Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Көрнекіліктер Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

    Қызылорда облысы

    Қазалы ауданы

    Кәукей ауылы

    №225 орта мектеп

    Жоба авторы: Абайқызы Айтолған

    Орынбай Ақмерей

    Сыныбы: 3 сынып

    Тақырыбы: Қауын мен қарбыздың емдік қасиеті және одан қыстық азық әзірлеу

    Бағыты: Таза табиғи орта - Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі

    Секция: медицина

    Жетекшісі: Нұрғожа Зәмзагүл - бастауыш сынып мұғалімі

    2022 жыл

    Аннотация

    № 225 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Абайқызы Айтолған мен Орынбай Ақмерейдің «Қауын мен қарбыздың емдік қасиеті және одан қыстық азық әзірлеу» тақырыбындағы жұмысы Кәукей ауылында егілген қауын мен қарбыздың пайдасын және одан қыстық азық әзірлеу жұмыстарын жан – жақты зерттеуге негізделген.

    Ізденуші қауын мен қарбыздың жалпы қасиетіне баса назар аударып, талдау жасаған. Оның қауын мен қарбызды тереңірек зерттеуге деген сүйіспеншілігі зерттеу жұмысының негізгі арқауы болып табылады. Осы жұмысты зерттеу барысында оның бойында шыдамдылық, ұқыптылық секілді ынта жігері анық байқалады.

    Осында жинақталған көптеген мағұлматтар өз деңгейінде жан-жақты сарапталып, талданып, ғылыми жүйеге келтірілген. Абайқызы Айтолған мен Орынбай Ақмерейдің ғылыми жұмысына жоғары баға бере отырып, байқауларда, конкурстарда қорғауға лайық деп есептеймін.

    Мазмұны

    І Кіріспе

    1.1 Менің қауын мен қарбыздың емдік қасиетін зерттеп және одан қыстық азық әзірлеуге қызығушылығым

    ІІ Негізгі бөлім

    Теориялық бөлім

    2.1 Қауын мен қарбыздың адам денсаулығына пайдасы

    2.2 Қауын мен қарбыздан дайындалатын өнімдер

    Эксперименттік бөлім

    3.1 қауын мен қарбыздан тосап және шырын әзірлеуге тәжірибе жасау

    3.2 Қауын мен қарбыз егудің қыр-сырымен танысу мақсатында Машай Абай ағаймен сұхбат

    ІІI Қорытынды

    І Кіріспе

      1. Менің қауын мен қарбыздың емдік қасиетін зерттеп және одан қыстық азық әзірлеуге қызығушылығым

    «Егін ексең, мол ек,
    Толтыр қанар-қабыңды.
    Арық қазсаң, кең қаз,
    Қандырар бақша, бағыңды» -деп қазақ бекер айтпаған.

    Мен жазда әкеммен бірге қауын, қарбыз еккен бақшамызға жиі баратынмын.[1] Сонда әкемнен қауын мен қарбызды жейміз одан басқа не істеуге болады деп сұрадым. Әкем маған одан қауын қақ, қауынқұрт және тосап жасауға болатынын айтқан болатын. Мен қауын қақ пен қауынқұртты естісем де қауын мен қарбыздан тосап қалай жасалады деп таң қалып, ары қарай нақтырақ біліп, зерттеу жұмысын жасағым келді. Жетекші ұстазым Нұрғожа Зәмзәгүл апайымыз менің қызығушылығыммен Ақмерейдің қызығушылығы ұқсас екенін ескертіп, жоба қорғауға болатынын, жетекшілік жасауға ұсыныс білдірді. Осылайша зерттеу жобамызды бастап кеттік.

    Зерттеу жұмысының мақсаты:

    Бақша дақылы қауын мен қарбыздың пайдасын түсіндіріп, одан тосап әзірлеу жұмыстарын насихаттау.

    Зерттеу жұмысының міндеттері:

    • қауын мен қарбыздың ерекшелігі жөнінде деректер жинау, танысу;

    • қауын мен қарбыздың тұрмыста қолданылуы жайлы мәліметтерді зерттеу;

    • Қауын мен қарбыздан дайындалған тосапты нарыққа шығару, қауын мен қарбыз егудің қыр сырымен танысу мақсатында Машай Абай ағаймен сұхбат

    • қауын мен қарбыздан тосап және шырын әзірлеуге тәжірибе жасау

    Зерттеу жұмысының өзектілігі:

    Қауын мен қарбыздың дайындалған тосап және шырын әзірлеу және нарыққа шығару.

    Зерттеу жаңалығы: Қауын мен қарбызды жете зерттеп,шырын және тосап жасау.

    «Қазір елімізге сырттан жеміс-жидектің неше түрі келеді. Соның бәрін керемет деуге де болмайды. Оларды басты тағамымыз ретінде дәріптеу де көңіліме қонбайды. Мәселен, шеттен келген алмаларға тісіңіз батпайды, тас секілді. Бағалары да удай. Мұның бәрі –бәсекенің жоқтығынан. Негізінен, сырттан жеміс-жидектер әкелетін кәсіпкерлер көп болу қажет.  Сол кезде баға да реттеледі. Мысалы, көкөніс өнімдерін тасымалдау лицензиясын бір адам меншіктеп алады. Ол содан монополистке айналады. Қандай баға  қоям десе өзі шешеді. Біз мұнымен  нарықтық қатынасты жуытып емес, қуалап отырмыз. Қазіргі кезде жеміс –жидектің бағасы аспандап тұрғаны жақсы емес.

             Осы кезде  халқымыздың «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген сөзі ойыма түсті. Қазақ жерінде ертеден өсіп-өнген бір жеміс бар. Ол –  қауын-қарбыз. Бұл жемістің тарихы тереңде жатыр. Кейбір зерттеушілер оны Мысыр елінен өнген дейді. Бәрі де мүмкін. Менің ойымша, қауын мен қарбыз Орта Азиядан шыққан секілді көрінеді. Бір есті әңгімеге жүгінейік. Шыңғыс хан бойдан қуат кетіп, күні еңкейе бастағаннан кейін «ғұмырымды қалай ұзартамын» деп көп ойға берілген. Сонда оған қасында жүрген серіктері «Қытайда ғұлама емшілер бар. Солар адамның жасын 400 жылға дейін созады екен» деген лақап сөз айтады. Содан қаһарлы  хан Қытай патшасына үш рет хат жазады. Қытай патшасы өз елінде аты шыққан ғұлама діндарға барып, ханның хатын оқып береді. Ол болса «Оның не сұрап отырғанын білемін. Менің жасым келді, жол алыс, сапарды көтере алмаймын» деп бас тартады. Бірақ Қытай патшасы ақыры ғұламаны көндіреді. «Шыңғыс хан дін өкілдері мен шеберлерге тиіспейді.  Аман-есен барып қайтыңыз» деп ұзақ жолға шығарып салады. Содан әйгілі емші жанындағы хатшыларымен біздің жерімізге келіп ат шалдырады.  Ғұламаның хатшылары  жолда көргендерін  хатқа түсіріп отырған. Сонда олар «Орта Азия территориясына кіргеннен кейін ол жердегі халықтың  жейтін асы бөлек, кішкене үйрене алмадық. Бірақ олардан дәмі тіл үйірер қауын-қарбыз деп аталатын жеміс жедік. Мұндай тәтті жемісті бұрын жеп көрген емеспіз. Біз соның арқасында аман қалдық» деп жазған. Содан бұлар өздерімен осы  жемістің дәндерін алып кеткен. Сөйтіп, Қытайға қауын- қарбыз бізден барған екен. Енді тағы бір мысал. Еділдің жағасындағы Астрахань  қаласы кезінде қазақ жұртының орталығы саналды. Орыс патшалары біздің қауын-қарбызды сол жерден алдыртып жеп отырған.

    Яғни, қауын-қарбыздың адам денсаулығына пайдасы зор. Бүкіл ағзаны тазалайды.  Бауырды тазалап, ішкі құрылыстың жұмысын ретке келтіреді. Қарбызды үш ай жеген адамның ағзасы тазарып, бір жыл бойы құр аттай шауып жүреді.Түрікменстанда бүйрек ауруларын емдейтін демалыс орны бар. Сонда олар науқастарды тек қарбызбен емдейді. Қазір бананды мақтайды, оның құрамында калий бар, ол жүрекке күш береді деп.  Ал қауынның құрамындағы калийдің құрамы одан үш есе көп. Жүрегі ауыратын жандар оны жесе сырқатынан айығады.
    Жоғарыда айтқан  мақалада Қоғамдық ден­сау­лық сақтау департаменті тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің маманы жыл басынан бері көкөністер құрамындағы нитраттардың бар-жоғын анықтау үшін 1381 зерттеу жүргізген екен. Соның ішіндегі отыз төрті  қауын мен қарбызды тексеруге бағытталған. Нәтижесінде, тиісті деңгейден мөлшердегі нитраттар бойынша 5 дерек тіркелген. Бұл басқа көкөністерден де табылған. Бірақ осыған бола еш үрей  тудырмаған жөн. Мамандар барлық көкөніске тексеруді мұқият жүргізген дұрыс.  Қазір көп жеміске тыңайтқыш қосады. Қияр да, қызанақ та солай өседі. Сондықтан қауын мен қарбыз жеу әлі ерте деп жұрттың зәресін алмаған жөн. Соның кесірінен қаншама өнім босқа шіриді. Одан елдегі шаруалар азап шегеді. Адал еңбекке қастық жасаған секілді боламыз.  Біздің бала күніміз соғыс уақытына тап келді. Бүгінгідей молшылық жоқ. Үш мезгіл қауын-қарбыз жеп, тамағымыз тоқ болып жүретін.

    Байқағаным, шет елдегі дәріханаларда біздегідей қырғын кезек жоқ, бір-екі жанды ғана көзіңіз шалады. Бізде жұрт вагондап  дәрі ішеді.  Тұрғындар ақшаны тамаққа емес дәріге көп жұмсайды. Сонда бізді не ауру әкетіп бара жатыр? Құнарлы ас пен таза су ішсек, бұдан айығуға болады. Бастысы, отандық жеміс-жидектерді көп тұтынуды ел арасына насихаттау қажет.

    Иә, расында біз қолда бардың қадірін білмей жатамыз. Қауын мен қарбыз қазақ жұртына таңсық дүние емес. Қауын мен қарбыздың да адам денсаулығына пайдасы орасан зор.

    Қарбыз - нағыз таптырмас табиғат ғажайыбы. Асқабақ тұқымдасына жататын жеміс тәтті әрі хош иісті болып келеді. Оған қоса, ол көптеген пайдалы қасиеттерге де ие. Үлкен және аса дәмді қарбыздарды тіскебасарлар мен десерт ретінде қолданады. Толығымен піскен кішкентай жемістерді тұздап, маринадтап қояды. Тіпті, қарбыздың дәнектерін ас қоспасы ретінде пайдаланады.

    Дүниежүзінде қарбыздардың мыңнан астам түрлері бар. Олар шар, цилиндр тәріздес және сопақша болып келеді. Жемістің отаны Оңтүстік Африка болып табылады. Еуропаға қарбыздарды крест жорығына қатысушылар алып келген. Жасыл түсті қалың қабықтың астында шырынды қызыл мәйек орналасқан. Бүгінгі күні, кейбір ғалымдар жеуге қолайлы болу үшін қарбыздарды дәнсіз өсіріп шығаруды қолға алған.

    Қарбыздың мәйегі сумен қанттан ғана тұрады деген тұжырымдар өте көп. Шын мәнінде жеміс көптеген нәрлі заттардан, май қышқылдары мен эфирлі ақуыздардан, В және С витаминдерден, магний, калий, марганец, темір, мырыш, жанартас, мыс және антиоксиданттардан тұрады. Бұл жеміс аз калориялы болып саналады. Кейбір асханаларда тіпті қарбыздың дәнін жеуге болады деп есептейді. Оларды азиялық және Таяу шығыс асханаларында тамаққа қосып жатады. Қарбыздың қурылған дәнін тіскебасар мен салаттар құрамына қосады. Ниегрияда жеміс белгілі бір сорпаларды әзірлеуде қолданады.

    Қарбыз - өсімдік. Көптеген зерттеу жұмыстары өсімдіктен жасалатын тағамдарды көп қолдану диабет, жүрек аурулары мен семіру қаупін азайтатынын көрсетті. Оған қоса, олар адам бойындағы күш-қуатты арттырып, артық салмақтан арылтады. Сонымен қатар, қарбыздың арқасында беттің түсі мен шаш құрылымы жақсарады.

    Біздің денеміз аргинин мен лизин іспетті аминқышқылдарын қажет ететіні көпке мәлім. Адам организмі оларды өздігінен өндіре алмайды. Сол себепті, біз оларды тамақ құрамынан аламыз. Қарбыз дәнін құрамында триптофан мен глутамин қышқылы іспетті кейбір аминқышқылдар кездеседі. Лизин кальцийдің сіңуіне көмектеседі. Ал аргинин зат алмасу үрдісін жақсартып, жүрек-қан тамырлар жүйесін күшейтеді. Қарбызды жеу аса пайдалы.Себебі: Ол демікпенің алдын алады. Қарбыз дәні жүрек пен тыныс алу органдары үшін аса маңызды магнийдің таптырмас қайнар көзі болып табылады. Жеміс бұлшық еттердің ауруын азайтады. Амин қышқылдарының арқасында қарбызды қолдану бұлшық еттің жұмысын жақсартады, олардың шамадан тыс сезімталдығын жояды, спортшыларда қалпына келу уақытын және келесі жаттығуды орындауға кірісу қабілетін азайтады.

    Қарбыз артериалық қан қысымын қалпына келтіреді. Зерттеулер жеміс құрамында бар элементтер гипертонияға шалдыққан егде жастағы адамдардың қан қысымын төмендететінін көрсетті. Қарбыз құрамында мәйектің қызыл түсіне жауап беретін ликопин бар. Ол өз кезегінде, түрлі жүрек ауруларының алдын алуға таптырмас мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бет терісін жақсартады.

    Қарбыз - аса мықты антиоксиданттардың қайнар көзі. Олардың құрамына С витамині де кіреді. Олар қатерлі ісікке шалдықтыратын еркін радикалдардың құрылуына қарсы күресте үлкен көмек көрсетеді. Жемістер ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, гидратацияға жол бермейді. Қарбыз мәйегіндегі су мен талшықтардың үлкен мөлшері іш қатуды болдырмай, асқазан-ішек жолының денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Оған қоса, жеміс құрамында ыстық күндер кезінде орын алатын құрғатудан қорғайтын маңызды электролиттер бар.

    Қарбыз шаш пен терінің жағдайын жақсартады. Жемісте май бездерінің өндіруге қажетті А витамині бар. Ол өз кезегінде шаштердің ылғалдандырылуы үшін аса керек. А витамині организм ұлпаларының өсуі үшін, шаш пен тері үшін де қажет. С витаминін қолдану шаш пен тері құрылымын қамтамасыз ететін коллагеннің құрылыуына себепші болады. Өсімдік құрамында нәрлі зат, холин бар. Ол жасушалық мембраналардың құрылымын бір қалыпта ұстап тұруға және жүйкелік импульстардың берілуіне себепші болады. Сонымен қатар, ол майды адсорбтау мен қуықтың ісінуін азайтады. Өзіңді сергек әрі жақсы сезіну үшін қарбыз жеген жөн. Оны күнделікті қолдану энергия мөлшерін 23%-ға көбейте түседі. Оны жасушаларды магниймен қамтамасыз ететін В6 витамині іске асырады.

    Үлкен жемістердің құрамында көптеген пайдалы заттар бар екенін бәріміз жақсы білеміз. Алайда, кейбір аурулар кесірінен бұл жемістен бас тартқан да жөн. Мәселен, бүйрек ауырған немесе оның құрамында тас болған жағдайда зәр айдайтын өнімді көп қолданбаған абзал. Гастрит, колит, панкреатитке шалдыққан адамдарға да қарбызды көп қолдануға болмайды. Жемістің өсіп шыққан ортасы, сақталған жері мен қолданылған мекені де оны адам денсаулығы үшін қауіпті ете алады. Өнімді тас жолдан алыс орналасқан жерде, шатырдың астында өсіруге болады. Себебі асқабақ тұқымдастар бірнеше сағат ішінде-ақ көліктер бөліп шығаратын көптеген ауыр металлдарды тез сіңіріп ала алады.

    Қауынның денсаулыққа пайдасы және оның қасиеттері

    Адамдар көбіне екіге бөлінеді. Біреуі қарбызды ұнатса, екіншілері қауынды жақсы көреді. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.
    1. Салмақ жоғалтуға өте қолайлы

    Кейде салмақ жоғалту эстетикалық мотивация ғана емес. Салмақпен байланысты кейбір бұзылулар, мысалы, семіздік денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан, қауын тәрізді, құрамында су мөлшері жоғары (90% дейін) тағамдарды тұтыну салмақ жоғалту диетасының құрамдас бөлігі болу үшін өте қолайлы. Қауынның құрамында калория, май және холестерин аз.

    2. Қартаюға қарсы

    Қауынның құрамында коллаген көп, ол теріні және тіндерді қалпына келтіруге көмектеседі сондықтан ол бізді жасартады. Коллаген - бұл ағзаның денсаулығы үшін көптеген пайдасы бар ақуыз, ал қауын өзінің бай хош иісімен қатар, оның құрамы арқасында ерте қартаюдан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    3. Ылғалдану

    Мен айтып өткенімдей, қауын жаз мезгілімен байланысты және оның көп бөлігі оның құрамындағы судың көп болуымен байланысты, Оның құрамының 90%.Сонымен қатар, оның құрамындағы су электролиттерге бай, бұл дененің ауыр жаттығудан қалпына келуіне өте ыңғайлы (егер сіз физикалық жаттығуларды жақсы көретін болсаңыз). Оның құрамындағы көмірсулар мен ақуыздар қалпына келтіруді аяқтауға мүмкіндік береді.

    4. Жараны емдеу

    Оның құрамындағы жоғары коллаген теріге тағы да бірқатар артықшылықтар береді бұл тек қартаюмен байланысты емес, сонымен қатар жараларды және зақымдалған теріні, мысалы, күн сәулесінің әсерінен емдеу үшін өте қажет.

    5. Сау тістер мен сүйектер

    Қауынның құрамында тағы бір қосылыс - бұл кальций, өйткені әрбір 100 г тағамнан 15 мг осы минералды табуға болады. Кальций сүйектер мен тістер үшін өте маңызды, ал қауындар олардың қалыптасуына және олардың сау әрі мықты болуына белсенді ықпал етеді.

    6. Жүректің денсаулығын жақсартады

    Сондай-ақ қауын тұтынудың арқасында жүрек денсаулығына жағымды әсер етеді, өйткені бұл тағамда кездесетін аденозин мен ликопин кейбір зерттеулер ұсынған инфаркттың төмендеуімен байланысты сияқты.

    Сол сияқты, цитруллиннің болуы және оны тудыратын вазодилатация да тамырлардың дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет.

    7. Қатерлі ісік ауруының алдын алады

    Цирруллиннің артықшылығы тек жүрек-қан тамырлары денсаулығын жақсартуда ғана емес, сонымен қатар қатерлі ісік ауруларының алдын алуда да бар. Бұл ғана емес, бұл тағамда каротиноидтар көп, бұл көптеген жемістерде кездесетін табиғи пигмент. Зерттеулерге сәйкес, бұл қосылыс өкпенің немесе сүт безінің қатерлі ісігі сияқты кейбір қатерлі ісіктердің алдын алуға көмектеседі.

    8. Көздің денсаулығы

    Қауын құрамында бета-каротин сияқты каротиноидтардың болуы көру қабілетін жақсарту үшін пайдалы, сәбіз немесе қарбыз сияқты. Бета-каротин А дәруменіне айналады, оны организм көз функциясын қалпына келтіруге және торлы қабықтағы пигментті дамытуға қолданады, бұл түнгі көруге де оң әсер етеді.

    9. Ас қорыту жүйесін жақсартады

    Бұл тағамның құрамындағы су мен талшықтардың көп болуы ас қорытудың жақсы жұмысына жақсы әсер етеді, сондықтан біз бұл өнімді жиі тұтынуымыз керек. Шындығында, қауынды тұтынған кезде ас қорыту жүйесі тұтастай алғанда жақсарады, бірақ сонымен қатар, бұл жеміс асқазандағы ауырсынуды азайтуға көмектеседі және адам диареядан зардап шеккен кезде пайдалы. Бұл жағдайларда оны шырын ретінде тұтынуға болады.

    10. Еркін радикалдармен күресуге көмектеседі

    Қауын - антиоксиданттардың көзі, олардың арасында бета-каротин, лютеин, зеаксантин, криптоксантинді табуға болады. Бұл антиоксиданттар жасушаларды бос радикалдардан қорғайды, сондықтан кейбір аурулардан, мысалы, сүт безі, қуықасты безі, ішек, өкпе немесе ұйқы безі қатерлі ісігінен қорғауға көмектеседі.

    11. Бүйректің денсаулығын жақсартады

    Бүйрек қауын қабылдаудан да пайда көреді, өйткені олар адамдарға дәретханаға баруға көмектеседі. Бұл ағзадан токсиндерді шығару үшін бауырға көмекші құрал болып табылады, ал осы органдағы проблемалардан зардап шегетіндер үшін таңертең таңғы ас ішер алдында қауын шырынын лайм шырынын араластырған дұрыс.

    Қауын қақ жасау үшін алдымен қауынның қабығын аршып, дәнін алып тастаймыз. Сосын қауынды жіңішкелеп тіліп, жайып қоямыз. Ол бес-алты күнде желмен, күнмен кебеді. Кепкен соң, жинап алып, қарбыздың суымен жуып, сосын өреміз. Қарбыздың суы сыртындағы шаң-тозаңын кетіреді және басқаша дәм қосады. Бір-екі рет көрсе, қауынқақты кез келген адам жасай алады. Қыста суық тигенде пайдалы.

    Эксперименттік бөлім

    3.1 Қауын мен қарбыздан тосап және шырын әзірлеуге тәжірибе жасау

    Қауын мен қарбыз шырынды болып келеді. Мен қауын мен қарбыздан тосап жасалады дегенді білмейді екенмін. Анамның жасап отырғанын көріп таң қалдым және қолғабыс еттім. Нәтижем өте жақсы шықты. Сонымен қатар анаммен бірге қауын қақ және қауын құрт жасадым.

    Қарбыз тосабы: құрамына қарбыз және шекер. Дайындалу жолы: қарбызды жуып аламыз, қабығынан тазартамыз, дәнін тазартып алып тастаймыз, үстіне шекерді қарбыздың салмағымен бірдей етіп салып, бір-екі сағатқа бетін жауып қойып, лимон қышқылын аздап қосып, баяу отта қайнатамыз. Дәл осы тәсілмен қарбыздың қабығын жұқалап алып тастап, қайнатса алма тосабы секілді дәм беретін тосап шығады.

    Қауын тосабы: құрамына қауын және шекер. Дайындалу жолы: қауынды жуып аламыз, қабығынан тазартамыз, дәнін тазартып алып тастаймыз, турап аламыз, үстіне шекерді қауынның салмағымен бірдей етіп салып,су қосамыз, бір-екі сағатқа бетін жауып қойып, лимон қышқылын аздап қосып, лимонның цедрасын қоссақ хош иісті болуы үшін қосып, баяу отта қайнатамыз қою сироп болғанша.

    Қарбыз шырыны: Қарбызыды жуып, қабығынан тазартып ұсақтап турап шырын жасаушы ыдысқа салып шырынын аламыз.

    Қауын шырыны: Қауынды жуып, қабығынан тазартып ұсақтап турап шырын жасаушы ыдысқа салып шырынын аламыз.

    Бұл шырындар табиғи болғандықтан еш қоспасыз және өте дәмді әрі пайдалы.

    3.2 Қауын мен қарбыз егудің қыр-сырымен танысу мақсатында Машай Абай ағаймен сұхбат транскрипциясы.

    Зерттеуші сұрақтары

    Абай ағайдың жауаптары

    Саламатсыз ба ағай! Сіз жерге егін егіп, түрлі өнімдер соның ішінде қауын мен қарбызды молынан алып отырсыз. Осындай мол өнім алу үшін не істеу қажет?

    -Рахмет сұхбатыңызға!

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Нұрғожа Зәмзагүл Ерпайызқызы
    02 Наурыз 2023
    601
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    : Қауын мен қарбыздың емдік қасиеті және одан қыстық азық әзірлеу

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    : Қауын мен қарбыздың емдік қасиеті және одан қыстық азық әзірлеу

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Қауын мен қарбыздың емдік қасиеті және одан қыстық азық әзірлеу

    Файл форматы:
    docx
    Биология Ойындар, Сценарийлер 5 сынып
    02.03.2023
    601
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Нұрғожа Зәмзагүл Ерпайызқызы
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации