

Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс- әрекеттерге барар едіңдер?

2-тапсырма:

« Әр елдің салты басқа,иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әртүрлі. Кейбір елдерде әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса,кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару Тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде,тілдерін шығарады. Бұл рәсім ІХ - ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің?


Оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру.

Мұғалім үлестірме тапсырмаларды тарата отырып бақылайды.

Оқушылар екі топ болып берлген жағдаятты шешу жолдарын айтады.

15 мин

Көңіл сергіту

Арнайы оқушылардың «Толеранттылық» тақырыбына байланысты дайындаған өзіндік тапсырмалары

Оқушыны жан-жақты дамыту

Енді осы тақырып аясында оқушыларымыздың жұмыстарын қадағалайды.

Оқушылар өздері дайындаған әндері мен күйлерін ұсынады

5 мин

Жинақтау

« Толеранттылық ағашын» жасау.

Сабақты бекіту

Топқа А 3 парағы беріліп топ болып толеранттылық ағашын топ болып салып ортаға ұсынады

Әр топ мүшелері өз ойларынша топтың «Толеранттылық» ағашын жасайды.

2 мин

Кері байланыс

«Толеранттылық– бейбітшілікке апаратын жол»

Оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау

Мұғалім арнайы кері байланысқа көгершін суретін таратады.

Бейбітшілік құсы ол - Көгершін болғандықтан, әрбір бала бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көгершінге жазып оны көгілдір ашық аспанға ұшырады (жапсырады).


3 мин

Бағалау

Формативті бағалау

Топтық бағалау

(смайликтер, басбармақ) бойынша

Мұғалім топ басшының бағалауын бақылайды

Топ басшы топты әділ бағалау арқылы оқушы өз деңгейін біле алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!