Материалдар / «Абай мен Кейкаус үндестігі" ғылыми жобасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Абай мен Кейкаус үндестігі" ғылыми жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай мен Кейкаус үндестігі" ғылыми жобасы Екі ұлы тұлғаның бір-бірімен салыстырмалы дәлелдер.Студент өзінің ғылыми зерттеу жобасына Абай Құнанбаевтың шығармаларын әлем әдебиетінің өкілі Кейкаустың еңбектерімен тығыз байланыста екендігін аша отрып, Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігі мен Кейкаус шығармаларының ұқсастығына талдау жасайды. Абайтанушының пікірін енгізе отырып, өзінше ой қорытынды түйіндейді. Екі автордың өнеге сөздерінің айтулы мәнері, сөз саптауының ұқсастығы, айтар ойларының мазмұндас екендігін дәлелдейді. Абай қарасөздерінің 45 екендігін, Кейкаус «Кабуснамасы» 44 тараудан және 56 әңгімеден тұратындығын салыстыра көрсетеді. Қажетті әдебиеттерді, мақалаларды жұйелеп, зерттеу жобасына кірістірген. Абайдың әлем әдебиетіндегі орнын нақты дәлелдермен көрсеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2022
201
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Астана қаласы Білім басқармасы

«Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжі



Жоба авторы:

Алтынбек Нұрдаулет Ержанұлы бас шебер

Ғылыми жұмыс тақырыбы:

«Абай мен Кейкаус үндестігі»



Бағыты:

Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Әдебиет


Ғылыми жетекшісі: Шойынбет Жабал- Абай атындағы

ҚазҰПУ абайтанушы, филология

ғылымының кандиданты























Астана 2022жыл



Мазмұны:

Жоспар _____________________________________________________3-бет

Аннотация (қазақша)__________________________________________4

Аннотация (орысша)__________________________________________5

Аннотация (ағылшынша)______________________________________6

Ғылыми жетекшінің пікірі_____________________________________7

Жоба жетекшінің пікірі________________________________________8

Кіріспе______________________________________________________9

Негізгі бөлім ________________________________________________11

1)Кейкаустың өмірі

2)Абай мен Кейкаустың үндестігі

Қорытынды__________________________________________________18

Сілтемелер __________________________________________________19

Пайдаланған әдебиеттер_______________________________________20































Жоспары

І. Кіріспе

Абайдың Батыс еуропа әдебиетімен байланысы.

ІІ.Негізгі бөлім:

  1. Кейкаустың өмірі

  2. Абай мен Кейкаус шығармаларындағы айтылған ойлар

  3. Абай мен Кейкаус үндестігі

  4. Абайдың әлем әдебиетінен алатын орны

ІІІ. Қорытынды








































«Тұран-Профи» қалалық

шаруашылық колледжінің

АУ-116 тобының 3-курс студентті

Алтынбек Нұрдаулеттің

«Абай мен Кейкаус үндестігі»

атты ғылыми зерттеу жобасына




Аннотация


Студент өзінің ғылыми зерттеу жобасына Абай Құнанбаевтың шығармаларын әлем әдебиетінің өкілі Кейкаустың еңбектерімен тығыз байланыста екендігін аша отрып, Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігі мен Кейкаус шығармаларының ұқсастығына талдау жасайды.

Абайтанушының пікірін енгізе отырып, өзінше ой қорытынды түйіндейді.

Екі автордың өнеге сөздерінің айтулы мәнері, сөз саптауының ұқсастығы, айтар ойларының мазмұндас екендігін дәлелдейді. Абай қарасөздерінің 45 екендігін, Кейкаус «Кабуснамасы» 44 тараудан және 56 әңгімеден тұратындығын салыстыра көрсетеді.

Қажетті әдебиеттерді, мақалаларды жұйелеп, зерттеу жобасына кірістірген. Абайдың әлем әдебиетіндегі орнын нақты дәлелдермен көрсеткен.




Колледж директоры: Нургалимов Саят Нурланович

Жоба жетекшісі: Аманова Жанат Сихитжанова

Жоғарғы деңгейлі, бірінші санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

«Ұлт ұстазы»

















Аннотация

на научный проект «Созвучие Абая и Кейкауа»

студентта колледж КГХ «Туран-Профи»

группа АУ-116 Алтынбек Нурдаулет



Студент в своём научном проекте, раскрывая значение тесной связи произведений великого Абая с произведениями представителя мировой литературы Кейкауса, делает глубокий анализ.

В свою работу включает высказывания абаеведов, делает вывод. Тщательно изучает, српавнивает, подчеркивает, что «Слов назиданий» Абая-45, а «Кабуснама» Кейкауса с остоит из 44 глав; 56 рассказов;

Эти великие труды созвучны, близки по смыслу, значению. Нужная литература, статьи систематизированы и ввендены в проект исследования. Место великого Абая в мировой литературе обосновано точными данными, доказательствами.




Директор колледжа Нургалимов Саят Нурланович


Руководитель проекта Аманова Жанат Сихитжанова

























Аnnotation

to the research project "Consonance of Abai and Keikawa"

Student College KGH "Turan-Profi"

group AU-116 Altynbek Nurdaulet




A student in his research project, revealing the significance of the close connection of the works of the great Abai with the works of the representative of world literature Keikhaus, makes a deep analysis. In his work includes the statements of Abaev, concludes. He carefully studies, compares, stresses that the “Words of edification” of Abai-45, and the “Kabusnam” of Keykaus with the rest of the 44 chapters; 56 stories; These great works are consonant, close in meaning, meaning. The necessary literature, articles are systematized and introduced into the research project. The place of the great Abai in the world literature is grounded by exact data, evidence.








College Director Nurgalimov Sayat Nurlanovich

Project Leader Amanova Zhanat Sikhitzhanova























«Тұран-Профи» қалалық

шаруашылық колледжінің

АУ-116 тобының 3-курс студентті

Алтынбек Нұрдаулеттің ғылыми

зерттеу жобасына

Пікір


Алтынбек Нұрдаулеттің «Абай мен Кейкаусүндестігі» атты ғылыми жоба жұмысында Абай мен Кейкаус еңбектерінің төмендегідей ерекшеліктеріне назар аударғандығы байқалады.

Ғылыми жұмысты жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымында маңызды зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың, сонымен бірге шет елдің белгілі мамандарының теориялық көзқарастарын басшылыққа алған.

Зерттеу жұмысында салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби талдау,

жүйелі-сипаттамалықәдістер кеңінен қолданылған.

-Абай мен Кейкаус шығармаларындағы тақырып үндестіктері, идия, композиция, бейиелілік ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылған.

- Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлеңдеріндегі

философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық, табиғат, ғашықтық, тақырыптағы жырларының үндестіктері, өзгешеліктері нұсқалармен мазмұн мен

поэтикасы тұрғысынан салыстарыла талданып, сюжеттік достықтары мен өзгешіліктер, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері иеленген.







Ғылыми жетекші: Шойынбет Жабал- Абай атындағы

ҚазҰПУ абайтанушы, филология

ғылымының кандиданты















«Тұран-Профи» қалалық

шаруашылық колледжінің

АУ-116 тобының 3-курс студентті

Алтынбек Нұрдаулеттің ғылыми

зерттеу жобасына

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

«Ұлт ұстазы»

Аманова Жанат Сижитжанова


Пікір


Алтынбек Нұрдаулеттің «Абай мен Кейкаустың үндестігі» ғылыми жоба жұмысына шығармашылық талдау жасай отырып, ізденушінің Абай мен Кейкаус еңбектерінің төмендегідей ерекшеліктеріне назар аударғандығы байқалды.

  • «Абай және әлем әдебиеті» атты тарауда Абайдың әлем әдебиетімен байланысы анықталып, әлем әдебиетіне қысқаша шолу жасалған.

  • Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының рухани нәр алған үш қайнар көзінің

бірі-Батыс мәдениеті, Шығыс әдебиеті екендігін ғылыми жұмысында көрсете білген.

  • Абай мұрасының қазіргі әлемдеі жаңа Қазақстанның өркениет кеңістігіндегі көрнекті келбетін танутуда аса ықпалды орын отырғанын да көрсеткен.

  • Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлендеріндегі

  • философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық, табиғат, ғашықтық тақырыптағы жырларының үндестіктері, өзгешіліктері саралана анықталған.

  • Абайдың қара сөздері парсы әдебиетіндегі нұсқалармен мазмұн мен поэтикасы тұрғысынан салыстырыла талданып, сюжеттік ұқсастықтары мен өзгешіліктері, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері жүйеленген.




Жоба жетекшісі Аманова Жанат Сихитжанова

Жоғарғы деңгейлі, бірінші санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

«Ұлт ұстазы»

















Кіріспе

Қазақ әдебиетінің классигі – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасның рухани нәр алған үш қайнар көзінің бірі – Батыс мәдениеті, адамзаттық көркемдік ойлау үндестігін бағалаудың аса өзектілігін аңғартады: Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде әдебиетіміздегі көптеген шешуін күткен келелі мәселелерді, соның ішінде Абайдың әдеби мұрасының салыстырмалы-тарихи, тарихи –әдеби талдау, жүйелі-сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды.

Зерттеу тақырыбынның өзектілігі: Абай мұрасының қазіргі әлемдегі жаңа Қазақстанның өркениет кеңістігіндегі көрнекті келбетін танитуда аса ықпалды орын алып отырғаны да ақиқат. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абай – ұлтымызға және жалпы барша әлемге сөзі қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр. Сондықтан оны білу, зерттеу-біздің мақсатымыз» деген еді.

Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге дүние тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. ...Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді [1, 7-30], Демек, Абай поэзиясының шығыстық және еуропалық классикалық әдеби мұраларымен үндестігі біздің ұлттық көркемдік ойлау деңгейімізгедің жоғары екендігін айқындайды. Кейін, халық творчествосынанискусствоның анағұрлым өмірлік берік негіздерін тауып, Абай Шығыс әдебиетінен халық шығармалары – «Мың бір түнді», парсы мен түріктің халық ертегілерін, халық ертегілерін, халық эпосын бәрінен артық бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнеме», «Лейлі-Мәнжүн», «Қөрұғлы» поэмалары ел арасына кең таратылды. [2, 30-31].

Абай поэзиясы мен Шығыс поэзиясы поэтикасының үндестігі тұлғаныңәдеби ықпалдастық арнаындағы шығармашылық қалыптасу ерекшеліктерінен айқындалады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі де классикалық әдебиеттер үндестігі арқылы жалпы адамзатқа ортақ көокемдік ойлау эстетикасын танытатын маңыздылығымен сипатталады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жалпы Абай шығармалары жайында Ә.Бөкейхановтоан бастап, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және басқа алаш қайраткерлері сындарлы ой, пікір айтып, түрлы басылымдарда мақалалар жариялады. М.Әуезов 1934 жылы «Абай ақындығының айналасы» аттығылыми-теориялық мақаласында Абайдың сусындаған рухани үш бұлағы, соның бірі – ақын шығармашылығының Шығыстың рухани қазына көздерімен байланысты екендігі жайлы ой өрбітіп, кейінірек осы саланы одан әрі дамытып, құнды зерттеулер жазды. Дәл сол жылы Қ.Жұбановтың «Абай-қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласы жазылып, Абайдың Шығысқа қатынасы баса назар аударылды.

Кейкаустың «Кабуснама» шығармаларында қарастыру мақсатында орай зерттеу жұмысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  • Абайдың «Қара сөздері» мен Кейкаустың «Кабуснамасының» үндестігінің сипатын анықтау;

  • -Абай мен Кейкаус шығармаларындағы адамгершілік-имандылық, дүниетаным үндестігінің поэтикалық табиғатын саралау;

  • Абай мен Кейкаус шығармаларындағы жүрек бейнесінің ғашықтық тақырыбымен ұштасу ерекшеліктерін салыстыра байыптау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • Абай мен Кейкаус шығармаларындағы тақырып үндестіктері, идия, композиция, сюжет, бейнелік ерекшеліктері тұрғысының қарастырылды;

  • Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық, табиғат, ғашықтықтақырыптағы жырларының үндестіктері, өзгешеліктері саралана анықталды;

  • Абайдың қара сөздері пары әдебиетіндегі нұсқаларымен мазмұн мен пішін поэтикасы тұрғысынан салыстырыла талданды. Сюжеттік ұқсастықтары мен өзгешеліктері жүйеленді;

  • Абай қолдаған мағынасы алыс, түсінуге ауыр сөздерді салыстыру арқылы жүйеленді;

  • Абай дүниетанымында ұлттық көзқарастың қалыптасуы мен оның қабаттарының сырын ашып, өзіндік қайталанбас ерекшелігін танып-білу, еуропалық затшылдық модельмен, әсіресе, ұлттық-шығыстық модель негізінде меңгеру қарастырылды;

  • Абай дүниетанымын ғылыми тұрғыдан жете танып, терең меңгерілді;





















































Негізгі бөлім

Абайдан нәр алған рухани бұлақтың бірі ана сүтімен бойына сіңірген халық ауыз әдебиеті болса, келесі бір сарқылмас қазына – ол Шығыстың сөз зергерлерінің туындылары. Ұлттық және Шығыстық інжу-маржаннан мейірі қана сусындаған.

Абайтанудың білгірі М.Әуезов атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс,Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.

Михаэлис арқылы Абай С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, Н.И.Долгополовтар мен танысады. Олар Абайдың 40-тан асып, кемеліне келген, Шығыс, Батыс әдебиеті мен ойшылдарын жақсы білген, қоғамдық қызметке қызу араласып, толысқан шағында таныс болып, оның біліміне, парасатына тәнті болған.

Абай өзінің шығармалығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.

Ақынның шұрайлы философиялық ойлары, негізінен Шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.

«Кабуснама» - Кейкаустың 1082-83ж. парсы тілінде жазған, әлемге кең тараған дидактикалық сарындағы шығармасы. Европа мен Азияның озық ойшылдары «Кабуснаманы» ортақ ғасырдағы педагогикалық тәлім-тірбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде жоғары бағалаған. «Кабуснаманың» аударма нұсқаларын қазақтың ағартушы – демократтары өз еңбектерінде шығармашылық тұрғыда пайдаланып отырды. Абай «Кабуснаманың» мазмұнымен таныс болған, ойшыл ақынның ғаклия сөздерінің жанрлық, стильдік түп-түркіні «Кабуснамамен» өзектес, сарындас келеді. Ақынның қолында тәрбиеленген немере інісі Кәкітай Ысқақұлының: Абай ғарапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымнан үлкен хабардар болды. Сол талаппен қырда ғарапша, парсыша «Абайдан артық білетұғын ешкім болмады» (Құнанбайұлы Абай. Өлеңдері. Ташкент, 1922, 9-6,), - пікірі де Абайдың ағартушылық тұрғыдағы ой-тұжырымдарын жүйелеуде дерек көзінің бірі ретінде «Кабуснаманың» пайдаланғанын айғақтайды. Абайдың жәуанмәртлік туралы ой-танымдары «Кабуснаманы» «Жәуанмәртлік хақында» деп аталып 44-тарауымен тікелей сабақтас, желілес. Жәуанмәртліктің көне замандарда жұрт таныған негізгі үш сипаттан тұрады «Кабуснамада», «Адамның сипатын білдіретінүш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, бірі –әділеттілік, бірі-жанмәртлік» (Кабуснама. Ташкент, 1968, 121-6,), - деп атап көрсетілген. Абайдың Отыз сегізінші сөзінде бұл сипаттар: ақыл, әділет, рахым ретінде берілген Жауапкершіліктің шығар көзі мен басты сипатталарын иемденуші әлеуметтік топтарды жіктеуде, оларға өз көзқарасын білдіруге Абай танымы «Кабуснамадан» өзгеше, өзіндік соңы көзқарасты аңғартады. Жәуанміртілік жайлы кейбір ұғымдарды ақын өз заманына сай талдап, соны тұжырымын жасаған. «Кабуснама» адам бойындағы рухани болмыс: ес, қиял, ой, сөз, жәуанмәртілікті (бес ішкі сезім) адам еркінен тыс жоғары рухтан келген тәңірлік құбылыс деп таниды. Абай жәуанмәртілікке (жомарт-деген ұғымды білдіреді) тән үшін сипатты тәңірінің бойындағы сегіз сипатпен байланыстыра қарастырып, ол сипаттардың бәрі де оның пендесінің, яғни адамның бойында барлығына, олардың тәңірден келер құбылыс емес, кәсіби нәрсе екеніне ерекше көңіл бөлді. Ақынның жастарды адамгершіліктің ізге қасиеттеріне баулып, «толық адам» етіп тәрбиелеу туралы даналық ой-толғынастарында да «Кабуснамамен» пікірлестігі, ой ортақтастығы байқалады.

Орыстардың қоғамдық – философиялық, ақыл ойы ақынның эстетикалық көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етті. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетіне алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүние танымының даму процесіне тарихи сабақтастық желісін атқард. Қазақ кеменгері Сакрат, Платон, Арестотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен қатар ол Спенсердің «Тәжірибиелерін», Льюистің «Позитивтік философиясын», Дрепердің «Еурова ақыл – ойының даму тарихы» атты туындылар мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениетімен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл атқарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүние танымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі реттеу объектісі – адам.

Ой білдірудің мұндай дәстүрі мәдениетте бар дәстүр. Бірақ Абай жанырлық ерекшелікті өзінше, әрі халыққа түсінікті формада тапқан. Абай қара сөздеріне ұқсастықты Монтеннің «Тәжірибиелермен» Пасеньдың «Ойларынан» Ницшеннің «Афоризмдерінен», Шопенгорэрдің «Тұрмыстық афоризимдерінен», Борхестің «Филосовиялық тәсілдерінен», Жебранның «Шағын ойларынан» табуға болады.

Сондай-ақ Кейкауст

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!