Материалдар / «Абай лирикасы және табиғат құбылыстары» Лирикалық кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай лирикасы және табиғат құбылыстары» Лирикалық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай лирикасы және табиғат құбылыстары» Лирикалық кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Ұлы ақын Абайдың өлеңдеріндегі физикалық құбылыстарды сипаттау.

Әлем туралы деректерді танып  білу және ақын Абаймен Әлемді   ұштастыра отырып нақты мәлімет беру.Ой- өрісін, сөйлеу дағдысын, танымдылық белсенділігін арттыру.Табиғатты сүюге, оны қорғай білуге;дүниетанымды қалыптастыру; құштарлыққа тәрбиелеу; адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу;

Көрнекіліктер: слайд, компьютер, видеопроектор, табиғат бейнеленген суреттер, әдеби кітаптар, интернет материалдары, энциклопедиялар

Кеш жоспары:

1. «Абай-дана, Абай- дара» Бухтриллер.Зерттеу

2.Табиғатты жырлаған  Абай өлеңдері.Талдау жасау.

3.Дүние құрылымы туралы Абай моделі (постер құру)

4.Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.

5.Қорытынды.

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

            Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.

1. «Абай-дана, Абай- дара» Бухтриллер.Зерттеу бөлімі

Біреудің кісісі өлсе қаралы –ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы-ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады-ол?

 деген шумағын алайық.  Адамды физикада не деп  қабылдаймыз? Көзден аққан жас тамшысының формасы қандай,  қалай қозғалады деген сұрақты қоя отырып, жас тамшысының  салмағын және құрамындағы бөлшектер және Жердің тарту күші әсерінен домалай қозғалатынын  түсіндіруге болады. Ал дыбыстың  толқындарының  таралуы арқылы  “Зарланып  неге әнге салады –ол” дегенде адам үнін естиміз.

Сылдырап өңкей келісім ,

Тас бұлақтың суындай ,

Кірлеген жүрек өз ішін

Тұра алмас әсте жуынбай”

деген өлең шумағында «тасты» егжей-тегжейін талдауға болады. Тастың физикалық қасиеті қандай, күйі қандай, бөлшектері қалай орналасады? Бұлақ суындағы тамшысының формасы қандай, қозғалыс бағытының  жылдамдығын анықтайтын параметрлер қандай?  Бұл сұрақтарға молекулалық физика тұрғысынан  және Бернулли заңы  бойынша оңай жауап береді.

Кірлеу” процесі қалай жүзеге асады? Бұны диффузия құбылысымен тығыз байланыстыра отырып жауап береді.

ІІ. Абайдың табиғат туралы өлеңдері. Енді Абайдың табиғаттың әртүрлі жыл мезгілдерін суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық:

Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан,

Сіркіреп, бұлт тамшылап, жаңбыр жауар”

деген өлең шумағындағы бірнеше сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге болады. Күркіреу, бұлттың пайда болуы, жаңбырдың жаууы, тамшы формасы, төмен құлауы. Физикада конденцация құбылысын түсіндіруде қолдануға болады.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,       

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басқан.

Жазғытұры (1890) өлеңінде Абай табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі - ата-анадай елжіреген  Күннің көзі көбірек айтылады. Күн сәулесінің көктемде жер бетіне мол түсетіндігін, Самарқанның көк тасын да жібітетінді деген  аңызды мысалға келтіре отырып, қардың еріп, жердің бусанып жібитіндігі түсіндіріледі.

Ал, 1886  жылы жазылған  “Жаз” өлеңінде жазғы табиғаттың көркем көрінісін  мен сан алуан қызықты құбылысын асқан шеберлікпен суреттейтіндігін, ауылдың қарбалас тіршілігі, қимыл-қозғалысын тамаша өлеңге қосатындығын төменгі өлең жолдарынан кездестіруге болады. Бұл өлең жолдарында жыл мезгіліне байланысты  күннің ұзаруы айтылған. механика бөлімінің қозғалыс заңдары да сөз етілген.

Жаздыкүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып, өсіп толғанда   

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

Енді келесі жыл мезгіліне көшелік, “Күз “(1889).

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай,

Қайыршы шал мен кемпір түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш-қурай.

Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық–көркемдік тұрғыда берілген көшпенді елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін тамаша суреттей білген. Күзде күннің қысқарып, жылу берілулігі азаятындығы бейнеленеді.

Ақ киімді денелі,ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға болады. Қардың кристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындығы айтылған.

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда

деген  өлең жолында  ауылдың бір орыннан екіншіші орынға көшкенде  механикалық қозғалыс болатындығын көреміз.

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп…

деген Абай өлеңінен  толқындық құбылыс түсндіріледі.

ІІІ. Дүние құрылымы туралы Абай моделі. Постер құру

Бас жоғары қараған

Мойын төмен,

Қарашы, дене біткен  ретімен

деп   Абай адам құрылысы мен   дүние құрылымын  байланыстыра білген. Біз аңыз ертегілерден 7 қат жер астына түссең де, 7 қат көкке ұшсаң да деген сөз тіркестерін кездестіреміз, тіпті мұсылман аңызында аспанның жеті қабаты бар деп түсіндіріледі. Қазіргі ғылыми тұрғыда дәлелденген ғарыш бөліктерімен сәйкес келеді.
















Абай тек қана табиғатты суреттемеген, табиғаттағы дыбыстарды ести білген, оны әнге қосқан.

Абайдың “Құлақтан кіріп бойды алар”өлеңі бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән-күй, яғни музыкалық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясы қандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береміз.

ІV. Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.

«Әлем мені өзіне қалай елестететінін білмеймін, өзіме–өзім теңіз жағасында ойнап отырған және домалақ тас немесе аса әдемі ракушкалар іздеуді ермек қылатын бала болып көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы мұқиты менің алдымда тіптен сыры ашылмастан жатыр»

Иссак Ньютон.

Әлем - шексіз мұхит.

Уақыт -  тынымсыз жел.

Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер,

Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар.

Абай.

«Әлемнің центрінде Жер орналасқан, ал оның айналасында өзімен бірге жеті планетаны ілестіретін жеті сфера айналады»

Птолемей


Ғалым мен ойшыл- адамзат баласының мақтанышы.  Ақылы менсезімі басым адам ғана ғалым бола алады.  Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді, бақылауымыздың және ойларымыздың нәтижесі ретінде көрініс табады.

Абай.

Қорытынды.

Абайдың  кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып білуге, адамның  дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.

Кешті қорытындылау мақсатында Венн диаграмасын пайдаланады.

































«Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ











Тақырыбы:

«Абай лирикасы және табиғат құбылыстары»

Лирикалық кеш

(7-11-сыныптар)

















Орындағандар: Сейсекенова Г.Н.

Наширбекова Г.М.


Бозай ауылы

2020 жыл















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!