Материалдар / А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОӘЖ 81'373; 001.4

Төребекова Іңкәр Қымбатқызы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты, Семей қ.


А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ


Қай тілде болмасын терминология саласының орнын және терминологиялық қорды байытуға қосқан үлесін анықтау аса қажет. Бұл мәселеге жайында ғылыми ізденіс жасау қашан да өзекті болмақ. Мақалада А.Байтұрсынұлы тіліндегі терминдердің жасалуындағы түрлі қағидаларды жүйелеп, саралау, ерекшеліктері айқындалды, тіл бірлігі ретінде тіл тарапынан қойылатын құрылымдық-мазмұндық және лексикалық талаптар табиғаты, соңғылараның қойылу шегі, қатардағы жай сөздерге тән қысқалық, бейнелілік, дәлдік құбылыстарының терминдік жүйедегі орны мен үлесі анықталды.

Түйін сөздер: терминология, термин, терминжасам, ғылыми ұғымдар, терминжасам принциптері, ғылыми мәтін.


Крайне важно определить роль терминологии на любом языке и вклад в обогащение терминологических ресурсов. Научные исследования по этому вопросу всегда будут актуальны. В статье описывается дифференциация и дифференциация терминологии на языке А. Байтурсынова, характер структурно-содержательных и лексических требований языка как языковой единицы, предел последнего, место и роль явлений, точность, точность обычных слов в терминологической системе.

Ключевые слова: терминология, термины, научные концепции, принципы терминологии, научный текст.


It is extremely important to determine the role of terminology in any language and contribute to the enrichment of terminological resources. Scientific research on this issue will always be relevant.The article describes the differentiation and differentiation of terminology in the language of A. Baytursynov, the nature of the structural-content and lexical requirements of the language as a linguistic unit, the limit of the latter, the place and role of phenomena, the accuracy and precision of ordinary words in the terminological system.

Keywords: terminology, terms, scientific concepts, terminology principles, scientific text.


А. Байтұрсынұлы - қазақ терминологиясының әрі жол салушысы, әрі негізін қалаушысы. А. Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының жол салушысы ретінде жалғыз емес, себебі А. Байтұрсынұлына дейін де, А. Байтұрсынұлының заманында да қазақ тілі терминологиясы саласында қызмет еткен қазақ зиялылары болған. Бірақ қазақ тіліндегі терминологияның негізін қалаушы, негізін салушы ретінде дара тұлға. А. Байтұрсынұлы терминнің негізгі екі түрлі жолмен жасалатынын

жақсы игерген (термин - ұғымды атайтын сөзден жасалады; термин - затты атайтын сөзден жасалады). А. Байтұрсынұлының жасаған терминдері тіл, әдебиет, әдістеме ғылымдарына арналған соң, олар ұғымның аты негізінде жасалған.

А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасында терминжасамның осы екі негізгі жолы бірін-бірі қиып өтпеген. Яғни, Ахмет Байтұрсынұлы термин жасағанда, ең алдымен, қазақ халқының жалпылама (абстракциялық) ойлау қабілетінің мүмкіншіліктерін пайдаланған, себебі қазақ пәлсапасында, қазақ менталитетінде жалпылама ұғымдық категория басым.

А. Байтұрсынұлы терминдерді көп жағдайда оқыту (білім беру) мақсатында жасағанымен, соңынан сол терминдер нақ ғылыми салада да (ғылыми стильде) өз орнын нықтап мекендеді, себебі ол терминдер, ең алдымен, тілтанымдық ұғымдардың маркерлері болды, содан соң әдістемелік, білім беру мен білім алу ұғымдарының маркерлері болды. Сонымен XX ғасырдың басында А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің негізінде қазақ тілі терминологиясын жасады да, қазақ тілтанымында терминжасам ілімінің негізін салды.

А. Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының негізін қалаған кезде қазақ тілтанымында әр түрлі теориялар жоқ еді, негізгі тілтанымдық ұғымдар әлі анықталмаған еді, сондықтан Ғалым терминдерді жасау үшін, ең алдымен, ғылыми ұғымдар қорын анықтады, оларды атады, сөйтіп тілтанымдық, әдебиеттанымдық-әдістемелік ғылыми мектептерді дүниеге келтірді, қалыптастырды.

Ғылым тарихында бір термин қолданыстан шығып, орнына басқа (жаңа) термин қолданылуы мүмкін. Мысалы, жалпы қазақ ғылымы және қазақ тіл білімі тарихында: тәлім-тәрбие - педагогика, пәлсапа - философия; дауыстылар гармониясы - дауыстылар үндестігі - сингармонизм - дыбыстар үндестігі - үндесім - үндестік.

Мұндай жағдай әлем тіл білімінде де, ұлттық тіл білімінде де, бір ғалымның творчестволық өмірінде де кездеседі. Мысалы, А. Байтұрсынұлы бір ұғымды (әріп ұғымын) екі терминмен атайды және сол екі терминнің біреуінің үш фоновариантын қолданады: қаріп - харіп - әріп, таңба. Яғни Ғалым әріп, таңба терминдеріне нық тоқтағанынша біраз уақыт өткен, біраз контекстуалдық эксперименттер (қолданыстар) жасаған.

А. Байтұрсынұлының термин жасау процесінде негіз тұтқан принциптері: 1) терминнің түсініктілігі (оқушыға); 2) терминнің ана тілі негізінде жасалуы; 3) көпшілік түсінбейтін, бірақ қолданыста бар арабша, парсыша терминдерді қолданыстан тыс шығару; 4) қажеті мол жағдайда жат тілдің терминін де қолдану (Европа және араб, парсы тілдерінен). Сонымен А. Байтұрсынұлы өзінің терминжасамдық концепциясында жат тіл бірліктерінен жасалған терминдердің қазақ тілінде қолданылуының қажеттілігін толық жоққа шығармайды.

Термин тілге алдымен жат тілден енуі мүмкін (лингвистика), содан соң ана тілінің негізінде жаңа термин пайда болуы мүмкін (тіл білімі, тілтаным). Керісінше де болады: термин алдымен ана тілі негізінде жасалады да, содан кейін интертермин еніп, оны ғылыми қолданыстан шеттетеді (мысалы, А. Байтұрсынұлының пән сөз ғылыми атауын интернационалдық атаулар (термин, терминология) қолданыстан шығарды).

Терминология сөздермен аталған ұғымдар жүйесі (мысалы, тілтанымдық ұғымдар жүйесі және олардың атаулары - терминдері). Терминдер номенклатурасы - нақты ғылым саласының ұғымдар жиынтығының атаулар жүйесі (мысалы, фонетика объектерінің, ұғымдарының атаулар жүйесі).

Сонымен терминология ұғымы терминдер номенклатурасы ұғымынан кең, себебі, терминдер номенклатурасы нақты ғылыми саланың ғылыми объекттерінің (ұғымдарының) аттары (яғни терминология ұғымынан тар ұғым).

А. Байтұрсынұлы өзінің терминжасамдық творчествосының барысында жалпы терминологияға да, терминдер номенклатурасына да арнап терминдер жасаған. Мысалы: тіл, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі атаулары жалпы терминологияға жатады: дыбыс, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс атаулары фонетиканың терминдер номенклатурасына жатады.

А. Байтұрсынұлының ғылымды табиғи обьективтік болмыс ұғымында түсінуі және қазақ тілі ғылыми стилінің негізін қалауы. Ғылым ұлттандырылмайды. А. Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық тіл білімі ғылымының негізін қалады, бірақ жалпы ғылымды ұлттық дүние деп түсінген жоқ. Ғылымды жалпы адамзаттық, жалпы әлемдік дүние деп түсінген, сондықтан да ол "Тіл - құрал" деген, "Тіл - адамның белгісінің зоры"- деген [1, 5].

А. Байтұрсынұлы ашқан тіл, әдістеме ғылымдарының заңдылықтары, ұғымдары ғалымның ғылыми мәтіндерінің мазмұны болып қалыптасқан. А. Байтұрсынұлыың ғылыми мәтіндерінің мазмұны сан түрлі (фонетика, орфография, графика, морфология, синтаксис, әдістеме, әдебиеттану, тарих), себебі ғалым ғылымның бірнеше саласында ғылыми ұғымдар, зандылықтар ашып, оларды

терминдендіріп, оқыту, ғылымтану қызметінде пайдаланып, әдістемелік, тілтанымдық, әдебиеттанымдық, ізденістерді алып баруды дәстүр ретінде қалыптастырған. Сонымен А. Байтұрсынұлының ғылыми, ғылыми-әдістемелік мәтіндерінің мазмұны - өзі ашқан қазақ тілінің заңдылықтары мен ұғымдарының жазбаша тілдесім түрінің қоры.

Тіл үш негізгі әлеуметтік қызмет атқарады - қарым-қатынас қызметі, хабарландыру қызметі, әрекеттендіру қызметі. Осы үш қызметтің екеуі (хабарландыру, әрекеттендіру) ғылыми стильдің негізі болады. Яғни, барлық ғылыми стиль мәтіндерінде жаңа ғылыми дерек, шешілім, зандылық,... жайында хабар болады және сол ғылыми хабарды ереже, шарт ретінде қолдану керек екендігі туралы тілдің әсер ету (әрекеттендіру) функциясы арқылы жеткізіледі.

А. Байтұрсынұлы ғылыми стиль қызметінің екі түрлі қызметтен құрастырылғанын (ғылыми стиль қарым-қатынас қызметін сирек атқарады) жақсы түсінген, себебі Ғалымның нақ ғылыми, ғылыми-әдістемелік мәтіндерінің ішкі дүниесінен тілдің хабарландыру қызметі де, әрекеттендіру қызметі де үлкен орын алады. Мысалы: "Дауыссыз дыбыстардың кейі қатаң, болады. Соған қарай харіптері де қатаң әм ұяң деп аталады... Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң харіфтердің астын сызып көрсетіңіздер". (А. Байтұрсынұлы, 1914; 1992. 148 б.).

А. Байтұрсынұлы мәтінінің осы үзіндісінде ғылыми стильдің әрі хабарландыру, әрі әрекеттендіру қызметтері айқын байқалады. Хабарландыру қызметі - дауыссыз дыбыстардың екі түрлі болатындығы жайында (қатаң, ұяң). Әрекеттендіру қызметі - осы жаңа ғылыми хабарды түсініп білім алу процесінде қолдану үшін сөздердің құрамындағы қатаң әріптерді тауып, солардың астын сызу керек екендігі. Яғни бұл ғылыми мәтін балалардан ұғу қызметін де, машықтану қызметін де атқаруды талап етеді.

Ғылыми стильді екі түрлі факторлар қалыптастырады - лингвистикалық, экстралингвистикалық. Лингвистикалық факторлар - тіл бірліктерінің (сөз, термин, терминдер тіркесі, сөйлем (хабарлы сөйлем, құрмалас сөйлем,...) ғылыми мәтінде қолданылуы. Экстралингвистикалық факторлар - ғылыми мәтіннің тілдік ұғымдардан тыс ұғымдарды, шарттарды сақтайтындығы (нақтылық, біройлылық, көркемсіздік, бейэмоциялылық, жалпыламапық, күшейтпеушілік, жекелендірмеушілік, объективтік, әділдік, шындық, т.б.). А. Байтұрсынұлының ғылыми, ғылыми-оқыту мәтіндерінде лингвистикалық та, экстралингвистикалық та факторлар нық қалыптасқан. Ғалымның ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәтіндерінде жоғарыда аталған лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар сақталғандықтан, ғылыми стильдің барлық негізгі көрсеткіштері қалыптасқан және басқа функционалдық стильдердің көрсеткіштері ендірілмеген (тұрмыстық қарым-қатынас, көркемдік, публицистикалық).

Сонымен А. Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында қазақ тілі ғылыми стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық негізгі факторларын, қасиеттерін қалыптастырған; қазақ стилистикасының тілдік және тілдесімдік стандарттарын өзі жаратқан, себебі терминдерді, терминдер тіркестерін, мәтіннің ғылыми стильдік реңкін дүниеге келтірген, қолданған, дәстүрлендірген.

Ғылыми стильдің тағы бір үлкен ерекшеліктері - терминнің, терминдер тіркесінің жиі қолданылуы. Бұл ерекшеліксіз ғылыми стиль қалыптаспайды. А. Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерінің бәрінде терминдердің қолдану жиілігі жоғары. Бұл жағдай қазақ тілі ғылыми стилінің енді қалыптаса бастаған кезін өзіңде оның бір мағыналық, нақтылық, қысқалық сияқты негізгі қасиеттерінің нық болып дүниеге келгенін дәлелдейді. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 20 жолдан тұратын (жарты бет) мәтінінде терминдердің қолданылу жиілігі төмендегідей: әдіс -11 рет; емле - 9 рет; дыбыс негізгі әдіс - 4 рет; тұтас тұлғалы әдіс - 3 рет; дыбыс жүйелі емле - 3 рет; тарих жүйелі емле - 2 рет.

Сонымен А. Байтұрсынұлының ғылыми мәтіндері терминдердің қолданылу жиілігі жағынан да қазіргі ғылыми стильдің талаптарына, ерекшеліктеріне толық жауап береді.

Ғалымның терминологиялық мұрасына көңіл белгендердің ішінде әр түрлі ғылыми салалардың мамандары бар: тілшілер, әдебиетшілер, әдістемешілер, математиктер, химиктер, биологтар, дәрігерлер, тарихшылар, техника саласының мамандары. Бұл жағдай А.Байтұрсынұлының терминжасамдық дүниесінің маңызы жан-жақты екендігін, қазақ қоғамының барлық әлеуметтік салалары үшін еңбек етіп жатқанын дәлелдейді. Яғни А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасы - полиғылыми, полиәлеуметтік дүние. Ө.Айтбаевтың сөзімен айтатын болсақ, "Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны сондай" [2,15].

Зерттеушілер көңіл бөлген негізгі мәселелер әр түрлі. Сол мәселелердің мағыналық көлемін біз төмендегідей анықтадық: А. Байтұрсынұлы - жалпы қазақ терминологиясының жолын көрсетуші

(родоначальник) және негізін салушы (основоположник); А. Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиеттанымының, қазақ әдістемесінің негізін салушы; А. Байтұрсынұлы - салалық ғылыми терминологияның негізін салушы; А. Байтұрсынұлы - қазақ тілі терминжасамы теориясының негізін салушы (ұғымдар, принциптер, жасалу жолдары, т.б.); А. Байтұрсынұлы - терминжасамдық қызметте қазақ тілі мүмкіншілігінің ажарын ашушы, қазақ тілі бірліктерін термин ретінде қолдануды бас міндет деп баяндаушы және соларды ғылыми қызмет айналымында қолданушы; А. Байтұрсынұлы - қазақ тарихындағы, жалпы түркі әлемі тарихындағы терминжасам ілімінде дара тұлға.

А. Байтұрсынұлы жалпы терминологияға (ұғымдар жүйесіне), терминдер номенклатурасына (нақты- ғылым саласына) арнап терминдер жасаған, семасиологиялық таңбалар ретіңде қалыптастырған. Тіл туралы сол тілде тілдесім жасау - ғылыми ізденістер жасау. А. Байтұрсынұлы еңбектерінің тілтанымдық мұрасы - қазіргі қазақ тіл білімінің негізі. А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасын зерттеушілер концептуалдық жақтан терминнің шығу тегін, жасалу жолын, қолданыстағы ерекшеліктерін әңгімелейді. А. Байтұрсынұлының зерттеулері тілтанымдық табиғаты тілдік тілдесім негізін, қорын құрайтын құнды ғылыми еңбектер, оның әлі де зерделенер тұстары көп деуге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қалиұлы Б. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминдері // Ұлттық рухтың ұлы тілі. - Алматы: Ғылым, 1999. - 409- 416 бб; Байтұрсынұлы А. Тіл - құрал (қазақ тілінің сарфы). Бірінші жылдық. Орынбор, 1914.

  2. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы: Рауан, 1997. - 240 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!