Материалдар / « Музыка сабағында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану жолдары »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

« Музыка сабағында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану жолдары »

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал: Эстетикалық пәндерге Жаңартылған білім мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалау туралы және оны сабақта тиімді қолдана білу туралы аудандық семинарда өткізілген коучинг жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1545
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренер : Б.Е. Искакова
1Коучинг тақырыбы« Музыка сабағында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану жолдары »
2Мақсаты Жағартылған бағдарлама негізінде музыка сабағында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдана білуді үйренеді. Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болатынын ұғынады. Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсінеді.
  • Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын біледі.
  • Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдауды үйренеді.
  • Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйренеді.
  • Тиімді кері байланыстың не екенін түсінеді.
  • 3Күтілетін нәтиже
  • Мұғалімдер қалыптастырушы бағалау туралы біледі.
  • Өз сабақтарында пайдалануға ынталанады.
  • Критерий арқылы шынайы, нақты баға қоюға дағдыланады.
  • Проблемаларын анықтап шешу жолдарын қарастырады.
  • 4Ресурстар A-3,4 пapaқтapы, стикеp, флипчapт, мapкеp, қaлaм, сызғыш, слaйдтap, блоб ағашы, өлеңдер баспада,күй, ән минус,плюс, ұрмалы аспаптар, проектр, компьютер, колонка, укаска
    Бөлімдер және оның уақытыУақытыКоучтің іс-әрекетіКоучке қатысушылардың іс-әрекеті.
    1Психологиядық аһуал орнату

    7-8 минут“Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер, ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деп Н.Ә.Назарбаев президентіміз айтқандай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу үшін ең бірінші ұстаздарымыз жаңаруы тиіс, әр мұғалім өзінің ұстанымын, көзқарасын өзгертуі тиіс. Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»-Көңіл-күйлеріңіз қалай?-Керемет!(қолдарын көтереді)-Сабаққа дайындықтарың қалай?-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)-Ынталарыңыз қалай?-Ғажап! (қолдарын көтереді)-Ендеше сабағымызды бастайық!-О, о, о(бас бармағын көтереді)-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Танысу. «Менің есімім» . Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Ол сөз сол тақырыпқа ,жиналу себептеріне байланысты болуы керек. Мысалы: жаңа технология тақырыбына сай Жанна жаңашылмын, Айкерім АКТсабақта қолданамын, Әсел әлемдік стандартқа сай ізденушімін, Мақпал магистрмін..т.б. Қорытынды; Бұл жерде әрбір қатысушының білім -біліктілік,интелектуалдық ,танымдық белсенділігі ,тұлғалық қасиеті танылады. Өткізілгелі отырған шара алдында шығармашыл көңілді топ қалыптасады.



    Тренингке қатысады


    Топқа бөлу3 минутКеспе қағаздар арқылы мұғалімдер төрт топқа бөлінеді
  • 1-топ “ Білу, түсіну”
  • 2-топ “Қолдану”
  • 3-топ “ Талдау”
  • 4-топ “ Жинақтау”
  • Әр топтан бір бағалаушы сайланады. төрт топта бір- бір бағалаушы болуы керек


  • Блум бойынша 4 топқа бөлінеді, топ мүшелерін сайланады, топ басшысы, таимспикер, баяндамашы, суретші, хатшы
    2 Миға шабуыл

    5 минут- Баға деген не? - Бағаның оқушыға, оның біліміне әсері қандай?-Сіз сабақта нені бағалайсыз? -Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз? Міне, бүгінгі коучингіміздің мақсаты осы сұрақтардың төңірегін қамтымақ./ постер беру/
  • Сіздерге тапсырма слайдтағы тапсырмадағы сұрақтар бойынша бағалаудың өзекті мәселелерін анықтау, постерге түсіру және қорғау
  • Топпен жұмыс әдісі.
  • топ Бағалау дегеніміз не?
  • топ Қалыптастыушы бағалау дегеніміз не?
  • топ Қалыптастырушы бағалаудың оқушы үшін маңыздылығы қандай?
  • топ Кері байланыс дегеніміз не?


  • Қатысушылар өз ойларын түйіндейді 5 минутОқу үшін және оқыту үшін бағалаудағы өзекті мәселелерді анықтау, талқылау.Әр топ өзара талқылау барысында проблемаларды анықтауы қажет. Ой бөлісу. Әр топтың спикері  өз  постерімен таныстырады.Пікір алмасуға арналған сұрақ:-Неліктен бұл мәселелер біз үшін өзекті болып саналады ? Қай топтың тақырыбы неғұрлым өзекті , нақты ашылуына қарай бағалау.постер жасайды, талқылайды, талдайды, қорғайды.


    Постер қорғау 3 минут Топтарды постерлерін қорғауға шақыру Қалыптастырушы бағалау : Үш шапалақ /кері баланыс/Әр топ 3 минуттан қорғайды.


    3. Теориялық бөлім



    10 минутСлайд « Музыка сабағында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану жолдары»«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.13-слайдты ашып жеке тоқталамынСоңғы слайд. Қалыптастырушы бағалауда нәтижені көру үшін біз оқу мақсаттарын нақты қолдана білуіміз керек.т.с.с.Қатысушылардың ойын нақтылау.


    Сергіту сәті4 минут « Әнмен бой сергіту». Жүргізуші танымал 3-4ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қорытынды; Қатысушылардың ортаға тез қалыптаса алу , жеке басындағы іскерлікті тануға болады.Оқушылармен жүргізілгенде жекелеген оқушылардың ортаға қаншалықты бейімделе алатынын,кейбіреуінің бойындағы комплексті анықтауға болады.

    Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат әнұранның әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.



    Алған білімдерін қолдану.5 минутМұғалімдер Блум таксонимясы бойынша төрт топқа бөлінген. Әр топқа1-сынып музыка пәнінен Блумның сатылары бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топ топ бағалау критерийлерін, дескрипторлар құрап жазасыздар, әр топтың бір бағалаушысы бар, ол кісі осы сіздердің қалыптастырушы бағалау парақтарыңызға рубрикат жазады.30-слайдПостермен жұмыс


    Аялдама әдісі 7 минутЖасаған постерлеріне «Автобус аялдамасы» әдісін қолдандыру. Стикер беріледі, қатысушылар кері байланыс жазады.қатысушылар жазылған сынға келісетінін не келіспейтінін айтады.«Бутерброд»әдісімен бағалайды, топ бойынша бір бутерброд.

    4 - топ жасаған постерлерін стикелер арқылы кері байланыс жазады. «Бутерброд»әдісімен бағалайды, топ бойынша бір бутерброд. «Автобус аялдамасы» әдісі. Топ мүшелері қорғайды.


    Бейнебаян3 минутМұғалімдерге бейнебаянды көрсету «Оқу үшін бағалау» (уақыт қалса «Ватер1»)Қандай бағалауды көрдіңіздер?Бейнеролик бойынша түсінгендерін айтып, ой қозғайды, тақырыпты ашады.



    Кері байланыс5 минутТренер мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтайды.Мұғалімдер стикерге жазады. Әр қатысушы «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша кері байланыс жасап, жаңартылған бағдарлама бойынша қай деңгейде тұрғанын стикерлерді жапсыру арқылы көрсетеді.


    Рефлексия

    Не сәтті, не сәтсіз өтті?



















































    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!