Материалдар / Абай жайлы ашық сабақ

Абай жайлы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай жайлы ерекше мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы « » ___________

____ бұйрығына 10-қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 201-қосымша 



Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта,

  2. жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  3. Бағдарлама бастауыш мектепке арналған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады.

  4. 5-6-сыныптың оқушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың білім құмарлықтарының дамуына, әлем жайлы ой-өрістерінің кеңеюіне,

  5. ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

  6. Негізгі мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу:

1) қоршаған әлемнің көп қырлылығын, табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын және себептерін;

2) көптүрлі табиғат құбылыстары мен нысандарын жүйелеу принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.

  1. «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы негізгі мектепте зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына

  2. бағытталған:

1) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименттер арқылы алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау;

2) зерттеу мәселелерін дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін бағалау және сипаттау, қорытынды

шығару;

3) бұқаралық ақпараттық құралдары хабарламаларындағы, интернет желісі ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы

ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін анықтау және ақпараттың растығын бағалау;

4) зерттеу қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

5) жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.

  1. «Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс

  2. болып табылады.

  3. Бағдарламаның мақсаты оқушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың

  4. біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру,

  5. сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.

  6. Пән бағдарламасы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін

  2. қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;

  3. білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдану және бұқаралық ақпараттық құралдары, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-

  4. көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;

3) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық

ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

  1. күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін

  2. жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.


2-тарау. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


  1. «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

  1. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны оқу бөлімдерінен тұрады.

  2. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан құралған бөлімшелерден тұрады.

  3. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың

  4. Жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оларға оқудың келесі кезеңдерінен хабардар болуға мүмкіндік береді.

  5. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:

  1. ғылым әлемі;

  2. ғалам. Жер. Адам;

  3. заттар және материалдар;

  4. тірі және өлі табиғаттағы үдерістер;

  5. энергия және қозғалыс;

  6. экология және тұрақты даму;

  7. әлемді өзгертетін жаңалықтар.

  1. «Ғылым әлемі» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. ғылымның рөлі;

  2. зерттеу мәселесі;

  3. зерттеуді жоспарлау; деректерді жинау және жазу;

  4. деректерді талдау;

  5. қорытынды және талқылау.

  1. «Ғалам. Жер. Адам» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. макро- және микроәлем;

  2. жер туралы жалпы мағлұматтар;

  3. жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері;

  4. жердегі тіршілік;

  5. жер бетін бейнелеу тәсілдері;

  6. материктер мен мұхиттар;

  7. халық географиясы.

  1. «Заттар және материалдар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. заттардың құрылысы мен қасиеттері;

  2. заттардың жіктелуі;

  3. заттардың пайда болуы және заттарды алу.

  1. «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. өлі табиғаттағы үдерістер;

  2. тірі табиғаттағы үдерістер.

  1. «Энергия және қозғалыс» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) энергия түрлері мен көздері;

  1. қозғалыс.

  1. «Экология және тұрақты даму» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. экожүйелер;

  2. тірі ағзалардың саналуандылығы;

  3. табиғатты қорғау.

  1. «Әлемді өзгертетін ашылулар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. әлемді өзгерткен жаңалықтар; болашақ жаңалықтары.
















3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі


  1. Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 5.1.2.1 кодында «5» - сынып, «1.2» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқыту мақсатының реттік саны.


Білім алушылар білуі тиіс:

Бөлімдер

Бөлімшелер

5-сынып

6-сынып

1. Ғылым әлемі

1.1. Ғылымның рөлі

5.1.1.1 - ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

6.1.1.1 - жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау

1.2. Зерттеу сұрағы

5.1.2.1 - зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау

6.1.2.1 - тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау

1.3. Зерттеуді жоспарлау

5.1.3.1 - зерттеу жоспарын құрастыру;

5.1.3.2 - зерттеу жүргізу кезін-дегі техника қауіпсіздігі ережелерін тұжырымдау

6.1.3.1 - жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

6.1.3.2 - қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау

1.4. Деректерді жинау және жазу

5.1.4.1 - нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;

5.1.4.2 - бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

6.1.4.1 - Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану

1.5. Деректерді талдау

5.1.5.1- қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептеу және тенденцияларын анықтау

6.1.5.1 - алынған деректерді графикалық түрде көрсету

1.6. Қорытынды және талқылау

5.1.6.1 - зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау

6.1.6.1 - алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету

2. Ғалам. Жер. Адам

2.1. Макро- және микроәлем

5.2.1.1- макро- және микроәлем нысанда-рын ажырата білу және мысалдар келтіру

6.2.1.1 - макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау

2.2. Жер туралы жалпы мағлұматтар

5.2.2.1 - Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру;

5.2.2.2 - Жердің құрылысы мен құрамын атау

6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру;

6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру

2.3. Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері

5.2.3.1 - Жер қабықта-ры және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау

6.2.3.1 - Жердің сыртқы қабықтарының өзара байланысын түсіндіру

2.4. Жердегі тіршілік

5.2.4.1 - Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау;

5.2.4.2 - тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау

6.2.4.1 - Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру;

6.2.4.2 - адамның Жердегі тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау

2.5 Жер бетін бейнелеу тәсілдері

5.2.5.1- «план» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру;

5.2.5.2 - шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;

5.2.5.3 - бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау;

5.2.5.4 - рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу

6.2.5.1 - географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу;

6.2.5.2 - шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу;

6.2.5.3 - масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;

6.2.5.4 - географиялық координаттарды анықтау;

6.2.5.5 - сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау

2.6 Материктер мен мұхиттар

5.2.6.1 - материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау;

5.2.6.2 - мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

6.2.6.1 - жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау;

6.2.6.2 - жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау

2.7 Халық географиясы

5.2.7.1 - дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау;

5.2.7.2 - нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау;

5.2.7.3 - нәсілдер теңдігін дәлелдеу

6.2.7.1 - халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау;

6.2.7.2 - халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру;

6.2.7.3 - дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру

3. Заттар және материалдар

3.1. Заттардың құрылысы мен қасиеттері

5.3.1.1 - өлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру;

5.3.1.2 - заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;

5.3.1.3 - заттардың қасиеттерін: тығыз-дығын, аққыштығын, жылу және электр-өткізгіштігін, созылмалығын, иілімділігін сипаттау;

5.3.1.4 - физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

6.3.1.1 - атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ