Материалдар / АӘД сабақтарында патриотизмді қалыптастыру жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АӘД сабақтарында патриотизмді қалыптастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД пәні мұғалімдеріне көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
654
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш ымкент қаласы

Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

алғашқы әскери дайындық пәні

оқытушы-ұйымдастырушысы

Досжан Сержан Есалыұлы







Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсат-міндеттері

Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаттары.



Әскери-патриоттық тәрбие-мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарда жоғарғы патриоттық түйсікті өз Отанына шын берілу,өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі мақсатты іс-әрекет.

Әскери- патриоттық тәрбиенің мақсаты жастарда азаматтылық-патриоттылықты дамыту.Оларда өмірдің әр саласында керекті белсенді көрінулерді құру .

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі негізгі міндеттерді орындау талабы орын алады:

-жастардың санасында және сезімінде патриоттық құндылықтарды , көзқарасын және сенімдерін, Қазақстанның мәдени және тарихи өткеніне ілтипат мемлекеттік, әсіресе әскери қызметтік деңгейін келтіруді бекіту;

-жастарда Отанға шын берілудің дамуын қамтамасыз ететін тиімді , жеке әскери-патриоттық жүйе құру;

- әскери-қызметтік тәрбие жүйесінің тұтас қызмет ету әсерін қамтамасыз ететін оның ішінде ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жатқандарда қамтамасыз ететін механизм құру.

Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз Отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу. Бүгінгі жастар Отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесу қажет болып саналады.

Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі алатын қоғамдағы рөлі ерекше болып саналады.

Жастарды өзінің еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тұрғыда ерекше болып саналуы мүмкін.

Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамымыздағы

өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруы қажет дегеніміз патриоттық тәрбие негізін түтіндіру.

Әскери-патриоттық тәрбиенің міндеттері. Әскери-патриоттық тәрбиенің міндеттері жастардың көзқарасын қоғамдағы күнделікті өзгерістермен айқындауы қажет.

Патриоттық тәрбиенің өзінің халқына деген сүйіспеншілікті мектеп ұжымында тәрбиелік мәнімен айқындалуы керек.Тәрбие жалпы жас жеткіншектерге отбасынан басталуы керек. Отбасылық тәрбие жастарға қоғамға тез араласуына зор ықпал тигізеді.

Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі ықпалы жастарға Отанына адал болуына патриоттық сезімін тудыратын өзінің қоғамға бір ықпалын тигізетініне қуаныш сезімін туғызуы тиіс. Қоғамдағы өзгерістер жастарға ықпалын тигізеді, себебі жастар қазіргі уақытта қоғамның белді бір мүшесі болып табылады.Жастардың қазіргі патриоттық тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне саналы көзқараспен қарайды. Ол дегеніміз өзінің Отанына деген сүйіспеншілігінің бар екенін айқындап берілуі болып табылады.

Отанға деген сүйіспеншіліктің жастардың бойында табылуы ол дегеніміз үлкен құрметтің белгісі болуы тиіс. Әскери патриоттық тірбиенің негізгі алатын орны қоғамымыздың жаңаруына өзінің қандай да бір ықпалың тигізеді. Бұл дегеніміз қоғамдағы қандай да болсын өзгерістер жастардың ықпалымен болып жатқанын дәлелдейді. Әскери патриоттық тәрбиеде жастарға әскердің не екенін жалпы мағлұмат алатындай олардың әскери ойындарға араласуы , Отан соғысының ардагерлерімен кездесу, бейнефильмдер көрсету соның бір дәлелі болып саналады.

Патриоттық тәрбие қашан да жас жеткіншектерге өзінің халқына деген сүйіспеншілігін арттыруына зор ықпал етуі тиіс.Отан қорғау бойынша эмоционалдық күш-жігерлік қатынас, оның алдыңғы, Отан қорғау туралы балалардың білімінің қалыптасу жүйесі әскери –патриоттық тәрбиенің барлық түрлерін қолдана білгенде ғана тәрбиелік нәтиже беретіні ескерілуі керек. Мұғалімнің міндеті мұндай жағдайда жоғаоы эмоцияға кіші оқушылардың тез қабылдауына сүйнене отырып оларға ҚР Қарулы Күштерінің ерлік тарихы мен ҚР әкерінің және әскери теңіз флотының жауынгерлерін мақтанышпен айта отырып болашақта солардың қатарынан болғысы келетін сезімін дамыта білу.

Төменгі мектепті бітіріп оқушылар қарулы күштер туралы кең мағлұматта болады. Армия мен флот біздің Отанымызды , халқымыздың бейбіт еңбегін, тыныштық өмірін қорғайды. Ұлы Отан соғысы кезінде неміс фашист басқыншыларымен біздің жауынгерлер ,біздің еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігіне бейбіт өмір мен бақыт үшін күресті. Фашистер біздің жерді иелену үшін соғыс ашты. Кеңес жауынгерлері батыр ,жігерлі, күшті,олар біздің елімізді қырағылықпен күзетті.

Әскери патриоттық тәрбиелеуде жастарға жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлген:кіші, орта, жоғарғы буын болып бөлінген. Кіші мектеп жасындағы балалар өздерінің ең бірінші қоғамдық ұйымға мүше бола алады. Бұл жастағы балалар әскери спорттық ойындарға белсене араласады.

Қарулы күштердің халықтың жауынгерлік еңбек қағидаларын, өткен және қазіргі кездегі, болашақтағы оның ерлік тарихы. Отан туралы білімін тереңдетіп,қоғадық саяси көзқарасын кеңейтуге атсалысады. Әскери теңіз флотына және армия жауынгерлеріне жақсы көзқарасы ескеріліп, балаларға мұғалім оқудан тыс, сабақ кезінде оқушыларды жігерлілікке қасиетті жауынгерге қажетті тәртіпті, батырлыққа, шешімді болуға ауыртпалықты жеңіп шығуға талаптануға, психологиялық және дене жүктемелеріне шыңдауға, керекті істі орындауға даярлыққа мұғалім таныстырған тапсырманы орындауға дайындау.

Әскери-патриоттық тәрбие беруде жанұяның рөлі зор. Кіші жастағы оқушылар армия және флот ардагерлері, Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының өмірбаянымен танысып мемлекеттік марапаттауларға, яғни наградаға деген дұрыс көзқарас қалыптасады.Мектептің педагогика ұжымы оқушылардың әскери ойындарын ұйымдастыруға ата-аналар алыс жерлерге, мысалы саңырауқұлақ жинауға,балалармен жаяу баруға немесе балық аулау , далада өнім жинауға, саяхатқа бірге барып белсене араласа алады. Сонымен қатар балаларды жергілікті жерді айыруға, кедергілерден өтуге үйрету керек. Мұғалімдер ата-аналарға барлық туындаған сұрақтарына кеңес береді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Білім туралы» Қ.Р-ның Заңы. Астана 27 шілде 2007 ж.

  2. Қ.Р-ның білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 11 қазан 2004 ж.

  3. «Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қ.Р-ның 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы

  4. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қ.Р-ның 2012 жылғы 16 ақпан №561 - IVЗаңы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!