Материалдар / " Туған өлке тарихы " авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Туған өлке тарихы " авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкенің тарихын білу - өзінің, отбасының әулетінің ,туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады.Өзінің тегін,оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды.Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын ,тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де , сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттігін дәлелдейді. Осыған байланысты, орта мектепте оқушыларға туған өлкеміздің тарихын зерттеу, оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі беретіндігі мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 сынып оқушыларына арналған «Тарихи-өлкетану» атты арнайы курс бағдарламасы ұсынылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
1588
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей



















Қызылорда облысы , Жалағаш кенті







Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Ғылыми Кеңесінің 2009жыл

28 желтоқсан айындағы №4 хаттамасымен қаралып,бекітілді.



Рецензия бергендер:

Д. Сәтбай . Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті т.ғ.кандидаты

Ғ. Серікбаев аудандық білім бөлімінің бастығы





Бағдарламаны құрастырушы: Ильясов Дархан Мырзамұратұлы

Курстың мақсаты: Туған өлкенің тарихын зерттеу,соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу - тәрбие жұмыстарында жоспарлы,жүйелі түрде пайдалану.Жинақталған қосымша деректерді ескеріп,болашақта туған өлке тарихына арналған оқулық шығару






Күтілетін нәтиже:

- Тарихи - өлкетану жұмыстарының мақсаттарымен таныс болуы

  • Алынған материалдың осы өлке тарихына ортақ , аса маңызды және де оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуі.

  • Анық, айқын эмоциялы фактілері бар деректер оқушылардың санасына да, сезіміне де әсер етуі

  • Оқушылар зерттеушілік жұмыстарға қатысып тәжірибе жинақтап оны меңгеруі қажет.




















Түсініктеме


Өлкенің тарихын білу - өзінің, отбасының әулетінің ,туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады.Өзінің тегін,оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды.Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын ,тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де , сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттігін дәлелдейді.

Осыған байланысты, орта мектепте оқушыларға туған өлкеміздің тарихын зерттеу, оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі беретіндігі мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 сынып оқушыларына арналған «Тарихи-өлкетану» атты арнайы курс бағдарламасы ұсынылып отыр.

90 - жылдарға дейін орта мектептердегі тарих пәні негізінен Мәскеуде дайындалған бағдарламалар, оқулықтар бойынша оқытылып келгені белгілі.

Ал Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін мектепте тарихты оқытудың мақсаты түбірінен өзгерді, оны бір сөзбен айтсақ, бүкіл адамзат жинаған тәжірибедегі құндылықтарды оқытып – үйрету болып отыр.

Тарихты оқыту мақсатының жаңаруы оны оқытудың міндеттеріне өзгерістер жасады. Бұрыңғы Коммунистік партияға, социолистік жүйеге, дүниежүзілік революцияшыл пролетариатқа, оның көсемдеріне және т.б. сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу: дінді, үстем тапты, буржуазиялық идиологияны жек көруге оқытып – үйрету, тәрбиелеу міндеттері алынып тасталды. Олардың орнына барлық халықтар арасында ынтымақтастыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, оқушыларда шованизмді, ұлтшылдықты нәсілдікті, теңсіздікті, әділетсіздікті, кемсітушілікті, зорлықты, соғысқұмарлықты болдырмау үшін күресу қабілетін қалыптастыру: әрбір ұлттың ана тілін, мәдени – эстетикалық тұрмыс – салт ерекшеліктерін, ұлттық рухани игіліктерін, демографиялық құрылымын қорғай білу сияқты қасиеттерді меңгерту міндеттері қойылып отыр.

Қазіргі бағдарламаның негізгі мазмұндық бөлімінен кейін дидактикалық - әдістемелік бөлім бар. Мұнда мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай оқушылардың білімі мен біліктілік дәрежесіне қойылатын талаптар, сол деңгейлерге лайық білім тексерудің және сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілері, сондай – ақ тарихшы мұғалімдер үшін басқа да бірқатар әдістемелік кеңестер берілген.

Осы ұсынылып отырған бұл жинақтар тарихшы мұғалімдерге нақты көмек болады. Оларды пайдалануда ұстаздар барынша шығармашылықпен қарағаны дұрыс, өзі сабақ беретін сыныптың, оқушылардың жағдайын үнемі назарда ұстағаны абзал.

Мұғалімнің ұсынылған материалдарға өзі дайындаған тапсырмаларды да қоса пайдаланып отырса, сабақтың тиімділігі арта түседі.



Туған өлке тарихы


Қоғамдық -гуманитарлық бағытындағы 10 сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс бағдарламасы

Бағдарламаны құрастырушы: Дархан Мырзамұратұлы Ильясов

Курстың мақсаты: Туған өлкенің тарихын зерттеу,соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу - тәрбие жұмыстарында жоспарлы,жүйелі түрде пайдалану

Күтілетін нәтиже :

Оқушылар білуі тиісті:

- Тарихи - өлкетану жұмыстарының мақсаттарымен таныс болуы

  • Алынған материалдың осы өлке тарихына ортақ , аса маңызды және де оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуі.

  • Анық, айқын эмоциялы фактілері бар оқушылардың санасына да, сезіміне де әсер етуі

  • Оқушылар зерттеушілік жұмыстарға қатысып тәжірибе жинақтап оны меңгеруі қажет.

Оқушылар жасай алуы тиісті:

  • Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуы

  • Түрлі экскурсиялық орындармен танысуы

  • Тарихи - өлкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыра алуы

  • Тарихи-өлкетану тақырыбында конференция, пікір-сайыс, талқылаулар ұымдастыра білуі.

Пәнаралық кіріктіру: тарих, әдебиет,география, қоғамтану

пәндерімен тікелей байланыста

Кәсіпке бағдарлау : Мұғалім , тарихшы , кітапханашы, зерттеуші, аудармашы,елтанушы,суретші.

Курстың уақыт көлемі: 34сағат.( аптасына 1 рет)

Курсты ұйымдастыру формасы: Лекция, практикалық жұмыс, экскурсия, диспут.

Курсты оқытуды аяқтау формасы: реферат

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: Дихотомикалық жүйе: «игерілді» , «игерілмеді».

Ұсынылатын әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін:

Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі Т.Т.Тұрлығұл Алматы,2003ж.

Жалағашым -жасыл бағым. Алматы,1999жыл.

Қазақстан тарихы Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институты. Алматы,2002ж. 1,2,3 томдар.

Оқушылар үшін:

Жалағаш ауданының жер -су атаулары М.Ильясов.\газет материалдары\

Қарақұм көтерілісі А. Тілеулиев. 2007ж.

Бұқарбай батыр К. Бердаулетов 1992ж







10-11 сыныптарға арналған бағдарламаның үлгісі

Туған өлке тарихы(68 сағат)

10-сынып (34 сағат)


Кіріспе. Мектепте жүргізілетін тарихи өлкетану жұмыстары.

Оның маңызы мен міндеттері.


1-тақырып. Жер тарихы -ел тарихы


1. Өлке тарихының негіздері. Өлке тарихы нені оқытады .Қазақстан тарихындағы біздің өлке орны.

Өлкенің географиялық орнына, табиғат жағдайларына, шаруашылығына, қоғамдық- саяси тарихына қысқаша шолу . Жалағаш ауданының Қазақстандағы, Қызылорда облысындағы саяси-қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы орны.

2.Өлке туралы жылнамалар мен тарихи деректер.

Біздің өлке туралы тарихи дастандардағы, аңыз әңгімелердегі, тарихи-эпостық жырлардағы , шежірелердегі мәліметтер. Біздің өлкені зерттеген ғалымдардың еңбектері,олардағы мәліметтер.

3.Біздің өлкедегі тарихи орындар, тарихи ескерткіштер.

3000жылдық тарихы бар біздің өлке. « Жалағашым-жасыл бағым» кітабындағы «Терең тамырлар» тақырыбындағы және басқа да материалдар пайдаланылады.

4.Өлкедегі археологиялық зерттеулер .

Өлкеде жүргізілген археологиялық зерттеулер, ашылған ескерткіштер. Жент т.б. қалалар мен қоныстар. Олардың табылған ескерткіш заттар, бұйымдар, салт-дәстүрі.

5. Біздің өлкеге қатысты этнографиялық мәліметтер.

Ежелгі дәуірден ХХ ғасырға дейін өлкені мекендеген халықтар, олардың пайда болуы,дамып қалыптасуы. Халықтардың шығу тегі , тұрмысы , салт-дәстүрі.

6.Біздің өлке туралы атақты ғалымдар , ойшылдар, саяхатшылар жазбаларынан.

Жеке саяхатшылардың аттары туралы мәліметтер.

А.В. Виноградовтың, Л.С. Толстовтың, Ә.Марғұланның,

Т. Қоңыратпаевтың т.б. еңбектеріндегі мәліметтер.

7.Өлкедегі жер-су аттарының тарихы.

«Жалағашым-жасыл бағым» кітабында келтірілген жер-су аттарын, олардың шығу тарихын, мән-маңызын талдау.


2-тақырып. Ерте дәуірдегі біздің өлке.


8. Ерте дәуірдегі біздің өлке туралы мәліметтер.

Біздің өлкенің ерте дәуірі туралы тарихи деректер. Қытай,грек, парсы,орыс т.б.Жылнамаларындағы деректер.


9. Біздің өлкедегі сақ және басқа да тайпалардан қалған мәдениет ескеркіштері.

Сусақтары,Суқарвақ, тохар, гуз тайпаларының тұрмысы,тіршілігі, олардан қалған ескерткіштер. Ойғарақ,Түгескен.


10. Ұлы Жібек жолы дәуіріндегі біздің өлке.

Рум,Қытай басқа да елдермен қарым-қатынасы. Жент - көрікті қала, өз кезіндегі өркениет орталығы.Қорқыт Ата біздің өлкеде. Біздің өлке Қаңлы мемлекетінің құрамында.


3-тақырып. Орта ғасырдағы біздің өлке.


11. Асан қайғы өткен тарихи орындар.

Қара қасқа атты Қамбарға байланысты тарихи атаулар: Қамбар төбесі, Қамбар қорғаны. Алғашқы орта ғасырдағы өлкеміздің тарихи қайраткерлері.

12. Шыңғысхан және оның ұрпақтары дәуіріндегі біздің өлке.

Жент қаласын монғолдардың жаулап алуы. Біздің өлкенің моңғолдар үстемдігі жылдарындағы тыныс-тыршілігі, халықтың әл-аухаты. Өлкенің шаруашылығы мен мәдениеті.

13. ХІ-ХҮ ғасырларда біздің өлкені мекендеген қазақ рулары.

Олардың тұрмыс - тіршілігі, шаруашылығы, мәдениеті. Орта ғасырда болған ерекше тарихи оқиғалар. Тарихта аты қалған қайраткерлер.

14. Ортағасыр ғалымдарының еңбектеріндегі біздің өлке туралы мәліметтер.

Наджи ад-Дин, Жамал Қарши, Мухаммед әл-Женди, Молла Ахмет Әл-Жендидің еңбектері туралы осы заманғы белгілі ғалым Әбсаттар Дербісәливтің жазғандары.


4- тақырып Қазақ дәуіріндегі біздің өлке.

15. Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі біздің өлке.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда өлке халқының қоныс аударуы. Женттің-Жаңақалаға, айналуы.Оның орнында қалған ескерткіштер,құландылар қандай сыр шертеді.

  1. Қазақ - Жоңғар қатынастары тұсындағы біздің өлке.

Туған жердің тәуелсіздігіне қауіп төнді.Сырттан болған шапқыншылықтан елді қорғау үшін жүргізілген азаттық күрес. Шөмекей Келмембет, Сарықасқа Тайқожа батырлардың, Құба және Жәрмембет билердің азаттық жолындағы қызметі.

Біздің өлке өкілдерінің 1710 жылы үш жүз өкілдерінің Қарақұмдағы бас қауға қатысуы. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындының» біздің өлкені қамтуы. Атақты Бұланты шайқасына қатысып, ерлік көрсеткен біздің жерлестеріміз. Сәрке және басқа да батырлардың ерліктері. Жүзжасар бидің Сәркенің денесін туған жерге әкеліп жерлеуі.

  1. Қоқан ,Хиуа хандықтарының қоластында біздің өлке.

Қоқан , Хиуа хандықтарының Сыр бойын жаулап алуы. Қожанияз қамалы - отаршылар бекінісі . Қоқандықтардың қарапайым халыққа көрсеткен зорлық зомбылығы. Халық тұрмысының күйзелуі.




5-тақырып. Патшалы Ресей қоластындағы біздің өлке.


18. Өлкенің патшалы Ресей қол астына өте бастауы.

1824,..1831 жылдары Патша өкіметі тарапынан қабылданған ресми құжаттардың біздің өлкеге тигізген салдары. Өлкенің қарапайым халқының үш жақты қысымға түсіп қаналуы. Біздің өлке өкілдерінің Қоқан, Хиуа хандарына қарсы жүргізілген азаттық жолындағы күрестерге белсене қатысуы.


  1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуы.


Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың Сыр бойына ауысуы. Қоқан хандары мен бектерінің Қасым төре мен оның балаларына жасаған опасыздығы.Кенесарының ол опасыздыққа қарсы әділетті күресі.Бұл күрес біздің өлкеден шыққан батырлар: Тоғанас Бәйтеков,Дәрмен Сарманов, Қараш Бұлғақов,Жаңқожа Кішкенбай Мәңгіұлов, Қабан, Бұқарбай, Меңлілерінің және Нысанбай жыраулардың қатысуы.

20. ХІХ ғасырдағы өлкенің шаруашылығы.

1967-68 жылдардағы әкімшілік реформаларының өлкеге қалыптасқан әкімшілік жүйені бұзуы. Мал және егін шаруашылығының дамуы. Каналдар қазылып, бөгеттер мен тоғандардың салынуы.Мұндай бүкілхалықтық іске Нәлібай, Бұқарбай батырлардың,Мырзабай үбіс, Сәтбай сияқты ел азаматтарының белсене қатысуы. Қазақ шаруашылығының базармен байланысы. Ресей фобрикаларының өнімдері біздің өлкеде.

21. ХІХ ғасырдағы өлке мәдениеті.

Халықты сауаттандырудың бастамасы. Дәулетназар, Мырзабай ахун, Шаймағанбет ахун т. Басқа діни сауатты ғұламалардың мешіттер жанынан мектептер ашып, бала оқытуы.

Ақындар Әзілкеш, Жарылқасын қоха, Машай күйшілердің қызметі. Нысанбай ақын және оның «Кенесары-Наурызбай» дастанының маңызы.


6- тақырып. Біздің өлке ХХ ғасырдың басында.


22. Біздің өлке ХХ ғасырдың басында.

Біздің өлке ХХ ғасырдың басында Қазақстанның халық шаруашылығына, біздің өлкемізге Ресей экономикасының әсері. 1901-1905 жылдағы Орынбор - Ташкент теміржолының келуіне байланысты өлкеде болған өзгерістер. Жалағаш стансасының салынуы.

ХХ ғасыр басында біздің өлкеден шыққан зиялы қауым өкілдері.Өлкенің мәдениеті.Халыққа білім беру ісі.

23. Біздің өлке 1916-1920 және Жаңа экономикалық саясат жылдарында.

1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысының біздің өлкеге әсері. Соғыс майданындағы қара жұмысқа қатысқан жерлестеріміз.Біздің өлкедегі Ақпан, Қазан төңкерістерінің оқиғалары. Өлкеде Кеңес өкіметінің орнауы. Қиындықтар мен заңсыздықтар.Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы біздің өлке. Алғашқы кеңестік шаралар. Олардың нәтижелері мен салдары.




24. Азамат соғысы жылдарындағы біздің өлке.

(1918-1920ж.ж.)

Азамат соғысының біздің өлкеге тигізген әсері. Ауыл шаруашылығы,мал шаруашылығының азамат соғысы кезіндегі жағдайы. Анненков, Дутов әскеріне қарсы соғысқан біздің өлке азаматтары. Олардың нәтижесі мен салдары.

7- тақырып. Біздің өлке 20-30 жылдарда (ХХғ.)


25. Біздің өлке бүкіл өлкедегі индустрияландыру кезінде.

Индустрияландырудың біздің өлкеге әсері. Өлке шаруаларының өнеркәсіп құрылыстарына қатысуы. Өлкедегі өнеркәсіпнышандары.

26.Ұжымдастыру кезіндегі біздің өлке.

20- жылдардағы өлкенің ауылшаруашылық жағдайы. Халықтың әл-ауқатының нашарлауы, басқа да қиындықтары.Ауылды кеңестендіру саясаты.Отырықшыландыру және оның зардаптары.

Біздің өлкеде ауылшаруашылығын ұжымдастыру.Бұрмалаушылықтар мен асыра сілтеушіліктер. Күштеп ұжымдастырудың салдары,оған қарсы наразылықтар.

Біздің өлкедегі 1930 жылғы Қарақұм көтерілісі-1929-1931 жылдары Қазақстанда отырықшыландыру мен ұжымдастырушыларға қарсы болған ең ірі көтерілістердің бірі.Көтерілісті ұйымдастырушылар мен оның басшылары.1930 жылғы сәуір шайқас.Ә.Жангелдин бастаған Мемлекеттік комиссия мен көтерісшілер арасындағы келісім-шарт. Голощюкин мен Альщанскийлердің екіжүзділігі мен опасыздығының салдары. 1930 жылғы 8 желтоқсандағы Тыныштықпай үстіртіндегі ақырғы шайқас. Көтерілісшілердің қатаң жазалануы. Бұл көтерілістің сабақтары мен тарихи маңызы.

1932 жылғы ашаршылықтың себептері,оның біздің өлкеге тигізген зардаптары.

1933 жылдың басталған оң өзгерістер. Алғашқы құрылған ұжымшар мүшелеріне Мемлекет тарапынан берілген көмек. Сол жылдары құрылған «Ынтымақ», «Еңбек», «Шаңлыкөл», «Қызыл Октябрь» ұжымшарлар тарихынан.

27. Өлкеміздің асыл азаматтары-қуғын-сүргін құрбандары. Бүкіл елге үлкен нәубет болған 30-жылдар, оның ең қасіретті жылдары-1937-38ж. Біздің өлкедегі 1937 жылғы «күйген склад» оқиғасы, жазықсыз отыздан астам адамның жауапқа тартылуы. Біздің өлкеден шыққан бүкіл елге белгілі қайраткерлер: Темірбек Жүргенов, Әбдірашит Бердаулетов, Ілияс Қабылов,Бодыбай Құлтекенов, Әбжаппар Жанаевтардың «Халық жаулары» атанып,жазықсыз атылып кетуі. 30-жылдардың соңына қарай өлкеде болған оң өзгерістер.








28. 30-жылдардың екінші жартысындағы өлкедегі қоғамдық-саяси, мәдени өзгерістер.

Өлке 1938 жылғы маусымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі сайлауын өткізуге дайындық. Оған біздің өлкеден депутат болып сайланған звено жетекшісі Айымкүл Ізтілеуова. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумы Указымен 1939 жылы 21 қазанда Жалағаш ауданының құрылуы, аудан орталығы Жалағаш қыстағы болуы.

30 жылдардың соңына қарай ауылдық кеңес сайлаулары өтті,9 ауылдық кеңестің құрылуы. Бұл кезде ауданда 1 МТС, 34 ұжымшар болды.

1940 жылы 3 қаңтарда аудандық кеңестің бірінші сайлауы болды.Оның төрағалығына Жаппасқали Төлепбергенов сайланды. 1940 жылы қаңтарда Жалағаш аудандық бірінші конференциясы болды. Бірінші ұйымдастыру пленумында аудандық партия комитетінің хатшылары болып С.И.Кистанов, У.Мамықов сайланды.

Ауданда 19 мектеп ашылды, 3025 оқушы болды. Аудан орталығында Орталық клуб, ауылдарда 10-нан астам оқу үйлері мен жиырма шақты қызыл мүйістер болды. Олардың мәдени-көпшілік қызметі.

Сауда орындары, олардың қызметі. Тұңғыш «Күрісшілер газеті».

1940-1941 жылдардағы (соғысқа дейін) ауданның егін, мал шаруашылықтарын дамытудағы жетістіктері.


8- тақырып. Біздің өлке соғыс жылдарында.


29. Біздің өлке Кеңес Одағының Ұлы Отан Соғысы (1941-1946) жылдарында.

Өлке соғыс басталуының алғашқы күндерінде.Әскер жасындағылардың жаппай армия қатарына шақырылуы.Біздің жерлестеріміз Ұлы Отан соғысы майдандарында. Аса қаhармандық пен ерлік көрсеткен біздің жерлестеріміз.

Біздің өлке еңбекшілерінің майдандағы жауынгерлерге көрсеткен материалдық және рухани көмектері.Еңбекшілерінің соғыс жылдарындағы ерен еңбегі.Соғыс жылдарындағы оқу -ағарту, мәдениет жәйі. Мектеп оқушыларының жеңіске қосқан үлесі.

Соғыс жылдарындағы халықтың әл-ауқаты, қиындықтар. Еліміздің түрлі аудандарынан келіп, қоныс тапқан, сондай-ақ көшіріліп келген туысқан халықтар біздің өлкеде.

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуы. Ұлы Отан соғысының Жалағаштық батырлары. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкенің атақты еңбек ерлері.


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!