400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Қазағымның домбырасы - ай "

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка сабағынан жоспардан тыс тәрбие сабағын өту үшін қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Қазағымның домбырасы-ай

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік Дамытушылы мақсаты:Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, ұлттық өнерді сүйеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, суреттер слайдтар . Пән аралық байланыс:Әдебиет,тарих.

«Тақырыпты ашу» Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспабы болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал. Домыра-қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол-қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фолькпорлық музыка, классикалық шығармаларда орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне , аспапшы шеберлердің істерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға арналған домбыра пернелері 8-9, әрі кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасын 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай(кварта, кКвинта)өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу », «шертіп ойнау», т.б. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінеде ән мен күй домбыра, торсық, тұмар, кең шаңақты (екі нұсқасы), балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер, Оркестр домбыралы; Қоныр дауысты (альт) Жіңішке дауысты (прима) Ащы дауысты (секунда) Бас домбыралар (екі нұсқасы)

Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар-домбыра мен қобыз аспабы. Уақыт өте келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: қылқобыз, жетіген, сыбызғы, асатаяқ, сазсырнай, дауылпаз тұяқтас және т.б

Жұмбақтар шешу 1.Бұл аспап-ата көзі, баба мұра, Қазақ үшін теңі бар ма, бағалы да, Тербеліп кетсе шектер, теріп перне. Теніз күйлер шанағындағы (Домбыра)

2. Қос желі, үш жерімен қазығы бар, Құбылған қоныр желден азығы бар. Желіні сабалайды дыңылдатып, Байғұстың соншама не жазығы бар?

3. Екі ішекке бір тиекті қондыра, Ойнаймыз біз қолымызды талдыра. Білсең егер айта қойшы балақан. бұл қай аспап (бұл-қадімгі домбыра)

Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап-домбыра аспабы. Домбырада әр түрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау тіпті класикалық шығармалар да орындауға болады.Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыз кезінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ер жүрек батыр Махамбетте домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал, ұлы күйшілер күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәтімбеттер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнағанын мақтаныш пен айтамыз. Домбыра аспабы бір сөзбен айтқанда қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.Қазіргідей ғылым мен техника дамығын заманда домбыра ұлттық болмысты бейнелейтін симбол, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады. Шанағы (кеудесі) мойны және басы. Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып тұратын түйме орналасқан. Мойны он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелерге бөлінген. Басында домбыраның күйін келтіруші қызмет атқарады.

Домбыра, жүрегімен үндес едің, Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң, Өнерідің не екенін білмес едім.

Домбыра сырын төккен ойлы,сырлы,ойнақы ойналған күйлер жинағын жәй дауыста қойып;оқушылардың даярлап келген өлең шумақтарын тыңдаймыз.

Домыра туралы өлең шумақтары 1.Екі ішектерітің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра. Қазақ- нағыз қазақ емес Нағыз қазақ- Домбыра

2.Домыра, мұнша шешен болдың неге, Күй талғап көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардаң жеңелесің Саусағын тиіп кетсе ішегіңе.

3. Домбырамен сөйлеткен Махаббаты халқымның Жігер беріп күй деген Шақырды алтын күн.

4.Домыра тілегімді қуаттасың, Үніңе үзіле бір құлақ тосам. Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң, Бойдағы қуатымен қуат қосам.

5.Қос ішек толқынды өзен, сұлу арна, Екпіндеп еркін ақын, тұрып алма. Мен білсем , домбыра сен-махаббатсың, Махаббат тіршіліке суынар ма?

6.Әдемі сенде әуен бар сезінгенге, Менің де оны ұқпаған кезім кем бе? Үніңе құлақ тосам құлақ тосам құлап түсіп, Тірліктің у-шуынан бездінгенде.

7.Тарт күйіңді, домбыра Төгіл-төгіл тәтті күй Тау суындай сылдыра, Тауда тұман тұрмасын Ойды, қырлы қыдыра Күй әлемді шарласын.

8.Төксін десең сырын саз, Құлағын тек оң бұра Үніне ерсең, жұртың мәз. Ел мақтаны домбыра.

Ән: «Домбырасыз ән қайда»

Екі топқа бөлініп «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.

Ойының шарты: «Домбыра» және«Қобыз» сөздеріне сөзжұмбақтарды табамыз кім бірінші тапса сол жылдам деген атаққа ие болады.

Сабақты қорытындылау.

Құлақтан кіріп бой алар,күйді тарсаң менше тарт-деп Құрманғазы атамыз айтқандай сіздерге мен өзім Құрманғазының күйі Балбырауынды тартып беремін.

-Тәрбие Сағатымыздың соңында музыка пәнінің мұғалімі бір күй тартып береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.04.2018
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі