"АБАЙ-КЕМЕҢГЕР АҚЫН"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"АБАЙ-КЕМЕҢГЕР АҚЫН"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай ұлы ақын. Кемеңгер ұстаз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Міндеті:Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Мейірімді, адалболуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреттері, интерактивтітақта, кітаптар көрмесі.

Барысы

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Абай-дара, Абай – дана қазақта!» атты бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер.

Көп адамдар өмірге бой алдырған,

Бой алдырған аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге болама айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

2-жүргізуші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы.

1-жүргізуші:Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.

2-жүргізуші:Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскенаты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

1-жүргізуші: Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

2-жүргізуші:Ендеше «Абай-дара, Абай – дана қазақта!» атты тәрбие сағатымызды Бейбарыстың орындауында Абай атамыздың әнімен бастаймыз.

Ән: «Сегіз аяқ»

2-жүргізуші: Абай атамыздың жас кезіне сапар шегіп қайтайық. Сынып оқушылары дайындаған «Бала Абай» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.

Шағын көрініс:

Тыныштық. Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кірді.

Ербол:Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.

Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі,

Ғашықтың жарасы.

Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!

Абай. (басын изеп): Жарайды.

Жастар жиналып «Айттым сәлем, қаламқас» әнін айтып отыр.

Абай, Ербол жастар отырған жерге қарай келеді.

1-қыз. Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.

2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.

3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!

Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!

Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!

1-ұл . Бірге болсын!

2-ұл:Айтқаның келсін!

4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!

3-ұл. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.

5-қыз. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абайдың жаңа әнін қабыл алыңдар!

Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».

4-ұл. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.

Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.

Өзгеге көңілім тоярсың,

Өлеңді қайтып қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын.

Жыласын көзден жас ақсын,

Омырауым боялсын.

Хор:«Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалады.

Аңшы жігіт :Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!

5-ұл. Армысың, бейтаныс жіт!

Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!

Абай. Жолың болсын, жігітім!

Қыздар. Орта толсын!

Аңшы. Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым. Ақын Абай қарсы болмас, осы ауылдың қыздарының әнін, өлеңін тыңдағалы келдім.

6- қыз. «Құлақтан кіріп бойды алар».

Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе!

7-қыз . «Ғылым таппай мақтанба»

6-ұл . Ой, бәрекелді!

Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

1-жүргізуші: Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.

2-жүргізуші: Ендеше тәрбие сағатымызды мың бұралған биші қызымыз Гүлсезімнің биімен жалғастырайық.

Би: Қара жорға

Абайға арнау

1-оқушы:Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.

2-оқушы:Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.

1-жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.

2-жүргізуші: Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

1-жүргізуші: Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет, қош-сау болыңыздар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2023
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі