Материалдар / «Абай болайық көшеде!»

«Абай болайық көшеде!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Абай болайық көшеде!»


Мақсаты: оқушыларға жол қозғалысы ережелерін үйрету, сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту.

Көрнекілігі: оқушылардың қолында жол белгілерінің суреттері, қатырма қағаздан бағдаршам макеті.

Тәлімгер: -Балалар, көшедегі кездейсоқ, қауіп-қатерден аман болу үшін біздер нені білуіміз керек?

-Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.

-Ал, балалар, көшеде жүру тәртібін не басқарды?

Оқушылар: Бағдаршам.

1-оқушы: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.


Тәлімгер: Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді.


2-оқушы: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Тәлімгер: Бағдаршамның сары көзін көрсетеді.

3-оқушы: Сары шамы жағылса,

Сақ, абай бол барынша!

Тәлімгер: Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді.

4-оқушы: Жасыл жарық-жол ашық!

Зымырай бер, бел асып.


Тәлімгер: Бағдаршамдар қайда орналасқан?


Оқушылар: (жолда)

5-оқушы: Жол дегеніміз көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ.Жол көлік пен жүргіншілерге арналған деп, екі бөлікке бөлінеді.

6-оқушы: «Жаяу жүргіншілерге арналған жол» тротуар деп аталады.

7-оқушы:

Тротуар – жүрер жолы жаяудың,

Желаяқтың,жайбасардың,баяудың.

Машинаның жолы-көше ортасы,

Соны ұмытып кете көрме, аяулым.


Тәлімгер: Жаяу жүргіншілер қандай жермен жүреді?


8-оқушы: Жаяу жүргіншілер жиек жолмен ғана жүруге тиіс.Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған.Жаяу жүргіншілер жиекжолдың тек оң жағымен жүреді, бұл-қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.Ал артынан қуып жеткен адамдар сол жағынан емін-еркін өтіп кетуге мүмкіншілік жасалуы керек.

Тәлімгер: Көлік жолдарының адам өміріне қауіптілігіне неде?


9-оқушы: Жолмен көлік қана жүреді.Көптеген қал,ауыл-селоларда жолдың жиегін темір шарбақпен қоршап немесе гүл егіп тастайды, яғни жолды кез келген жерден кесіп өтуге болмайтындай етеді.Соған қарамастан, кейбір жаяу жүргіншілер қалай болса солай жауапсыздық көрсетіп, темір қоршаудан секіріп, гүлзарларды тастап өтіп кетіп бара жатады.Бұл біріншіден, адам өміріне қауіпті, екіншіден, мәдениетсіздік болып табылады.


Тәлімгер: Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?


10-оқушы: Ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған машинаға мән бермейді.Қыс айларында шана, конъки, сырғанақтың қызығымен машинаның астына түсіп кету қаупі көбейеді.

Тәлімгер: Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиістіміз?


11-оқушы: Жүргізушілер жол өткелдеріне жақындап келгенде жүрісін баяулатады.Демек, жаяу жүргіншінің жол өткелін дұрыс пайдалана білуі өзі үшін де, көлікті жүргізуші үшін де қауіпсіз екендігін есте сақтау тиіс.

Тәлімгер: Жол өткелдерін жүгіріп өтуге бола ма?


12-оқушы: Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап, жолдың екінші бетіндегі көлікке тап болып, жарақаттануы мүмкін.

Тәлімгер: Автобустан шығып үлгере алмаған жолаушы не істеуі тиіс?

13-оқушы: Автобус жүргізушісі айна арқылы жолаушылардың автобусқа мініп-түсу кезеңін бақылап отырады.Егер жолаушы дер кезінде түсуге үлгере алмай, автобус жүре бастағанда түсуге ұмтылса, есікке қысылып қалады немесе құлап, доңғалақ астына түсуі күнделікті өмірде кездесіп жүрген жайттардың бірі.

Тәлімгер: Жол бойындағы тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті деп саналады?


14-оқушы: Тоқтап тұрған көлік өзінің алды мен артындағы келе жатқан басқа көліктерді, адамдарды көрсетпейді.Сондықтан тоқтап тұрған көліктің артынан тосыннан шыға келу адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Тәлімгер: Велосипедпен неше жастан бастап жүруге болады?


15-оқушы: Біріншіден велосипедшілердің бәрі де жасына қарамастан жолда жүру ережесін жақсы білуге тиіс.Жасы он төртке толған балаларға ғана шығуға рұқсат етіледі.

Тәлімгер: Велосипедші жол жиегімен қанша метр жүруге болады?


16-оқушы: Велосипедші жол жиегімен 1 метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі.

Қорытынды.



Директорды тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М. Жауынбаева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ