Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай өлеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен оқушыларды ынталандыруға арналған сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



22.11.2017

«Абай өлеңдері» мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. 

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер. 
жүргізуші: 

Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жылдан астам өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! 
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Абай өлеңдері” атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! 

2 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз

1. Байжанова Асыл «Ғылым таппай мақтанба»

2. Қоңырат Әсем «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

3. Амантай Назерке «Ғылым таппай мақтанба»

2 «Ә» сынып

  1. Серікбай Әсел «Ғылым таппай мақтанба»

  2. Бекназар Абдуали «Алла жеңіл берсе екен»

  3. Ақментаева Ақтілік «Желсіз түнде жарық ай» әні

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. 

3 «А» сынып

  1. Амантай Оралай «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»

  2. Беспай Аяла «Күз»

  3. Алайдар Сағыныш « Абай» Дәрменнің монологы

3 «Ә» сынып

  1. Фархади Гулзира «№39 өлеңі»

  2. Амантай Бақберген «Ғылым таппай мақтанба»

  3. Абдрахман Балым «Абай №37» өлеңі

3 «Б» сынып

  1. Мақұлбек Оралай «Қыс»

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. 

Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев). 

4 «А» сынып

  1. Қуан Ақбаян «Ғылым таппай мақтанба»

  2. Тұрсынбай Айдана «Қыс»

  3. Набатбекова Аружан «Күз»

4 «Ә» сынып

  1. Ескендір Раушан

  2. Айтбай Арайлым

Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! 

Абай жайлы қызықты мәлеметтермен таныстырып кетейік 

 1.Абай алғашқы өлеңдерін ( Көкбай ) ақынның атынан жариялап отырды.

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған ( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған). 

3. Абайдың шын аты (Ибраһим). 

4.Абайдың Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі». 

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».) 

6.Абай Леермонтовтан (Жиырма жеті шығарма аударған). 

7.Абайдың әжесінің аты Зере, ал шешесінің аты Ұлжан. 

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия). 

9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған ( Ахмет Байтұрсынов). 

10.Әйгерім Абайдың екінші әйелі. Әйгерімнің шын аты- Шүкіман. 

11.Абай өлеңдер жинағы 1909 жылы Петербург қаласында басылып шықты.

12. « Абай жолы» романын ( Мұхтар Әуезов) жазды. 

13. Абай ескерткіші алғаш Алматы қаласында мүсінші- Наурызбайдың қолынан шықты.  

14.Абай Тоқжанға ғашық болған. 

15. Шәкәрім-(Абайдың ағасының баласы.) 

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. 

«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген. 




Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2021
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12