Материалдар / А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты туралы түсіндіре отырып, Ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 3

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Білім іздеу, қарапайымдылық, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға А. Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты туралы түсіндіре отырып, Ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға өмір бойы білім іздеу керектігін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу. «Бәріміз бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланы орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.


2.Үй тапсырмасы.

1. №2 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №3, «Талаптыға нұр жауар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді?

Абайдың мінезінде қандай ерекшелік болды?

Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүюі неден байқалады?

Ел тарихына қызығушылық Абайға қалай әсер етті?

«Ұлы Абай» деп неліктен айтылған?

Өзің Абай ата туралы не білесің?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Абай Құнанбаев

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы.

Сұрақтар:

1. Орын таппай баптанба дегенді қалай түсінесіз ?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Абайдың даналық сөздері

Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол.

Адам баласына адам баласының бәрі – дос.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Кімде-кім әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

Пайда ойлама, ар ойла.


4.Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Абай Құнанбайұлы

(1845 - 1904)

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Шыңғыстаудың баурайында Қасқабұлақ қайнарының маңында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ибраһим.

Алайда сүйікті немересін Зере әже: «Абай болсын, аман болсын», - деп, Абай атап кеткен.

Абай – текті жердің баласы. Оның арғы атасы Ырғызбай тобықты руының батыры болған. Әкесі Құнанбай баласының дарынын ерте жастан-ақ байқайды. Ал Зере әжесі мен Ұлжан анасы қазақтың ауыз әдебиетіне қызығатын Абайды поэзия мен шығармашылыққа баулыған жандар. Әсіресе халық ауыз ертегілері мен жыр-дастандарды бала Абай сүйіп тыңдайтын.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады, сосын 3 жыл медреседе оқиды. Ол бірнеше тілдерді оқып үйренеді, озат шәкірт атанады.

Абай бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.

Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлендерінің сол кездегі адамдардың тұрмыс жағдайларын түсіну үшін маңызы зор. Мысалы:

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі.

Сұрақтар:

1. «Адам болам десеңіз» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?

2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту үшін не істеу керек?

3. Достарыңның бойындағы ізгі қасиеттер туралы әңгімелеп беріңдер.


5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Ттапсырма Қалдырылып кеткен әріптер мен сөздерді қойып , өлең шумағын дұрыс құрастыру.

«Мейірімді сөздер» ойыны.

Жүргізуші: Сендер бүгін қызықты көп нәрсені білдіңдер деп ойлаймын. Балалар да үлкендерде өздерің мақтағанды ұнатады.

Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар.

Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды.

Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіңе қарап тұрып «Түсімде емес, өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын.

«Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.

Керемет! Бір-бірлеріңде жиі мақтауға тырысыңдар. Осылайша өздеріңнің достарыңның көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досыңның көңіл-күйі жақсы болса, онда сіздің де көңіл- күйіңіз жақсы болады.



6.Топпен ән айту.

Абай біздің бабамыз

Өлеңін жазған Әбдіраш Жарасқан

Әнін жазған Баянғали Әлімжан

Өлеңі ақыл,

Өзі аңыз,

Абай біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан

Санамызға жазамыз.

Қайырмасы:

«Бес нәрсеге қашық бол,

Бес нәрседен асық бол!»

Деген жырын Абайдың

Жиі-жиі айтып тұр.

Өтірікпен, өсекпен,

Өмірлері бос өткен.

Адамдарды ұлы Абай

Шығарыпты есептен.

Қайырмасы.

Еңбекпенен, талаппен,

Әрбір күнін ән еткен.

Балалардан ұлы Абай

Адамшылық дәметкен.


7. Үй тапсырмасы.

1. №3 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №4, Жастарға (Үзінді) Шәкәрім Құдайбердиев.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!