Тақырыбы: «Қуана, шаттана
білейік!»
Мақсаты: Түзете-оқыту: ойын-жаттығулар
арқылы оқушылардың білім дағдыларын
күнделікті іс-әрекетте қолдана білу;
Түзете-тәрбиелеу: жағымды
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне
тәрбиелеу, өз-өзіне деген сенімділігін
арттыру;
Түзете-дамыту: ойын-жаттығулар
арқылы оқушылардың жан-дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді
дамуына ықпал ету, психикалық
процестер, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Сабақ
түрі: тренинг-ойын
сабақ.
Көрнекілігі: доп, суреттер,
дәйек сөз, дидактикалық тапсырмалар.
Жүру
барысы:
-
Ұйымдастыру
бөлімі.
-
Тренинг- ойындар бөлімі.
«Менің
есімімді ата» жаттығу.
Нұсқау: Қазір мына
кішкентай доп қолдарыңызға тиеді. Бұл допты ұстаған оқушы өз есімін
айтуы тиіс.
«Сәлемдесу»
жаттығу
Нұсқау: Балалар ортаға
шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін.
Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз,
«алақан» бейнеленсе,
қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе,
құшақтасамыз.
«Радио»
Нұсқау: Балалар шеңберге
отырады.
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Бір кішкентай қыз бала жоғалып кетті (шашы, түсі, киімі, бойы
айтылады)». Балалар жан-жағына қарап кім туралы айтып жатқанын
айтып, атын атауға тиіс.
«Мен
күнмін»
Нұсқау: күннің суретін
салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге
бала өзінің жақсы деген қасиетін, жетістігін, өнерін
жазады.
«Қате
айна»
Нұсқау: Қазір біздер айна сияқты ойнап көрейік. Екі-екіге бөлініп,
біреуің адам, екіншісі айна боласыңдар (орындарын
ауыстырады).
«Жыл мезгілдері» жаттығу
(сергіту сәті).
Нұсқау: Ойынға қатысушылар рет-ретімен жыл мезгілдерін айтып
шығады. Әр топтан бір жүргізуші сайланады. Жүргізуші бір би қимылын
жасайды, қалғандары қайталайды.
«Суреттерді
аяқта».
Нұсқау: Берілген үлгі бойынша суреттерді тез аяқтау (1-2
секунд).
-
Қуаныш, шаттық дегеніміз не?
- Не үшін қуана білу
керек?
- Қуаныш, шаттық неден
басталады?
- Неліктен адамдар қуанып
жүруді ұнатады?
.«Шеңбер бойындағы доп» ойыны.
Нұсқау: Балалар белгі
бойынша допты бір-біріне береді. «Тоқта» деген белгі берілген кезде
тоқтатылады. Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтата алмаған
балалар ойыннан шығады.
«Мен
бақытты боламын!» (баяу музыка жіберу)
Бетімізден самал жел лебі
еседі. Кенеттен баяу жел соғады
(қолдарын жан-жаққа шайқалтады).
Бір мезгілде аспанға бұлт
төніп жаңбыр жауа бастайды (қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп
отырады).
Бір кезде күн шығады (қолдарын
жоғары көтереді). Гүлдер құлпырып, жайнап ашыла бастайды (шеңбер
құрып, гүл шоғына айналады). Міне, осы иісі аңқыған гүлдеріңді ең
жақын, жақсы достарымызға сыйлаймыз.
Қорытынды: балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп,
алақандарын түйістіріп, мына сөздерді
айтады:
«Біз бір-бірімізбен
қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз!»
Центр детского творчества Мартукского
района
«Согласовано» «Утверждено»
Зам. директора по УР Директор ЦДТ
______________ Султанова В. Х. ___________
Шакиров Э. Ф.
«___»__________ 2022 г. «___»
___________2022г.
Тренинг
Тема: «Қуана, шаттана
білейік!»
Педагог-психолог: Максотова Ж.Е