Материалдар / "Абай мұрасы - мәңгілік құндылық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай мұрасы - мәңгілік құндылық"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қосымша мақалаа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай мұрасы – мәңгілік құндылық

Абуов Жалғас Абайұлы

Түркістан облысы

«Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру

орталық филиалының тарих пәнінің мұғалімі

E-mail: kz152lza13@mail.ru

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасап келеді, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Өйткені, қазақ халқы үшін Абай әлемі – рухани кемеңгерліктің, еркін ойшылдықтың, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескерліктің бейнесі.

Осы тұста, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бүкіл қазақ елін қанаттандырды.

Ұлы ақынның шығармашылық өнерінің басты құндылығы – оның шыншылдығында. Абай заманының әлеуметтік болмысын анық көріп, бақылап қана қоймай, оны үлкен парасатпен терең де, жан-жақты таныған данышпан ақын. Ол өз шығармаларында қазақ өмірінің күнгейі мен көлеңкелі шындықтарын толық әрі шебер бейнелеумен бірге олардың түпкі мәнін де ашып береді, жақсы мен жаман, адал мен арам арасын ажыратып, саралап көрсетумен бірге олардың шығу тегін, бастау көзін де анық аңғартады.

Абайдың үні – халықтың үні. Өзінің жырларында «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз» - деп замандастарына, сіздер мен біздерге де абыздық, көрегендік ұлы сөздерін өлеңмен жеткізген.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ... –

Абай заманының адамдарының осы бес дұшпаны бүгінгі заман адамдары үшін де дұшпан болып қалып отыр. Ал, ақын асыл іс ретінде бағалаған:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым... –

міне, осы бесеуден асқан асыл қасиетті бүгінгі күні де табу қиын. Бүгінгі жастарды, жалпы қазіргі қоғамды өсіретін де өркендететін де осы бес асыл десек қателеспеген болар едік. Мұндай ой айту, қай заман үшін де басты маңызды тұжырым болып қала беретін баянды пікір қалдыру нағыз ұлы ақынның, әрі ойшыл дананың ғана қолынан келетін үлкен іс. Мұның өзі Абай әмұрасының – қазақ елі үшін мәңгілік құндылығы екенін аңғартып тұр.

Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе Ұлы Абайдың жазған өлеңдерін оқымасқа болмайды. Қазір әлем күн сайын өсіп, өркендеп келеді. Бірақ ақыл оймен озатын кезең туғанда әр ісімізге Абай өлеңдері адам жүрегіне жанған шамдай дем береді. Ғасыр жаңарып, қоғам өзгергенімен, тот баспайтын алтындай Ұлы Абайдың асыл мұрасы, жауһар жырлары - әр жанның жүрегіне адамшылдық қасиет ұялатар құралға айналып келеді.

Кей адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп өзі бағасын беріп кеткен ұлы ақынның таланты бізді ғана емес әлемді таңғалдырумен келеді.

Абай атамызға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері. Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.

Қара сөздерінің өзі өлең-жырларынан бөлек өзі бір төбе. Абай атамыздың Жиырма бесінші қара сөзінде «Турасын ойлағанда балаңа ғылым үйрет, балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма» - дейді. Он төртінші қара сөзінде: «Қазақ та адам баласы ғой. Ақылсыздығымен азбайды, ақылды ұғарлық жүректе жігер мен қайраттың жоқтығынан азады» - дейді. Сегізінші қара сөзінде: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды» -деп сауал қояды. Осыдан аңғарғанымыз ұлы бабамыз өз қара сөздері арқылы халықты білім-ғылымға, еңбектенуге, ерік-жігер, қайратты болуға насихаттайды. Осы тұста Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыздың:

Асыл сөзді іздесең,

Даналықты көздесең.

Абайды оқы, ерінбе,

Жат, тоқып ал көңілге, -

деген өлең жолдары еске түседі. Кезінде, Ұлы ақынның шығармашылығын аса жоғары бағалаған Ахмет Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазады.
Ұлы Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы  болып саналады. Қазіргі таңда Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады.

Қорыта келгенде, Абай - қазақтың өлеңінің ұлы атасы, өмірдің өріне өрлей қадам басқан ақын. Ол - асқақ рухтың өзегі бола білген. Әр сөзі - өмірдің өрнегі, тіршіліктің тынысы бола білді. Қазіргі күннің шешендері Абайдың сөзін қоспай ешкімде, ешнәрсе де айта алмайды. Бұл, әрине мәңгілік өлмейтіндігінің дәлелі. Абай әлемі - мәңгілік құндылық. «Ол - біздің әрқашан ұлттық ұранымыз. Ол арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз» - деп Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым келеді.

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы!








Қолданылған әдебиеттер


  1. Тасымова З «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» Қазақстан тарихы Республикалық әдістемелік журналы, №2, 2020.- 9 б

  2. Раймбеков Қ «Асыл сөз аталары» Алматы, «Аруна» баспасы 2015.-589 б

  3. https://el.kz/news/archive/lem_aldynda-y_abay_beynesi/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!