Материалдар / «Абай әлемі» Мобильді-этюд сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Абай әлемі» Мобильді-этюд сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбес сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
457
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай әлемі»

Мобильді-этюд сабақ

Туралина Лаура Алимкуловна

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1мектеп-гимназиясы»КММ

/ қашықтықтан оқыту кезеңіндегі тәрбие жұмысы/

Бағыты: Рухани-танымдық тәрбие.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.

-Жас ұрпақты Абай әлемін ,шығармашылығын танып өсуге , адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

Бағалау критерийлері: моральдық-этикалық нормалардың жалпыға ортақ нормаларына моральдық көзқарасын таныту; өз абыройы, ар-намысы мен міндеті; ішкі еркіндік пен моральдық шешім қабылдау;

Қолданылатын технологиялар: ZOOM платформасы,https://learningapps.org интерактивті тапсырмалар сайты, https://www.youtube.com каналы

Сабақтың барысы - Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?

- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның әлемімен танысып жатырмыз.


1.Бәрін білсем...

https://learningapps.org/view13595964 интерактивті тапсырмасы

Дескриптор: ЦБР ойыны арқылы А.Құнанбаев туралы түсінігін толықтырады

2.Жүректің көзі ашылса...

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қара сөздерімен танысайық.

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)

Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)

https://www.youtube.com/watch?v=8O0rq3UZbVI

Дескриптор: Медиаақпарат арқылы А.Құнанбаевтың қара сөздеріі туралы түсінігін толықтырады

3.«Ойқозғау»

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.

Shape4 Shape3 Shape1 Shape2

Shape6 Shape5

Абай


Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7





Дескриптор: Абай есімі арқылы түсінігін толықтырады

4.«Шығармашылық SMS» кері байланыс

P.S /Сөз соңында/

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге.

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдыңыздар. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.

«Абайдың қара сөздері» – интерактивті ойын тапсырмасы

https://learningapps.org/6678420


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!