Материалдар / “ Ұлттық тәрбие- ұлттық рухтың негізі”- сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“ Ұлттық тәрбие- ұлттық рухтың негізі”- сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани тәрбиені оқушыларға насихаттау үшін сынып сағатына арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
4102
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиелік шараның тақырыбы: “ Ұлттық тәрбие- ұлттық рухтың негізі”.

Тәрбиелік шараның мақсаты: ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиелік шараның міндеті: мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

Түрі: әңгімелесу, пікірталас

Көрнекіліктер:. проектор, слайдтар,үнтаспа

Жоспар:

  1. Құрсақтан басталатын бала тәрбиесі, емізу немесе ауыздандыру, кіндік жайында, баланы қырқынан шығару, шілдехана және бесікке салу туралы ақпарат беру.

  2. «Көкейдегі сұрақтар» айдарымен сұрақтарға жауап алу.

  3. Ұлдарға арналған тапсырма. (Ат әбзелдері)

  4. Қыздарға арналған тапсырма. (Шолпы және шашбау)

  5. Білгенге маржан..


Алғы сөз топ жетекшісі З.Е.Ахметова: Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне аса мән берген. Баланың жаман әдетті бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуіне ата-ана, ағайын-туғанды былай қойып, ауыл болып атсалысқан. Қазақтың кез келген баласы обал-сауапты жасынан түсінген. Қазақ баласы кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы ұрып-соғып, ұрсып-зекіп емес, жол сілтеп, жөн көрсетіп тәрбиелеген. «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби. Тәрбиенiң басты нысаны – елдiк сананы қалыптас­ты­рып, ұлттық рух пен ұлттық патрио­тизмдi негiздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Қай заманда болсын адамзаттың негізгі міндеттерінің бірі: жас ұрпақты ақылды да иманды, тәртіпті де еңбексүйгіш, өз ұлтының салт-дәстүрін бойына сіңіре білген азамат етіп тәрбиелеу болған. Әлемдік өркениеттің деңгейіне талпынған кез келген елдің, ұлттың өз мақсатына жетуінде сол ұлттық рухани құндылықтардың орны алабөтен және оның әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына әсері мол.Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ­қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Ұлттық тәрбие қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелердi: ана тiлiн, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн жастар, тастанды жетiм балалар, «қиын» балалар, қарт­тар үйлерiндегi әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгiжолы.Ұлттық  тәрбиенің  

басты  мақсаты – ұлттық  санасезімі  қалыптасқан,ұлттық  мүдденің  өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Ал, ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттері:ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу;білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету;қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып  табылады.


С лайд-1. «Құрсақтан басталатын бала тәрбиесі»

Қазақ «Келін жыласа, бала жасық болады» деп келінді жылауға жеткізбей, қас-қабағына қарап, әлдебір суық хабар болса естіртпей, кездейсоқ зардаптардан қорғаған.Біз баланы қазіргі кезде балабақшадан бастап тәрбиелеу керек дейміз ғой, шындап келгенде қазақ халқы тәрбиені балаға іште жатқан кезде-ақ бере бастаған. Келінді тәрбиелеу арқылы іште жатқан шарананы тәрбиелеген. Мысалы, келін аяғы ауырлағаннан бастап оның болашақ ана екенін үлкен ауылға, елге білдіріп, сол үйдің шаңырағына ақ шүберек байлап қойған екен. Содан бастап жұрт ол шаңырақтағы келіннің аяғының ауыр екендігіне байланысты үлкен-кіші демей оған бәрі қамқор болып жүреді.Сонымен қатар, ұрыс-керіс, айғай-шу болып жатқан жерден келінді аулақ ұстаған. Оның көзінше кім-кімге де өрескел сөйлеуге, айғайлауға, мінез көрсетуге тыйым салған. Оның өзіне де: «Қарағым, дауысыңды көтеріп даурықпай, биязы, сыпайы сөйле! Әйтпесе бөпеңнің мінезі шәлкем-шалыс, содыр болып қалады», — дейді екен. «Келген кісіні есіктен қайтарма, «қырықтың бірі — қыдыр» деген, қолыңнан дәм татқыз, ықыласын ал, шарапаты тиеді. Жас балаға зекіме, олар періштедей пәк, баланың мейірімі түссе бойың жеңілдейді. Итке «кет» деме, ол — жеті қазынаның бірі, иесіне жақсылық тілеп жүретін берекенің күзетшісі», — деген секілді қарапайым да астарлы кеңестерін беріп, келінді жағымсыз әдеттен сақтандырып, әдептілікке, кісілікке жетелепті. Сол арқылы іштегі балаға да тәрбие ұрығын сеуіпті. «Келін жыласа, бала жасық болады» деп келінді жылауға жеткізбей, қас-қабағына қарап, әлдебір суық хабар болса естіртпей, кездейсоқ зардаптардан қорғапты. Келіншектің күйеуіне «қосағыңның аяғы ауырлады, салмағын өзің көтеріс» деп, оның азаматтығына сенім артып, міндет жүктеген екен. Бала көтерген болашақ ананы боқтап, ауыр сөз айту немесе қол жұмсау қазақта үлкен күнә саналған. Ондай парықсыздыққа барғанда бүкіл ауыл болып айыптап, қатты сынға алған, жазалаған. 

Слайд-2. «Емізу немесе алғашқы ауыздандыру»


Біз ананың екі-үш күн ғана болатын уызында тектік қасиет болатынын біле бермейміз. Ал тектік қасиет дегеніміз — ұлттық қасиет. Бұрынғы әжелер өмір есігін жаңа ашқан жас нәрестені құйрықмаймен ауыздандырған. Алғаш аузына алып, татқан дәмі май болғандықтан да, қазақ баласының асқазаны ауырмаған екен. Кейде ер балаларды «қасқырдай қайсар болсын» деген ниетпен қасқырдың қылымен ауыздандыратын. «Қара суға қарап қалады» деген сеніммен баланы еш уақытта сумен ауыздандырмаған. Қазір жас нәресте туыла салысымен анасының бауырына салғанды жұрт жаңалық көріп, «америкалық тәсіл» деп дабыралатып жүр. «Америкалық тәсіл» болмай-ақ, біздің қазақ ежелден-ақ өмірге келе салысымен нәрестені анасының бауырына салған. Анада аналық сезімі баласын емізген кезде пайда болады. Алғаш сәбиін қолына алып, омырауын тосқан ананың алпыс екі тамыры шымырлап, өзгеше бір сезімге бөленеді. Қазақ әйелі ешқашан шашын қобыратып, орамалын байламай баласын қолына алмаған. Үнсіз оңаша отырып емізетін болған. Көргенді ене «балаңның жүзіне мейірлене қарап, іштей тілеуіңді тілеп отырып еміз, сонда балаң мейірімді әрі сенің қадіріңді біліп өседі» деп үнемі келініне айтып отырған. Баланы өзгелер қанша күтіп-бақса да, ананың мейірімі мен ақ сүтіне ештеңе жетпейді. Зейнеп апайдың айтуынша, нәресте бүкіл өміріне жететін иммунитетті екі күн еметұғын уыздан алады екен. Қазақта «уызына жарымаған» дейтін сөз бар. Мысалы, уыз ембеген жетім қозылар тез өліп қалады. Тіпті тірі қалған күнде басқа қозылармен салыстырғанда, шөкімдей болып, өспей қалады. Адам баласы да сондай болғаны ғой… Біз ананың екі-үш күн ғана болатын уызында тектік қасиет болатынын біле бермейміз. Ал тектік қасиет дегеніміз — ұлттық қасиет. Ата-бабаларымыздың уызға аса қатты мән бергенінің себебі — осы. Мейіріммен берілген сүт баланың бойына дәрумен болып, шипа болып сіңеді. Құр әншейін қарын тойғызу емес, мейірлене емізу арқылы балаға күш-қуат құйылған. Тіпті мұның астарында да үлкен тәрбие жатыр, бұл да негізсіз емес.

Слайд-3. «Кіндік жайында не білеміз?»


Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой... Бұл күнде қыздарымыздың белдері ашық-шашық жүреді. Бүйректеріне суық тиетініне, бүйректің суықты бірден қабылдайтын өте нәзік әрі сезімтал мүше екенін білмейді. Кіндікті көрсетіп жүргенді сән көріп жүрген қаракөз қыздарымыз жетерлік. Ал біздің қазақ кіндікті өте қасиетті деп санаған. Бұрын ұл баланың жолдасын — алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Әжелеріміздің «табалдырықты баспа» дейтіндері сондықтан. Ұл — шаңырақтың иесі, елін-жерін қорғайтын ертеңгі азамат, болашақ жауынгер әрі түздің адамы. Ал қыз баланың жолдасын да, кіндігін де оттың басына көмген. Олай болатыны, ол — қай жерге бармасын, қазан-ошаққа ие болар болашақ келін, ұрпақ өрбітетін болашақ ана. «Оттың басына түкірме» дейтін тыйымның мәні осында жатыр. Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой… Кім біледі… Былай қарасаң, кіндік — соншама қадірлеп әрі дәстүрлеп көметіндей емес, тырнақтай тері. Бірақ ата-бабаларымыз кіндікке соншама мән беріп, қасиетін бағалағандықтан да жаужүрек ұлдары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеген ибалы келіндері болды. Ата-бабамыздан бізге осыншама кең-байтақ жер қалуының бір сыры осында жатса керек. «Кіндік қаны тамған жер» деп те айтып жатамыз… Қалай десек те, бұл негізсіз емес. Бұл күндері, Құдайға тәубе, баланың кіндігі түспей жатып үйге шығарып жібереді. Белгілі себептермен перзентханада ұзағырақ жатып қалса, кіндікті сұрап алып, адам аяғы баспайтын ағаштың түбіне көміп тастайтын отбасылар қатары көбейіп келеді.


Слайд-4. «
Баланы қырқынан шығару»

Баланың 40 күнге дейін еті мен сүйегі бөлек тұрады. Ал қырқынан қалай шығарады, ет пен сүйек бірігеді. Бірнеше жылдан бері баланы 20 күннің ішінде қырқынан шығаратын үрдіс пайда болыпты. Айтуларынша, күн мен түнді қосып есептегендегі-кіші шілде. Бұл дегеніңіз арғы жағын білмеу. Қазақтың бұрыннан келе жатқан ешбір жырларында, шығармаларында күн мен түнді қосып есептеген жазбалар көрмейсіз. Не үшін қырқынан шығаратынын да білмейді. Мен өзім қазақтың кемеңгерлігіне, парасаттылығына, данышпандылығына қатты таң қаламын. Жаңа туған бала 40 күнге дейін жердің баласы емес. Өте қауіпті кезең. Ол баланың 40 күнге дейін еті мен сүйегі бөлек тұрады. Ал қырқынан қалай шығарады, ет пен сүйек бірігеді. Жылаңқы, мазасыз балалардың өздері қырқынан шыққаннан кейін көзі жылтырап, айналасына қарап жылағанын тоқтатады. Жас келіннің өзін 40 күн күткен. Суық суға қолын салдырмайды, кір-қоқыс ұстатпайды, қалжалап, сорпалап ұстайды. Өйткені, ұрпақтың болашағын ойлайды. 

Слайд-4. «Шілдехана»


Шілдехана жәй тойлау емес! Баланы қырқынан шығарғаннан кейін қазақ бірінші күні шілдехана тойын жасаған. Түнімен өлең айтады, домбыра тартады. «Түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» дейтін халқымыз туыла салған баланың құлағына ән-жыр сіңіреді. Шілдехана жәй тойлау емес! «Жын-шайтан жоламасын» деп шілдехана өткізеді, қазіргі тілмен айтқанда, жаман энергияны тап-таза, періште денесіне жолатпау. Неге? Себебі жеті әуезді Құдай жаратқан. Ән айтқан жерде жаман ой болмайды, тек жақсы көңіл-күй, жақсы тілек, таза ниет қана болады деп жорыған қазақ.

Слайд-5. «Бесікке салу»


Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие. Кемпірлер баланы бесікке салады, бесікке міндетті түрде әжелер салады, өйткені оның қолынан көптеген немере-шөберелер өтті.Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі — бесігін аңсап тұратындығында. Ондай бала өзінің бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала әбден тойған сәтте анасы бесікті жайлап тербете отырып, бесік жырын айтатын болған. «Қазақтың 3-4 жасар баласының тілі жатық, ал 5-6 жастағы балалар шешен әрі тауып сөйлейді, ойын ұтымды жеткізе біледі», — деп таңдана жазған екен жер аударылып келген поляк революционері А.Янушкевич өз естеліктерінде.Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да — алаңдатарлық жай. Біздің елде ауыздан қалмай келе жатқан аңызға бергісіз әрі біздің әулетке қатысты бір әңгіме бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер» деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады. Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан.



Көкейдегі сұрақтар:

  1. Ұлттық тәрбиенің әлсіреуіне не себеп болуы мүмкін?

  2. Қазіргі кезде отбасындағы ұлттық тәрбие қаншалықты маңызды?










Ұлдарға арналған тапсырма:

Қыздарға арналған тапсырма:

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.

Жеті қазына : Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит)

Жеті ата: 1. Бала 2. Әке 3.Ата 4.Арғы ата 5. Баба 6. Түп ата 7. Тек ата

Жеті жұт1. Құрғақшылық 2. Жұт (мал қырылу) 3.Өрт 4. Оба (ауру) 5. Соғыс 6. Топан су

7. Зілзала (жер сілкіну)

Жеті күн: Бүгін, Ертең, Бірсүгіні, Арғы күні, Ауыр күн, Соңғы күн, Азына

Жеті ғалым: 1. Шығыс 2. Батыс 3. Оңтүстік 4. Солтүстік 5. Аспан (жоғары ғалым) 6. Жер орта 7. Жер асты( төменгі ғалым)

Жеті әулие:1. Меке шәріп 2. Мәдина шәріп 3. Бұхар шәріп 4. Шам шәріп 5. Қатым шәріп

6. Құддыс (Мысыр) шәріп 7. Кәләм шәріп (Құран)

Жеті жоқ: Жерде өлшеуіш жоқ, Аспанда тіреуіш жоқ, Таста тамыр жоқ, Тасбақада талақ жоқ, Аққуда сүт жоқ, Аллада бауыр жоқ, Жылқыда өт жоқ.

Жеті жетім: 1. Тыңдамаған сөз жетім 2. Киюсіз тозған боз жетім 3. Иесіз қалған жер жетім

4. Басшысы жоқ ел жетім 5. Аққу – қазсыз көл жетім 6. Жерінен айырылған ел жетім

7. Замандасы болмаса – бәрінен де сол жетім

Бес қару: Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта

Бес өсиет: 1. Топасқа сенбе 2. Жауға иілме 3. Сақ жүр 4. Аз үйге сенбе 5. Жарлыдан сый алма

Бес намаз:1. Таң намазы 2. Бесін намазы 3. Екінді намаз 4. Ақшам намазы 5.Жашиық намазы

Бес жаратылыс : Күн, Ай, Жұлдыз, Күндіз, Түн

Бес қатер:1. От 2. Жау 3. Борыш 4. Ауру 5. Сөз

Үш даусыз: Мінез, Кәрілік, Ажал

Үш арсыз: 1. Ұйқы арсыз 2. Күлкі арсыз 3. Тамақ арсыз

Үш тәтті:1. Жан тәтті 2. Мал тәтті 3. Жар тәтті

Үш ғайып: Ажал ғайып, Қонақ ғайып, Несібе ғайып

Үш қадірлі: 1. Ырыс 2. Бақ 3. Дәулет

Үш қуат:1. Ақыл қуат 2. Жүрек қуат 3. Тіл қуат









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!