Материалдар / " Вокал " үйірмесі 5сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

" Вокал " үйірмесі 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5сыныпқа вокал үйірмесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
1076
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Ән айту ережесі. «Балалық шақ»-үйрену

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.


Жаңа сабақ.

Ән айту үшін алдымен оның орындалу әдіс-тәсілін, ережелерін білу қажет.Балалар ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын біліп алғандары жөн.

1.Әнші кеудесін кең тыныс алатындай денесін сәл алға ұмтылдыра, тік және еркін ұстауы керек.

2.Әнші басын табиғи қалыпта, еркін, бос, күш түсірмей ұстауы қажет.Әншінің аяғы да жерді нық басып тұруы тиіс.

3.Адамның тыныс алуға қатысатын тіл, жақ, ерін жұтқыншақ, таңдай, сияқты дене мүшелерінің де атқаратын рөлі зор.

4.Ән шырқамас бұрын бөлмені тазартып, желдетіп алу керек.

Ән үйрену. «Балалық шақ» Әні А.Маханбетова. Өлеңі: Ә.Асылбек

Былдырлаған бала тіліңмен

1.Тәттілін танытқан

Туған жерім түйсігімді,

Танымымды танытқан.

Ана тілім, Баба тілім,

Мен өзіңді сүйемін.

Өз тілімде жазған тарих,

Шежіреге иемін.

Қайырмасы

Балалық шақ,

Шыңырауы шаттықтың

Балалық шақ,

Бал бұлағы пәктіктің,

Жапырағы жас құрақтың,

Шамшырағы жастықтың.

2.Ана тілім, баба тілім,

Мен өзіңді сүйемін

Өз тілімде жазған тарих

Шежіреге иемін.

Былдырлаған бал тілімнің

Тәттілігін танытқан.

Туған жерім, түйсігімді,

Танымымды танытқан.


1.Дауысқа жаттығулар жасау.

2.Әннің мәтінімен танысу.Өлшем бірлігімен, динамикалық белгісімен танысу.

3.Әуенімен орындау.

4.Бірге орындау

Үйге тапсырма.Балалық шақ әнін жаттау,




































Сабақтың тақырыбы: Ән айту ережесі. «Балалық шақ»-үйрену.Дауысқа бөлу.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үйге берілген әнді «Балалық шақ».Әнімен орындау.

Сөзін жатқа айту.

Ән айту ережесі бойынша әнді орындау.

Сұрақтар

-Ән айту ережесі дегеніміз не?

-тыныс алу және оның түрлері.

2. Оқушыларды дауысқа бөлу.

Дауыс ерекшелігін анықтау.

Музыка тыңдау.

орындап көрсету.

Оқушылармен бірігіп орындау.


























Сабақтың тақырыбы: Дауыс қою. Халық әні «Сәулем-ай»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үйге берілген әнді «Халық әні».Әнімен үйрену.

Сөзін жатқа айту.

Ән айту ережесі бойынша әнді орындау.

Дауысқа жаттығулар жасау.До мажор гаммасы бойынша.До-до- ре-ре-ми-ми.До-ля-ми

Сұрақтар.

Ән үйрету.

1Аяғыма кигенім былғары етік, сәулем-ай,

Табанымнан барады ызғар өтіп сәулем-ай.

Жақсы болсаң, келерсің судан өтіп сәулем-ай.

Жаман болсаң, кетесің суға кетіп, сәулем-ай.

Қайырмасы.

Сәулем, сәулем сәулемсің.

Басымдағы дәуренсің.

Жақсы болсаң сәулемсің.

Жаман болсаң әуремсің.

2.Ай болмаса әуеде адасады, сәулем-ай,

Көтермесе көңілді кір басады, сәулем-ай

Жақсылардың кеудесі алтын сандық, сәулем-ай,

Кілт болмаса сандықты кім ашады, сәулем-ай.


Үйге тапсырма.Х.ә «Сәулем-ай» мәтінін жаттау.Әуенімен қосып айту
















Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары. «Ана тілін сүйемін»

Сабақтың мақсаты: 1. Шығарманы ансамбльдік құрылымда дыбысты таза айтуды, ритмикалық нюансты құбылыстарды сауатты орындауды меңгерту.
2. Хор мүшелерініңбелсенділігін, ынтасын арттыру, мектеп өміріндегі хор ұжымының ролін айқындау

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үйге берілген әнді «Халық әні».Әнімен үйрену.

Сөзін жатқа айту.

Ән айту ережесі бойынша әнді орындау.

Дауысқа жаттығулар жасау.До мажор гаммасы бойынша.До-до- ре-ре-ми-ми.До-ля-ми.Демді жинап шығару.Үздіксіз тыныс алу жаттығулары.

Үй тапсырмасы бойынша «Сәулем-ай» әнін орындау.

Ән үйрену: «Ана тілін сүйемін»

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев. Сөзін жазған:Қ.Толыбаев

1.Әлдилеген анамның,

Аясында шалқыдым.

Ұғып тыңдап қаламын.

Бақыт тілін, бал тілін

Ана тілі-өлеңім,

Тербетеді бөбегім.

«Ана тілін» қолтықтап

Мектебіме барамын.

Ана тілі-бал бұлақ

Сусындаймын, қанамын.

Сүйенішім, тірегім-

Ана тілін сүйемін

2.Ана тілі-ақылшым,

Асыратын қиядан.

Баулитұғын ұядан.

Малтып жүріп тереңін,

Маржандарын теремін!

Әнді шуағымен қайырмасы арасындағы байланысты көрсете отырып орындау.2/4 орташа екпінмен орындалады.

Үйге тапсырма: «Ана тілін сүйемін» жаттау.









Сабақтың тақырыбы: Әндік дыбыс жаттығулары.Ән «Құтты болсын мереке»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасы бойынша «Анам тілін сүйемін» әнін орындау.

Әр жаттығу әр түрлі орындалады. Мысалы да, дә, ди, до, ду буындарында дыбыстарды ерінді ықшамдай отырып, жақты босатып ауызды жақсы кең ашу арқылы орындалады.
Legato әдісімен жүргізу керек. Legato дегеніміз жалғастырып жүргізу деген сөз. Бұндай жағдайда кез-келген жерден дем алмай тек көрсетоілген жерден ғана дем алу керек.
Стакатто дегеніміз дыбыстың бөліп, бөліп айтылынуы.
Жаттығуларды орындалатын хор шығармасына байланысты айтқызуға болады.
Жаттығулар дегеніміз хор ұжымын ән айтуға дайындау мақсатында дауыс қыздыру үшін берілетін, жүргізілетін жұмыс.

Ән үйрену. «Құтты болсын мереке» Әнін жазған:Ж.Еңсепов.Өлеңін жазған:Т.Рахимов

1.Шертіп сырын мол күйді,

Жүрегеіміз толқиды,

Көкіректі кернейді ән.

Қайырмасы.

Барлық ұстаз апайлар,

Барлық ұстаз ағайлар!

Құтты болсын

Құтты болсын төл мейрам. 2 рет

2.Би билейміз талмаймыз,

Әнімізді арнаймыз

Ұстаздардың бәріне.

Қайырмасы.

1.Әннің мәтінімен таныстыру.

2.Дауысқа жаттығулар жасау.

3.Өлшем бірлігімен, динамикалық белгісімен танысу.

4.Әуенімен орындау.

5.Бірге орындау

Үйге тапсырма. «Құтты болсын мереке» әнін жаттау.





Сабақтың тақырыбы: Вокалды дикция. Ән «Анашым-әкем»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасы бойынша «Құтты болсын мереке» әнін орындау.

Жаңа сабақ

Ауыз қуысы тіл, ерін, тіс түбі, кішкене тіл, иек.
Тіл - ең жылдам жылжитын мүше.
Ерін – олда жылдам жылжитын мүшеге жатады.
Тіс – кейбір дыбыстарды шығаруда маңызды роль атқарады.
Таңдай – қатты, жұмсақ деп екіге бөлінеді.
Иек – ауыз қуысын бірде күшейтіп бірде тарылтып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейіп дауысты дыбыстар шығады а,ә,о,ө,е.
Иек жоғары көтерілсе ы,і,и,ұ,у дыбыстары шығады. Мұрын қуысы дыбыс шығаруда кішкене тілмен байланысты. м,н,ң (сонар) дауыссыз дыбыстар пайда болады.
Ерін дауыссыз (м)
Тіл ұшы дауыссыз (н)
тіл арты дауыссыз (ң) деп аталады.
Вокалды хор техникасын қалыптастыруда ең маңызды роль атқаратын жұмыс күнделікті жаттығуларды дұрыс жүргізу және хордың әрбір мүшесінің оны түсініп орындауы.

-Ән «Анажаным»-әнді тыңдау.Әні мен сөзі Б.Бейсенова

-Мәтінімен танысу, дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырып орындау.

-Әнді тыңдай отырып, қасылып орындау.

-Әнді ән айту ережесіне сай орындау.

1.Анашым, анажаным,

Аялы алақаның.

Есейіп кетсем дағы

Мен сенің балапаның.

Анашым, анажаным,

Мейірбан, балажаным,

Бақытым емес пе еді,

Өмірді сыйлағаның?!

Қайырмасы.

Көңілің күндей

Өмірің гүлдей,

Жадыра, күл де-ей, жан анашым!

2.Бойыңда мен сүйетін,

Көп сенің қасиетің.

Аяулы перзентіңмін.

Алдыңда бас иетін.!

3.Балаймыз бағымызға,

Арайлы таңымызға

Аман боп жүре бергін,

Анашым жанымызда!

Қайырмасы.

Үйге тапсырма:Анажаным әнін жаттау.






































Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары. « Менің әжем осындай»

Сабақтың мақсаты: 1. Шығарманы ансамбльдік құрылымда дыбысты таза айтуды, ритмикалық нюансты құбылыстарды сауатты орындауды меңгерту.
2. Хор мүшелерініңбелсенділігін, ынтасын арттыру, мектеп өміріндегі хор ұжымының ролін айқындау

Әдісі: Түсіндіру. Орындау.

Көрнекілік: Үнтаспа.Баян.Муз аппараттар

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасы бойынша «Анажаным» әнін орындау.

Жаңа сабақ

Тыныс алу жаттығулары. До мажор тоналділігі бойынша

До, ля, ми.

Ля минор тоналділігі бойынша жаттығулар.

Ән үйрену.

1.Әннің мәтінімен танысу.

2.Әнді тыныс алу жаттығуларын жасай отырып орындау.

3.Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту.

4.Әнді әуенімен қоса орындау.

«Менің әжем осындай»

Әнін жазған: А.Маханбетов

Сөзін жазған: Ә.Асылбек.

1.Құшағында өстім мен,

Жақсы көрем әжемді,

Ғажап адам өзі енді.

Қайырмасы:

Еркелетер аппағым деп,

Менің әжем осындай.

Ақыл айтар томпағым деп

Менің әжем осындай.

2.Ертелі-кеш бір тынбай,

Еңбек етіп жүргені,

Әзілдесіп жарқылдай,

Жарасымды күлгені.

Қайырмасы:

3.Жалқауларға жаны қас,

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!