400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай өмірі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абайдың рухы-елдің рухы.

Абайдан артық,

Абайдан киелі ұғым

Болмауға тиіс-деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқанындай,Абайдың жолы жүрегіңді жылытып қоймай,әлемдегі ақыл-ой қайнарларынан асыл құндылық ұсынады.Ол құндылық биік таудың белесіндегі алтын сандықша тәрізді.Сол сандықшаның кілтін кім таба алса,бақытты жан болмақ.Себебі қазақ даласының тарихын,ұлттық мұрасын,ғибратын Абайдан табамыз.

Абай шыншылдығымен,суреткерлігімен,сыршылдығымен,сыншылдығымен,ойшылдығымен ерекше нұрлы.Қазақ руханиятының алтын тамыры десем қателеспеймін.Рухани жаңғыру үшін болашақ ұрпақ Абайдың кітаптарын,әндерін,аудармаларын,қарасөздерін бағалы қазына деп ұғуы керек.Бүгінгі жас ұлан күні-түні смартфонға үңілуден басын көтеріп,рухани азық іздесе,Абайды оқысын.

Ең бірінші қазақтың бетін дұрыс жолға бағыттар кеңесі-ғақлиялары.Оны қазағым оқып,өмір ұстанымына айналдырса,нұр үстіне нұр болар еді.Себебі: қара сөздерінің 37 сі афоризм,45 і шығарма,38 і дін,мораль мәселесі,25 і Сократ пен Аристодимнің әңгімесі болып келетін өсиетнамалардан тұрады.

«Ғылым-адамды топастықтан,әдебиет-дөрекіліктен құтқарады»-демекші,бүгінгі таңда ата-аналарға өз балаларыңды руханилыққа тәрбиелеңдер дегім келеді.Әдебиет-сұлулық әлемі.Барлық ғылым әдебиеттен бастау алады.Абайдың өлеңдерінен,математика,физика, философия заңдылықтарын айқын көруге болады.Мысалы: «Бір қайғы-жүз қайғыны қозғайды»Қозғау-дененің әсер етуі.Жиырманшы сөзінде «Дүние бірқалыпты тұрмайды»-деп,қозғалыс заңын айтады.

Абай ұсынған рухани азықтың тағы бірі-дін мәселесі. Дін-адамның адамшылығының басты көрсеткіші. Ислам діні-адамдарды еңбек етуге,сабырлылыққа,қайырымдылыққа,қажырлы болуға шақырады.Біздің пайғамбарымыз көркем мінезді мадақтап отырған.Абай да сол діннен нәр алып,гүлдеген шынар тәрізді.

Абайдың бізге ұсынар құндылығының тағы бірі-ақыл.Ақыл-адам баласының ең үлкен сыйы.Ақыл-иманның,діннің тірегі.Иман дегеніміз-сенім.Адамда сенім,ғылым,білім болғанда болады.Сондықтан бүгінгі қазақ даласына ұжданы сау адам керек.Ұжданы бар адам-тың ойлайды.

Пайғамбардың хадистерінде «бір пенде,басқа бір пенденің айыбын жапса,Алла тағала қиямет күні оның айыбын жасырады»деген сөз бар.Бұл адамға жақсылық ойла дегенді меңзеп тұрғандай.

Абай атамыздың отыз сегізінші сөзінде «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар дейді»

Әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Осы үшеуінен сақтансаң,өнер мен кәсіп үйренсең,адам боласың деп тұрғандай.

Жиырма жетінші сөзінде көзді-көрсін деп, мұрынды жақсы иіске ғашық болсын деп,тілді дүниеде не тәтті,не қатты білсін деп жаратқанын, сайып кегенде, бұлардың бәрі-жаратушының адамзатты махаббатпен дүниеге әкелгенін дәлелдеп береді.Олай болса,мынау адамзат жаратушыға қарыздар.

Қырық бірінші сөзінде қазаққа ақыл берем,түзеймін деп қам жегендерге екі түрлі нәрсе керек дейді.Әуелі-бек зор үкімет,екіншісі-ол адам бай болу керек.Бай дегенде,рухани байлықты айтады.Қырық бесінші сөзінде қазақтың жаманшылыққа үйір болуының себебі-жұмысының жоқтығында екендігін дөп басып,әшкерелейді.Қырық төртінші сөзінде адам баласының ең жаманы-талапсыз деген тұжырым жасайды.

Расында да,бүгінгі таңда да Абай айтқан жаман қасиеттер өршіп барады.Қазақ елі Мәңгілік елге айналу үшін,біз жамандықпен күресуіміз керек.Сол жамандықпен күресте бізге сүйеніш болатын тағы да Абай айтқан:махаббат,ғаділет,сезім.Олар жаратқан тәңірінің ісі.Сондықтан мемлекетімізді көркейтеміз десек,алдымен рухани жаңаруымыз керек. Абай әлемі барлық азаматтардың рухани игілігіне,алтын қазынасына айналуы тиіс.Себебі Абайдың рухы-елдің рухы.

Ұрпақ ауысады,заман өзгереді.Бірақ елдік құндылық,мемлекеттің асыл арқауы тіліміз өзгермейді.Елбасы негіздеген «Мәңгілік ел»болу үшін,Абай аманаттаған ақыл мен қайратты ұмытпайық.

Адамның адам болып қалыптауына ең бірінші алтын қазық-аналар.Имандылық негізі де ана сүтінен дариды.Қоғамды тәрбиелейтін-әйел.Сондықтан адам тәрбиелеуде Абайдың ойларын рухани мұра етейік.

















Жұмаева Әсемгүл Сейтенқызы.Алшын Меңдалыұлы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі