Материалдар / « Өзін –өзі тану » пәнін оқыту барысында жобалау технологиясын қолдану жолдары.

« Өзін –өзі тану » пәнін оқыту барысында жобалау технологиясын қолдану жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда иновациялық технологиялардың маңызы зор. Сондай технологиялардың бірі-жобалау технологиясы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1605
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚОКөкпекті ауданы.« І.Жансүгіров атындағы орта мектебі »КММ.























« Өзін –өзі тану » пәнін оқыту барысында жобалау технологиясын қолдану жолдары.

Аудандық педагогикалық оқу. Баяндама



Байжакупова Шакен Мукановна.

























« Өзін –өзі тану » пәнін оқыту барысында жобалау технологиясын қолдану жолдары. Байжакупова Шакен Мукановна

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани – адамгершілік тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта « Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Адамгершілік әр адамға тән қасиеттер. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, әділеттілігімен, адалдығымен, адамдығымен ерекшеленеді. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс – әрекеті арқылы өлшенеді. Демек адамгершілік тақырыбы – мәңгілік... . Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа –қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, оның болашағы зор болмақ. Баланы жастайынан Отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген « Өзін – өзі тану » пәні- рухани адамгершіліктің қайнар көзі болып саналады.Ендеше баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету үшін өз тәжірибемде жобалау технологиясын қолдану жолдары жайлы сөз қозғамақпын. Жоба әдісі педагогикалық тәжірибедегі жаңа әдіс емес, бірақ ХХІ-ғасырда педагогикалық технологиялар қатарында жоғарғы қарқынмен өзгеріп жатқан ортаға бейімделу іскерлігін қалыптастыратын әдіс ретінде оқыту үрдісіне қайта қосылып отыр.Проект сөзінің нақты аудармасы – « Алға ұмтылу»-жоба дегенді білдіреді. Жалпы айтқанда, жоба әдісі дегеніміз белгілі бір проблеманы оқушылардың өздігінен немесе ұжыммен біріге отырып шешуге бағыттайтын,міндетті түрде жұмыс нәтижесін ортаға жария етуге мүмкіндік беретін оқу – танымдық тәсілдер жүйесі.Жобалау іс – әрекетінің мақсаты: тәжірибе жинақтау,қалыптастыру, дамыту, қамсыздандыру. Міндеттері: оқып-үйрену, зерделеу, меңгеру, тарату, талдау, ұйымдастыру, көрсету, машықтану, өзара әрекеттесу, жүйеге келтіру.Жоба құрлымы:
  • Проблеманы белгілеу
  • Жобаның тақырыбын таңдау
  • Мақсаты мен міндеттерін анықтау
  • Жоба бойынша іс-әрекет ( міндеттерді кезеңге бөліп шешу)
  • Жобаны ортаға салу.
Осы әдісті іске асыруда міндетті түрде үш жағдай есепке алынады жобаны таңдау, жоспарлау, қорғау.Жоба іс – әрекетінің мазмұны:
Жобаның бағытыКүтілетін нәтиже

1.Тұлғаның парасаттылығын дамытуға бағытталған-тереңдетіп оқыту бағдарламаларын құрастыру;-дарындылықты ынталандыру және қолдау жүйесін қалыптастыру;
2.Балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға бағытталған-шығармашылық жұмыстар көрмесі,-фестиваль;-балалар шығармашылығының жиынтығы
3.Бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған- балалар бірлестігі;- қызығушылығы бойынша бірлестіктер- отбасы қонақүйлері;
4.Балалар мен жасөспірімдердің оқуы мен дамуындағы олқылықтарды түзету және қалпына келтіру қызметіне бағытталған - педагогикалық-психологиялық көмек орталықтарын ұйымдастыру;- белгілі бір саладан жеке оқыту бағдарламаларын әзірлеу;


Жобамен жұмыс істеудің кезеңдері

КезеңдеріМұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс - әрекеті
1.Жоба іс – әрекетіне кіріспе (талаптар,нұсқаулар,орындау жоспары)Жобалау іс – әрекеті жөнінде ақпарат алады(талаптар, жобалау жұмысын орындау жоспары)
2.Жоба тақырыптарын анықтау және бекітуЖоба тақырыбын таңдап бекітеді.
3.Жобамен жұмыс істеу кестесін құруЖобамен жұмыс істеу кестесін құрастырады
4.Түрлі әдебиеттерді және басқа да ақпараттық құралдарды жүйелеу және талдауТүрлі мамандармен жобаның барысын талқылайды,аралық кеңестер алады (кеңес, талдау)
5.Жобаны орындау үрдісін талдау және бақылауЖобаны безендіреді
6.Жобаны безендіруге бақылау жасауАлдынала топ жобаны қорғайды.
7.Жобаны алдын-ала қорғауды ұйымдастыру және өткізуЖобаны толықтырады.
8.Жобаны жөндеу және толықтыруға бақылау жасау.Жобаны қорғайды
9.Жобаны қорғауЖұмыс нәтижесін талдайды.
10.Қорытындысын шығару



Қандай жобалар болады?І.Жоба – бақылау. Белгілі бір жағдайды бақылау, салыстыру арқылы бір қорытындыға келу.Бастауыш сыныптардағы өзін- өзі танудың ІІ-тарауы бойынша қарым-қатынас түрлерін салыстыру« Адами қарым-қатынасқа үйренейік»
  • Қарым-қатынас түрлері
  • Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластық
  • Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық
  • Әдептілік пен әдепсіздік түсініктерінің ара- жігін ажырату
  • Кешірімділік пен кекшілдік
  • Достық-мейірбандықтың мөлдір көзі
  • Бірлік бар жерде –тірлік бар.
ІІ.Жоба – әңгіме. Белгілі бір тақырып төңірегіндегі ауызша әңгіме, ойдан шығарылған қиял – ғажайып ертегі, әңгіме, ән, суретті әңгіме, бейнефильмді көру, яғни өмірден нақты мысалдар келтіру негізіндегі әңгіме – жоба. Орта топтағы 6,8- сыныптардағы І-тарау бойынша адам бойындағы түрлі мүмкіндіктерін жүзеге асыра білуі жайында... . « Таным жолында »
  • Менің мақсатым мен мұраттарым.
  • Адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы.
  • Адам мүмкіндігі шексіз
  • Мақсат алға жетелейді
  • Ізденген жетер мұратқа
  • Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің үйлесімділігі.
ІІІ.Құрастырмалы жобалар. Мұнда көбіне көркем – шығармашылық жұмыстар іске асады.(құтықтау қағазы, ойыншық, сыйлық, бұйымдар жасау) Мұндай жобалаудың жетекші идеясы - « өзіне–өзі қызмет ету » болып табылады. Барлық сыныптардағы еңбек тақырыбына,сүйікті ісіне, адам мүмкіндіктеріне арналған сабақтар кезінде қолдануға болады.
  • Ұшақтар
  • Кемелер
  • Машиналар
  • Ойыншықтар
  • Сыйлықтар
  • Бұйымдар
  • Құтықтау қағаздары
  • Ата-баба өнері және т. б.
ІҮ.Экскурсиялық жобалар. Бастауыш сынып бағдарламасы түрлі экскурсияларға толы. Бұл экскурсияларды жобаға айналдыруға мүмкіндік береді.
  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі
  • Туған жердің табиғатындағы көрікті жерлер
  • Табиғи тағамдар
  • Табиғаттың денсаулыққа әсері
  • Табиғатпен біргеміз және т.б.
Ү.Шығармашылық жобалар. Белгілі бір тақырыпқа мән беру, тарихын зерделеу, өзара байланыс, қарым – қатынастар мен байланысты зерделеу,материалдарды жинақтау.« Менің отбасым »
  • Адам өміріндегі отбасының алатын орны.
  • Өз отбасының тарихы
  • Отбасы мүшелерінің сүйікті істері
  • Өзара байланыс
  • Туыстық қарым-қатынастар
  • Отбасындағы дәстүрлі мерекелер,дәстүрлер
  • Отбасындағы еңбек,демалыстарын бейнелейтін фотосуреттер жинақтап,альбом әзірлеу.


ҮІ.Жеке жобалар. Балалардың өзінің қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып белгілі бір пән бойынша таңдалып алынған тақырыптар бойынша жұмыс.

Осы жобалардың кез-келгенін ары қарай дамытып жалғастыруға болады. Сонымен жобалау технологиясының сабақтардағы тиімділігі, оқушы ақпаратты өз бетінше зерделеп, зерттеп,дәлелдеу арқылы өзінің жеке шығармашылық қабілетінің нәтижесінде көздеген мақсатына қол жеткізе алатындығына сенеді. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушы бір үлкен тарау немесе жеке тақырып бойынша жүйелі білім алады, өзін-өзі дамытады, бірін-бірі оқытады, білімді сапалы меңгереді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы өзара сыйластық, құрмет, бірін-бірі тыңдап көмектесу арқылы әдептілік,қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттері жетіледі. Олай болса, жас ұрпақты өз-өзіне сенімді, өз бетінше шешім қабылдай алатын, тұжырымды ой – пікірі бар, адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалай білетін, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу әрбір ұстаздың қазіргі таңдағы міндеті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ