Материалдар / А дыбысы және әрпі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А дыбысы және әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, А дыбысымен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2018
285
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы жəне əрпі.

Сабақтың міндеті:
1. Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, А дыбысымен
таныстыру.
2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау,
ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Балаларға "А" дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар
аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге
тəрбиелеу.
Көрнекілігі: А дыбысының баспа түрі,слайд.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың əдісі: əңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық ,
Бір жадырап қалайық!
— Дыбыс дегеніміз не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
— Ал əріп дегеніміз не?
— Əріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау.
— Əріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда алғашқы əріппен танысамыз.
"А" дыбысының баспа жəне жазба түрін көрсетіп таныстыру. "А дыбысын ауада жазып
көрсету.
Қане, балалар, бəріміз бірігіп "А" дыбысын ауада жазып көрейікші істер апарып беруін
сұрапты
-Балалар мен сендерге «Қызыл телпек» ертегісін айтып берейін.
Ертеде Қызыл телпек деген қыз болыпты. Бір күні оған анасы орманда тұратын
əжесіне жемістер апарып беруін сұрапты. Балалар біз Қызыл телпекке жемістерді тез
жинауға комектесейік, ол үшін оқулықтаға бірінші тапсырманы орындауымыз керек.
(интерактивті тақтадан көрініп тұрады).

Балалар суреттердің атын атап А дыбысының қай жерінде естіліп тұрғанын айтады.
Сөздерді буынға бөледі.
-Жарайсыңдар сендер жемістерді тез жинауға көмектестіңдер.Енді Қызыл телпек əрі
қарай орман ішімен əжесіне кетті. Орманда нелер өмір сүреді?
-Аңдар.
-Дұрыс айтасыңдар осы аңдар деген сөзде «А» дыбысы естіледі ме? ( балалар аңдар
сөзін буынға бөледі, «а»дыбысының сөз басында естіліп тұрғанын табады).
Қызыл телпекке қасқыр кездеседі. Қасқырдан құтылып кету үшін екінші тапсырманы
орындату.


Page 2

— Ал, балалар, қазір дəптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарді қосып "А" əрпінің
баспа түрін жазамыз.
Балалар түгел жазып болған соң, "А" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан
басталатын нəрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстап басталатынын өздеріне
айтқызу. Интерактивті тақтадан сиқырлы əліппе көрсетіледі.
Сергіту сəті.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Ағаштағы алманы,
Жұлып-жұлып жинаймыз.
Ең үлкенін алманың,
Анамызға сыйлаймыз,
-Балалар, біз тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы Қызыл телпекке көмектесіп
отырмыз.Қызыл телпекті қыз қасқырдан құтылғанымен қасқыр оның əжесінің үйін
білетін болып шықты. Біз енді əжесінің үйіне аңшыны шақырайық. ( Аңшы сөзін буынға
бөлгізу, а дыбысын
Аңшылар тез келу үшін оқулықтағы ребусты шешеміз. Шешуі: Айгүл
Балаларға ребусты шешкізіп, онда шыққан сөздерді буынға бөлгізу.
— Балалар, аңшылар келіп қасқырды ұстап алды. Енді Қызыл телпек пен əжесін
кездестіреміз. Ол үшін соңғы тапсырманы орындап жіберейік.
Асқабақ пен алмұрт сөздеріне дыбыстық талдау жасату

—Міне, балалар, қызыл телпек пен əжесі сендер көмектескен соң аман-есен
бір-бірімен кездесті. Енді Қызыл телпектің əжесіне қандай жемістер əкелгенін
көрейікші.
Жемістердің аттарын атау, буынға бөлу.
Қорытынды. «Жұлдыз жина» ойыны. Үш қатар үш топ болып бөлінеді, сұрақтар
қойылып əр жауапқа жұлдызшалар таратылады. Көп жұлдызша жинаған топ жеңіске
жетеді.
1. А қандай дыбыс?
2. А дыбысынан келетін жемістерді ата.
3. А дыбысынан келетін заттарды ата.
4. А дыбысынан келетін қалаларды айт.
5. А дыбысынан басталатын адам аттарын атаңдар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!