Материалдар / А есебіМектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс жоспарынa өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А есебіМектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс жоспарынa өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс жоспарынa өзгерістер енгізу , А есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
169
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрланова Баян Сағындыққызы Мұғалім портфолиосы АВС бөлімі

ПШО ЖМ бөлімі Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы

Қызылорда қаласы 18.11.2022ж.

Мектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс

жоспарынa өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп


«Педагогикaлық қоғaмдастықтaғы мұғaлім көшбасшылығы» Қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін aрттыру турaлы aқпaрaттық-aнықтaмaлық мaтериал болып тaбылaды. Бaғдaрлaмaны игерген мұғaлімдердің негізгі функциясы біріншіден, жaңa тәсілдерді енгізу болып табылaды. екіншіден, коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке aлaды. Үшіншіден, мектебін жетілдіру мaқсaтында педагогикaлық қоғaмдастықтың жұмыс жоспaрын әзірлейді.[1]

Мен «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсының «мектептегі тәжірибе» кезеңінде мектебімдегі «Серпін» желілік қоғамдастық жұмыс жоспарымен танысып шықтым.

Желілік қоғамдастыққа 36 мұғалім мүшелікке тартылған.

Көшбасшы-мұғалім ретінде осы қоғамдастық жоспарына өзгеріс енгізу мақсатында мектеп директорымен сұхбаттастым. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарымен сұхбат жүргізу нәтижесінде мектептің былтырғы 2020-2021 оқу жылындағы директор жанындағы отырыстың болғандығын, жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында бастауыш сыныптарының оқу жылдамдығы жоспарға сай зерделенгендігін, сол зерделеудің нәтижесінде 4-сынып оқушыларының арасында минутқа оқу жылдамдығы стандартта көрсетілген міндетті 80-90 сөзге жетпейтін оқушылардың бар екендігін, сол оқушылармен жұмыс жасалу керектігін айта келіп, сыныптағы оқу жылдамдығы төмен оқушылардың оқуын жақсартуды проблема ретінде ұсынды.

Зерттеу кезінде деректерді жинау мен түсіндірудің екі негізгі әдісі бар. Бұл тәсілдерді дербес не қатар қолдансақ болады, олар сандық деректер және сапалық деректер. Екі талдаудың да мақсаты бір. Сапалық талдау мәліметтерге жүгінеді. Мен сондықтан директор жанындағы отырыстың хаттамасын негізге ала отырып, осы оқу жылындағы 5-сыныптағы А, Б, С, Д, Е. Есімді оқушыларды зерттеу нысаны етіп алдым және минутқа оқу жылдамдығын стандарттың міндетті деңгейі 105-115 сөзге жеткізуді мақсат етіп қойдым.

«Серпін» қоғамдастығының жұмыс жоспарына өзгеріс енгізуді педагогикалық қоғамдастықтың қажеттілігін ескере отырып жоспарладым. Сондықтан қоғамдастықтың мүшелерімен, 5-сынып пән мұғалімдерімен дөңгелек стол өткіздім. Сол жерде 5-сынып оқушыларының стандартта көрсетілген минутына 105-115 сөз оқи алмайтын білім алушылармен мнемотехника әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып қол жеткізуге болатындығын ұсындым.Сол үшін ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі пән мұғалімдеріне сабақта мнемотехника әдістерін өз сабақтарында жоспарлауға, минутқа оқу жылдамдығын оқуүдерісінде арттыруға болатындығын түсіндіріп, өз сабақтарында пайдалануға кеңес бердім. Әдістемелік көмек ретінде мнемотехника әдістері көрсетілген бірнеше кітапшалардың электронды нұсқасын ұсындым.

Жүргізілген жұмыстарды сауатты зерделеу үшін сыншы дос ретінде сертификатталған әріптесімді алдым.

Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі. [2]

Тәжірибе кезінде 5-сынып пән мұғалімдері мен сертификатталған мұғалімдер арасында сынып ішінде оқушылармен мнемотехника әдістерін пайдаланып, нәтижеге жету мақсатында «Мнемотехника әдістерімен жылдам оқуға қалай қол жеткізуге болады» атты коучинг жоспарладым.

Білім алушылардың оқу жылдамдығын арттыру мақсатында мнемотехника тәсілдерін үй жағдайында орындауға үй жағдайында мүмкін екендігіне көз жеткізу мақсатында «Ата-ана--балаға басты ұстаз» атты дөңгелек стол ұйымдастырылу жоспарладым.  

Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. 

«Қоғамдастық-бір кеңістіктегі әртүрлі дараларды топтастыру» атты семинар ұйымдастыру жоспарладым, ол жоспардың мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысы мұғалімдерінің «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімдер көшбасшылығы» курсы аясында «мектептегі тәжірибе» кезеңіндегі мектептегі басымдықты қалай анықтап, қоғамдастық жоспарына енгізген өзгерістер мен сол өзгерістерді шешу жолдарымен бөлісу, тәжірибе алмасу.

Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәліп (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. [3]

Сұхбаттасу нәтижесінде Г. есімді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі өзін тәліп етіп алуын сұрады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне мнемотехника тәсілдерін қалай қолдануға болатындығы жайында қажетті тапсырмаларды жасау жолдары түсіндірілді.

Мақсаты: мнемотехника әдіс-тәсілдерін мектеп Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру. - Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдылану.

Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты ұйымдастыру және рефлексиялық ойлаудың динамикалық үдерісінің басым бөлігі маңдай бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді.[4] Сондықтан келешек мектепішілік қоғамдастық мұғалімдері арасында зерттеулер жүргізе отырып, сол зерттеулердегі деректерге сүйене отырып мектептегі басқа сынып оқушыларының яғни 5-15 жас аралығындағы оқушылардың жылдам оқуын жетілдіру мақсатында және жоспарлы пайдалану үшін «Айқын мақсат-толағай табыс кепілі» атты бірлестік отырысы жоспарланды.

Нейрогимнастика болса екі жарты шарды бірдей дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы болып табылады. Мұнда бала ең бірінші ол жаттығулардың жасалып жатқандығын көреді және оны жасау үшін ойлануы керек, есте сақтау қажет және оны қимыл түрінде көрсете алуы керек. Бұл жерде тек мидың бір жарты шары ғана емес екі жарты жары да және қимылдардың үйлесулігі дамиды. Нейрогимнастиканың жаттығулары кез – келген жастағы балалар үшін тиімді болып саналады. Нейрогимнастиканы үйде неемесе сабақтарда да қолдануға болады және жаттығулар балалар үшін қызықты болып табылады. Осы жаттығулар арқылы баланы қызықтырып оған мотивация беруге таптырмас құрал, себебі, бала келесі жаттығулар түрін немесе өзініздің жасатып жатқан нейрогимнастикалық жаттығуларды одан да жақсы жасаймын деген мотив пайда болады және баланыздың нейралогиялық жүйесін қалыптастырады, зейіннің, қабылдауын, есте сақтау, дыбыс шығару қабілеттерін және өз денесің шынықтырады.Сол себепті алдағы уақыттағы жоспарыма«Нейрогимнастика жаттығуларының түрлерін оқу үдерісіне қалай пайдалануға болады?» деген тақырыптақоғамдастық мүшелері мен ынталы топтың қатысуымен коучинг өткізуді жоспарладым.Ондағы мақсатым мектеп мұғалімдері оқу жылдамдығы төмен және зейіні шоғырланбаған білім алушымен нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы олардың потенциалын көтеру.

Мектебімнің қоғамдастық жоспарына өзгеріс енгізу тиімді тұсы- мұғалімдер үшін: олар сабақ үдерісінде жаңа тәсілдерді пайдалануға қол жеткізеді, жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының әлуетін арттырырады.

Оқушылар үшін: сабаққа ынтасы жоғарылайды, қоғамда өзін еркін сезінеді, мнемотехника әдістері оқушылардың сол жақ, және оң жақ миының сұраныстарын қанағаттандыра алады, көзінің көру аймағы кеңейеді. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсы аясында келешек мектепаралық, ауданаралық семинар, вебинар өткізу арқылы ортақ проблемаларды шешу жолдарын және дербес проблемаларды шешу жолдарын қарастырып және сол тәжірибелерді өз мектептеріміздегі қоғамдастық жоспарына енгізуді жоспарлап отырмын.«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсында алған білімім мен тәжірибемді мектебімнің мұғалімдерінен құрылған қоғамдастықтың жұмыс жоспарын іске асыруға, оның жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, мектепті жетілдіру үдерісіне қолдау көрсетуге, сонымен қатар бұл жұмыстың ықпалын, оның қаншалықты нәтижелі болғанын анықтауға ат салысамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 7-бет

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 87-бет

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 87-бет

  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 99-бет

































Мектептептің педагогикалық қоғамдастығы жұмыс жоспарының іс-шараларын іске асыру туралы рефлексивті есеп

Коучинг үдерісінде Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістeрінің көмегімен мeктeптe жақсы тәлімгeр болуға көмeктeсу үшін өздeріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижeсіндe оның әріптeстeрі өзінің кәсіби әлeуeтін арттыруға арналған идeялармен және тәсілдермeн қамтамасыз eтіледі. Коучтер мұғалімдeргe өздeрінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі. Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу,шешім қабылдау1

Мен «мектептегі тәжірибе» кезеңінде коучинг өткізуді жоспарлау үшін сандық зерттеу әдісіне жүгініп, сауалнама алдым. «Сіз мнемотехника туралы өткізілген коучингті қолдайсыз ба?» деген саулнама нәтижесінде қатысқан 25 мұғалімнің 20-сы «ия», 3-і «жоқ», 2-і «білмеймін» деп жауап берді. Сондықтан 20 мұғалімнің қажеттілігін өтеу үшін коучинг өткізуді жоспарладым.

Сонымен мнемотехника әдістерімен 5-сынып оқушыларының оқу жылдамдығын қалай арттыруға болады? Деген тақырыпта коучинг жоспарын жасадым. Жоспарға мынадай мақсаттар қойдым: мнемотехника әдістерін оқу үдерісіне тиімді қолдануды жоспарлайды

мнемотехника әдістері арқылы оқу үдерісінде оқу жылдамдығын арттыруға болатындығын түсінеді

мнемотехника әдістерімен таныса отырып, оны өз сабақтарында пайдаланады

Күтілетін нәтиже мұғалімдер үшін: олар сабақ үдерісінде жаңа тәсілдерді пайдалануға қол жеткізеді, жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының әлуетін арттырырады.

Оқушылар үшін: сабаққа ынтасы жоғарылайды, қоғамда өзін еркін сезінеді, оқушылардың сол жақ, және оң жақ миының сұраныстарын қанағаттандыра алады, көзінің көру аймағы кеңейеді.

Сабақтың басы.

Проблеманы айқындау

(Назарды шоғырландыру, топқа біріктіру, ой қозғау, тақырыпты айқындау, сабақ мақсатымен таныстыру)

Уақыты:10-мин

Коучинг кезеңінің алғашқы 10 минутын сабақтың басын назарды шоғырландыру мақсатында «Жақсыға ұмтыл!» әдісімен мұғалімдерді жұптастыра отырып екі қатар түзеді, сол қарама-қарсы тұрған жұп, қолындағы шарға жазылған адам бойындағы жаман қасиеттерден

(еріншектік, уақытпен санаспау, ҚМЖ жазбай келу т.б ) арылуға ұмтылып, шардағы жазуды мен бойымдағы еріншектікті оқып,келесі жұпқа береді. Мақсаты үдеріске жаңашыл, креативті, сын тұрғысынан ойлай алатын,ұстанымы бар мұғалім ретінде қатысу.Осылай психологиялық ахуалын жақсартқаннан кейін мұғалімдерді топқа бөлу жұмысы жүргізілді.

Топқа бөлу жұмысымды интерактивті тақтадағы Castlots.org сайты арқылы онлайн топқа бөліну ретінде жүргіздім. Аталған сайтқа кіріп, онда қатысушы мұғалімдердің атын жазып, сосын программа арқылы кездейсоқ топтарға бөлдім.Мұғалімдерге топтың ережесі түсіндірілді.

Бір-бірін мұқият тыңдау;

Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

Ортақ пікірге келу;

Регламент сақтау;

Топқа бөлінген мұғалімдерге бүгінгі коучингтің мақсатын түсіндірдім.

Мақсаты: 1. мнемотехника әдістерін оқу үдерісіне тиімді қолдануды жоспарлайды

2. мнемотехника әдістері арқылы оқу үдерісінде оқу жылдамдығын арттыруға болатындығын біледі

3. мнемотехника әдістерімен таныса отырып, оны өз сабақтарында пайдалануды жоспарлау керектігін түсінеді.

Негізгі бөлім: Проблеманы шешу

(Мағынаны тану, Тәжірибе. Бірлескен жұмыс (жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру)

Уақыты: 30 мин

Жеке жұмыс жүргізу барысында мұғалімдерге көрсетілген симметриялық суреттерді екі қолымен бірдей салу тапсырылдыБұл әдістің мақсаты адам миының оң жақ және сол жақ бөлігінің жұмыс жасауын жақсарту екендігін түсіндірдім. (қосымша 1)

Бағалауды жаңғырту, білім беру аясында кез келген жүйелі өзгерістерге мүмкіндік беру үшін қажет. Жаһандық масштабтағы өзгерістер, оқушыларды келешекте еңбек нарығында олардың жетістіктері үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз етуін талап етеді. (МакГо, 2008).

Кері байланыс:«Көрсет және әңгімеле» (өз салған суреті бойынша өз өзін бағалайды)әдісібойынша өз салған суретіне өзі баға беру арқылы кері байланыс жасады.

Жұппен жұмыс жасау кезеңінде жұптарға боялған түрлі кейіпкерлердің суреттері көрсетілді. Сол көрсетілген суреттер 3мин соң жинап алынып, боялмаған нұсқасы таратылды. Мақсаты суреттің түсін есте сақтау арқылы бояу.(қосымша 2) Мұғалімдер оқушылардың есте сақтауын жақсарту мақсатында осындай әдісті өз тәжірибелеріне енгізуге болатындығын түсінеді.

«Көршіңізге айтыңыз» әдісі (Жаңа тақырып туралы атаймын, аталған тақырып бойынша көршісімен бөлісу)

«Маған айтшы-мен ұмытып қаламын,

Маған көрсетші-есімде қалады,

Өзіме істетші-сонда түсінемін»- деп Конфуций айтқандай мұғалімдер өз өн бойынан өткізу үшін төмендегі тапсырманы орындаттым.

Ұжымдық жұмыс кезінде мұғалімдердің көздерін жұмып тыныштық қалпына еніп, тізбектеліп айтылған 10 сөзді есте сақтау керек екендігі түсіндірілді. Және сол сөздерді іштей қайталай отырып есте сақтау тапсырылды. 3 минуттан соң есте қалған сөздерді ретінен шатаспай қағазға жазу тапсырылды, дегенмен мұғалімдер 10 сөзді толық жаза алмады. Ең көп жазған мұғалім 7 сөз, қалғандары 5 сөз, 4 сөз жаза алды. Сөздердің орнын шатастыруда кездесті. Осы жерде жаңа мнемотехниканың «ассоцация» әдісін пайдаланып 10 сөздің барлығын аз уақыт ішінде ретімен есте сақтауға болатынын іс жүзінде көрсеттім.

Ол үшін адамның бойындағы дәм сезу, иіс сезу мүшелері арқылы аталған 10 сөзді байланыстырып, оған орналасқан жерін қосып айту арқылы тез есте сақталатындығы түсіндірілді.

Мысалы стакан, тотықұс, теледидар, капуста, пияз, кеме, балажан, бургер, диван, ұшақ сөздері.

Осы сөздерді есте сақтау үшін стаканда ыстық, өте ыстық су бар, сіз қатты шөлдеп тұрсаңыз да ыстықтығынан іше алмай тұрсыз (осы жерде стаканның ыстықтығын сезіну арқылы стакан сөзі сізде жатталды), өзіңіз іше алмай тұрғаныңызда артыңыздан тотықұс келіп «Мағанда!, Мағанда!» деп мазаңызды алды,(осы жерде тотықұстың дауысын сезінуіңіздің арқасында сіздің есіңізде қалды). Міне осылай сөздерді жаттатуға болатынын түсіндірдім. Осы жұмыстармен қоса бірнеше есте сақтау қабілетін арттыратын жаттығулардың түрлерімен, көздің көру аймағын кеңейтетін жаттығулардың түрлерімен интерактивті тақтаның көмегімен танысты.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Екі жұлдыз- жасаған жұмыстағы ұнаған екі нәрсе, бір тілек-жақсартуға болатын нәрсе

Топтық жұмыс

«Мозайка» әдісі арқылы жүргізілді. Тапсырма : Мидың бүтін суреті бірнеше бөліктерге бөлініп топқа таратылады, қиылған бөлшектерді құрастыру. Құрастырылған бөлшектердің тұсына бүгінгі сабақтан алынған әсерлерімен, теория және практикалық жұмыстарын қорытындыларын жазу ұсынылды.(қосымша 3) Мақсаты: бөлшектен бүтін шығару арқылы ойды дамыту.

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі арқылы тақырыптың түсіну деңгейін арттырып, талқылау дағдыларын дамыту. Яғни мұғалімдерге бүгінгі жаңа әдіс- мнемотехника туралы не білгендіктерін, қалай қолдануға болатындығын, қолданған әдістерден қандай нәтиже көруге болатындығын айтқыза отырып, бір әріптестің жауабына келесі әріптес қалай қарайтыны туралы айтылды.

Қорытынды бөлім

(Бекіту сұрақтары, рефлексия кезеңі)

Уақыты:15 мин.

Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі, сондықтан қайта өз әрекетіне баға беру үшін төмендегідей сұрақтар қойылды.

1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

Иә Жоқ Түсініктемелер

2.Бұл мақсаттар Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?

Иә Жоқ Түсініктемелер

3.Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

Иә Жоқ

Олар қандай болды? 4,Коучинг сабағының өткізілу барысы Сіздің қызығушылығыңызды тудырды ма?

Иә Жоқ

Неге?

5.Коучинг сабағы кезінде қандай да бір жаңа нәрсе үйрендіңіз бе, не үйрендіңіз?

Иә Жоқ

Не?

6. Сіздің жаңа тәсілдерді қолдануға сенімділігіңіз артты ма? Деген сұрақтарға жазбаша жауап алынды.

Қоғамдастық мүшелері және «Серпін» қоғамдастығының төрайымы Г. атқарылған жұмысқа жоғары баға беріп қорытындылады.

Коучинг өткізу барысында техникалық ақаулар,мұғалімдердің тапсырманы аяғына дейін орындамауы сияқты сәтсіз жерлері болды. Дегенмен мнемотехниканың әдіс-тәсілдерін үйреніп, тәжірибемде қолданамын деген , мнемотехника әдіс-тәсілдері жазылған кітапшалардың электронды нұсқасын сұраған мұғалімдерді көргенде еңбегімнің ақталғандығын түсіндім.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!