Материалдар / « Ұлы даланың ұлық тұлғасы: Әл-Фараби» тарихи кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Ұлы даланың ұлық тұлғасы: Әл-Фараби» тарихи кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ,оқушыларға ұлық тұлға туралы мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

Құдықсай негізгі мектебінің

Тарих пәнінің мұғалімі

Биржанова Роза Кенжетаевна


« Ұлы даланың ұлық тұлғасы: Әл-Фараби»

Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жаң-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

Тәрбиелік мәні:Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Көрнектілік: Әл-Фарабидің портреті, нақыл сөздері,кітап көрмесі Видеоролик көрсету. Әл -Фараби  өмірі мен шығармашылығы.

Мұғалім: Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап,  мерейтойды дайындау  және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын.

2жүргізуші:Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні  - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби.  Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен  "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. «Сол себепті «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған» дейді зерттеушілер.

1 жүргізуші: Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әл-Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Әкесі әскербасы болатын.   Ештеңеден кемдік көрмей өскен айрықша дарын иесі Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен. Алғашында Бұхарада, Самарқанда білім алады, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында зерттеумен айналысқан. Ақыры Бағдад қаласында тұрақтап қалады. Бұл жерде 20 жылдай тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Содан кейін Шам жеріне (Бағдад) қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.  "Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.

1 жүргізуші: Сонымен қатар, Аристотелдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын түсіндіріп қана қоймай дамыта білген адам.  «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Музыка туралы үлкен трактат секілді  көптеген философиялық еңбектер жазды. Жалпы саны 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді.

Сағыныш сазы.

Шам шаһарында тұрғанда Әбу-Насыр әл-Фараби бір жағынан патшаның бау-бақшасын күтіп-баптаса,екіншіден, қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты. Бақшадағы хауыз жанында,кілемше үстінде құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады.Мәуе ағаштарының бұтақтарына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады.Ол омырауына түскен салалы сақалын сипап отырып,мына бір шумақтарды қағаз бетіне түсіріпті: 

Кеткенім жоқ, елім,сенен атақ,бақыт,тақ іздеп,

Шықтым, жұртым,шалғай жаққа ғылым атты шам іздеп.

Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,

Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін балаңмын.

Жүзім сынық,көңілсіз күйге түстім мен бүгін,

Саған деген серпе алмаймын,ынтызарлық түндігін.

Айналайын там-қыпшақ,туған жерім,сағындым,

Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым.

Бұл өлең жолдары әрі ғалым,әрі шайыр бабаның жасы сексеннен асқан шағындағы туған еліне деген «сағыныш сазы» болса керек

2жүргізуші:Бір айта кетерлігі, әл-Фарабидің балалық, жастық шағы туралы тұщымды мақлұмат жоқ. Тек жасы елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударған кезінен бастап қана айтыла бастайды. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы бабамыздың туған жері, ұлтына, тегіне қатысты қарама-қайшы пікірлер айтылып келді. Зерттеушілердің көбі Әбу насырдың тегіндегі Тархан сөзіне қарап қана түркі текті деп болжам жасап жүрді. Махмұд Қашқари өзінің «Диуани лұғат ат-түрк» атты әйгілі еңбегінде «Фараб қаласының түрікше атауы – Қарашоқы» деп жазады

Мұғалім сөзі: Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдад қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. 
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, 
бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді. Алайда біз балалар Әбу-Насыр ӘлФараби бабамыздың еңбектерімен алдағы уақыттада танысамыз. Әл-Фараби бабамыздың шығармаларын бір сабаққа сыйғызу мүмкін емес.

1 жүргізуші: Жұрт арасында әл-Фараби айтыпты дейтін аңыз-әңгімелер мен ұлағатты сөздер өте көп. Белгілі зерттеуші Ақселеу Сейдімбек Әбу Насыр әл-Фарабидың нақыл сөздерін жинақтап арнайы еңбек етіп жариялағанын айта кету керек. Енді осы еңбектегі әл-Фараби айтыпты дейтін тәмсілдерге тоқталып өтелік:Бір күні әлде кім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен.

Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздері мен өлеңін тыңдайық.

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма
Тіпті кейде болса да әзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып

Бауырын қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын ләйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бей-опа мына заманда,
Бақыл боп кетер адамда.
Жұрт кілең күнін көп қызық,

Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

2жүргізуші:Қорыта айтқанда, әл-Фараби бабамыздың мұраларын зерттеу, насихаттау, оларды келесі ұрпаққа жеткізуде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Алайда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талабынан қарасақ, бұл жұмыстарды әлі де тереңдете түсу керек. Әл-Фараби сияқты ғұлама бабамыздың еңбектерін толық, жан-жақты зерттеп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару орайында, әлі де көп тер төгуге тура келеді.

2020 жылы тойланатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде, әлемдік мәдениеттің ұлы мерекесі дәрежесінде өзінің туған жері Қазақстанда өтуі тиіс.

Мұғалім: Бүгінгі шарамыз өз мәресіне жетті.

Назар аударғандарынызға рахмет.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!