400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АБАЙ БЕЙНЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бақанас аграрлы-индустриялдық колледжі»

Тарих пәні мұғалімі Мусапирова Қамажай Мұратовна

Абай бейнесі

Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы 20 ғасырдағы қазақ және әлем әдебиетіндегі ерекше көркем құбылыс. Суреткер өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының рухын, ұлттық болмыс-бітімін жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абайдың мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралық таныммен сомдаған. ''Абай жолы'' эпопеясын суреткер шебер композицияға, сюжетке құра білді. Романның сол сюжеттік желісі жазушыға қайталанбас сом характер жасауға мүмкіндік береді. Сондай кесек, ірі сомдалған тұлғалардың бірі – Құнанбай. Жазушы романда қажы бейнесін сан-алуан оқиға үстінде әр түрлі мінез-қылығымен көрсеткен, тұңғиық сыры терең, қалтарысы, бұрылысы, сұмдығы мен жауыздығы, қайраты мен қажыры, шешендік алғырлығы мен ақыл-айласы бойына тұтаса біткен жан бейнесінде өрнектелген. Оның сырт пішінінен ішін тану қиын. Қатпары көп ішкі жан дүниесінде бұғып жатқан сырлар сыртқа бірден теппейді, бергісін көрсетіп, әріде, тереңде, қалтарыста жатқанын ішінде бүгіп қалады. Ол ескі өмірдің қаймағы шайқалмауын, заман тізгінін қолынан кетірмеді, әкімшілік-биліктен айрылмауды, елге Құнанбайлық әмірін жүргізуді көздейді және осы ниетінен қайтпайды. Өз қарауындағы елді құрығында ұстап, көнбегендерге Құнанбайлығын істейді, тізесін батырады. Мұның барлығын өз қолымен емес, басқалар арқылы істейді, өзі тасада қалады. Ол азуы кере қарыс Алшынбайды да ''Алшеке'' дей отырып, өз керегіне жаратады. Ол шариғатты да, ''құдайшылықты'' да дегені үшін құрбандыққа шалады. Құнанбай уысынан шығар пенде жоқ, өйткені онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын, малды, сөзге жүйрік. Мінез бен іске де алғыр. Осылардың бәрі өз ортасын бойымен басып жығып беруге себеп болды. Демек, романда Құнанбай қулығына құрық жетпес, ақылы мен түлкілігі, айласы мен амалы астасып жатқан терең шыңырау болып бейнеленген. Жазушы оның сол әрекетін нақтылы оқиғалар арқылы шығарманың бүкіл бейнелі құрылымында образдар жүйесінде көрсеткен. Құнанбай айла-амалы, өзгенің қолымен от көсейтіні ру басшыларын да осы қылмысқа ортақ етуінен анық танылады. Ол ''күнәһар'' Қодар мен Қамқаға қандай жаза қолдану керек, оны да өзі жеке дара шешпеген, ру басшыларының сарабына салған болады. Бірақ бұл жерде Құнанбайлығын жасады. Өлтірткен ол емес, солардың өздері: ''Адам өлтіріп отырсың, не бетіңмен үн шығарасың?'' дейді Бөкей Қаратайға. Құнанбай шариғатты өз кәдесіне жаратады. Мұндай ''ел қорлаған сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек'' деп шариғат атымен үкімін шығарады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2018
872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі