Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Тарихтан қазіргі заманға дейінгі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәулеті асқақтаған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, өз тарихын ұмытпайтын, азат елдің жас ұрпағы бола тұра неге маған ана тіліміздің тірегі, ұлт жанашыры, асыл мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынов атамыз жайлы өскелең жас ұрпақ қаншалықты қарыздар екені жайлы қалам толғамасқа. Тарихтан бастау алатын осынау құпияға толы өмірді көрмесекте, атадан-балаға мұра қалдырған қазыналарымыз арқылы сусындап келе жатырмыз. Әр заман өз қиыншылығына,қуанышына толы кезең. Дәл осындай өз тілімізде еркін сөйлеуімізге,жазуымызға толасыз мүмкіндік берген ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынов. Т
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Тарихтан қазіргі заманға дейінгі»

Дәулеті асқақтаған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, өз тарихын ұмытпайтын, азат елдің жас ұрпағы бола тұра неге маған ана тіліміздің тірегі, ұлт жанашыры, асыл мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынов атамыз жайлы өскелең жас ұрпақ қаншалықты қарыздар екені жайлы қалам толғамасқа. Тарихтан бастау алатын осынау құпияға толы өмірді көрмесекте, атадан-балаға мұра қалдырған қазыналарымыз арқылы сусындап келе жатырмыз. Әр заман өз қиыншылығына,қуанышына толы кезең. Дәл осындай өз тілімізде еркін сөйлеуімізге,жазуымызға толасыз мүмкіндік берген ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынов. Тіліміздің тарихын,оның қазақ халқына қызмет етуі үшін талай сынақтардан өткенін тарих беттерінен оқысақ, бізге артылған жүктің қаншалықты зор екенін көруге болады. Негізі қарап отырсаңыз,ұлтты сақтап қалатын бірден бір құрал-тіл. Тілдің барынша тазалығы,болашағы,көркеюі әр адамның қолында екенін қазақ зиялары түсініп,кедергілерге төтеп берген. Бір сәт ойланып көрейік... Қарапайым сөздер, сөз таптарына атаулар,алғашқы кітаптар,тіпті жазуымыздың өзі нақ жаңа ғасырда өз өзінен пайда болды деп ойлайсыз ба? Осы заманға дейін жазуымыз қалайша өз күшін сақтап қалды? Осының бәрін жүзеге асыру,оны құрастыру, халыққа үйрету барлығы адамның еңбегімен жазылып,дамып,іске асқаны ойымызға кіріп шықпайды. Иә,тарих беттеріне тереңінен үнілсек бәріміз білетіндей патша үкіметтінің қол астында өмір сұрген қазақ халқы не көрмеді? Алаш зиялары осынау мұраны болашақ ұрпаққа аман-есен жету үшін қаншама тер төкті. Ахмет Байтұрсынов атамыз бір топ алаш зиялары тілдің құдіреттілігін жолғалтпай өз бейнесінде сақталғаның арманды,болашақ ұрпақты яғни мына біздерді өз тілдерінде еркін сөйлеуге,жазуға кедергілер болмасын деп өздерінің жазған құнды қазыналарын патша үкіметінен қорғау үшін,жандарын берді емес пе?! Ахмет атамыз: « Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек » - деген сөздің өзі тілі өшкен халықтың болашағы бұлынғыр екенінің дәлелі. Қазақ тіліндегі әрбір сөздер,терминдердің дүниеге келуі жан-жақты зерттеле отырып,бізге түсінікті тілде болу үшін қағаз беттеріне түсірілді. Мысалға орыс тіліндегі «предложение» сөзін қазақ тіліне Ахмет Байтұрсынов жан- жақты қарастып, қазақ тіліне түсінікті тән етіп, аударған кезде «сөйлем» деген терминнің пайда болуы асқан шеберлікті,танымдылықты талап етеді.

« Сөйлем» - адамдардың сөйлеулерінен пайда болатын халыққа түсіндіру,ел үшін оқулық шығару,жұртты сауаттардыру адамның қаншама еңбегің,төзімділігің талап етеді. Кейде өзінді бір сәт Ахан,Жахан өмір сүрген дәуірге ойша шолу жасап көрсен дәл осындай тынымсыз еңбекті жазу,ұлт үшін уайымдап,өз басынды қатерге салар ма едің? Тіпті осылай жазылған құнды дүниелер үшін қазір біреуді абақтыға қамап,жарық көрген дүниелерін өртеп,халық арасына таратпай жатқан жан барма? Әрине жоқ. Кейде іштей қынжылам неге сол дәурдің даналары қазіргі заманда болғанда қандай керемет болар еді деп. Ана тіліміздің қандай қиындықпен келгенін ұғынар едік. Осындай толасыз еңбек үшін,жалған жала жабылып,абақтыда бола тұра,бірде-бір уақыт босқа жібермей үміт отын өшірмей кітап жазудан шаршамайтын Ахмет Байтұрсынов –дана адам десеңізші. Бір сөзінде: « Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!». Біз бос сөзге,уақытымызды босқа жұмсауымыз барлығы еріншектің сылтау. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.





























































...XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

























































































































Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бəрінен,
Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны...

Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.03.2022
682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі