Материалдар / «Абай –дана, Абай- дара қазақта».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Абай –дана, Абай- дара қазақта».

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
452
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай –дана, Абай- дара қазақта».Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қырсырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбиелеуІ Ұйымдастыру кезең.Ибракова Зарина «Желсіз түнде жарық ай»АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ? Атады таң, батады күн, толады ай.Ауысады күнде саба, толағай.Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,Неге пенде болды сонша қомағай ! Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар болып,Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмызҚұнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат.Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.Слайд ( өздері таңдаған сурет тақырыбына қатысты 4 жол тақпақ айтады)Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы Атамыздыңдың өлең шумақтарын айтып жіберейік. Қыс Күз Жазғытұры1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім? Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын атандырып келешекке , Біздермен осы күнгі тілдескен кім? Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? Ортаға Абай атамызды шақырамыз. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. "Абай дара, Абай дана қазақта"1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?(пікір айту)Өмірбаян. 7-сынып оқушылар Абылай,Айдана,Элвира.2 жүргізуші: "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"Абайдың нақыл сөздерінен адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , имандылық тақырыбы,Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы қазақ халқының қара сөзден өзіңе ғибрат алу. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.Ақкенже: Абай жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды. Көрініс: «Әженің әңгімесі»6-сынып оқушысы Ақтолқын: Жастайынан халық ауыз әдебиетіне сусындап өскен Абай ақындық жолға бет бұрады. Абайдың өлеңдері жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуды үндейді. Алғашқы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім »1-жүргізуші: Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар! "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"1жүргізуші: 5-сынып оқушысы Ақбаян: Атамыз туралы ой қозғайды.2 жүргізуші: Базарбаева Аружан «Көзімнің қарасы»Ортаға қарасөзден және даналық өсиетін айтуға ортаға оқушыларымызды шақырамыз. 8-сынып оқушысы Ақылжан:18- қара сөзінен үзінді: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылыми, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық.33-қара сөзі: Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлік- қазақтың әулиесі сол.1 - жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу - ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.2 - жүргізуші: Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.( Жүргізушілер Абай суретінің алдына келіп тағзым етеді).Абай ата! Өзіңнің үміт еткен ұрпағын сіз туралы толғап, сыр шертпек.Қабыл ал, жас өрендеріңізді, ақ батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жеріңнен тұрып, бір сәт болса да бізге орал, ортамызда бол!Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,Жоқ - барды ертегіні термек үшін.Көкірегі сезімді, тілі орамды,Жаздым үлгі жастарға бермек үшін



































Автор: Биыл Абайдың жасы он нүшке толған еді. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен,қызық сөйлейді. Әңгіменің барлық жерін дәмді қып,қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда,бір күні кешке ұйықтай алмай жатып,әжесінен әңгіме айтуды сұраған. Сонда ол ойланып отырып; Әжесі; -Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен, Бұрынғыда кім өткен!? Автор: Әжесі әңгімені осылай бастайтын,ылғи әңгіме тыңдарда,Абай әжесінің тізесін қағып; Абай: -Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен, Бұрынғыда кім өткен!? Автор: Кейде әжесі шаршаса,өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай,білдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады.Сондаи шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп жүрген. Күндердің бірінде бұл үйге бөгде екі қонақ келеді (екі қонақ кіріп, отырғандарға амандасады). Бірі- қартаң,бірі -жас қонақ. Жасын Абай біледі,таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп,осы үйде үш күн жатып, «Қозы Көрпеш-Баянды» жырлап берген Байкөкше еді. Қасындағысын Абай білмесе де ,шешесі әбден таниды екен. Шешесі: Ал,балам,әжең екеумізді қажай беретін едің, әңгіме-жырдың дүкені,міне,жаңа келді. Мына кісі;-Барлас- деген ақын. Автор: Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп,үндемей отырған өзге үлкендердей емес. Барлас ақын: Е, балам; «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай езілген»-дегендей сөйлеуіңді де,тыңдауыңды да сүйген ел-ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң,айтуға Байкөкше жалықпас (жолдасына қарап). Автор: Осы түнде ас піскенге дейін Барлас«Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да,кітап ішінен де өмірі естіп білмеген,ең бір сұлу,ең бір әсерлі,күшті жыры осы еді (Барлас қолын жуғалы қамданғанда); Абай: Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен? Барлас: - Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін.Бұл Абай тілегі еді... Абай бұл күнге дейін өмірінде осы Барлас,Байкөкше баян еткен дастан-жырларға бара-бара еш нәрсе естімеген сияқты болды. Күндіз де,түнде де Барластың қасынан шықпады. Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып,Барлас пен Байкөкшкні дәл бір айдай жібермеді. Барлас: -Шырағым,ер жетерсің, Ер жетсең сірә не етерсің? Алысқа шырқап кетерсің, Шыңдасаң шыңға жетерсің. (Абай домбырасын ұсынады). Міне ,балам осы менің батам болсын (Ақындар жүруге қамданды. Абай шешесін шақырып алып); Абай: Апа,екеуіне де жақсы сый беріп аттандыршы (қонақтарға қымыз құйылады). Ұлжан: Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп,арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар,қадамы құтты қонақ екенсіңдер. Автор: Абай шынында да,дәл осы кезде өзін-өзі бір сырқаттан құлан таза болып алғандай,бойына қайрат жиып алғандай сезінді. Ұлжан: Тағы да келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де сөйлетіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза қош болып аттаныңдар. Әжесі Зере: Қонақтар жүруге қамданып отырсыңдар ғой,ас қайырып бата алайық! Байкөкше: Асқа берекет, Адамға қанағат, Аллаға сабыр ет, Не тілесең соны қабыл ет! (Қонақтарды аттандырады). Абай: (шешесіне риза болып);-Апа сізге де үлкен рахмет! Адам жанын айтқызбай ұғасыз. Ризамын,анашым (бәрі сахнадан кетеді).

























































Абай Құнанбаев – -сазгер;-лирик;-ақын;-ойшыл;-гуманист;-діндар;-ұстаз;-ағартушы;-аудармашы;























Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.

Шәкәрім.





































































Ахмет Байтұрсынұлы.

Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар Әуезов.

Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

Ғабит Мүсірепов.

Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Қайсын Кулиев.

Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!