Материалдар / Абай ән әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай ән әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтың ән әліміне қосқан үлесі. Абайдың әндері мен күйлері, оның маңызы. Осы және басқа да қысқаша мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың ән әлемі

«Мына тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?»

С.Торайғыров


«Өлде деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...», - деп төрелігін өзі шешкен Ұлы Ақынның артында қалдырған мол мұрасын ұпақтың санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойымызға сіңіру әрбір қазақтың басты парызы деп санаймын.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Дүниедегі қызықтың бәрі өлеңмен, Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең», - деп ақын Абай адам өмірінің өлеңмен өтетінін дөп басып айтқан.

Абай атамыздың музыкалық қабілетінің ашылуына аулына келген әнші-күйшілермен кездесуі, олардың шығармашылықтарын ұйып тыңдауы әсер еткен. Біржан салдың Абай аулына келіп ән салуы, Абай әндерін тыңдап, Абайдың «Мен көрдім ұзын ағаш құлағанын» өлеңіне ән жазуы ақынның музыкалық шығармашылығының шыңдала түсуіне түрткі болған. Өз заманындағы ән, күй шығарған халық композиторлары сияқты Абай атамыз да нота сауатын аша алмаған. Сондықтан, музыкалық қабілетіне, бар дауысына, домбыраға сүйенген екен. Сол кездегі Абай әндерін нақышына келтіріп орындаушылар Біржан, Ақан, Жаяу Мұсалар болған. Кейбір деректерге қарағанда, Абай аулында оның балалары мен шәкірттерінен құрылған музыка ансамбілі болғанға ұқсайды. Олар Абай әндерін тыңдаушылар және насихаттаушылар. Олар: Әбіш пен Ақылбай әрі ақынның сүйікті жары Айгерімдер болған. Ансамбльді Әбіш пен Көкбай басқарған. Ансамбль құрамына домбыра скрипка, гармон, мандолина және гитара аспаптары кірген. Абай әндерін орындаушылар халық арасында әр жерде әртүрлі орындаған. Сондықтан да әндері әртүрлі айтылып, әннің бірнеше нұсқасы пайда болғаны белгілі. Абай әндерінің мелодиялық дамуы біркелкі кең созылып айтылса, кейбіреулері қысқа, ал енді бірі ариоза түрінде қалыптасқан. Әндерінің ырғақтық және өлеңіне үндестік, интонациялық құбылысы да мәнерлі, түсінікті, Абай тілімен айтқанда «тілге жеңіл, жүрекке жылы». Абай әндері мен күйлерінің тақырыбы да ауқымды. Бірде сағыныса бір-бірін асыға күткен ғашықтарды яғни шынайы махаббатты жырласа, бірде «Алыстан сермеп, жүректен тербеп шымырлап бойға жайылған» деп ел ішіндегі әділетсіздікті ашына жырлайды. Әндерінің көпшілігінде, күйлерінде табиғат пен адамды байланыстыра жырлайды. Абай шығармаларына тән қасиет сабырлылық, әуенінің өзара байланысы «Желдірме», «Май түні», «Торжорға» күйлерінен анық байқалады. Ақын «әннің де естісі бар, есері бар» деп кез келген у-шу, мағынасыз әннің адамға берер әсерінің аздығын, әннің де естісін тыңдау керектігін, тыңдаушыларына да ақыл- кеңесін айтады. Адамды эстетикалық тұрғыдан суреттегенде Абай үш нәрсеге көңіл бөледі: Жалпы адамның әсемдігі, әйелдің сұлулығы, соған байланысты шынайы махаббатты мадақтау және сыртқы көрініске алданып қалмай, қыздың жан дүниесіне мән берген. Осы тақырыпта «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б

«Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй... - деп, жақсы ән мен тәтті күйдің адамға берер ләззатының айрықша екенін айтып қана қоймай, түрлі ойларға жетелеп, арманға қанат бітіретіні айтылады. Сөйтіп оқушысын ән-күй өнеріндегі сұлулықты сезіне білуге, оның ләззатынан құр қалмауға меңзейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!