Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
А1 Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурахунова Роза Чукеевна Мұғалім портфолиосы А есебі
№02-ПҚМҚ-02-17 Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
Алматы қаласы 07.11.2017ж
А түйінді идеяларды білуі және түсінуі
А1 Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп
Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында (МАН 5-бет). Сондықтан оқыту мен оқуға жаңа өзгерістер енгізу қажет деп ойладым. Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізуді өзімнен бастағым келді.Ол үшін мектебіме барып, сыныптағы оқушыларды зерттеу жасауым маңызды білдім.
Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың арасы аспан мен жердей екенін байқадым. Оған дәлелім, дәстүрлі оқыту кезінде басты рөлді үнемі мұғалім тарапынан келетіні және сабақтың тең жартысында оқушыға түсіндіремін деп көп сөйлеп, уақытты өткізіп, оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндігі болмайтынын түсіндім.Оқушыларымның арасында қабілетті, талантты оқушылар болған екен , бірақ соны ары қарай дамытып, түрлі тапсырмалар беру арқылы алға қарай жетелемеген екенмін.
Осы қателіктерді болдырмау мақсатында, курстан алған білімімді әріптестеріммен бөлісіп, жаңа форматтағы сабақ жүргізіп көргім келді.Бұл жоспарымда бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарымда тиімді қолданып ықпалдастыруды негізгі мақсат етіп алдым. Тізбектелген сабақ жоспарын құруда,мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың көмегі көп тиді.Жоспарлаған әдебиеттік оқу сабақтарының маңыздылығы орнындалатын әрекеттердің нәтиже көрсетуі.Оқудың алдында болатын іс-әрекеттер,мүмкін болатын барлық кедергілерді ескере отырып,сабақ жоспарын орындау міндетті болып табылатын бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес,бағыт-бағдар көрсететін көмекші құрал ретінде қараймын,өйткені оқушылардың жас ерекшелігіне қарай зейіні де бір жерде ұзақ шоғырланып тұрмайтынын болжаймын.
Ұлы ақын,ағартушы Абай Құнанбаев адам ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы ,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады деген құнды пікірге сүйене отырып, курс барысында үйренгенімді тәжірибе жүзінде іске асырғым келді.
Тәжірибе барысында 3 «Б» сыныбын алдым,себебі, өзім сынып жетекшісімін.Сыныбымда 29 оқушы бар.Оның ұлы-15,қызы-14.
«Маужырап барқыт қоңыр күз» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын жасадым.
Бірінші модульді қолданғанда «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің екі аспектісін ескеремін. «Қалай оқу керектігін үйрету» бойынша сабақта психологиялық жағымды ахуал бойынша шеңберге тұрғызып, «гүл сыйлау», «мейірім шуағы», «періште ойыны», «сиқырлы қобдиша» әдістері бойынша ынтымақтастық атмосферасын құрғызамын. Топқа біріктіріп,топ ережесін оқушылардың өздеріне шығаруын ескертемін.Топты құруда кездейсоқ іріктеп алуға тырысамын.
Басқа пәндерге қарағанда, әдебиеттік оқу сабағы тұтастай диалогтан тұрады деп айтар едім.Себебі сабақ үстінде оқушының сөйлеуіне ,көркем сөйлеуіне,ойын тиянақты жеткізуіне көп көңіл бөлінеді.Жаттаған өлеңдерін айту,алған әсерлерімен бөлісу,оқыған шығармаларын топ арасында талдау , осының бәрі сыныптағы оқушылар мен мұғалімдер арасында диалог арқылы жүзеге асады.Оқушылар түрлі тапсырмалар орындау барысында жұптасып,топтасып,жекелей жұмыстар атқарады. «Ой қозғау»әдісін пайдалана отырып, суреттер бойынша сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптары тыңдалады. «Түртіп алу» әдісін сабақта үнемі қолданамын.Мұнда оқушы түсініксіз сөздерді түртіп алуы арқылы өз бетінше жұмыс жасайды.
Оқу мақсаттарына жеткендерін білу үшін баға өте маңызды үдеріс.Бағалау үдерісі оқушылар үшін үлкен жауапкершілікті сезініп, бәсекелестік, әділдік қабілеттерін бойларына сіңіре алады деп ойлаймын. Сабағымның барысында оқушының әрбір іс-әрекетіне қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданамын. Бағалаудың екі аспектісі бар екенін білдім. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылықты ажырата алатын болдым. «Көңілді смайлик», «Жапырақ жинау», «Түрлі түсті алма жинау», «Бағдаршам», «Ауа-райы» әдістері, топтық бағалау, өзара бағалау әдістері арқылы бағалайды. Сабағымның рефлексия бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты түсіну деңгейін білу, өзіндік талдау жасай алуына ықпал ету мақсатында «Ойды аяқта», «желкенді қайық», «миыңның суретін сал», «үш түрлі күнделік» стратегиялары арқылы сабақта қызықты, қиын, құнды не болғанын анықтаймын. Оқушылардың рефлексиялары арқылы келесі сабағымның жоспарына неліктен және қалай түзету енгізуге болатындығын айқындаймын.
Тақырыпты меңгерулерінде зиятты қабілеттері қарқынды болуын қадағалап,дарынды және талантты балаларға шағын мәтін құрастыруларын, эссе жазуларын, сыни тұрғысында берілген сұрақтарға жауап берулеріне мүмкіндік беремін.
Жас ерекшелікке байланысты оқушыларымның ынтасын өздерінің қабілетіне қарай қолдау жасап,бағыт-бағдар беріп отырамын. Сабақтарымда АКТ-ны пайдалана отырып, ақындардың өмірлерімен танысады,сурет бойынша өз ойларын бөліседі.Қызығушылықтарын арттыру барысында,сергіту сәтіне көңіл бөлемін. Мәселен, «Австрия жаңбыры», « Ертегі әлемі»,«Попури әндер» т.б.
Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа алып,сабақ барысында топтағы белсенді оқушыларға өз қызметтерін бөліп алуын тапсырамын.
Қысқа мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаған кезде бағдарламаның жеті модульін ықпалдастыру менің басты мақсатым болды.
Тақырыбы:Күзгі орманның көріністері.Мақсаты:Мәтінмен таныса отырып, күзгі орман көріністерін насихаттау.Құстар мен аңдардың тіршілігін әңгімелеу.Ең алдымен «Періште ойыны» бойынша ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.Ағаш қиындыларын бөліктерге бөліп,оны құрастыру арқылы топтар құру. Әр топ басшысын және бағалаушыларын сайлату, өз міндеттерімен таныстыру Топ ережесін құру. Жас ерекшелікке байланысты оқушылар мәтінді топ арасында оқып, талдайды.Өз ойларын бөліседі.
АКТ-ны пайдалана отырып «Ой қозғау» әдісі бойынша есту арқылы өз ойларын нақтылауға, саралауға, салыстыруға жетелеймін. Жаңа тақырыпты анықтап алған соң,топтық жұмыс жүргіземін.Жұптық жұмыс жүргіземін.Диалог құрайды. «Жеке жұмыс» суреттерге қарап,аңдар мен құстар жайлы жұмбақ тауып,жазады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде қалыптастырушы бағалауды қолданамын. «Топтастыру» әдісі арқылы берілген суреттен құстар мен аңдарды топтап жазады.
Рефлексия бөлімінде «Желкенді қайық» әдісін пайдаланып, өздерінің іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды. Рефлексия арқылы ,өзін-өзі бағалай білуге,өз жұмысын сыныптастарымен салыстырып,өзін-өзі реттеуге ықпал етіп, өз ойларын ортаға салып талқылауға және дәлел келтіре отырып нақты шешім табуды үйренеді,оларды түзетуге мүмкіндік алады.
Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау
Пән:Әдебиеттік оқу
Сынып:3 «Б»
Пән мұғалімі:Нурахунова Роза Чукеевна
Тараудың тақырыбы: Маужырап барқыт қоңыр күз
Түстер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау АКТ
Талантты және дарынды балаларды оқыту Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.1.Маужырап барқыт қоңыр күз. |
Мектеп: Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қаласы |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Нурахунова Р.Ч |
|||||
Сынып: 3 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы: Елемес Салықов. Күзгі орманның көріністері. |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Мәтінмен таныса отырып,күзгі орманның көріністерін насихаттайды.Диалог құрайды.Жұмбақтар құрайды. Мәтінге сүйеніп, құстар мен аңдардың тіршігін әңгімелеу. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Оқушылар мәтінді оқи отырып,түсінгендерін өз сөзімен еркін жеткізе алады, мәтіннің негізгі идеясын аша алады. Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалған мәтін бойынша өз болжамдарын салыстыра біледі Кейбір оқушылар: Күз туралы өз ойларынан жұмбақ құрастыра алады,күз туралы сөзжұмбақтар құрай алады. |
|||||
Бағалау критерийлері |
-Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді,әңгімелейді. -Қиын сөздердің мағынасына
талдау жүргізе алады. -Алған білімдерін өзгелермен
бөлісе алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық құндылықтары
|
|||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі,дүниетану,сурет сабағы |
|||||
Алдыңғы білім |
Күздің керемет екендігі,жануарлардың қысқа дайындығы туралы біледі. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарлан- ған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||
Сабақтың басы 3 мин 2 мин Сабақтың ортасы 20 мин 5 мин 7 мин Сабақтың соңы Рефлексия 3 мин
|
Ұйымдастыру. «Періште» ойыны Мақсаты:Оқушыларды достық қарым-қатынасқа бір-бірін сыйлауға баулу. Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып,бүктеп жасырамыз.Бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады.Оны ешкімге айтпай құпия ұстауы керек.Өйткені сол адам оның періштесі болады. Оқу жылының аяғына дейін жүреді. Топқа бөлу. Ағаш қиындыларын құрастыру арқылы топтарға бөлу. «Терек», «Қайың», «Шырша», «Қарағай», «Емен» Үй тапсырмасын тексеру. «Жалғастыр» әдісі Әр топтағы бір балаға қызыл түсті лента мойнына тағылады. Сол бала үй тапсырмасын тізбекпен айтып шығады. Сөзжұмбақ құрап келген оқушыларды тексеріп шығу. Жақсы жауап берген топ оқушыларына смайликтер беру арқылы бағалау. «Ой қозғау» АКТ-мен жұмыс -Қане,балалар көзімізді жұмайықшы.(Ормандағы құстардың шықылықтаған дауыстары естіледі,әуен қою) -Ал,енді көзімізді ашамыз. -Сіздерге қандай ой келді,не байқадыңдар? -Қалай ойлайсыздар,тақырып не жайында болмақ? -Күзгі орманның көрінісі қалай болады деп ойлайсыздар?( Әр топ өз ойын айтады.) -Неліктен күзгі орманның көріністері деп аталған? 1-тапсырма: «Топтық жұмыс» Мәтінді іштей оқып талдау, топ арасында. 1.Мәтіннің басы немен басталады? 2.Ортасы не туралы? 3.Мәтін немен аяқталады? 4.Мәтінге басқаша қалай ат қоюға болады? Мәтінді әрі қарай қалай жалғастырар едіңдер? «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау 2-тапсырма: «Жұптық жұмыс. Диалог құру. Күзгі орман жайында бір-бірімен диалог құрайды. Оқушыларға сандар таратылады. Сол санды мұғалім атағанда,сол санды алған жұп жауап береді. «Үш шапалақ» арқылы бағалау. 3-тапсырма: «Жеке жұмыс» Дәптермен жұмыс. Суретке қарап,атауларын жазып, олар туралы жұмбақ айту.Суретке қарап,атауларын жазып,жұмбақ жазу. Қатесіз орындаған балаға көңілді смайлик беремін. Сергіту сәті: «Австрия жаңбыры» «Топтастыру» әдісі бойынша берілген суреттен құстар мен аңдарды топтау. «Желкенді қайық» әдісі бойынша қайықты бояу. Сол арқылы түсінгендерін анықтауға болады. Үйге тапсырма:45-47 бет оқу.Орман-біздің байлығымыз шағын әңгіме жазып келу. |
Оқушылар шеңберге айнала тұрып,тілектер айтады. Әр бала алған қиындыларына байланысты топтарға бөлінеді Балалар үй тапсырмасын айтып шығады. Сұрақтарға жауап береді. Топтық жұмысты талдайды. Жұптық талқылау жасайды. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Шеңберге тұрып қимылдарды жасайды. Сабақ бойынша өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасайды. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. |
||||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Сабақтың құрылымындағы белсенді іс-әрекеттер, зертханалық жұмыс орындау барлық балалардың ішкі уәжін оятып, оқу мақсатына жетуге оң ықпал етеді.Жұппен жұмыс барысында терең түсінген оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Ойлаудың жоғары деңгейі қалыптасқан оқушылар қосымша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау кезінде өзгелерді оқытып, оқуды жақсартуға қолдау жасайды, қорытыныдылар бойынша ой түйіндей алады. |
Бағалауда оқушылардың өзіндік пікірлері қалыптасатын жеке, жұптық топтардағы бір-бірінің пікірін ескере отырып, бірлесе орындауда қолданатын қалыптастырушы бағалау тәсілдерін критерий бойынша өзін-өзі бағалау әдістерін қолданамын
|
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақта уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
|
Түстер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
АКТ
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Оқытуды басқару және көшбасшылық
А2 Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірбиесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Коучтер-тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі.(МАН-88)
Қазіргі өзекті мәселенің бірі әріптестеріміздің әдістемелігіндегі қажеттілігін анықтау мақсатында әңгімелесу,сұхбат,сауалнама, қолдау көрсетемін.Өзімнің еңбек ететін мектебімдегі әріптестеріммен бірге коучинг сабағын жүргізуді жоспарлаймын.Мектептегі әріптестеріммен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізуді алдыма мақсат етіп қойып отырмын.Сол себептен,тәжірибеме өзгерісті енгізу үшін не істеу керекпін?-деген сауалға жауапты мен бірінші бетпе-бетте оқыған теориялық білімдеріме сүйенемін. Қазіргі заманда мұғалім тек жеке сыныппен емес тұтас оқу қоғамдастығының бір бөлігі деп ойлаймын.
Коучинг өткізуде, мен, ойлаған мақсатыма жету бағытында көп іздендім.Курста алған білімдерімді еске түсіре отырып,ойша талдау жасадым.Коучинг жүргізген кезде әріптестерім үшін менің әрбір іс-әрекетім,шеберлігім өте маңызды екенін түсіндім.Осы мақсатты басшылыққы ала отырып, еңбектеніп,бағдарлама негізінде жұмыс істеуге бет алдым.Коучинг сабағымның тақырыбын таңдамас бұрын, мектеп әкімшілігімен кездесіп,мұғалімдердің сұраныстары бойынша коучинг сабағымның тақырыбын анықтау мақсатында әріптестерімнен сауалнама алуды ұйымдастырдым. Сауалнама алған кезде оқудағы қандай кедергілер кездесетіні туралы және оларды жою жолдары жайлы әріптестеріммен сұхбаттастым. Коучинг жоспарлау уақытында мәнмәтінге,өзектілігіне,жүйелі жүруіне басты назар аударамын. Мектептегі қоғамдастық мүшелеріне қолдау көрсетіп, дамыту өзекті мәселе деп ойлаймын.Әріптестерімнің қызығушылығы мен ықыласына орай коучинг жоспарына топтық, жұптық тапсырмалар жоспарлаймын. Әріптестерімнің оқыту тәжірибелерін жақсарту мақсатында екі коучинг өткізуді жоспарладым.Оның біріншісі жалпы мектеп бойынша да , ал екіншісі бастауыш сынып бірлестігі бойынша өткізілетін болады.Мектеп бойынша өтілетін коучингтің тақырыбы «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың білім сапасын жақсартудағы ықпалы» деп белгіледік.Ал,екіншісі бірлестік мұғалімдерінің сұранысы бойынша, «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту» тақырыбында болмақшы.
Енді коучинг жоспарын құрғаннан кейін мақсатқа жету жолдарын көздеп,одан күтілетін нәтижелерді анықтап,түйінді идеялармен байланыстырамын. Ең алдымен уақытын ,коуч әрекеті және коучингкке қатысты әрекеттер арқылы дамытуды көздеймін. Бейнежазбадан түрлі коучингтерді көріп, дайындалуым керектігін ұқтым.Тақырыбыма қатысты бейнероликтерді көріп, қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануым керектігін байқадым. Сондай-ақ бағалаудың сабақ барысындағы тиімділігі жөнінде біршама мәліметтермен таныстым.
Мұғалімнің -оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысындағы алғашқы кезеңі, құндылықтарды түсініп, мұғалім көшбасшылығының маңызын көрсету екені белгілі.
Біріншіден «Амандасыңыз» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрып алуды ойластырамын.Мақсаты, жақын достарымен амандаса отырып,жақсы көңіл-күй сыйлау. Қалыптасқан жағымды ахуалдан соң қатысушыларды ұялы телефон байланысы бойынша топқа бөлемін.Осы бөлінген топтары бойынша әр топ өз байланыстарын жарнамалайды. «Досқа хат» әдісі бойынша әр топқа конверттегі сқрақтар беріледі. Конверттегі сұрақтар бағалауға байланысты қойылады. «Бағалау не үшін қажет?», «Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты не?», «Сабағыңызда бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз?» деген сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа тақырыпқа дайындық жүргізіледі. Келесі тапсырмада бағалауға арналған таратпа материалдары беріледі.Сол тапсырма бойынша топ мүшелері берілген материалдарға постер жасап тақтаға шығып қорғайды.Материалдарды топта талдай отырып ,бағалаудың тиімді тәсілдерін меңгереді.Сағат тілі бойынша топтар бір-бірлерін бағалайды.
Әр топтан бір адам шығып, қолдарындағы ұялы телефонын бағалайды.Яғни мұндағы басты мақсат, телефонды бағалау барысында критерийлерге сүйене отырып бағалау ұсынылады.Интербелсенді тақтадан берілген тапсырмаға сәйкес дескриптор құру ұсынылады. «Құмырадығы сызат» бағалау туралы бейне ролик көрсетіп,түйінді ойларын ортаға салады.Бейнетаспада бағалау бар ма?Бұл бейнетаспа сіздерге қандай әсер бере алды? Сұрақтары бойынша ой бөліседі.
Рефлексия барысында «Миыңның суретін сал» әдісін пайдаланып, әріптестер коучингтен алған әдістерін салған суреттеріне толтырады.
Менің түсінуімше, табысты өткен коучинг нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсілін , нақты мәнмәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.
Коучинг жоспары
Коуч: Нурахунова Роза Чукеевна
Тақырыбы |
Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың білім сапасын жақсартудағы ықпалы |
Жалпы мақсат |
Бағалау туралы жалпы түсінік беру.Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айырмашылығын түсіндіре отырып,оны сабақта қолдану тәсілін білу,оқуды жақсартудағы ықпалын түсіну. |
Оқу нәтижелері |
1.Бағалау үдерісін түсінеді. 2.Бағалаудың екі түрін ажыратады. 3.Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды таңдай алады,құрастыра алады. |
Түйінді идеялар |
Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап,бағалап отырады. Мақсатқа жетуде жетістік критерийлерінің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Жүйелі құрылған жетістік критерийлері сабақ мақсатына жетуге және тапсырманы жүйелі орындауға қол жеткізеді.
|
Кезеңдер |
Коуч әрекет |
Коучингке қатысушылар |
1.Ұйымдастыру бөлімі (7 мин) Топқа бөлу 5 мин |
Ұйымдастыру. Әріптестермен амандасу. «Түймедақ» гүлінің суретін салыңыздар. Оның алты күлтешесіне осында отырған алты адамның атын жазыңыздар. Енді тақтаға назар аударыңыздар: 1.Амандасыңыз 2.Күлімсіреп қараңыз 3.Қол бұлғаңыз 4.Көзіңізді қысыңыз 5.Массаж жасаңыз 6.Әуе арқылы сүйіңіз (Осындай жағымды көңіл күймен орнымызға жайғасайық)Ұялы телефон байланыстары арқылы топтарға бөліну. 1 топ:Актив 2 топ: Билайн 3 топ:Теле 2 4 топ: Алтел 5 топ: Ксell «ЖАРНАМА» Әр топ өздерінің топ атына байланысты қысқаша жарнама жасайды. Топ құрып отырған мұғалімдерге сұрақтар таратылады.Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. 1-тапсырма: «Досқа хат» әдісі бойынша әр топ берілген конверттерді таңдап алады.Конверттегі сұрақтарға топ ақылдасып хат жазып, жауап береді. 1-топқа:Бағалау деген сөзді қалай түсінесіз? 2-топқа:Бағалау не үшін қажет? 3-топқа: Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты не деп ойлайсыздар? 4-топқа:Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау қаншалықты бір-бірімен байланысты? 5-топқа: Бағаның қандай түрлерін білесіздер? Күнделікті сабақта бағаның қандай түрлерін қолданасыздар? Қай мұғалімге көк лента тағылса сол түйінді сөзді айтады. Жауап берген топқа үш шапалақ арқылы қолдау көрсетіп отырайық.
|
Қатысушылар түймедақ гүлінің суретін салады. Интербелсенді тақтадан көргендерін іс-әрекетпен көрсетеді. Берілген сұрақтар бойынша топтарға бөлінеді. Жағымды көңіл-күймен орындарына жайғасады. Берілген сұрақтар нөмірі бойынша топтарға бөлінеді. Топтық жұмыс. Әр топ конверт таңдап, конверттегі сұрақтарға жауап береді. Топ арасында талдап, ортақ шешімге келеді. Лента таққан адам жауап береді.
|
Мағынаны тану 10 мин+5 мин постер қорғау Шығармашылық жұмыс 5 мин |
2-тапсырма: Бағалауға байланысты материалдар таратылады.Таратылған материалдарды топ арасында оқып, талдайды. |
Презентацияны орындау – бұл бағалауға арналған тапсырма. Топтар өз постерлерін қорғағаннан кейін сағат тілімен келесі топқа кезек беріледі.Топтар өзара бір-бірлерін стикер жапсыру арқылы бағалайды. Ең көп стикер жинаған топтың пікірі нақтырақ және көңілге қонымды
|
4-тапсырма Тапсырмаға дескриптор құру. 1-тапсырма Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін бойынша суретті аяқтап салыңыз. Мынау - Айдос. Айдостың шашы қара, көзі қоңыр. Айдос көңілсіз. Мынау -Алина. Алинаның шашы сары, көзі көк. Алина көңілді.
|
Берілген тапсырмаға байланысты дескриптор құрайды. Әр топ құраған дескрипторларын оқып топ арасында талдайды. |
|
|
Сергіту сәті: Рөлдік ойын Караоке «Алоо»
|
Екі топқа бөлініп, әнді орындайды. 1-ші топ Төреғали,2-ші топ Еркенің рөліне еніп, өлеңді орындайды. |
Ой толғау (7 мин)
|
Видеоролик. https://www.youtube.com/watch?v=fnh8HEEjjLI «Құмырадағы сызат» туралы аңыз |
Бейнетаспада бағалау бар ма? Сіздерге қандай әсер қалдырды? Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. |
|
Бейнебаяндағы құмыраны бағалаңыздар. Құмыраға баға беру үшін қандай критерий қолданамыз? |
Құмыраны бағалау үшін коучке қатысушылар ортақ жетістік критерийін шығарады. Топтық жұмыс.Бейнебаяндағы құмыраны бағалайды. |
Рефлексия (3 мин) |
«Миыңның суретін сал» әдісі бойынша ,барлық әріптестерген ми салынған сурет таратылады.Сол мидың ішіне бүгінгі коучингтен өзіне алған әсерін қысқаша жазып шығады. |
Әріптестер өтілген сағаттың сәтті жақтарын, сәтсіз жақтары бойынша ой бөлісіп, шығу жолдарын ұсынады. |
А3 Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп.
Тәлімгерлік ұзақ уақытқа созылатын,тәлімгер мен тәліп арасында сенімді,жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатын құру үдерісі.Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі,ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып,проблемаларды шешу жолдарын іздейді.(МАН-87бет) Менің тәлімгер етудегі ең басты ұстанымым өзімнің әріптестеріммен кәсіби бағытта қарым-қатынас жасау,тәліптің мүмкіндіктерін ашу арқылы,стратегиялық деңгейде жаңалықпен бөлісіп,алдына нақты мақсат қоя отырып, оған жету жолдарын жоспарлай алуға көмектесе отырып, бағыт-бағдар беру.Менің басты міндетім,мектептегі тәжірибе кезеңінде тәліптің қажеттілігін анықтай отырып, жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу,мақсат қойып,оған жету қадамдарын жоспарлауға көмек беру болды. Менің тәлімгерлік жұмысымның мақсаты:
-
Тәлібіме ең бастысы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйренуді.
-
Мұғалім ретінде өзіндік ұстанымын, көзқарасын, шешімін, іс-әрекетін негізінде жаңашыл идеяларды қабылдау қабілеттерін өзгертуді.
-
Өзінің табысты мұғалім болу үшін жұмысқа деген ынтасын жойып алмай жұмыс жасатуды.
Алдымен тәліпті таңдау жолында мектебімдегі тәжірибесі мол әріптестеріммен кездесіп,бағдарлама идеясын түсіндіріп айтамын, содан соң тәліпті таңдап аламын.Әрине тәлімгерлік бойындағы өзгерістерді тәліптің де бойынан көруі тиіс.Сондықтанда ең алдымен тәліптің дәстүрлі сабағына қатыса отырып,оның қажеттіліктерін анықтауым керектігін түсіндім.Сабағына қатысып, сабақ өткізу тәсілдерін,сабақ үстіндегі оқушылардың іс-әрекеттерін,жалпы сабақтың өткізілу барысын бақылаймын.Тәліппен кездесіп,әңгімелесу барысында проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын,сабақты дұрыс құрылымдап, жүзеге асуын ,рефлексивті диалогкке түсу арқылы жұмыстарын жақсартуға деген көзқарасын іске асыруын көздеймін. Тәліпке тәлімгер ретінде әрқашан тыңдаушы, бағыттаушы,үнемі қолдап отыруым керектігін жақсы түсіндім. Сондықтан да мен тәлібіме алдына мақсат қоюға,сол мақсатқа жетуге,кездескен кедергілер болса сол кедергілерден сүрінбей,ерінбей өтуге көмектесемін.Жеті модуль,оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы мағлұматтарды оқуына кеңес беремін. Осындай мақсаттарға жету үшін тәліппен тығыз қарым-қатынас орнатып,әдістемелік көмек беруге тырысамын.Арнайы тәлімгерлік жоспар құрып,жоспар бойынша тәліпке бірнеше сұрақтар қойып,бойында өзгерістік дағдыларды дамытуға бағыт- бағдар беремін.Жеті модульдің әдіс-тәсілдері жайлы талқылап,орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар құрылымдауда,сабағында жеті модульді тиімді қолдану жолдарын әрдайым үйретіп отырамын.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды:Белсенді тыңдай білу,тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған.(МАН-88 бет)
Сондықтан да тәліппен әр сабақтарынан кейін кәсіби сұхбат жасап, сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын, пәнді үйренудегі кедергілерді жеңу, оқушыларды оқуға тарту туралы әңгімелесеміз. Әсіресе, оқушылардың кері байланыс жүргізуі мен рефлексиялық пікірлерін оқып, мәселелерді анықтауға болатынын айтамын.
Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын Блум таксаномиясына негіздей отырып,құруын толық түсіндіріп айтамын.Түсінбеген жерлерін қысылмай сұрауын ескерттім.Менің сабағыма да қатысып көруін айттым. Өзімнің тәжірибемде түсінгенім, өзгені үйрете отырып, өзім де үйренгенімді білдім.Өйткені тәлібімнің сабағына кірмес бұрын,нұсқаулық бермес бұрын Мұғалімге арналған нұсқаулықтың маған көмегі көп тиді деп айтсам болады.Тәлімгер ретінде тәлібіме сабақтарында сындарлы оқытудың жаңаша қырларымен танысып,қолдануға ұсынамын.Оқушылар өз қажеттіліктерін оқып отырып, ойланып,тақырыпты ашуға іздену жолында, шығармашылық жұмыстарға жетелейтінін түсіндіремін, тәліпті жетелеуге барынша қолдау көрсетемін.Оқыту кезеңдерінде тәліпке оқушылардың әсіресе, сын тұрғысынан ойлана алатындай күрделі тапсырмалар орындау сатыларын, жүйелі сұрақтар қоюын, олардың жауап берулерін, топтық және жұптық әрекеттерін, әр іс-әрекеттерін бағалау критерийлеріне ерекше назар қойып, сонымен қатар формативті бағалаудың маңызды екенін ерекше айтып өтемін.
Тәлімгерлік жұмысымды жүргізгенде тәжірибемде кемшіліктер болдырмауға, болса да жою жолында бар күш-жігерімді салып, ізденіс жолымды шығармашылыққа, тәліпті жетелеуге барынша қолдау көрсетемін. Қорыта келе ,тәлімгерлік жұмысымды жүргізгенде тәжірибемде кемшіліктер болдырмауға, болса да жою жолында бар күш-жігерімді салып, ізденіс жолымды шығармашылыққа, тәліпті жетелеуге барынша қолдау көрсетемін.
Тәлімгерліктің жоспары
№ |
Атқарылатын іс-шаралар |
Мерзімі |
Тәлімлерлік бағыттар |
Формасы |
Табыс критерийі |
Күтілетін нәтижелері |
Тәлімгерліктің мақсаты: |
Тәлібіме ең бастысы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйренуді. Мұғалім ретінде өзіндік ұстанымын, көзқарасын, шешімін, іс-әрекетін негізінде жаңашыл идеяларды қабылдау қабілеттерін өзгертуді. Өзінің табысты мұғалім болу үшін жұмысқа деген ынтасын жойып алмай жұмыс жасатуды. |
|||||
1 |
Тәліппен бірлесе жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құрау |
20.09.17 |
Тәлімгерлік туралы тусінік беру. |
Сұхбаттасу |
Өз бойыннан оқыту мен оқытудағы қажеттіліктерді анықтап, жоспарды бірлесе құрады. |
Тәліпке кәсіби қолдау көрсетуге дайын болу. |
2 |
Менің сабақтарыма қатысуын шақыру. |
22.09.17 |
Тәжірибемдегі өзгеріс тұстарын анықтату. |
Сабағыма қатыстыру |
Сабақтан көрген жаңаша әдіс-тәсілдерді табады, талдайды. |
Қажеттіліктерді анықтауды үйренеді |
3 |
Кәсіби әңгіме жүргізу |
25.09.17 |
Тәжірибесіндегі қажеттіліктерді анықтау |
Сұхбаттасу |
Қажеттіліктерін екере алдына мақсат қоюды үйренеді. |
Тәліпке кәсіби қолдау көрсетуге дайын болу. |
4 |
Тәліптің сабақтарына қатысу |
26.09.17 |
Қандай көмек керектігін анықтаймын |
Сабаққа қатысу |
Өз сабағы мен менің сабақтарымды салыстырады, ерекшелігін өзі анықтайды. |
Тәліпке кәсіби қолдау көрсетуге дайын болу. |
5 |
Жеті модуль туралы теориялық білім |
27,28,29.09. 2017 |
Жеті модуль туралы түсіндіру, жұмыс жоспарын талдау. |
Жоспар құру |
Жеті модуль туралы түсінік қалыптасады. |
Оқу және оқытудың жаңа әдістемелерді меңгеріп, өз жұмысына енгізу. |
6 |
ОМЖ мен ҚМЖ жоспарлаудың қадамдары |
19,20,21.09.16 |
ОМЖ мен ҚМЖ жасауда үлгісін ұсынамын, жоспарлайды |
Жоспар құрады |
ОМЖ –ыны бір тару бойынша жасауды, жүйелі болғаны, әр сабақ нәтижесі болжам түрінде көрсете алады. |
ОМЖ мен ҚМЖ жасауда қадамдардың маңыздылығын түсінеді, нәтижелілігін маңыздығы туралы білетін болады. |
7 |
Табыс критерийлермен жұмыс |
02.10.2017 |
Сабақ беру барысын талдау, оқыту үшін бағалау құралдарын талдау, табыс критерийлермен жұмыс жасау. |
Бағалау түрлері |
Табыс критерийлерді пайдалану барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, сабақтарда өзін-өзі және өзара бағалау. Бағалауға арналған тапсырмаларды орындай алады. |
ОүБ–ды тиімді пайдаланудың критерийлерді ұғады, табыс критерийлермен үнемі жұмыс жасай алады. |
8 |
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс түрлері. |
03.10.2017 |
Ынтымақтастық және топқа біріктірудің әдістерін бірлесе отырып талдау |
Сұхбаттасу |
Әр топтағы оқушылардың бір- біріне деген өте жақсы қарым – қатынастары сүйіспеншіліктері,бауырмалдылығы,ынтымақтастығы анық оянғаны байқатады. |
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс әдістерін үйренеді. |
9 |
Тәліпті «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың білім сапасын жақсартудағы ықпалы» коучингісіне шақыру |
05.10.2017 |
Коучингке қатыстырып, кәсіби сұхбат жүргізу |
Топтық жұмыстар |
Кәсіби деңгейі өседі, оқушылардың жаңа тақырыпты игерудің деңгейі жоғарлайды. |
Оқу мен оқытудың жаңа әдістемелерін меңгеріп, өз жұмысына енгізеді. |
10 |
Оқу мақсаттары мен сабақ жоспарларын талқылау және келісу |
09.10.2017 |
Жаңаша сындарлы теориясының мақсатын түсінуіне байланысты сабақ жоспарын бірлесе отырып құру. |
Жоспар құру |
Оқытудың сындарлы теориясының мақсатын түсінуінеді, өз сабақтарында қолдана білуіне ықпал жасау . |
Оқытудың сындарлы теориясының мақсатын түсінеді, өз сабақтарында қолданады |
11 |
Блум таксономиясы бойынша жұмыс |
12-13.10.2017 |
Күнделікті сабақ жоспарын Блум таксономиясы бойынша жасауға үйрету. |
Жоспар құру |
Блум таксономиясының ойлау деңгейлерін дамытудың үдерісі екенін түсінеді. |
Блум таксономиясы туралы түсінік алады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясы бойынша жасауды үйренедіү |
12 |
«Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер» туралы кәсіби әңгімелер |
16-17-18.10.2017 |
Тәлім алушы әріптесімнің кәсіби дамуына ықпал жасау |
Сұхбат |
Тәліптің жұмыстарындағы өзгерістерді көреді. |
Жұмыс барысындағы өзгерістерді анықтайды. |
13 |
Тәліптің сабағына қатысу |
23.10.2017ж |
Қажеттіліктерін анықтау. Жетістіктерін атап өтіп, қажет болса одан әрі көрсетілетін қолдауды талқылау. |
Бақылау |
Өз жұмысындағы жетістіктер мен кедергілер болса, сол кедергілерді жою жолдарын талдай алады.
|
Сабақ берудегі жаңа әдістерді игереді, оқыту мен оқытудағы белсенді дағдылары жетілдіреді.
|
14 |
Тәлімгерліктің нәтижесін талқылау |
25.10.2017 |
Тәлімгерліктің тиімділігін анықтау |
Сұхбаттасу |
Еңбек жолында жетістікке жету жолдарын іздейді |
Тәлімгерлік жүргізу арқылы тәліптің кәсіби дамуы |
А4 Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп
Қазіргі заман талабына сай мектептерде «Көшбасшылық» ұғымы күн сайын өте маңызды бола түсуде. Алайда көшбасшылық туралы тек қана менде теориялық түсінік қана бар. Дегенмен де мұғалімдер әріптестеріне әсер етуі үшін өздерінің бойындағы көшбасшылық қасиетін көрсетуі керек деп есептеймін.
Мектеп ішінде қоғамдастық құрудағы басты мақсатым:Мұғалімдерді қолдай отырып,тәжірибе барысында әріптестеріме кәсіби көмек беру арқылы, туындаған өзекті мәселелер бойынша кеңес беру,тәжірибе алмасу.Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер бір-бірінің идеяларымен алмасу,кәсіби даму тұрғысында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.
Мұғалім көшбасшылығының міндеті әріптестеріне жаңа идеяларды сынақтан өткізуге негізделеді.Мұғалім көшбасшылығы тиімді болу үшін сенімділік пен оларға деген қолдау көрсету болып табылады. Яғни, ынтымақтастық, қоғамдастық мұғалім көшбасшылығының «жүрегі» болып саналады.Маған енді курстан алған теорияны тәжірибемен ұштастыратын,көшбасшылықты бойыма сіңіретін уақыт та келіп жетті.
Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады.(МАН-100 бет) Сондықтан, барлық балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, сонымен қатар мақсаттарына жете білудегі үдерістерді жетілдіруге бағытталған стратегиялық икемділіктің дамуы деп білдім. Ең алдымен әдістемелік бірлестік отырысын ұйымдастырып, әріптестеріме «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының негізгі идеясымен таныстырамын.
Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден ,қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу болып табылады. Екіншіден, мектептегі әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында коучинг өткізіп,әріптестерін тәлімгерлікке алу.Үшіншіден, әріптестерінің озық тәжірибелерімен бөлісу арқылы мектебін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлейді.(МАН -4 бет) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінен осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып,олармен сұхбаттасып,олардың қажеттіліктерін анықтаймын.
Осының нәтижесінде барлығымыз мектебіміздегі әріптестестеріміз оқушылардың оқыту мен оқудағы қажеттіліктерді саралап, білім сапасын дамытуда бірлескен іс-әрекеттер ұйымдастырып өткізуге, басқа әріптестеріміздің кәсіби қоғамдастығы төңірегінде оқуға бастама жасау арқылы жүргізілетін фокус топтар құрылады. Бұл топтарға мектеп директоры мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілер және бірлестік жетекшілер мен деңгейлік курсты аяқтаған әріптестер,тағыда шығармашыл, іздемпаз әріптестерімді бірге жұмыс істеугі жұмылдыру керек екенін түсіндім. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы мен мектеп психологі де бірлекен іс-шараларға қатысса ұжымдық жауапкершілік мүмкіндіктері кеңеймек.
Қоғамдастық құрудағы менің мақсатым:Әріптестеріме қолдау көрсете отырып, сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру.Күтілетін нәтижелер: Кәсіби даму жөнінде бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, сондай-ақ мұғалімдер бір-бірлерімен жаңаша идеялармен алмасады.Сонымен бірге,кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады,мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады. Мектеп арасындағы ынтымақтастық мектепте оқитын оқушылар үшін ғана емес,мектеп мұғалімдері үшін де маңызы зор.Себебі, қоғамдастық мүшелері білім жүйесімен тікелей байланысқа түсу үшін,әріптестерімен әр-түрлі идея алмасу үшін маңызы зор.
Жоспар бойынша бекітілген жұмыстарымды жүйелі түрде орындайдамын. Алынған сауалнама қорытындысы бойынша коучинг тақырыбы оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың тиімділігін ұсынамын. Мектептегі негізгі басымдық оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды пайдалану арқылы білім сапасын жақсартудағы ықпалы мәселесін алдық.Өйткені,мектептің бастапқы ахуалын анықтау мақсатында жүргізілген мектептегі зерттеу жұмыстарында қателіктердің барын байқауға ,яғни қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды теория жүзінде әріптестерім біледі,бірақ тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана алмайтындары негіз болып отыр. Сондықтан да осы мәселенің шешімін табу үшін мектебіміздегі қоғамдастықтағы мүшелермен бірігіп жұмыс жасауды жоспарлаймын.Жоспар құрғаннан кейін мақсатқа жету жолын көздеп, одан күтілетін нәтижелерді анықтап, түйінді идеяларыммен байланыстырамын.
Сабақтарға қатысып,бақылау жүргізуді және деректер жинауды жоспарлаймын.Осы сабақты қайтадан өтсең қалай өтер едің? Неліктен олай өтер едің? Деген сұрақтар арқылы кеткен қателіктерін түзетуге мүмкіндік беріледі. Менің түсінуімше,табысты тәлімгер тәліпке ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсілін,нақты мәнмәтінге,жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.Сабақ аяқталған соң тәлім алушымен бейнежазбаны қарап,сабақ жоспарымен танысып,сұхбат жүргізіп отырдым.Мұғалімнің сабақ беру әдісі,оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі, атқарылған жұмыстар жайында сұхбат барысында тәліппен әрдайым талдау жасаймын.
Бүгінгі күні оқыту сапасына жаңаша деректерге негізделген іс-шара оқуға бағдарланған танымдық,метатанымдық ғылымға сәйкес әзірленген зерттеулерді жоспарлап отырмын.Мұғалім өз тәжірибесі негізінде сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды неге таңдап, оны қалай орындатып,не үшін орындататынын анықтап,өзін-өзі реттеп танымын басқаруға үйренеді деген ойдамын.
Осы мақсатта аптаның белгіленген күндері қоғамдастық мүшелерін толғандырған мәселелер туралы ой толғап,көмек көрсете отырып, түрлі сұрақтар аясында ойларымызды бөлісеміз.Бұл істер жалғасын тапса, оқыту мен оқуды жетілдіруге көмегін тигізеді, себебі әрдайым бақылап, түзетіп,жоспарлап,алдына мақсат қойып,әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижеге жеткізері сөзсіз.Міне,сондықтанда аралық бақылаудың маңызы зор.Әріптестеріммен уақытты тиімді пайдаланып, диалогке тарту негізінде әріптестер өз жұмыстарының жекелеген салаларын жетілдіру,оларды тереңірек дамыту,проблемалық мәселелерді талқылау үшін кәсіби сұхбат ұйымдастыруды жоспарыма енгіздім. Коучинг тақырыбы да бағалауға байланысты әріптестерімнің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса,тәлімгерлік оған жан-жақты кәсіби қолдау көрсетеді.Әріптестеріме 6 аптада отырыс ұйымдастырып, «Блум таксаномиясы бойынша әрекеттердің етістіктерін» ұғынамын және мұғалімдер Блум таксаномиясының атауын білмей-ақ,өздері оларды тәжірибеде қолданғаны туралы түсінеді,яғни «саналы емес құзіретке» ие болады,үйренеді және «саналы түрде құзіретті» болады.
Өткізілген коучинг сессияда тапсырмаларды орындатқан кезде критерийлер қойылады.Мәселен постер қорғаған кезде мұғалімдер зерделеу,баұылау,зерттеу,дәлеледерді пайдалану және шешім қабылдау үшін ойлау дағдыларын жетілдіре алатынын,нәтижесінде өз түсінігін жасайтынын түсінетін болады.Осының барлығын мұғалімдер оқушылар үшін ең маңызды өмірлік дағды енендерін сезінеді,яғни функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.Сол арқылы мүғалімнің өзінің сын тұрғысынан ойлауы өз кезегінде,оқушылардың берген жауаптары арқылы оқу нәтижелері ойлану үдерісінде дамиды.Жоспарланған жұмыс аяғында қоғамдастық мүшелерімен кері байланыс пен рефлексия жүргізудің пайдасы зор.Себебі,кері байланыс арқылы жүргізілетін жүргізілетін жұмыстарға өзгертулер енгізіп,түзетулер жүргізудің пайдасы өте зор деп білемін. Алайда,коучинг тәжірибесіндегі проблемаларды анықтауға ,оның шешімін таба білуге мүмкіндік береді.Тәлімгер ретінде тәлім алушыға ашық сұрақтар пайдалана отырып,тәлім алушының жетістіктерін,проблемасын анықтап,оларды шешу жолдарын пайдалану үшін әрдайым ұсыныс айтып отырамын.
Мектептегі ортақ проблемаларды шешу тәжірибе алмасу, әріптестердің арасныдағы ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету,бірлесіп жұмыс істеу,өзара тәжірибе алмасу,мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру арқылы оқушыларымыздың білім сапасының оң нәтижеге жетуіне ықпал етіп,білім сапасын жетілдіреді екен.Педагогикалық қоғамдастықтағы өз ісінің білікті маманы, шебері бола отырып еркін білім алуға, өзін көрсететін, әдіс - тәсілін жетілдіретін, білімін өз бетімен көтере алатын, өзін дәлелдейтін жеке дербес тұлға болу керек деп сезінем.Маған Либерман зертеушінің «реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге қажеттті деп есептейтін көптеген басты идеяларды әзірлеуге қатысып, жәрдемдесуіне және қолдауына байланысты кәсіби қоғамдастық бүгінгі күні өте танымал болып отыр», - деген тұжырымдамасы ықпал етіп отыр. Олай дейтінім бүгінгі таңда бізге ұсынылып отырған бағдарламаның түйінді көрсеткіші осы педагогикалық қоғамдастық мұғалімнің кәсіби дамуына жол ашып алға қарай жетелейтін үрдіс. Осы рефлексиялық есебімді жаза отырып,өзіме рефлексия жасағым келіп отыр. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне,жаңашыл,шығармашыл,ізденімпаз болуына мектеп басшыларының ықпалы зор екенін түсіндім.Сол себепті,мектеп басшыларымен тығыз байланыста бола отырып,мектебіміздің даму жоспарына өзгерістер енгізу арқылы алға қойылған мақсатымызға, жақсы нәтижеге жетуімізге ықпал жасаймын. Мұғалім бағыттаушы және қолдау көрсетеді.Уақытты тиімді пайдаланады.Себебі,кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіру мақсатында.Деңгейлік курста оқымаса да, тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге дайын әріптестеріміз баршылық.Жалпы мектепке өзгеріс енгізуге әріптестерім оң көзбен қарайтынына сенемін,әрі қолдаймын.
Әлем өзгеруімен бірге әркім өзгерісті қабылдауға даяр болуы керек.Әріптестеріме шығармашылық табыс тілей отырып,балалардың нұрлы болашағы үшін аянбай тер төгеді деп сенемін.
Қоғамдастық жоспары
№ |
Жүргізілетін іс-шара
|
Қолданылатын әдістер |
Табыс критерийлері |
Әдіс-тәсіл |
ресурстар |
Мерзімі |
Күтілетін нәтиже |
1 |
Мектептің әкімшілігімен кездесу |
коучингке қатысатын адамдарды анықтау |
Мектептегі негізгі проблемаларды анықтау, |
Презентация, сұхбат |
Интер белсенді тақта |
Қыркүйек 1 апта |
Мұғалімдердің қажеттіліктері анықталады |
2 |
Тәлімгер мен тәліптің кездесуі |
Тәліптің қажеттілігін анықтау |
Тәліптің қажеттілігі анықталады |
Бастапқы байланыс, құрылымдалмаған сұхбат |
Кіапша,қалам |
Қыркүйек 2 апта |
|
3 |
« Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақта қолданудың білім сапасын жақсартудағы ықпалы » Коучинг |
Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауға байланысты топтық жұмыстар |
Бағалаудың тиімділігіне арналаған тапсырмаларды таңдап,топпен,жұппен,сыныппен жұмысты жоспарлау |
коучинг |
Флепчарт, Стикер |
Қазан 1 апта |
Бағалаудың екі түрін сабақта жоспарлай алады |
4 |
Тәліптің сабағына қатысу
|
Сабақ барысында мұғалімнің іс әрекетіндегі өзгерістерді бақылау |
Сабақ барысында оқушылардың бағалау жұмыстарының тиімділігін анықтау
|
аралық бақылау |
Бақылау қағазы, бейнефильм |
2 апта |
|
5 |
Қоғамдастық мүшелердің сабақтарына бақылау жүргізу |
Қоғамдастық мүшелерінің сабағын аралық бақылау |
Қоғамдастық мүшелерінің оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды тәжірибе жүзінде пайдалануын қадағалау. |
Аралық бақылау |
Бақылау қағазы, бейнефильм |
5 апта |
Бағалау туралы Білімдерін кеңейту. |
6 |
Рефлексия |
Тәліптің жүргізген жұмыстары барысында өзгеріс әрекеттерінің әсерімен бөліседі
|
Тәліптің оқытуда оқушылардың өзгеріс әрекеттерін талдай отырып,өзін-өзі реттейтін қабілеті дамуы жалғасады |
сауалнама |
Сауалнама парағы |
6апта |
Оқу үдерісінде бірлескен оқудың тиімділігі туралы біледі,үздіксіз іздену қажеттілігін түсінеді |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. «Заман ұстазының келбеті» ББЖМБК ҚДИ. Алматы,2009ж
3.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
4.Республикалық ғылыми әдістемелік басылым «Бастауыш сынып» журналы
.