Материалдар / « Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда пунктуацияны меңгертудің әдіс- тәсілдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда пунктуацияны меңгертудің әдіс- тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің семинары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ









Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің семинары




Тақырыбы: « Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда пунктуацияны меңгертудің әдіс- тәсілдері»



Дайындаған:

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна










«Еліміздің ертеңі – бүгінгі ұрпақ қолында» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сол ұрпаққа берілетін білім негізі мектепке, яғни ұстаздар қауымына міндет етіп артылып отырғанын сіз бен біз білеміз. Ал оқу үрдісіне енген ҰБТ білім беру ұйымының қызметін дәл бағалауға, олардың нақты рейтингісін анықтауға білімнің тиянақтылығы мен нәтижеге жету жолдарына қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Мен де қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі ретінде 5 жыл қатарынан 11- сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындап келемін Мақсатым: «Өткен материалдарды еске түсіре отырып, талдау жұмыстары мен жаттығулар арқылы білімді бекіте келе, оқу сапасын арттыру». Міндеттерім:

  • оқу материлдарын 5- сыныптан бастап қайталау;

  • қазақ тілі грамматикасын жүйелі түрде қайталап түсіндіру;

  • тест сұрақтарымен жұмыс;

  • әр түрлі талдаулар мен тапсырмаларды орындату арқылы білімді бекіту;

  • қосымша әдебиеттерді молынан пайдалана отырып, тиімдісін таңдап алу;

  • тест өткен сайын білмеген материалдарын саралап отыру;

  • әр тестің мониторингісін жасау арқылы ең төмен балл алған оқушыны анықтау және жеке жұмыс жасау;


Жүргілетін жұмыс түрлері :

  • қосымша сабақ;

  • ұжымдық жұмыс;

  • жеке жұмыс;

  • тақырып бойынша қайталау;

  • тест сұрақтарымен жұмыс;

  • ата- анамен жұмыс;

  • қатемен жұмыс;

Қазақ тілінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда пән мұғалімі өз жоспарына сәйкес төмендегі тарауларды:

фонетика,лексика,сөзжасам, морфология, синтаксис,стиль, пунктуацияны қайталап шығады.Ал менің тоқталайын деп отырғаным, пунктуация, яғни тыныс белгілері тарауы бойынша оқушыларға білім негіздерін берудің әдіс- тәсілдерінен өз іс- тәжірибемді көрсету.Пунктуацияның жүйесі немесе тыныс белгілерін дұрыс қою қандай білімдерді қажет етеді?

  1. Грамматика (сөйлемдердің құрылысын, құрамын, оның түрлерін, оқшау сөздерді т.б игеру)

  2. Сөз мағынасы (сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінуі, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырату т.б.)

  3. Тіл мәдениеті нормасына сай сөйлем мен сөз тіркестерін сазына келтіріп оқуды үйрету

Сондықтан тыныс белгілерін үйретудің алдында оқушының грамматикадан хабары болу керек.Өйткені оқушы белгілі бір тыныс белгісінің қолдану себебі мен жолдарын ережені құр жаттап қана қоймай, саналы түрде не үшін қойылғанын айта білу керек.


Тыныс белгілерін игертудің жұмыс түрлері:

-тыныс белгілеріне байланысты сызба жасату;

-тыныс белгілеріне байланысты талдау жұмыстары;

-семантикалық картамен жұмыс;

-диктант, мазмұндама, шығарма жаздыру (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарын жазғанда тыныс белгі қатесіне мән беру);

-аудиомәтінді (прозалық шығарма немесе поззия) тыңдай отырып, дауыс интонациясына назар аударту, соған сәйкес тыныс белгілерін ережеге сүйене отырып айтқызу.

Тыныс белгілерінің қойылатын орындары:

  1. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері;

  2. Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілері;

  3. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілері;

Енді жоғарыда аты аталған жұмыс түрлеріне тоқталсақ,

Сызбалар жасату.

  1. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты тыныс белгісіне байланысты:

«Тс,»- ас Ас: «Тс!»- ас.

Ас: «Тс?» «Тс,- ас,- тс»

Сөйлемдерді жаздырып, төл сөз бен автор сөзіне байланысты тыныс белгінің схемасын жасату немесе керсінше схемаға сүйене отырып, сөйлем құрату.Сол сияқты оқушылар үшін күрделі тақырыптардың бірі- құрмалас сөйлем және оның түрлеріне байланысты тыныс белгілері:

  1. Құрмалас сөйлемдерге байланысты:


DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject6 DrawObject1 DrawObject2


Бағ- бағ- бас жарырыспалы көп бағыныңқы сабақтас


БDrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 ағ- бағ - бас сатылы көп бағыныңқы сабақтас

Тыныс белгілеріне байланысты талдау жұмыстары

1 Тыныс белгілері қойылмаған мәтінге тиісті тыныс белгілерін қойдырту.

Оқушыларды жалықтырып алмау үшін шағын мәтін беру және ол тек бір тыныс белгісі ережесіне ғана емес, бірнеше тыныс белгісі ережесін қамтитындай болу қажет.

2.Бір сөйлем беріп, сол сөйлемдегі негізге алып отырған ережеге сәйкес сөздің сөйлемдегі орнын ауыстыру арқылы тыныс белгілерін дұрыс қоюға дағдыландыру. Мәселен, оқшау сөздерге байланысты мысал келтірер болсақ:

Жолдастар, қуанышты хабар әкелдім!

Қуанышты хабар әкелдім, жолдастар!

Қуанышты, жолдастар, хабар әкелдім!

Төл сөз бен автор сөзіне байланысты:

Шешесі: «Сол кісіні шақыр,- деді,-кетсін,-деп,-үйімізден дәм- тұз татып»

Осы сөйлемдегі төл сөз бен автор сөздерінің сөйлемдегі орналасу орнын өзгерту арқылы тиісті тыныс белгілерін қойдырамыз.Төл сөздердің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып келуіне назар аудару қажет.Сол сияқты сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздерге де сөйлем беріп, түрлендіріп өзгерттіруге болады.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай берілген бір сөйлемді хабарлы, лепті немесе сұраулы, бұйрықты сөйлемдерге айналдыру, тиісті тыныс белгілерін, әсіресе сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін ажыра білуге дағдыландыруда өте қажет жаттығулар.

3.Тыныс белгісі әдейі қате қойылған шағын мәтін беру керек. Оқушылар өздеріне берілген мәтіннен сол қателерді тауып, өзінің қоятын тыныс белгісін қай ережеге сәйкес қойып отырғанын айтады.

4.Тест сұрақтарының ішінен тыныс белгілеріне қатысты сұрақтарды іріктеп , сол қойылған тыныс белгілерінің дұрыс нұсқасын таптырып, дәлелдеу қажет.

Менің аңғарғанымдай, комплексті тест сұрақтарының ішінде көбіне- көп тыныс белгілеріне байланысты төмендегі тақырыпта сұрақтар жиі кездеседі:

-төл сөз бен автор сөзі;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша;

-оқшау сөздер;

-сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөз;

-жалқы есімдерге байланысты тырнақша;

-қысқарған сөздерден кейін қосымша жалғанғанда қойылатын дефис,

-сан есімдердің санмен берілгенде қосымшаның жалғану кезіндегі тыныс белгісі.

Алғашқыда балалар сызықша мен дефиске қатысты сұрақтар болғанда, «екеуі бір емес пе» деп жаңылысып жатқанын естимін.Сол мезетте қателесіп отырғанын мысалдар келтіріп, екеуінің екі бөлек тыныс белгі екеніне көзін жеткіземін.Осы ретте терме диктант, семантикалық карта т.б. жаздыру арқылы оқушылардың қателіктерін жоюға болады.

Семантикалық картамен жұмыс

1-түрі

Синтаксистік

тәсілдер


үтір

нүкте

сызықша

дефис

жақша

сұрақ белгісі

Көп нүкте

1

Оқшау сөздер

+







2

Бірыңғай мүшелер

+







3

Бастауыш пен баяндауыш зат есімнен жасалса



+





4

Төл сөз



+





5

Қос сөз




+





2- түрі

Мысалдар


үтір

нүкте

сызықша

дефис

жақша

Леп белгісі

Көп

нүкте

1

Айта беріңіз ана

+

+






2

Жайна елім гүлде

+





+


3

Бізге қарттарға жастар сияқты өмір сүруге тура келеді

+

+






Диктант жаздыру

Оқушылар диктант жазғанда тыныс белгілерін сөйлем аяқталған соң емес, сол сөйлемді жазу кезінде бірден қоюға дағдыландыру қажет.Ол үшін оқушы осы сөйлемнің құрылысын, ондағы ой желісін түсіну қажет. Ал ондай дәрежеге жету үшін сөйлемді ойша бірден, өте тез талдай білу қажет.Бұл жерде ұялы телефон мен компьютерге басылған мәтіндерді тыңдатудың, ойша тыныс белгілерін қойып отырудың пайдасы бар.Осы шағын диктант мәтінін интерактивті тақтадан көрсетіп, қандай қате жібергенін бірден тексертіп, білім олқылықтарын анықтаймыз немесе көрші отырған балалар диктанттарын алмастырып болған соң, мұғалімнің айтуымен қателерін дұрыстатуға болады.

«ҰБТ-биік белес, оған жету оңай емес» дегендей, мұғалімнің табыс кілті-тынымсыз еңбегі мен үздіксіз ізденісіне байланысты .

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!