"Абай - дана, Абай - дара" эссе

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай - дана, Абай - дара" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай туралы жаза берсек түніміз таңға ұласар, ол да аз. Надандық –білім -ғылымның жоқтығы Білімсіздік –хайуандық болады Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО.Жаңақала ауданы,Көпжасар ауылы

«Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ»КММ

Тұрарбек Есенгелді 2 сынып


Абай-дана, Абай –дара, қазақта!

Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Сол секілді Абай атамыз да біздің өрлеуге бастар жолымыз десе еді. Абай атамыз өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып өткен. Ақынның шығармашылығының өзегі «Адам бол» деген философиялық идеяға сәйкес келеді. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай атамыздың түсінігінде білім мен ғылымға құштарлық болып келеді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,- деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай атамыз ескіліктің бұғауынан, надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлттық код, туған жер деген ұғымдарды негізге алды. Ал осы рухани құндылықтарымыздың бастауы-Абай мұрасында жатыр деп айту, қателік емес. Мектеп табалдырығын аттағаннан Абай атамыздың мұрасымен сусындаған бала, келешекте өз мемлекетінің бір кірпіші болып қаланып, елін көркейтері айдан анық.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақта,-

деп кемеңгер, надандықтан шығар жол –оқу-білім, өнер екендігін айта келіп, оның жетістікке жетуіндегі еңбектің рөліне мән береді.

Абай туралы жаза берсек түніміз таңға ұласар, ол да аз.

Надандық –білім -ғылымның жоқтығы

Білімсіздік –хайуандық болады

Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден, адамды қор қылатұғын нәрседен бойын аулақ салса, ақынның арманы орындалғаны.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.12.2020
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі