Материалдар / "Абай оқулары" байқауының сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай оқулары" байқауының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға тәжірибе алмасуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2020
2537
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектепішілік Абай оқуларын өткізудің ережесі

Абай оқуларының мақсаттары:

1. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,

2.Оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;

3. 4. Адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.

2. Абай оқуларының міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;

2. Абай оқулары қазақ тілінде өтеді.

3. Абай оқуларына қала мектептерінің 0- 4 сынып оқушылары қатыса алады.

4.Әрбір сыныптан қатысушылар саны шектеусіз

Қатысу тәртібі:

  1. Әр сыныптан қатысушы оқушылар алдын ала тіркеледі

  2. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынуы қажет.

3. Өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу.

4.    Әрбір 1-4 сынып оқушылары өз кандидатураларын ұсынады.(Абай  өлеңдерін мәнерлеп жақта оқитын оқушы, - Абайдың әндері мен күйлерін орындайтын оқушы, Абайға арналған өз өлеңімен оқушы).

Абай оқуларының ережелері:

«Абай оқулары» үш номинация бойынша өткізіледі.

  1. I бағам - « Білімдіден шыққан сөз» - Абай шығармаларын жатқа оқу байқауы.

  2. II бағам – «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» - Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы. (түрлі музыкалық аспаптар мен сүйемелдеп орындауға болады).

  3. III бағам : «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» Абайға арнау, жас ақындардың авторлық төл туындылары.

Байқауды өткізу шарттары

Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Ақынның шығармаларын көп жаттаған, мүдірмеген оқушы жеңімпаз болып саналады. Әр қатысушы өзімен бірге жаттаған шығармасын қағаз жүзінде шығарып алып келіп, тапсыруы керек. Оған оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, жетекшісі міндетті түрде жазылуы керек.

  • Әншілік қабілетін таныту: Абайдың әндерін мен күйлерін орындау .Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:

қатысушы орындаған шығарманың өзектілігі, орындау шеберлігі;

қатысушының қазақ тілінде сөйлеуіне,

  • Сахна мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісінде киінуіне

  • Офоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне;

қатысушының ән орындау шеберлігіне;

қатысушының сахналық өнеріне назар аударылады

Қорытынды шығару, марапаттау

1.Әр номинацияда Бас жүлде, I, II, III жүлделі орын анықталады. Жүлделі орындарға ие болған Абай оқуларының қатысушылары арнайы дипломдар және сыйлықтары мен марапатталады.


Барысы:

Кіріспе сөз: Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Ақыл-ой ақындықтың киесі - Абай!

Түгел сөздің түбі бір жүйесі - Абай!

Адалдық, ар ұяттың данышпаны

«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Абай оқулары....» атты байқауына Қош келдіңіздер!

Абай - қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, Абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді. Олай болса бүгінгі байқауға қатысушыларды ортаға шақырайық.


Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.

2.

3.


Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе 
«Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясына кезек берейік.

Қатысушылар:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

 Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін – дей келе келесі бөліміміз
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша Абайдың әндерін орындау. 

Қатысушылар:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

III бағам : «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» Абайға арнау, жас ақындардың авторлық төл туындылары.

1.

2.

3.


Қазылар алқасынан екінші бөлімнің ұпай сандарын білейік.Қазылар алқасының қорытынды ұпай сандары дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайық.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

Қорытынды:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!